ATХ коды L01EL02
Әсер ету механизмі
Акалабрутиниб - бұл Брутон тирозинкиназаның (БТК) селективті тежегіші. БTК антигенді танитын В-жасушалық рецептор (BCR) және цитокиндердің рецепторы жолының сигналдық молекуласы болып табылады. В лимфоциттерінде БTК арқылы сигнал беру В лимфоциттерінің пролиферациясына және жасушалық адгезияға, жылжып кетуіне және хемотаксиске қажетті жолдардың белсендірілуіне әкеледі.
Акалабрутиниб және оның белсенді метаболиті АСР-5862 БTК белсенді орталығында цистеин қалдығымен коваленттік байланысты қалыптастырады, бұл ең төмен жағымсыз өзара әсерлесулермен БTК ферменттік белсенділігінің қайтымсыз инактивациясына әкеледі.
Фармакодинамикалық әсерлері
Акалабрутинибті тәулігіне 2 рет 100 мг дозада қолданған кезде В-жасушалы лимфопролиферативті аурулары бар пациенттерде шеткері қанда ≥95% тұрақты БTК байланысының медианасы 12 сағаттан астам сақталды, бұл дозаларды қабылдау арасындағы ұсынылған аралықта БTК инактивациясына әкелді.
Жүрек электрофизиологиясы
Акалабрутинибтің QTаралығына әсері рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо бақыланатын және оң бақыланатын зерттеуде 46 дені сау ер адам мен әйелде бағаланды. Акалабрутинибті ұсынылған ең жоғары дозадан 4 есе жоғары дозада қабылдау QT/QTc (яғни ≥10 мс) аралығының клиникалық елеулі ұзаруына әкелмеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Мантия жасушалы лимфома (МЖЛ)
Кем дегенде бір терапия желісін алған МЖЛ бар пациенттер
Калквенс препаратын МЖЛ емдеуде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі бұрын емделген 124 пациенттің қатысуымен бір топтағы ашық көп орталықты II фазадағы зерттеуде (ACE-LY-004 зерттеуі) бағаланды. Барлық пациенттер аурудың үдеуіне дейін немесе қолайсыз уыттылықтың дамуына дейін Калквенс препаратын тәулігіне 2 рет ішке 100 мг дозада қабылдады. Бастапқы соңғы нүкте зерттеушінің бағалауы бойынша ходжкиндік емес лимфома (ХЕЛ) үшін Лугано жіктемесіне сәйкес жауаптың жалпы жиілігі (ЖЖЖ) болды. Жауаптың ұзақтығы (ЖҰ) нәтиженің қосымша көрсеткіші болды. 54 айдан кейін орындалған қорытынды талдау шеңберіндегі тиімділікті бағалау нәтижелері 5-кестеде берілген.
Пациенттер жасының медианасы 68 жасты құрады (диапазон 42-90), пациенттердің 79.8%-ы ер адамдар, 74.2%-ы еуропеоидты нәсіл болды. Бастапқы деңгейде пациенттердің 92.8%-ы 0-ден 1-ге дейінгі ECOG шкаласы бойынша функционалды мәртебеге ие болды. Диагнозды қойған сәттен бастап уақыттың медианасы 46.3 айды құрады. Алдыңғы емнің желілері санының медианасы 2 (диапазоны 1-5) құрады, оның ішінде бұрын дің жасушалары трансплантацияланған 17.7% пациенттер болды. Алдыңғы емнің ең көп таралған бағыттарына CHOP (51.6 %) және ARA-C (33.9%) негізіндегі ем кірді. Бастапқы деңгейде пациенттердің 37.1 %-ында ең үлкен диаметрі ≥ 5 см болатын кем дегенде бір ісік болды, ал 72.6%-да сүйек кемігі зақымданған 50.8% - ды қоса, экстранодальды зақымдану болды. MIРI жеңілдетілген шкаласы (жасын, ECOG шкаласы бойынша бағалауды, лактатдегидрогеназаның бастапқы деңгейін және лейкоциттердің бастапқы санын қамтитын) бойынша пациенттердің 43.5%-ында аралық және пациенттердің 16.9%-ында жоғары баға болды.
5-кесте. 54 айдан кейін жүргізілген қорытынды талдау нәтижелері бойынша МКЛ бар пациенттерде жалпы жауап жиілігі және зерттеудегі жауап ұзақтығы (ACE-LY-004)
Зерттеушінің 54 айдан кейін жасаған бағасы N=124 n (%) (95% СА*)
Жауаптың жалпы жиілігі (ЖЖЖ)
Жауаптың жалпы жиілігі — 101 (81.5%) (73.5, 87.9)
Толық жауап — 59 (47.6%) (38.5, 56.7)
Ішінара жауап — 42 (33.9%) (25.6, 42.9)
Бағалау мүмкін емес† — 3 (2.4%) (0.5, 6.9)
Жауаптың ұзақтығы (ЖҰ)
Медиана (айлар) — 28.6 (17.5, 39.1)
СА = сенімділік аралығы *95% дәл биномиалдық сенімділік аралығы. †Бастапқы деңгейден кейін аурудың талапқа сай бағасы жоқ пациенттерді қосқанда.
Созылмалы лимфоциттік лейкоз (СЛЛ)
Бұрын емделмеген СЛЛ бар пациенттер
Калквенс препаратымен немесе обинутузумабпен біріктірілімде монотерапия
Калквенс препаратын монотерапияда немесе бұрын емделмеген СЛЛ емдеуде обинутузумабпен біріктірілімде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі 535 пациенттің қатысуымен рандомизацияланған III фазадағы көп орталықты ашық зерттеуде (ELEVATE-TN зерттеуі) бағаланды. Пациенттер Калквенс препаратын обинутузумабпен, Калквенс препаратын монотерапия ретінде немесе обинутузумабты хлорамбуцилмен біріктірілімде қабылдаған. ELEVATE-TN зерттеуіне 65 жастағы және одан асқан пациенттер, сондай-ақ қатар жүретін аурулары бар 18-ден 65 жасқа дейінгі пациенттер қатысты; пациенттердің 27.9%-ында креатинин клиренсі минутына <60 мл құрады. 65 жасқа дейінгі пациенттердің 16.1%-ында CIRS-G шкаласы бойынша медианалық балл 8 болды. Сонымен қатар, зерттеуге қатысушыларға варфарин мен ұқсас К дәруменінің антагонистерінен басқа, тромбозға қарсы препараттарды қабылдауға рұқсат етілді.
Пациенттер мыналарды қабылдау үшін үш топқа 1:1:1 арақатынасында рандомизацияланған:
•Калквенс препараты обинутузумабпен (Калквенс+G) біріктірілімде: Калквенс препараты 100 мг дозада тәулігіне екі рет, 1 циклдың 1 күнінен бастап, аурудың үдеуіне немесе қолайсыз уыттылықтың дамуына дейін қабылданды. Обинутузумаб 2 циклдың 1 күнінен бастап 6 емдеу циклынан аспайтын мерзімде қабылданды. Обинутузумаб 1000 мг дозада 1, 2 күнде (1 күнде 100 мг және 2 күнде 900 мг), 8 және 15 күнде 2 циклда және содан кейін 1 күнде 1000 мг дозада 3-7 циклда қабылданды. Әр цикл 28 күн болды.
•Калквенс препараты монотерапия ретінде: Калквенс препараты 100 мг дозада аурудың үдеуіне немесе қолайсыз уыттылықтың дамуына дейін тәулігіне екі рет қабылданды.
•Обинутузумаб хлорамбуцилмен (GClb) біріктірілімде: обинутузумаб пен хлорамбуцил емдеудің 6 циклынан аспайтын уақыт ішінде қабылданды. Обинутузумаб 1000 мг дозада 1, 2 күндері (1 күнде 100 мг және 2 күнде 900 мг) және 8 және 15 күндері 1 циклда, содан кейін 1 күнде 1000 мг дозада 2-6 циклда қабылданды. Хлорамбуцил 0.5 мг/кг дозада 1-15 күндері 1-16 циклда қабылданды. Әр цикл 28 күн болды.
Пациенттер 17p делеция статусы (бар немесе жоқ), ECOG (0-1 немесе 2) шкаласы бойынша функционалдық статус және географиялық аймақ (Солтүстік Америка және Батыс Еуропа немесе басқа) бойынша стратификацияланды. Аурудың үдеуі расталғаннан кейін GClb қолдану тобына рандомизацияланған 45 пациент монотерапия ретінде Калквенс препаратын қолдану тобына өтті. 6-кестеде зерттеу популяциясындағы аурудың бастапқы демографиялық деректері мен сипаттамалары берілген.
6-кесте. Бұрын емделмеген СЛЛ бар пациенттердің бастапқы сипаттамалары (ELEVATE-TN зерттеуі)
Сипаттамасы — Калквенс + обинутузумаб N=179 — Калквенс монотерапия ретінде N=179 — Обинутузумаб + хлорамбуцил N=177
Жас, жыл; медиана (диапазон) — 70 (41–88) — 70 (44–87) — 71 (46–91)
Еркек жынысы; % — 62 — 62 — 59.9
Еуропеоидты нәсіл; % — 91.6 — 95 — 93.2
ECOG 0–1 шкаласы бойынша функционалдық статус; % — 94.4 — 92.2 — 94.4
Диагноз қойылған сәттен бастап уақыттың медианасы (айлар) — 30.5 — 24.4 — 30.7
Лимфа түйіндерімен ауқымды зақымдану ≥5 см; % — 25.7 — 38 — 31.1
Цитогенетика/FISH санаты; %
Делеция 17p — 9.5 — 8.9 — 9
Делеция 11q — 17.3 — 17.3 — 18.6
Мутация TP53 — 11.7 — 10.6 — 11.9
IGHV мутациясының болмауы — 57.5 — 66.5 — 65.5
Кешенді кариотип (≥3 бұзылу) — 16.2 — 17.3 — 18.1
Rai бойынша кезең; %
0 — 1.7 — 0 — 0.6
I — 30.2 — 26.8 — 28.2
II — 20.1 — 24.6 — 27.1
III — 26.8 — 27.9 — 22.6
IV — 21.2 — 20.7 — 21.5
Бастапқы соңғы нүкте GClb қолданған топпен салыстырғанда Калквенс+G біріктірілімін қолданған топтағы емдеуге байланысты лимфоцитозды ескере отырып, 2008 ж. созылмалы лимфоциттік лейкоз (IWCLL) бойынша өткізілген Халықаралық семинарының (IWCLL) критерийлеріне сәйкес тәуелсіз бақылау комитетінің (ТБК) бағалауы бойынша - үдеусіз өміршеңдік (ҮӨ) болды. 28.3 айға тең кейінгі бақылау медианасы кезінде ТБК бағалауы бойынша ББЖ GClb қолдану тобымен салыстырғанда Калквенс+G біріктірілімін қолдану тобында бұрын емделмеген СЛЛ бар пациенттерде аурудың үдеу қаупінің немесе өлім нәтижесінің 90% статистикалық маңызды төмендегенін айғақтады. Тиімділікті бағалау нәтижелері 7-кестеде келтірілген.
7-кесте. ТБК бағалауы бойынша СЛЛ (ELEVATE-TN зерттеуі) бар пациенттердегі тиімділікті бағалау нәтижелері
Калквенс + обинутузумаб N=179 — Калквенс монотерапия ретінде N=179 — Обинутузумаб + хлорамбуцил N=177
Үдеусіз өміршеңдік*
Жағдайлар саны (%) — 14 (7.8) — 26 (14.5) — 93 (52.5)
АҮ, n (%) — 9 (5) — 20 (11.2) — 82 (46.)
Өліммен аяқталу (%) — 5 (2.8) — 6 (3.4) — 11 (6.2)
Медиана (95% СА), айлар — Қ/ЖЖ — Н/Д (34.2, Н/Д ) — 22.6 (20.2, 27.6)
ҚҚ † (95% CА) — 0.10 (0.06, 0.17) — 0.20 (0.13, 0.30) — -
Р-мәні — <0.0001 — <0.0001 — -
24 айдағы есептік мән, % (95% СА) — 92.7 (87.4, 95.8) — 87.3 (80.9, 91.7) — 46.7 (38.5, 54.6)
Жалпы өміршеңдіка
Өліммен аяқталу (%) — 9 (5) — 11 (6.1) — 17 (9.6)
ҚҚ (95% CА)† — 0.47 (0.21, 1.06) — 0.60 (0.28, 1.27) — -
Жауаптың жалпы жиілігі* (ПО + ПОн + НЧО + ІЖ)
ЖЖЖ, n (%) (95% СА) — 168 (93.9) (89.3, 96.5) — 153 (85.5) (79.6, 89.9) — 139 (78.5) (71.9, 83.9)
Р-мәні — <0.0001 — 0.0763 — -
ТЖ, n (%) — 23 (12.8) — 1 (0.6) — 8 (4.5)
қТЖ, n (%) — 1 (0.6) — 0 — 0
НІЖ, n (%) — 1 (0.6%) — 2 (1.1%) — 3 (1.7%)
ІЖ, n (%) — 143 (79.9) — 150 (83.8) — 128 (72.3)
СА - сенімділік аралығы; ҚҚ - қауіптер қатынасы; Қ/Ж - қол жеткізілмеген; ТЖ - толық жауап; қТЖ - жалпы қан талдауының көрсеткіштерін толық емес қалпына келтіре отырып, толық жауап; НІЖ - нодулярлы ішінара жауап; ІЖ - ішінара жауап.
*ТБК бағалауы бойынша
†Кокстың пропорционалды қауіптерінің стратификацияланған моделінің негізінде
аҮӨ медианасы екі топта да қол жеткізілген жоқ.
Монотерапия ретінде немесе обинутузумабпен біріктірілімде немесе обинутузумабсыз Калквенс препараты үшін ҮӨ бағалау нәтижелері пациенттердің барлық қосалқы топтарында, соның ішінде жоғары қауіп факторлары бар пациенттерде салыстырмалы болды. Жоғары қауіпі бар СЛЛ популяциясында (делеция 17p, делеция 11q, мутация TP53 және IGHV мутациясының болмауы) Калквенс препаратының ҮӨ ҚҚ монотерапия ретінде немесе хлорамбуцилмен біріктірілімде обинутузумабпен салыстырғанда обинутузумабпен біріктірілімде сәйкесінше 0.08 [95% СА (0.04, 0.15)] және 0.13 [95% СА (0.08, 0.21)] құрады.
8-кесте. Қосалқы топтардағы ҮӨ талдауы (ELEVATE-TN зерттеуі)
Калквенс препаратымен монотерапия — Калквенс+G препараты
N — Қауіптер қатынасы — 95% СА — N — Қауіптер қатынасы — 95% СА
Барлық пациенттер — 179 — 0.20 — (0.13, 0.30) — 179 — 0.10 — (0.06, 0.17)
Делеция 17p Иә Жоқ — 19 160 — 0.20 0.20 — (0.06, 0.64) (0.12, 0.31) — 21 158 — 0.13 0.09 — (0.04, 0.46) (0.05, 0.17)
TP53 генінің мутациясы Иә Жоқ — 19 160 — 0.15 0.20 — (0.05, 0.46) (0.12, 0.32) — 21 158 — 0.04 0.11 — (0.01, 0.22) (0.06, 0.20)
Делеция 17p және/немесе мутация ТР53 Иә Жоқ — 23 156 — 0.23 0.19 — (0.09, 0.61) (0.11, 0.31) — 25 154 — 0.10 0.10 — (0.03, 0.34) (0.05, 0.18)
IGHV-гендеріндегі мутация Мутацияланған Мутацияланбаған — 58 119 — 0.69 0.11 — (0.31, 1.56) (0.07, 0.19) — 74 103 — 0.15 0.08 — (0.04, 0.52) (0.04, 0.16)
Делеция 11q Иә Жоқ — 31 148 — 0.07 0.26 — (0.02, 0.22) (0.16, 0.41) — 31 148 — 0.09 0.10 — (0.03, 0.26) (0.05, 0.20)
Кешенді кариотип Иә Жоқ — 31 117 — 0.10 0.27 — (0.03, 0.33) (0.16, 0.46) — 29 126 — 0.09 0.11 — (0.03, 0.29) (0.05, 0.21)
Ұзақ мерзімді деректерге келетін болсақ, онда кейін бақылау ұзақтығының медианасы Калквенс+G тобы үшін 58.2 ай; Калквенс препараты тобы үшін 58.1 ай және GClb тобы үшін 58.2 ай болды. Зерттеушінің бағалауына сәйкес, Калквенс+ G терапиясын және Калквенс препаратымен монотерапияны қабылдаған топтар үшін ҮТҚ медианасына қол жеткізілген жоқ, бұл ретте көрсеткіш GClb тобында 27.8 айды құрады. Деректерді жинауды соңғы тоқтату сәтінде бастапқыда GClb тобына рандомизацияланған 72 пациент (40.7%) Калквенс препаратымен монотерапияға көшті. Жалпы өміршеңдіктің медианасына топтардың ешқайсысында қол жеткізілген жоқ, бұл ретте барлығы 76 өлім жағдайы тіркелді: Калквенс+G тобында 18 пациент (10.1%), Калквенс препаратымен монотерапия тобында 30 пациент (16.8%) және GClb тобында 28 пациент (15.8%).
9-кесте. Зерттеуде СЛЛ бар пациенттердің тиімділігін бағалау нәтижелері
ELEVATE-TN зерттеушінің бағалауы бойынша
Калквенс обинутузумабпен біріктірілімде . N=179 — монотерапия препаратымен Калквенс N=179 — Обинутузумаб біріктірілімде хлорамбуцилмен N=177
Аурудың үдеуінсіз өміршеңдік
Жағдайлар саны (%) — 27 (15.1) — 50 (27.9) — 124 (70.1)
АҮ, n (%) — 14 (7.8) — 30 (16.8) — 112 (63.3)
Өліммен аяқталу (%) — 13 (7.3) — 20 (11.2) — 12 (6.8)
Медиана (95% СА), айлар — Қ/ЖЖ — Н/Д (66.5, Н/Д) — 27.8 (22.6, 33.2)
ҚҚ † (95% CА) — 0.11 (0.07, 0.16) — 0.21 (0.15, 0.30) — -
Жалпы өміршеңдік
Жағдайлар саны (%) — 18 (10.1) — 30 (16.8) — 28 (15.8)
ҚҚ (95% CА)† — 0.55 (0.30, 0.99) — 0.98 (0.58, 1.64) — -
СА - сенімділік аралығы; ҚҚ - қауіптер қатынасы; Қ/ЖЖ - қол жеткен жоқ.
*Каплан-Мейер әдісі бойынша бағалау негізінде 95% сенімділік аралығы
†Делеция 17p (иә/жоқ) статусына сәйкес қауіптер қатынасы үшін (95% СА) Кокстың пропорционалды қауіптерінің стратификацияланған моделінің негізінде бағалау.
1-сурет. СЛЛ бар пациенттерде зерттеушінің бағалауы бойынша ҮӨ үшін Каплан - Мейер қисығы (ELEVATE-TN зерттеуі, ITT популяциясы)
GClbGClbКАЛКВЕНСКАЛКВЕНСКАЛКВЕНС+GКАЛКВЕНС+GҮдеусіз өміршеңдік (%)Үдеусіз өміршеңдік (%)
Рандомизациядан кейінгі уақыт (айлар)Рандомизациядан кейінгі уақыт (айлар)
Ай — 0 — 3 — 6 — 9 — 12 — 15 — 18 — 21 — 24 — 27 — 30 — 33 — 36 — 39 — 42 — 45 — 48 — 51 — 54 — 57 — 60 — 63 — 66 — 69 — 70
Калквенс — 179 — 167 — 163 — 158 — 156 — 155 — 153 — 150 — 149 — 146 — 142 — 141 — 137 — 135 — 133 — 130 — 129 — 124 — 120 — 93 — 63 — 39 — 22 — 6 — 1
КАЛКВЕНС+G — 179 — 175 — 170 — 168 — 164 — 163 — 160 — 157 — 156 — 156 — 153 — 152 — 151 — 146 — 144 — 141 — 140 — 138 — 133 — 99 — 65 — 39 — 27 — 7 — 1
GClb — 177 — 163 — 156 — 153 — 139 — 125 — 110 — 100 — 86 — 82 — 67 — 66 — 56 — 49 — 44 — 40 — 38 — 31 — 30 — 20 — 13 — 8 — 7 — 2 — 0
Алдыңғы терапияның кем дегенде бір желісін алған СЛЛ бар пациенттер
Қайталанатын немесе рефрактерлік СЛЛ емдеуде Калквенс препаратын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі алдыңғы терапияның кем дегенде бір желісін алған 310 пациенттің қатысуымен рандомизацияланған III фазадағы көп орталықты ашық зерттеуде (ASCEND зерттеуі) бағаланды.
Пациенттер Калквенсті монотерапия ретінде немесе зерттеушінің таңдауы бойынша иделалисибті ритуксимабпен немесе бендамустинді ритуксимабпен біріктірілімде қабылдаған. Зерттеуге қатысушыларға варфарин мен К дәруменінің ұқсас антагонистерінен басқа, тромбозға қарсы препараттарды қабылдауға рұқсат етілді.
Пациенттер мыналарды алу үшін екі топқа 1:1 арақатынасында рандомизацияланған:
•Калквенс препараты тәулігіне 2 рет 100 мг дозада аурудың үдеуіне немесе қолайсыз уыттылықтың дамуына дейін немесе
•Зерттеушінің таңдауы бойынша терапия:
- Иделалисиб тәулігіне 2 рет 150 мг дозада ритуксимабпен біріктірілімде бірінші циклдың 1 күнінде вена ішіне 375 мг/м² дозада, содан кейін әр 2 апта сайын 500 мг/м² вена ішіне (4 енгізу), содан кейін әр 4 апта сайын (3 енгізу), барлығы 8 инфузия.
-Ритуксимабпен (375 мг/м²/500 мг/м²) біріктірілімде 70 мг/м² дозада (әр 28 күндік циклдың 1 және 2 күндерінде) бендамустин әр 28 күндік циклдың 1 күнінде 6 циклдан аспайды.
Пациенттер делеция 17p статусы (бар немесе жоқ), ECOG шкаласы бойынша функционалдық статусы (0-1 немесе 2) және алдыңғы терапия желілерінің саны (1-3 немесе ≥4) бойынша стратификацияланды. Аурудың үдеуі расталғаннан кейін иделалисибті ритуксимабпен немесе бендамустинді ритуксимабпен біріктірілімде қолдану тобына рандомизацияланған 35 пациент зерттеушінің таңдауы бойынша Калквенс препаратын қолдану тобына өтті. 10-кестеде зерттеу популяциясындағы аурудың бастапқы демографиялық деректері мен сипаттамалары берілген.
10-кесте. СЛЛ бар пациенттердің бастапқы сипаттамалары (ASCEND зерттеуі)
Сипаттамасы — Калквенс монотерапия ретінде N=155 — Иделалисиб + ритуксимаб или бендамустин + ритуксимаб зерттеушінің таңдауы бойынша N=155
Жас, жыл; медиана (диапазон) — 68 (32–89) — 67 (34–90)
Еркек жынысы; % — 69.7 — 64.5
Еуропеоидты нәсіл; % — 93.5 — 91.0
ECOG шкаласы бойынша функционалдық статус; %
0 — 37.4 — 35.5
1 — 50.3 — 51.0
2 — 12.3 — 13.5
Диагноз қойылған сәттен бастап уақыттың медианасы (айлар) — 85.3 — 79.0
Лимфа түйіндерімен ауқымды зақымдану ≥5 см; % — 49.0 — 48.4
СЛЛ алдыңғы ем желілері санының медианасы (диапазон) — 1 (1-8) — 2 (1-10)
СЛЛ алдыңғы ем желілерінің саны; %
1 — 52.9 — 43.2
2 — 25.8 — 29.7
3 — 11.0 — 15.5
≥ 4 — 10.3 — 11.6
Цитогенетика/FISH санаты; %
Делеция 17p — 18.1 — 13.5
Делеция 11q — 25.2 — 28.4
Мутация TP53 — 25.2 — 21.9
IGHV мутациясының болмауы — 76.1 — 80.6
Кешенді кариотип (≥3 бұзылу) — 32.3 — 29.7
Rai бойынша кезең; %
0 — 1.3 — 2.6
I — 25.2 — 20.6
II — 31.6 — 34.8
III — 13.5 — 11.6
IV — 28.4 — 29.7
Бастапқы соңғы нүкте емдеуге байланысты (Cheson 2012) лимфоцитоз туралы түсіндірмені қоса отырып, 2008 жылғы IWCLL критерийлері негізінде ТБК бағалауы бойынша ҮӨ болды. 16.1 айға тең кейінгі бақылаудың медианасы кезінде ҮӨ Калквенс препаратын қолдану тобындағы пациенттерде өлім немесе аурудың үдеу қаупінің 69%-ға статистикалық елеулі төмендегенін айғақтайды. Тиімділікті бағалау нәтижелері 11-кестеде келтірілген. ҮӨ үшін Каплан-Мейер қисығы 2-суретте көрсетілген.
11-кесте. СЛЛ бар пациенттердегі тиімділікті бағалау нәтижелері (ASCEND зерттеуі) ТБК бағалауы бойынша
Калквенс монотерапия ретінде N=155 — Иделалисиб + ритуксимаб или бендамустин + ритуксимаб зерттеушінің таңдауы бойынша N=155
Үдеусіз өміршеңдік*
Жағдайлар саны (%) — 27 (17.4) — 68 (43.9)
АҮ, n (%) — 19 (12.3) — 59 (38.1)
Өліммен аяқталу (%) — 8 (5.2) — 9 (5.8)
Медиана (95% СА), айлар — Қ/ЖЖ — 16.5 (14.0, 17.1)
ҚҚ † (95% CА) — 0.31 (0.20, 0.49)
Р-мәні — <0.0001
15 айдағы есептік мән, % (95% СА) — 82.6 (75.0, 88.1) — 54.9 (45.4, 63.5)
Жалпы өміршеңдіка
Өліммен аяқталу (%) — 15 (9.7) — 18 (11.6)
ҚҚ (95% CА)† — 0.84 (0.42, 1.66) — -
Жауаптың жалпы жиілігі* (ТЖ + өТЖ + НІЖ + ІЖ)
ЖЖЖ, n (%) (95% СА) — 126 (81.3) (74.4, 86.6) — 117 (75.5) (68.1, 81.6)
Р-мәні — 0.2248 — -
ТЖ, n (%) — 0 — 2 (1.3)
ІЖ, n (%) — 126 (81.3) — 115 (74.2)
Жауаптың ұзақтығы (ЖҰ)
Медиана (95% СА), айлар — Қ/ЖЖ — 13.6 (11.9, Қ/ЖЖ)
СА - сенімділік аралығы; ҚҚ - қауіптер қатынасы; Қ/ЖЖ - қол жеткен жоқ; ТЖ - толық жауап; ІЖ - ішінара жауап.
*ТБК бағалауы бойынша.
аЖТҚ медианасы екі топта да қол жеткізілген жоқ. P<0.6089 ЖТҚ үшін.
** Қан көрсеткіштері толық қалпына келтірілмеген толық жауап және түйіндік ішінара жауап 0 мәніне ие.
†Кокстың пропорционалды қауіптерінің стратификацияланған моделінің негізінде
2-сурет. СЛЛ бар пациенттердегі ТБК бағалауы бойынша ҮӨ үшін Каплан-Мейер қисығы (ASCEND зерттеуі, ITT популяциясы)
Үдеусіз өміршеңдік (%)Үдеусіз өміршеңдік (%)Зерттеушінің таңдауы бойыншаЗерттеушінің таңдауы бойыншаКАЛКВЕНСКАЛКВЕНСРандомизациядан кейінгі уақыт (айлар)Рандомизациядан кейінгі уақыт (айлар)
Қауіп тобындағы пациенттер саны
Ай — 0 — 1 — 2 — 3 — 4 — 5 — 6 — 7 — 8 — 9 — 10 — 11 — 12 — 13 — 14 — 15 — 16 — 17 — 18 — 19 — 20 — 21 — 22 — 23
Калквенс — 155 — 153 — 153 — 149 — 147 — 144 — 145 — 145 — 143 — 139 — 139 — 137 — 118 — 114 — 73 — 41 — 60 — 25 — 21 — 21 — 1 — 1 — 1 — 0
Зерттеушінің таңдауы бойынша — 155 — 150 — 150 — 144 — 144 — 142 — 136 — 130 — 129 — 112 — 105 — 101 — 82 — 77 — 56 — 44 — 39 — 18 — 10 — 8 — 0
Калквенс препараты үшін ҮӨ бағалау нәтижелері пациенттердің барлық қосалқы топтарында, соның ішінде жоғары қауіп факторлары бар пациенттерде салыстырмалы болды. Жоғары қауіпі бар СЛЛ популяциясында (делеция 17p, делеция 11q, TP53 мутациясы және IGHV мутациясының болмауы) ҮӨ ҚҚ 0.27 [95% СА (0.17, 0.44)] болды.
12-кесте. ТБК бағалау бойынша қосалқы топтарындағы ҮӨ талдауы (ASCEND зерттеуі)
Калквенс препаратымен монотерапия
N — Қауіптер қатынасы — 95% СА
Барлық пациенттер — 155 — 0.30 — (0.19, 0.48)
Делеция 17p Иә Жоқ — 28 127 — 0.21 0.33 — (0.07, 0.68) (0.21, 0.54)
TP53 генінің мутациясы Иә Жоқ — 39 113 — 0.24 0.33 — (0.11, 0.56) (0.20, 0.57)
Делеция 17p және/немесе мутация ТР53 Иә Жоқ — 45 108 — 0.21 0.36 — (0.09, 0.48) (0.21, 0.61)
IGHV-гендеріндегі мутация Мутацияланған Мутацияланбаған — 33 118 — 0.32 0.32 — (0.11, 0.94) (0.19, 0.52)
Делеция 11q Иә Жоқ — 39 116 — 0.28 0.31 — (0.11, 0.70) (0.19, 0.53)
Кешенді кариотип Иә Жоқ — 50 97 — 0.32 0.23 — (0.16, 0.63) (0.12, 0.44)
Қорытынды талдау жүргізу кезінде, кейін бақылау кезеңі ұзақтығының медианасы Калквенс препаратының тобында 46.5 айды және иделалисиб + ритуксимаб/ бендамустин + ритуксимаб тобында 45.3 айды құрады, Калквенс препаратының тобындағы пациенттерде зерттеушінің бағалауына сәйкес аурудың немесе өлімнің үдеу қаупінің 72%-ға төмендегені байқалды. Зерттеушінің бағалауына сәйкес, Калквенс препаратының тобында ҮӨ медианасына қол жеткізілмеген және иделалисиб + ритуксимаб/ бендамустин + ритуксимаб тобында 16.8 айды құрады. Зерттеушінің тиімділікті бағалау нәтижелері 13-кестеде келтірілген. Зерттеушінің бағалауы бойынша ҮӨ үшін Каплан – Мейер қисығы 3-суретте көрсетілген.
13-кесте. СЛЛ бар пациенттердегі зерттеушінің бағалауы бойынша қорытынды талдау шеңберіндегі тиімділікті бағалау нәтижелері (ASCEND зерттеуі)
Калквенс монотерапия ретінде N=155 — Иделалисиб + ритуксимаб или бендамустин + ритуксимаб зерттеушінің таңдауы бойынша N=155
Аурудың үдеуінсіз өміршеңдік*
Жағдайлар саны (%) — 62 (40.0) — 119 (76.8)
АҮ, n (%) — 43 (27.7) — 102 (65.8)
Өліммен аяқталу (%) — 19 (12.3) — 17 (11.0)
Медиана (95% СА), айлар — Қ/ЖЖ — 16.8 (14.1, 22.5)
ҚҚ † (95% CА) — 0.28 (0.20, 0.38)
Жалпы өміршеңдіка
Өліммен аяқталу (%) — 41 (26.5) — 54 (34.8)
ҚҚ (95% CА)† — 0.69 (0.46, 1.04) — -
СА - сенімділік аралығы; ҚҚ - қауіптер қатынасы; Қ/ЖЖ - қол жеткен жоқ; АҮ = аурудың үдеуі *Зерттеушінің бағалауы бойынша. аЖТҚ медианасы екі топта да қол жеткізілген жоқ. P=0.0783 ЖТҚ үшін. †Кокстың пропорционалды қауіптерінің стратификацияланған моделінің негізінде
3-сурет. ASCEND зерттеуінде СЛЛ бар пациенттерде қорытынды талдау шеңберінде зерттеушінің бағалауы бойынша ҮТҚ үшін Каплан–Мейер қисығы
Үдеусіз өміршеңдік (%) Үдеусіз өміршеңдік (%) Рандомизация сәтінен бастап уақыт (айлар) Рандомизация сәтінен бастап уақыт (айлар) Зерттеушінің таңдауы Зерттеушінің таңдауы КАЛКВЕНСКАЛКВЕНС
Ай — 0 — 3 — 6 — 9 — 12 — 15 — 18 — 21 — 24 — 27 — 30 — 33 — 36 — 39 — 42 — 45 — 48 — 51 — 54
Калквенс — 155 — 151 — 143 — 139 — 133 — 128 — 121 — 117 — 111 — 110 — 100 — 94 — 85 — 80 — 79 — 52 — 21 — 4 — 0
Зерттеушінің таңдауы — 155 — 147 — 138 — 118 — 95 — 76 — 66 — 62 — 52 — 42 — 35 — 32 — 28 — 26 — 23 — 12 — 5 — 0
Калквенс препараты үшін қорытынды талдау шеңберінде зерттеуші алған ҮӨ бағалау нәтижелері барлық қосалқы топтарда, соның ішінде жоғары қауіп топтарында бірдей болды және бастапқы талдау нәтижелеріне сәйкес келді.
Балалар мен жасөспірімдер
Еуропалық дәрілік заттар агенттігі жетілген В-жасушалық жаңа түзілімдері бар бала жасындағы пациенттердің барлық қосалқы топтарында Калквенс препаратын зерттеу нәтижелерін ұсыну бойынша міндеттемені жойды.