АТX коды L01ЕХ07
Әсер ету механизмі
Кабозантиниб ісік өсуіне және ангиогенезге, сүйек тіндерін ремодельдеуге, дәрілік төзімділікке және метастаздауға қатысатын көптеген рецепторлық тирозинкиназаларды тежейтін шағын молекула болып табылады. Кабозантиниб бірқатар киназаларға қарсы тежейтін белсенділігі бойынша бағаланды және МЕТ рецепторларының (гепатоциттердің өсу факторының ақуыз-рецепторы) және VEGF (қантамыр эндотелийінің өсу факторы) тежегіші ретінде анықталды. Одан өзге, кабозантиниб GAS 6 (AL), RET, ROS1, TYPO3, MAR рецепторларын, діңді жасушалардың өсу факторы рецепторларын (KIT), TRKB, FMS-тәрізді тирозинкиназа-3 (FLT3) және TIE-2 қоса, басқа тирозинкиназаларды тежейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Клиникаға дейінгі зерттеулерде кабозантиниб ісік өсуінің дозаға тәуелді тежелуін, ісіктің регрессиясын және/немесе ісік модельдерінің елеулі санында метастаздың тежелуін көрсетті.
Кардиоэлектрофизиология
Кабозантинибпен емдеу (140 мг дозада күніне бір рет) басталғаннан кейін 29-шы күні (бірақ 1-ші күні емес) Фридериция түзетуімен (QTcF) QT аралығында бастапқы деңгейден 10-15 мс ұлғаю қалқанша бездің медуллярлық обыры бар пациенттерде бақыланатын клиникалық зерттеуде байқалды. Бұл әсер жүрек сигналының морфологиясының немесе жаңа ырғақтардың өзгеруімен байланысты емес. Осы зерттеуде кабозантиниб қабылдаған пациенттердің ешқайсысында зерттеулерде кабозантиниб (60 мг дозада) қабылдайтын бүйрек-жасушалық обыры және бауыр-жасушалық обыры бар кез келген пациенттер сияқты расталған QTcF> 500 мс болған жоқ.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Бүйрек-жасушалық обыр
Қантамырлар өсуінің эндотелийлік факторымен (VEGF) алдыңғы таргеттік емнен кейін бүйрек-жасушалық обыры бар пациенттердің қатысуымен бақыланатын рандомизацияланған зерттеу (METEOR).
Эндотелийлік өсу факторымен (VEGF) алдыңғы таргеттік емдеуден кейін бүйрек-жасушалық обырды емдеудегі кабозантинибтің қауіпсіздігі мен тиімділігі рандомизацияланған көп орталықты 3 фазадағы зерттеуде (METEOR) бағаланды. Бұрын рецепторлық тирозинкиназа VEGF тежегішінің (VEGFR TKI) кем дегенде 1-ін қабылдаған жаңа түзілімдердің паренхиматозды жасуша компонентімен таралған бүйрек-жасушалық обыры бар пациенттер (N = 658) кабозантиниб (N = 330) немесе эверолимус (N = 328) алу үшін рандомизацияланған (1:1). Пациенттер VEGF-таргеттік цитокиндер мен антиденелерді, бағдарламаланған 1 өлім рецепторын (PD-1) немесе оның лигандаларын қоса, басқа да алдыңғы емді алуы мүмкін. Ми метастаздарынан емделген пациенттерге қатысуға рұқсат берілді. Аурудың үдеуінсіз өміршеңдік (АҮӨ) жасырын тәуелсіз радиологиялық бақылау комитетінің көмегімен бағаланды, ал бастапқы талдау алғашқы 375 рандомизацияланған пациенттер арасында жүргізілді. Тиімділіктің екінші соңғы нүктелері объективті жауап жиілігі (ОЖЖ) және жалпы өміршеңдік (ЖӨ) болды. Ісіктерді бағалау алғашқы 12 ай ішінде әр 8 апта сайын, содан соң 12 апта сайын жүргізілді.
Демографиялық бастапқы деректер мен аурудың сипаттамалары кабозантиниб пен эверолимус топтары арасында ұқсас болды. Пациенттердің көпшілігі еркектер болды (75%), олардың орташа жасы 62 жасты құрады. Жетпіс бір пайызы (71%) тек алдыңғы бір VEGFR TKI алды; пациенттердің 41%-ы VEGFR TKI жалғыз ізашары ретінде сунитиниб алды. Слоан-Кеттеринг мемориалдық онкологиялық орталығының критерийлеріне сәйкес, қауіпті болжау санатына арналған критерий, 46%-ы қолайлы (0 қауіп факторы), 42%-ы аралық (1 қауіп факторы), ал 13%-ы жоғары (2 немесе 3 қауіп факторы) болды. Елу төрт пайыз пациентте (54%) метастаздық ауруы бар 3 немесе одан көп ағза болды, оның ішінде өкпе (63%), лимфа түйіндері (62%), бауыр (29%) және сүйек (22%). Емдеудің орташа ұзақтығы кабозантиниб алған пациенттер үшін 7,6 айды (диапазоны 0,3 - 20,5) және эверолимус алған пациенттер үшін 4,4 айды (диапазоны 0,21-18,9) құрады.
Эверолимуспен салыстырғанда АҮӨ статистикалық маңызды жақсаруы кабозантинибте байқалды (1-сурет және 4-кесте). ЖӨ жоспарланған аралық талдауы АҮӨ талдауы кезінде жүргізілді және статистикалық маңыздылық үшін аралық шекараға жеткен жоқ (202 оқиға, HR = 0,68 [0,51, 0,90], p = 0,006). Кейінгі ЖӨ жоспарланбаған аралық талдауында эверолимуспен салыстырғанда кабозантиниб қабылдайтын рандомизацияланған пациенттер үшін статистикалық маңызды жақсару көрсетілді (320 жағдай, 16,5 айға қарсы 21,4 айлық медиана, HR = 0,66 [0,53, 0,83], p = 0,0003; 2-сурет). ЖӨ үшін салыстырмалы нәтижелер 430 оқиғада кейінгі талдаумен (сипаттамалық) байқалды.
ITT популяциясындағы АҮӨ және ЖӨ зерттеушілік талдауы жасына (<65 қарсы ≥65), жынысына, MSKCC қауіп тобына (қолайлы, орташа, жоғары), ECOG мәртебесіне (1-ге қарсы 0), диагноз қоюдан рандомизацияға дейінгі уақытқа (≥1 жылға қарсы <1), ісіктің MET статусына (төменмен және белгісізбен салыстырғанда жоғары), сүйек метастаздарына (болуымен салыстырғанда болмауы), висцеральді метастаздарға (болуымен салыстырғанда болмауы), висцеральді және сүйек метастаздарына (болуымен салыстырғанда болмауы), алдыңғы VEGFR-TKI санына (1 қарсы ≥2), бірінші VEGFR-TKI емінің ұзақтығына (≤6 ай қарсы > 6 ай) байланысты әртүрлі қосалқы топтардағы эверолимуспен салыстырғанда кабозантинибтің пайдасына келісілген нәтижелерді көрсетті.
Объективті жауап жиілігінің сипаттамасы 5-кестеде келтірілген.
1-сурет: Қантамырлардың эндотелийлік өсу факторымен (VEGF) алдыңғы емдеуден кейін бүйрек-жасушалық обыры бар пациенттерде (алғашқы 375 пациент рандомизацияланған) тәуелсіз радиологиялық комитеттің шолуы арқылы үдеусіз өміршеңдікке арналған Каплан Мейер қисығы (METEOR)
КабозантинибЭверолимусКабозантинибЭверолимусАурудың үдеуінсіз өміршеңдіктің ықтималдығыАурудың үдеуінсіз өміршеңдіктің ықтималдығы
Айлар
Қауіптегі саны
Кабозантиниб — 187 — 152 — 92 — 68 — 20 — 6 — 2
Эверолимус — 188 — 99 — 46 — 29 — 10 — 2 — 0
4-кесте: Қантамырлардың эндотелийлік өсу факторымен (VEGF) алдыңғы емдеуден кейін бүйрек-жасушалық обыры бар пациенттерде тәуелсіз радиологиялық комитеттің шолуы арқылы АҮӨ нәтижелерінің түйіндемесі (METEOR)
Популяцияның бастапқы АҮӨ талдауы — ITT-популяция
Соңғы нрүкте — Кабозантиниб — Эверолимус — Кабозантиниб — Эверолимус
N = 187 — N = 188 — N = 330 — N = 328
АҮӨ медианасы (95% СА), айлар — 7.4 (5.6, 9.1) — 3.8 (3.7, 5.4) — 7.4 (6.6, 9.1) — 3.9 (3.7, 5.1)
Қауіптер қатынасы (95% СА), pмәні1 — 0.58 (0.45, 0.74), p<0.0001 — 0.51 (0.41, 0.62), p<0.0001
1 – стратификацияланған лог-рангтік критерий
2-сурет: Қантамырлардың эндотелийлік өсу факторымен (VEGF) алдыңғы емдеуден кейін бүйрек-жасушалық обыры бар пациенттерде жалпы өміршеңдіктің Каплан Мейер қисығы (METEOR)
Жалпы өміршеңдіктің ықтималдығы Жалпы өміршеңдіктің ықтималдығы КабозантинибЭверолимусКабозантинибЭверолимус
Айлар
Қауіптегі саны
Кабозантиниб — 330 — 318 — 296 — 264 — 239 — 178 — 105 — 41 — 6 — 3 — 0
Эверолимус — 328 — 307 — 262 — 229 — 202 — 141 — 82 — 32 — 8 — 1 — 0
5-кесте: Қантамырлардың эндотелийлік өсу факторымен (VEGF) бағытталған терапия алдыңғы емдеуден кейін бүйрек-жасушалық обыры бар пациенттерде
тәуелсіз радиологиялық комитеттің (IRC) шолуы және зерттеушінің шолуы арқылы ОЖЖ нәтижелерінің түйіндемесі
ITT-популяцияның ОЖЖ бастапқы талдауы (IRC) — ITT-популяцияны зерттеушінің шолуында ОЖЖ
Соңғы нүкте — Кабозантиниб — Эверолимус — Кабозантиниб — Эверолимус
N = 330 — N = 328 — N = 330 — N = 328
ОЖЖ (тек ішінара жауаптар) (95% СА) — 17% (13%, 22%) — 3% (2%, 6%) — 24% (19%, 29%) — 4% (2%, 7%)
pмәні1 — p<0.0001 — p< 0.0001
Ішінара жауаптар — 17% — 3% — 24% — 4%
Бірінші жауапқа дейінгі уақыт медианасы, айлар (95% СА) — 1.91 (1.6, 11.0) — 2.14 (1.9, 9.2) — 1.91 (1.3, 9.8) — 3.50 (1.8, 5.6)
Жақсы жауап ретінде аурудың тұрақты ағымы — 65% — 62% — 63% — 63%
Аурудың үдеуі ең жақсы жауап ретінде — 12% — 27% — 9% — 27%
1 – Пирсон келісім критерийі
Алдын ала ем қабылдамаған бүйрек-жасушалық обыры бар пациенттердегі клиникалық деректер (CABOSUN)
Алдыңғы емсіз бүйрек-жасушалық обырды емдеуге арналған кабозантинибтің қауіпсіздігі мен тиімділігі рандомизацияланған ашық көп орталықты зерттеуде (CABOSUN) бағаланды. Бұрын емделмеген, жергілікті таралған немесе жаңа түзілімнің паренхиматозды жасуша компонентімен метастаздық бауыр-жасушалық обыры бар пациенттер (N = 157) кабозантинибті (N = 79) немесе сунитинибті (N = 78) алу үшін рандомизацияланған (1: 1). Бүйрек-жасушалық обыр кезінде Халықаралық метастаздық мәліметтер базасының (IMDC) қауіпті топтарының санаттарында анықталғандай, пациенттерде аурудың аралық немесе жоғары қаупі болуы тиіс болды. Пациенттер IMDC қауіп тобының көмегімен және сүйек метастаздарының болуымен (иә/жоқ) стратификацияланды. Пациенттердің шамамен 75%-ында емдеу басталғанға дейін нефрэктомия болған.
Аурудың аралық қаупі үшін келесі қауіп факторларының біреуі немесе екеуі орындалды, ал жоғары қауіп кезінде үш немесе одан да көп факторлар қанағаттандырылды: бүйрек-жасушалық обыры диагнозын қойғаннан бастап жүйелі емдеуге дейінгі уақыт <1 жыл, Hgb <LLN, түзетілген кальций > ULN ,KPS < 80%, нейтрофилдер саны> ULN және тромбоциттер саны > ULN.
Бастапқы соңғы нүкте АҮӨ болды. Тиімділіктің екінші соңғы нүктелері объективті жауап жиілігі (ОЖЖ) және жалпы өміршеңдік (ЖӨ) болды. Ісіктерді бағалау 12 апта сайын жүргізілді.
Негізгі демографиялық сипаттамалары мен аурудың сипаттамалары кабозантиниб пен сунитиниб арасында ұқсас болды. Пациенттердің көпшілігі ер адамдар (78%), орташа жасы 62 жас болды. Пациенттерді IMDC қауіп топтары бойынша бөлу аралық (1-2 қауіп факторы) 81% және жоғары (≥3 қауіп факторы) 19% құрады. Пациенттердің көпшілігі (87%) ECOG 0 немесе 1 жұмыс қабілеттілігі статусына ие болды; 13% ECOG 2 тиімділік статусына ие болды. Отыз алты (36%) пациентте сүйек метастаздары болды.
Жасырын Тәуелсіз радиологиялық комитет (IRC) ретроспективті түрде бағалайтын АҮӨ-нің статистикалық маңызды жақсаруы сунитинибпен салыстырғанда кабозантиниб үшін көрсетілді (3-сурет және 6-кесте). Зерттеуші анықтаған АҮӨ талдауының нәтижелері мен IRC анықтаған АҮӨ талдауының нәтижелері үйлесімді болды.
МЕТ оң және теріс статусы бар пациенттер (Қауіптер қатынасы = 0,67 (0,37, 1.23) қарсы 0,32 (0,16, 0,63)) МЕТ теріс статусы бар пациенттермен салыстырғанда МЕТ оң статусы бар пациенттерде тиісінше белсенділігі үлкен сунитинибке қарағанда кабозантинибпен жағымды әсер көрсетті.
Кабозантинибпен емдеу сунитинибпен салыстырғанда өміршеңдіктің ұлғаю үрдісімен байланысты болды (6-кесте). Зерттеу ЖӨ талдау үшін жүргізілген жоқ, ал деректер жетілмеген.
Объективті жауап жиілігін (ОЖЖ) бағалау нәтижелері 6-кестеде келтірілген.
3-сурет: Алдын-ала ем алмаған бүйрек-жасушалық обыры бар пациенттерде IRC арқылы аурудың үдеусіз өміршеңдік үшін Каплан Мейер қисығы
Кабозантиниб Сунитиниб Кабозантиниб Сунитиниб Аурудың үдеуінсіз өміршеңдіктің ықтималдығы Аурудың үдеуінсіз өміршеңдіктің ықтималдығы
Айлар
Қауіптегі саны
Кабозантиниб — 79 — 51 — 37 — 24 — 22 — 18 — 12 — 5 — 2 — 1 — 0
Эверолимус — 78 — 36 — 21 — 12 — 9 — 5 — 3 — 2 — 1 — 0 — 0
6-кесте: Алдын ала ем алмаған бүйрек-жасушалық обыры бар пациенттердегі тиімділік нәтижелері (ITT-популяция, CABOSUN)
Кабозантиниб (N=79) — Сунитиниб (N=78)
IRC көмегімен аурудың үдеуінсіз өміршеңдік (АҮӨ) ықтималдығыа
Айлар бойынша АҮӨ медианасы (95% СА) — 8.6 (6.2, 14.0) — 5.3 (3.0, 8.2)
Қауіптер қатынасы (95% СА); стратификацияланған b,c — 0.48 (0.32, 0.73)
р-мәндерінің екі жақты логарифмдік санаты: стратификацияланғанb — p=0.0005
Зерттеушінің көмегімен аурудың үдеуінсіз өміршеңдік (АҮӨ) ықтималдығы
Айлар бойынша АҮӨ медианасы (95% СА) — 8.3 (6.5, 12.4) — 5.4 (3.4, 8.2)
Қауіптер қатынасы (95% СА); стратификацияланған b,c — 0.56 (0.37, 0.83)
р-мәндерінің екі жақты логарифмдік санаты: стратификацияланғанb — p=0.0042
Жалпы өміршеңдік
Айлар бойынша ЖӨ медианасы (95% СА) — 30.3 (14.6, NE) — 21.0 (16.3, 27.0)
Қауіптер қатынасы (95% СА); стратификацияланған b,c — 0.74 (0.47, 1.14)
IRC көмегімен n (%) объективті жауап жиілігі
Толық жауап — 0 — 0
Ішінара жауап — 16 (20) — 7 (9)
ОЖЖ (тек ішінара жауаптар) — 16 (20) — 7 (9)
Аурудың тұрақты ағымы — 43 (54) — 30 (38)
Аурудың үдеуі — 14 (18) — 23 (29)
Зерттеушінің көмегімен n (%) объективті жауаптың жиілігі
Толық жауап — 1 (1) — 0
Ішінара жауап — 25 (32) — 9 (12)
ОЖЖ (тек ішінара жауаптар) — 26 (33) — 9 (12)
Аурудың тұрақты ағымы — 34 (43) — 29 (37)
Аурудың үдеуі — 14 (18) — 19 (24)
а – ЕО цензурасына сәйкес
b - IMDС қауіптер санатын қамтитын IxRS стратификация факторлары (аралық қауіп, жоғары қауіп және сүйек метастазасы (иә, жоқ)
с - IxRS стратификация коэффициенттерін ескере отырып түзетілген Кокстың пропорционалды қауіптілік моделін пайдалана отырып бағаланады. Қауіптілік коэффициенті <1 кабозантинибтің пайдасына үдеусіз өміршеңдікті көрсетеді.
NE – бағалаусыз.
Сунитинибке қарсы ниволумабпен біріктірілген кабозантинибтің 3 фазадағы рандомизацияланған зерттеуі (CA2099ER)
Таралған/метастаздық бүйрек-жасушалық обырды емдеудің бірінші желісі ретінде 2 апта сайын вена ішіне 240 мг ниволумабпен біріктірілген күнделікті ішке 40 мг кабозантинибтің қауіпсіздігі мен тиімділігі 3 фазадағы рандомизацияланған ашық зерттеуде (CA2099ER) бағаланды. Зерттеуге PD-L1 статусына немесе IMDC қауіп тобына қарамастан, жарықжасушалық компонентімен таралған немесе метастаздық бүйрек-жасушалық обыры бар, жалпы жағдайын бағалау дәрежесі Карновский шкаласы бойынша (KPS) > 70% және RECIST v1.1 сәйкес өлшеуге жарайтын ауруы бар пациенттер (18 жастағы және одан асқан) кірді. Зерттеуден аутоиммундық аурулары немесе жүйелі иммуносупрессияны талап ететін басқа да аурулары бар пациенттер, бұрын анти-PD-1, анти-PD-L1, анти-PD-L2, анти-CD137 немесе анти-CTLA-4 антиденелерімен ем алған пациенттер, гипотензивті емге қарамастан нашар бақыланатын гипертензиясы бар, миға белсенді метастаздармен және бақыланбайтын бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі бар пациенттер шығарып тасталды. Пациенттер IMDC болжамдық шкаласы, PD-L1 ісік экспрессиясы және аймақ бойынша стратификацияланды.
Жалпы алғанда 651 пациент 2 апта сайын вена ішіне енгізілетін 240 мг ниволумабпен (n = 323) немесе 4 апта ішінде, содан кейін 2 апта үзіліспен күніне 50 мг пероральді енгізілетін сунитинибпен (n = 328) үйлестіріп күніне бір рет 40 мг кабозантинибті пероральді қабылдау үшін рандомизацияланды. Емдеу аурудың үдеуіне немесе ниволумабты 24 айға дейін қабылдаған кезде қолайсыз уыттылық туындағанға дейін жалғасты. Зерттеуші белгілеген RECIST 1.1 нұсқасының шегінен тыс емдеуге, егер зерттеуші анықтағандай, пациентке клиникалық пайдасы болса және зерттелетін препаратты көтере алса, рұқсат етілді. Бастапқы деңгейден кейінгі ісікті алғашқы бағалау рандомизациядан кейін 12 аптадан соң (± 7 күн) жүргізілді. Ісікті кейінгі бағалаулар 60 аптаға дейін 6 апта сайын (± 7 күн), содан соң жасырын тәуелсіз орталық шолумен (BICR) расталған рентгенологиялық үдеуге дейін 12 апта сайын (±14 күн) жүргізілді. АҮӨ тиімділігін бағалаудың бастапқы критерийі BICR көмегімен анықталған. Қосымша тиімділік көрсеткіштеріне жалпы өміршеңдік (ЖӨ) және объективті жауап жиілігі (ОЖЖ) негізгі екінші нүктелер ретінде кірді.
Бастапқы сипаттамалар жалпы екі топ арасында теңдестірілген. Орташа жасы 61 жас болды (диапазоны: 28-90) 38,4% ≥ 65 жас және 9,5% ≥ 75 жас. Пациенттердің көпшілігі еркектер (73,9%) және ақ нәсілділер (81,9%) болды. Пациенттердің сегіз пайызы азиялық болды, 23,2% және 76,5% пациентте тиісінше 70-тен 80%-ға дейін және 90-дан 100%-ға дейін бастапқы KPS болды. Пациенттерді IMDC қауіп санаттары бойынша бөлу 22,6% қолайлы, 57,6% аралық және 19,7% нашар болды. Ісіктердің PD-L1 экспрессиясына келсек, 72,5% пациентте PD-L1 <1% немесе анықталмаған экспрессия болған, ал 24,9% пациентте PD-L1 ≥ 1% экспрессия болған. 11,5% пациентте саркоматоидты белгілері бар ісіктер болды. Емдеудің орташа ұзақтығы ниволумабпен кабозантиниб қабылдаған пациенттерде 14,26 айды (диапазоны: 0,2–27,3 ай) және сунитиниб қабылдаған пациенттерде 9,23 айды (диапазоны: 0,8–27,6 ай) құрады.
Зерттеу сунитинибпен салыстырғанда ниволумабпен біріктірілген кабозантинибпен емдеуге рандомизацияланған пациенттер үшін АҮӨ, ЖӨ және ОЖЖ қатысты статистикалық маңызды артықшылықты көрсетті.
Тиімділікті бастапқы талдау нәтижелері (бақылаудың ең аз кезеңі 10,6, байқаудың орташа кезеңі 18.1 ай) 7-кестеде келтірілген.
7-кесте: Тиімділік нәтижелері (CA2099ER)
ниволумаб + кабозантиниб (N=323) — сунитиниб (N=328)
BICR сәйкес аурудың үдеуінсіз өміршеңдік (АҮӨ)
Оқиғалар — 144 (44.6%) — 191 (58.2%)
Қауіптер қатынасыа — 0.51
95% СА — (0.41, 0.64)
р-мәні b,с — < 0.0001
Медиана (95% СА)d — 16.59 (12.45, 24.94) — 8.31 (6.97, 9.69)
Жалпы өміршеңдік (ЖӨ)
Оқиғалар — 67 (20.7%) — 99 (30.2%)
Қауіптер қатынасыа — 0.60
98.89% СА — (0.40, 0.89)
р-мәні b,с,е — 0.0010
Медиана (95% СА) — N.E. — N.E. (22.6, N.E.)
Жиілігі (95% СА)
6 ай — 93.1 (89.7, 95.4) — 86.2 (81.9, 89.5)
BICR сәйкес ОЖЖ (ТЖ + ІЖ) — 180 (55.7%) — 89 (27.1%)
(95% СА) f — (50.1, 61.2) — (22.4, 32.3)
ОЖЖ айырмашылығы (95% СА)g — 28.6 (21.7, 35.6)
р - мәніh — < 0.0001
Толық жауап (ТЖ) — 26 (8.0%) — 15 (4.6%)
Ішінара жауап (ІЖ) — 154 (47.7%) — 74 (22.6%)
Аурудың тұрақты ағымы (SD) — 104 (32.2%) — 138 (42.1%)
Жауаптың орташа ұзақтығыd
Айлар (тәртіп) — 20.17 (17.31, N.E.) — 11.47 (8.31, 18.43)
Жауапқа дейінгі орташа уақыт
Айлар (тәртіп) — 2.83 (1.0-19.4) — 4.17 (1.7-12.3)
а Пропорционалды Кокс қауіптерінің стратификацияланған моделі. Қауіптер қатынасы - сунитинибпен салыстырғанда ниволумаб пен кабозантиниб.
b Тұрақты стратификацияланған логранг тестінен екі жақты p-мәндері
c IRT-де көрсетілгендей, IMDC (0, 1-2, 3-6) болжамды қауіп шкаласы, PD-L1 ісік экспрессиясы (<1% салыстырғанда ≥ 1% немесе анықталмаған) және аймақ (АҚШ / Канада / Батыс Еуропа / Солтүстік Еуропа, әлемнің қалған елдері) бойынша стратификацияланған логранг критерийі.
d Каплан-Мейердің бағалауы негізінде.
e Статистикалық маңыздылық шегі p-мәні <0,0111.
F Клоппер мен Пирсон әдісіне негізделген СА.
g DerSimonian және Laird деректері негізінде страталар бойынша түзетілген объективті жауап жиілігінің айырмашылығы (ниволумаб + кабозантиниб - сунитиниб)
h CMH тестінен екі жақты p мәні.
NE = бағалаусыз
АҮӨ бастапқы талдауы жаңа ісікке қарсы ем үшін цензураны қамтыды (7-кесте). Жаңа ісікке қарсы ем үшін цензураланған және онсыз АҮӨ нәтижелері келісімді болды.
АҮӨ артықшылығы PD-L1 ісіктерінің экспрессиясына қарамастан, сунитинибпен салыстырғанда ниволумабпен біріктірілген кабозантиниб тобында байқалды. PD-L1 ≥ 1% ісік экспрессиясы үшін АҮӨ медианасы ниволумабпен біріктірілген кабозантиниб үшін 13,08 және сунитиниб тобында 4,67 айды құрады (Қауіптер қатынасы = 0,45; 95% СА: 0,29, 0,68). Ісікте PD-L1 <1% экспрессиясында орташа АҮӨ ниволумабпен біріктірілген кабозантиниб үшін 19,84 айды және сунитиниб тобында 9,26 айды құрады (Қауіптер қатынасы = 0,50; 95% СА: 0,38, 0,65).
АҮӨ артықшылығы қауіп санатына (IMDC) қарамастан сунитинибпен салыстырғанда ниволумабпен біріктірілген кабозантиниб тобында байқалды. Төмен қауіпті топ үшін АҮӨ медианасына ниволумабпен біріктірілген кабозантиниб үшін қол жеткізілген жоқ және сунитиниб тобында 12,81 айды құрады (Қауіптер қатынасы = 0,60; 95% СА: 0,37, 0,98). Аралық қауіп тобы үшін АҮӨ медианасы ниволумабпен біріктірілген кабозантиниб үшін 17,71 айды және сунитиниб тобында 8,38 айды құрады (Қауіптер қатынасы = 0,54; 95% СА: 0,41, 0,73). Жоғары қауіп тобына арналған АҮӨ медианасы ниволумабпен біріктірілген кабозантиниб үшін 12,29 айды және сунитиниб тобында 4,21 айды құрады (Қауіптер қатынасы = 0,36; 95% СА: 0,23, 0,58).
Жаңартылған АҮӨ және ЖӨ талдауы барлық пациенттерде ең аз бақылау кезеңі 16 ай және орташа бақылау кезеңі 23,5 ай болған кезде жасалды (4 және 5-суретті қараңыз). АҮӨ қауіптерінің қатынасы 0,52 құрады (95% СА: 0,43; 0,64). OS қауіптер қатынасы 0,66 құрады (95% СА: 0,50; 0,87). IMDC қауіп санаттары мен PD-L1 экспрессия деңгейлері үшін қосалқы топтардағы жаңартылған тиімділік деректері (АҮӨ және ЖӨ) бастапқы нәтижелерді растады. Жаңартылған талдаумен АҮӨ медианасына қолайлы қауіп тобында қол жеткізілді.
4-сурет. АҮӨ кезіндегі Каплан-Мейер қисығы (CA2099ER)
АҮӨ ықтималдығыАҮӨ ықтималдығы
Жасырын тәуелсіз орталықтандырылған BICR бағалауы бойынша АҮӨ (айлар)
Қауіптегі субъектілер саны
Ниволумаб + кабозантиниб
323 — 280 — 236 — 201 — 166 — 145 — 102 — 56 — 26 — 5 — 2 — 0
Сунитиниб
328 — 230 — 160 — 122 — 87 — 61 — 37 — 17 — 7 — 2 — 1 — 0
Ниволумаб + кабозантиниб (оқиғалар: 175/323), орташа және 95.0% СА: 16.95 (12.58, 19.38)
Сунитиниб (оқиғалар: 206/328), орташа және 95.0% СА: 8.31 (6.93, 9.69)
5-сурет. ЖӨ (жалпы өміршеңдіктің) Каплан-Мейер қисығы (CA2099ER)
Өміршеңдік ықтималдығыӨміршеңдік ықтималдығы
Жалпы өміршеңдік (айлар)
Қауіптегі субъектілер саны
Ниволумаб + кабозантиниб
323 — 308 — 295 — 283 — 269 — 255 — 220 — 147 — 84 — 40 — 10 — 0
Сунитиниб
328 — 295 — 272 — 254 — 236 — 217 — 189 — 118 — 62 — 22 — 4 — 0
Ниволумаб + кабозантиниб (оқиғалар: 86/323), орташа және 95.0% СА: NE
Сунитиниб (оқиғалар: 116/328), орташа және 95.0% СА: 29.47 (28.35, NE)
Сунитиниб (события: 99/328), медиана и 95% ДИ: NE (22.60, NE)Сунитиниб (события: 99/328), медиана и 95% ДИ: NE (22.60, NE)Ниволумаб + кабозантиниб (события: 67/323), медиана и 95% ДИ: NEНиволумаб + кабозантиниб (события: 67/323), медиана и 95% ДИ: NEСунитинибСунитинибБауыр-жасушалық обыр
Сорафениб қабылдаған пациенттердегі бақыланатын зерттеу (CELESTIAL)
Кабозантинибтің қауіпсіздігі мен тиімділігі рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын 3-фазадағы (CELESTIAL) зерттеуінде бағаланды. Бауыр-жасушалық обыры бар, радикалды емдеуге келмейтін және бұрын кең таралған аурудан сорафениб қабылдаған пациенттер (N=707) кабозантиниб (N = 470) немесе плацебо (N = 237) алу үшін рандомизацияланған (2:1). Пациенттер таралған ауру үшін сорафенибке қосымша тағы бір алдыңғы жүйелі емді алуы мүмкін. Рандомизация аурудың этиологиясы (В гепатиті вирусы [С гепатиті вирусы бар немесе жоқ], С гепатиті вирусы [В гепатиті вирусы жоқ] немесе т.б.), географиялық аймақ (Азия, басқа аймақтар) және аурудың және/немесе макро-тамырлық инвазиялардың бауырдан тыс таралуының болуы (Иә, жоқ) бойынша стратификацияланды.
Тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі жалпы өміршеңдік (ЖӨ) болды. Тиімділіктің екінші соңғы нүктелері аурудың үдеуінсіз өміршеңдік (АҮӨ) және объективті жауап жиілігі (ОЖЖ) болды, оны зерттеуші ауқымды ісіктерге жауапты бағалау критерийлерін пайдалана отырып бағалады (RECIST) 1.1. Ісіктерді бағалау әр 8 апта сайын жүргізілді. Субъектілер радиологиялық аурудың үдеуінен кейін клиникалық пайдасын сезініп жүрген кезде немесе кейінгі жүйелі немесе бауырға бағытталған жергілікті обырға қарсы емді қажет еткенге дейін емдеуді жасырын зерттеуді жалғастырды. Емдеудің жасырын фазасында плацебодан кабозантинибке өтуге жол берілмеді.
Бастапқы демографиялық сипаттамалар және аурудың сипаттамалары Кабозаниб пен плацебо топтарының арасында бірдей болды және барлық 707 рандомизацияланған пациенттер үшін төменде көрсетілген.
Еркектер: 82%
Орташа жасы: 64 жас.
Еуропалық: 56%, азиялық: 34%
ECOG 0 шкаласы бойынша жалпы жай-күй (PS): 53% немесе PS ECOG 1: 47%.
Чайлд-Пью A: 99%, Чайлд-Пью B: 1%
Бауыр-жасушалық обыры бар пациенттерге арналған этиология гепатит В вирусын HBV) 38%, гепатит С вирусын (HCV) 21%, басқаларды 40% (HBV емес, HCV емес) қамтыды.
Қантамырлардың макроскопиялық инвазиясының және/немесе бауырдан тыс ісіктің таралуының болуы: 78%,
Альфа-фетопротеин (АФП) деңгейі ≥400 мкг/л: 41%.
Локорегионарлық трансартериялық эмболизация немесе химоинфузия: 44%
Кабозантинибпен емдеуге дейінгі сәулемен емдеу: 37%
Сорафенибпен емдеудің орташа ұзақтығы: 5,32 ай
Пациенттердің жетпіс екі пайызы (72%) біреуін алды, ал 28%-ы кең таралған ауру үшін алдыңғы 2 жүйелі ем сызбасын алды.
Плацебоға қарағанда кабозантиниб үшін ЖӨ статистикалық елеулі жақсаруы көрсетілді (8-кесте және 6-сурет).
АҮӨ және ОЖЖ нәтижелері 8-кестеде келтірілген.
8-кесте: Бауыр-жасушалық обыры бар пациенттердегі тиімділік нәтижелері (ITT-популяция, CELESTIAL)
Кабозантиниб (N=470) — Плацебо (N=237)
Жалпы өміршеңдік (ЖӨ)
ЖӨ медианасы (95% СА), айлар — 10.2 (9.1, 12.0) — 8.0 (6.8, 9.4)
Қауіптер қатынасы (95% СА) 1,2 — 0.76 (0.63, 0.92)
р-мәні1 — p=0.0049
Аурудың үдеусіз өміршеңдік (АҮӨ) 3
Айлардағы АҮӨ медианасы (95% СА) — 5.2 (4.0, 5.5) — 1.9 (1.9, 1.9)
Қауіптер қатынасы (95% СА)1 — 0.44 (0.36, 0.52)
р-мәні1 — p<0.0001
Каплан-Мейер әдісі бойынша 3 ай бойы оқиғасыз пациенттер пайызының өміршеңдік нүктелерін бағалау
% (95 % СА) — 67.0% (62.2%, 71.3%) — 33.3% (27.1%, 39.7%)
Объективті жауап жиілігі (ОЖЖ), n (%) 3
Толық жауап (ТЖ) — 0 — 0
Ішінара жауап (ІЖ) — 18 (4) — 1 (0.4)
ОЖЖ (ТЖ + ІЖ) — 18 (4) — 1 (0.4)
р-мәні1,4 — p=0.0086
Аурудың тұрақтануы — 282 (60) — 78 (33)
Аурудың үдеуі — 98 (21) — 131 (55)
1 – Аурудың этиологиясы бар екі жақты стратификацияланған логарифмдік тест (В гепатитінің вирусы [С гепатитінің вирусымен немесе онсыз], С гепатитінің вирусы [В гепатитінің вирусы жоқ] немесе т. б.), географиялық аймақ (Азия, басқа аймақтар) және аурудың және/немесе макроқантамырлық инвазияның бауырдан тыс таралуының болуы (иә, жоқ) стратификация факторлары ретінде (IVRS деректері бойынша)
2 – Кокс пропорционалды қауіптілік моделін пайдалана отырып бағаланады
3 – RECIST 1.1 сәйкес зерттеушінің бағалауы бойынша
4 – Кохран-Мантель-Хензель (CMH) тестінің стратификацияланған критерийі
6-сурет: Жалпы өміршеңдіктегі Каплан Мейер қисығы (CELESTIAL)
Кабозантиниб ПлацебоКабозантиниб ПлацебоӨміршеңдік ықтималдығы Өміршеңдік ықтималдығы
Айлар
Қауіптегі саны
Кабозантиниб — 470 — 281 — 159 — 93 — 44 — 22 — 4 — 0
Плацебо — 237 — 117 — 57 — 25 — 15 — 7 — 3 — 0
7-сурет: Аурудың үдеусіз өміршеңдіктегі Каплан Мейер қисығы (CELESTIAL)
Үдеусіз өміршеңдіктің ықтималдығы Үдеусіз өміршеңдіктің ықтималдығы
Кабозантиниб ПлацебоКабозантиниб Плацебо
Айлар
Қауіптегі саны
Кабозантиниб — 470 — 131 — 39 — 10 — 3 — 2 — 0
Плацебо — 237 — 21 — 5 — 2 — 1 — 0 — 0
Жүйелі радиациясыз және жергілікті бауырға бағытталған жүйелі хаттамалық емес обырға қарсы ем (NPACT) жиілігі кабозантиниб тобында 26% және плацебо тобында 33% құрады. Осы емдеу әдістерін қабылдаған субъектілер зерттеу аясында емдеуді тоқтатуға тиіс болды. NPACT пайдалану үшін жалпы өміршеңдіктің ізденістік цензуралық талдауы бастапқы талдауды растады: стратификация факторларын ескере отырып түзетілген HR (IxRS бойынша) 0,66 болды (95% СА: 0,52, 0,84; стратификацияланған логранк p-мәні = 0,0005). Жалпы өміршеңдіктің орташа ұзақтығы үшін Каплан-Мейер бағалауы плацебо тобындағы 6,9 аймен салыстырғанда кабозантиниб тобында 11,1 айды құрады, бұл медианада шамамен 4,2 айды құрайды.
Ауруға тәуелді емес өмір сүру сапасы (QoL) EuroQoL EQ-5D-5L көмегімен бағаланды. Емдеудің алғашқы апталарында плацебомен салыстырғанда кабозантинибтің EQ-5D индексінің пайдалылық көрсеткішіне теріс әсері байқалды. Осы кезеңнен кейін тек шектеулі QoL деректері қолжетімді.
Қалқанша бездің дифференциацияланған карциномасы (ҚБДК)
Бұрын жүйелі ем қабылдаған және радиоактивті йодқа сезімтал емес иммунитеті бар немесе оған жарамайтын ересек пациенттерде плацебо бақыланатын зерттеу (COSMIC-311)
Кабозантинибтің қауіпсіздігі мен тиімділігі COSMIC-311, рандомизацияланған (2:1) салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын көп орталықты зерттеуде VEGFR бағытталған алдыңғы екі емнен кейін (ленватиниб немесе сорафенибті қоса, бірақ онымен шектелмейді) үдеген қалқанша бездің дифференциацияланған обыры бар жергілікті таралған немесе метастаздық ауруы бар және радиоактивті йодқа резистентті болған немесе емдеуге жарамды болмаған ересек пациенттерде бағаланды. Ауруы өлшеуге келетін және RECIST 1.1 бойынша рентгенологиялық үдеуі құжатпен расталған пациенттер, зерттеушінің пікірінше, TKI емдеу кезінде және емінен кеін VEGFR-ге бағытталған кабозантинибті 60 мг дозада күніне бір рет пероральді (N=170) немесе плацебоны (N=88) қабылдау үшін рандомизацияланған (N=258).
Рандомизация ленватинибті алдыңғы қабылдауға (иә немесе жоқ) және жасына (≤ 65 жасқа қарсы > 65 жас) қарай стратификацияланды. Плацебо тобына рандомизацияланған сәйкес келетін пациенттерге радиологиялық шолу жөніндегі жасырын тәуелсіз комитет (BIRC) аурудың үдеуін растағаннан кейін кабозантинибке ауысуға рұқсат етілді. Субъектілер клиникалық пайдасы байқалғанға дейін немесе қолайсыз уыттылық пайда болғанға дейін жасырын зерттеуде емделуді жалғастырды. Тиімділіктің бастапқы көрсеткіштері ITT популяциясындағы үдеусіз өміршеңдік (АҮӨ) және RECIST 1.1 сәйкес BIRC бағалауы бойынша алғашқы 100 рандомизацияланған пациенттегі объективті жауап жиілігі (ОЖЖ) болды. Ісікті бағалау зерттеудің алғашқы 12 айы ішінде рандомизациядан кейін әр 8 апта сайын, содан соң әр 12 апта сайын жүргізілді. Жалпы өміршеңдік (ОС) қосымша соңғы нүкте болды.
АҮӨ бастапқы талдауы рандомизацияланған 187 пациентті қамтыды, олардың 125-і кабозантиниб және 62-сі плацебо қабылдады. Емдеудің екі тобы үшін де бастапқы демографиялық сипаттамалар мен аурудың сипаттамалары жалпы алғанда теңдестірілген. Жас медианасы 66 жасты құрады (32-ден 85 жасқа дейін), оның 51%-ы ≥ 65 жаста, 13%-ы – ≥ 75 жаста. Пациенттердің көпшілігі ақ нәсілді (70%), пациенттердің 18%-ы азиялық және 55%-ы әйелдер болды. Гистологиялық тұрғыда қалқанша бездің папиллярлық карциномасы диагнозы 55%, қалқанша бездің фолликулалық карциномасы – 48%-да расталды, оның ішінде 17%-да – Хюртле жасушаларынан қалқанша бездің обыры. Метастаздар 95% пациентте болды: өкпе 68%-да, лимфа түйіндері 67%-да, сүйек 29%-да, плевра 18%-да және бауыр 15%-да. Бес пациент бұрын қолайсыздыққа байланысты RAI алмаған, 63%-ы бұрын ленватиниб, 60%-ы бұрын сорафениб және 23%-ы сорафениб те, ленватиниб те қабылдаған. ECOG шкаласы бойынша жұмысқа қабілеттіліктің бастапқы статусы 0 (48%) немесе 1 (52%) болды.
Емдеудің орташа ұзақтығы кабозантиниб тобында 4,4 ай және плацебо тобында 2,3 ай болды.
Бастапқы талдаудың (2020 жылдың 19 тамызында кесу күнімен және АҮӨ үшін 6,2 айлық бақылау медианасымен) және жаңартылған талдаудың (2021 жылдың 08 ақпанында кесу күнімен және АҮӨ үшін 10,1 айлық бақылау медианасымен) нәтижелері 9-кестеде келтірілген. Зерттеу плацебомен (n=33) салыстырғанда кабозантиниб тобына (n=67) рандомизацияланған пациенттерде ОЖЖ статистикалық маңызды жақсарғанын көрсетпеді: 0% қарсы 15%. Зерттеу плацебомен (n=62) салыстырғанда кабозантиниб тобына (n=125) рандомизацияланған пациенттерде АҮӨ (бақылау медианасы 6,2 ай) статистикалық маңызды жақсарғанын көрсетті.
258 рандомизацияланған пациенттің қатысуымен АҮӨ және ЖӨ (бақылау медианасы 10,1 ай) жаңартылған талдауы жүргізілді, олардың 170-і кабозантиниб және 88-і плацебо қабылдады.
Жалпы өміршеңдік талдауы қате болды, өйткені аурудың үдеуі расталған плацебо қабылдаған субъектілер кабозантинибке ауысу мүмкіндігіне ие болды.
9-кесте: Тиімділік нәтижелері (COSMIC-311)
Бастапқы талдау1 (ITT) — Жаңартылған талдау 2 (Толық ITT)
Кабозантиниб (n = 125) — Плацебо (n = 62) — Кабозантиниб (n = 170) — Плацебо (n = 88)
Үдеусіз өміршеңдік*
Оқиғалар саны, (%) — 31 (25) — 43 (69) — 62 (36) — 69 (78)
Үдеудің нашарлауы — 25 (20) — 41 (66) — 50 (29) — 65 (74)
Өлім — 6 (4.8) — 2 (3.2) — 12 (7.1) — 4 (4.5)
Айлардағы орташа АҮӨ (96% СА) — NE (5.7, NE) — 1.9 (1.8, 3.6) — 11.0 (7.4, 13.8) — 1.9 (1.9, 3.7)
Қауіптер қатынасы (96% СА)3 — 0.22 (0.13, 0.36) — 0.22 (0.15, 0.32)
Р-мәні4 — < 0.0001
Жалпы өміршеңдік
Оқиғалар, n (%) — 17 (14) — 14 (23) — 37 (22) — 21 (24)
Қауіптер қатынасы3 (95% СА) — 0.54 (0.27, 1.11) — 0.76 (0.45, 1.31)
Бастапқы талдау1
Объективті жауап жиілігі (ОЖЖ)5
Кабозантиниб (n = 67) — Плацебо (n = 33)
Жалпы жауап, (%) — 10 (15) — 0 (0)
Толық жауап — 0 — 0
Ішінара жауап — 10 (15) — 0
Тұрақты ауру — 46 (69) — 14 (42)
Аурудың үдеуі — 4 (6) — 18 (55)
* Бастапқы АҮӨ талдауы обырға қарсы жаңа емдеуге цензураны қамтыды. Обырға қарсы жаңа емдеу үшін цензурасы бар және онсыз АҮӨ нәтижелері үйлесімді болды.
СА - сенімді аралық; NE, бағалауға жатпайды
1 Бастапқы талдаудың соңғы мерзімі – 19 тамыз 2020 жыл.
2 Екінші талдаудың соңғы күні – 08 ақпан 2021 жыл.
3 Кокстың пропорционалды қауіп моделін пайдалана отырып бағаланды.
4 Стратификация факторлары ретінде (IXRS деректері бойынша) ленватинибтің алдыңғы қабылдануы (иә немесе жоқ) және жасы (≤65 жасқа қарсы >65 жас) бойынша стратификацияланған логарифмдік рангілік критерий.
5 Зерттеуге енгізілген алғашқы 100 пациенттің негізінде 8,9 ай орташа бақылау кезеңімен, кабозантиниб тобында n=67 және плацебо тобында n=33. ОЖЖ жақсаруы статистикалық тұрғыдан маңызды болмады.
8-сурет. COSMIC-311 зерттеуіндегі үдеусіз өміршеңдіктің Каплан-Мейер қисығы (жаңартылған талдау [соңғы күні: 8 ақпан, 2021], N = 258)
Үдеусіз өміршеңдіктің ықтималдығы Үдеусіз өміршеңдіктің ықтималдығы Кабозантиниб ПлацебоКабозантиниб Плацебо
Айлар
Қауіптегі саны
Кабозантиниб — 170 — 117 — 59 — 41 — 20 — 4 — 0
Плацебо — 88 — 33 — 11 — 7 — 1 — 0 — 0
Балалар популяциясы
Еуропадағы дәрілік заттар агенттігі ауқымды қатерлі ісіктерді емдеуде балалар популяциясының бір немесе бірнеше қосалқы топтарында кабозантинибті зерттеу нәтижелерін ұсыну міндеттемесінен бас тартты (педиатриялық қолдану туралы ақпаратты 4.2 бөлімінен қараңыз).
ADVL 1211
Балалар онкологиялық тобы (COG) ауқымды ісіктері бар балаларда кабозантинибтің 1 фазадағы зерттеуін жүргізді (ADVL1211). Лайықты пациенттер ≥2 жаста және ≤18 жаста болды. Бұл зерттеуге дозалардың 3 деңгейі бар пациентер қамтылды: күніне бір рет 30 мг/м2, 40 мг/м2 және 55 мг/м2 үздіксіз дозалау сызбасы бойынша (ДБА бойынша күнделікті дозалау және 20 мг жуығына дейін дөңгелектеу). Кабозантиниб дозалау номограммасына сәйкес дене беткейінің ауданына (ДБА) байланысты дозаланды.
Мақсат дозаны шектейтін уыттылықты (ДШУ) анықтау, 2 фазаның ұсынылатын дозасын анықтау (RP2D), балалардағы фармакокинетикасы туралы алдын ала деректерді алу және ауқымды ісіктер кезіндегі тиімділігін зерттеу болды. Зерттеуге 41 пациент қатыстырылды, олардың 36-сы толық бағалауға жатты. Пациенттерде әртүрлі ауқымды ісіктер болды: ҚБМО (n=5), остеосаркома (n=2), EWS (n=4), рабдомиосаркома (RMS) (n=2), жұмсақ тіндердің басқа саркомалары (STS)(n=4), Вильмс ісігі (WT) (n = 2), гепатобластома (n = 2), HCC (n = 2), RCC (n = 3), орталық жүйке жүйесінің ісіктері (CNS) (n = 9) және басқалар (n=6).
Бағаланатын популяциядағы 36 субъектінің төрт субъектісінде (11,1%) ІЖ-қа үздік жауап болды, ал сегіз субъектіде (22,2%) SD (ұзақтығы 6 циклдан аз емес) болды. 6 циклдан асатын немесе оған тең ІЖ немесе SD бар 12 пациенттен 10 пациент 40 мг/м2 немесе 55 мг/м2 кабозантиниб тобында болды (сәйкесінше жетеу және үшеу).
Орталық шолуға сәйкес, ішінара жауаптар ҚБМО (Қалқанша бездің медуллярлық обыры) бар 2/5 пациентте, Вильмс ісігі бар бір пациентте және жарықжасушалы саркомасы бар бір пациентте байқалды.
ADVL1622
ADVL1622 зерттеуі балалардағы жекелеген ауқымды ісіктерде кабозантинибтің белсенділігін бағалады. Бұл көп орталықты ашық екі сатылы 2 фазадағы зерттеу ауқымды ісіктердің келесі қабаттарын қамтыды: остеосаркомасыз стратаны (Юинг саркомасын, рабдомиосаркоманы (RMS), рабдомиосыз саркоманы, жұмсақ тіндердің саркомасын (NRSTS) және Вильмс ісігін қоса алғанда), остеосаркома қабаттарын және ауқымды ісіктердің сирек қабаттарын (қалқанша бездің медуллярлық обырын(MTC), бүйрек-жасушалық обырды, бауыр-жасушалық обырды, гепатобластоманы, адренокортикальді карциноманы және басқа ауқымды ісіктерді қоса алғанда). Кабозантиниб күніне бір рет пероральді түрде 28 күндік циклдардан тұратын үздіксіз дозалау сызбасы бойынша, тәулігіне 40 мг/м2 дозада енгізілді (дозалау номограммасын пайдаланумен жиынтық апталық доза 280 мг/м2). Субъектілер зерттеуге қосылу сәтінде барлық страталар үшін ≥2 және ≤30 жаста болды, MTC, бүйрек-жасушалық обыр және бауыр-жасушалық обыр үшін ≤18 жастың жоғарғы жас шегін қоспағанда.
Остеосаркомасыз страталар мен сирек ісіктер үшін бастапқы соңғы нүкте объективті жауаптар жиілігі (ОЖЖ) болды. Остеосаркома қабаты үшін екі сатылы жоспар пайдаланылды, ол ауқымды ісіктердегі жауапқа баға беру критерийлерінің (RECIST) 1.1 нұсқасына және ≥4 ай ішіндегі SD анықталғандай емдеудің сәттілігі критерийлеріне негізделген объективті жауаптың қосарлы соңғы нүктелерін (ТЖ + ІЖ) қамтыды. Кабозантинибтің балалар мен жасөспірімдердегі фармакокинетикасына баға берілді (5.2 бөлімін қараңыз).
Тиімділік нәтижелерінің жиынтық мәліметі
Деректерді жинау аяқталған күні (30 маусым 2021 ж.) 109 субъектінің 108-і кабозантинибтің кем дегенде бір дозасын алды. Остеосаркомасыз страталардағы әрбір статистикалық когорта 13 субъектіні қамтыды. Бұл статистикалық когорталарда жауаптар байқалған жоқ. Остеосаркома қабатына 29 адам кірді, оның ішінде 17 бала (9-дан 17 жасқа дейін) және 12 ересек (18-ден 22 жасқа дейін).
Остеосаркома қабатында барлық субъектілер бұрын жүйелі ем қабылдаған. Ішінара жауап бір ересекте және бір балада байқалды. Ауруды бақылау деңгейі (АБД) 34,5% құрады (95% СА: 17.9, 54.3).