Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Саудалық атауы
Кальцемин® Адванс
Әсер етуші зат
Препараты кальция в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Остеопорозды айрықша емдеуге қосымша ретінде (менопаузалық, қарттық, идиопатиялық, стероидтық остеопорозды немесе онымен байланысты периодонтальді және стоматологиялық аурулар…
Өндіруші
Контракт Фармакал Корпорейшн
Ел
Соединённые Штаты Америки
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
D3 дәрумені (холецальциферол
D3 құрғақ дәрумені түрінде (100 000 ХБ/г) 200 ХБ
кальций (кальций карбонаты және кальций цитрат тетрагидраты түрінде) 500 мг
магний (магний тотығы түрінде) 40 мг
мырыш (мырыш тотығы түрінде) 7.50 мг
мыс (мыс тотығы түрінде) 1.00 мг
марганец (марганец сульфаты түрінде) 1.80 мг
бор (натрий борат декагидраты түрінде) 0.25 мкг
• қосымша заттар: мальтодекстрин, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, стеарин қышқылы, соя полисахаридтері, натрий лаурилсульфаты;
қабықтың құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), магний силикаты (тальк), триацетин, минералды май (сұйық парафин), № 40 қызыл лакты (Е 129) бояғышы,
№ 6 сары лакты (Е 110) бояғышы, № 1 көк лакты (Е133) бояғышы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес сопақ пішінді, үлбірлі қабықпен қапталған, қызғылт түсті, бір жағында сызығы бар таблеткалар.
Сынған кезде планшеттің өзегі ақ немесе ақ дерлік қара қосындылары бар, қабығы қызғылт.
- Остеопорозды айрықша емдеуге қосымша ретінде (менопаузалық, қарттық, идиопатиялық, стероидтық остеопорозды немесе онымен байланысты периодонтальді және стоматологиялық аурулар және т.б. сияқты жағдайларды қоса).
- Организмнің кальций мен D3 дәруменін қажет етуі жоғарылағанда (мысалы, жүктілік кезінде, бала емізу кезеңінде).
- Кальций, D дәрумені, магний, мырыш, мыс, марганец пен бор тапшылығының профилактикасы және емдеу.
Минералды қоспалар. Кальций препараттары. Басқа препараттармен біріктірілген кальций препараттары.
АТХ коды А12АХ
Фармакодинамикалық әсерлер және әсер ету механизмі:
Кальций сүйек тінінің маңызды құрылымдық компоненті. Нейрон аралық және жүйке-бұлшықет өткізгіштігін, жүрек автоматизмін қамтамасыз етеді, көлденең жолақты және тегіс бұлшықеттердің жиырылуына, қан ұюына қатысады. Кальций карбонаты элементтік кальций құрамы жоғарырақ тұз болып табылады. Кальций цитраты асқазан-ішек жолының гипоацидті жағдайлары, Н2-гистаминдік блокаторларды қабылдау аясындағы ахлоргидриясы бар пациенттерде препараттың биожетімділігін ұлғайтады, ұзақ уақыт қабылдағанда несеп шығару жолдарында тас түзілу қаупін төмендетеді, ПТГ тежеуі есебінен жоғары антирезорбтивті әлеуеттілігі бар, холестерин деңгейін төмендетуінің есебінен кардиопротекторлық әсерге ие.
D3 дәрумені (холекальциферол) жіңішке ішекте кальцийдің сіңуін ұлғайтады, кальций байланыстырушы ақуыздардың синтезін көтермелей отырып, бүйрек өзекшелеріндегі кальцийдің сіңірілуін арттырады. D3 дәрумені сүйек тінінің ремодельдеу үдерістерін, коллаген синтезін арттыру арқылы белсендіреді, мұнда фосфорлы кальций тұздарының жинақталуы жүреді; сүйек түзілуіне және сүйектерде кальций жиналуына қажетті остеокальциннің – сүйек тінінің басты коллагендік емес ақуызының синтезін көтермелейді. Қаңқа сүйектерінің кальцификациясын қамтамасыз ете отырып, қалқанша бездің, қалқанша маңы безінің, жыныс бездерінің функционалдық жағдайына ықпал етеді.
Магний сүйек тінінің метаболизміне, жүйке қозуының берілуіне қатысады, организмнен ксенобиотиктер мен олардың метаболизмі өнімдерінің шығарылуына көмектеседі, көмірсу алмасу ферменттерін белсенділендіреді, сүйектердің минералсыздануына кедергі жасайды, қан тамырлары қабырғаларында, жүрек клапандарында, бұлшықеттерде, несеп шығару жолдарында кальцийдің жинақталуын тежейді. Организмнің антиоксидантты қорғаныс жүйесіне енеді.
Мырыш гендік экспрессияға, жасушалардың өсуі мен қалпына келуіне жауапты ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының синтезіне қатысатын 200-ден астам ферменттің кофакторы болып табылады. Қалқанша бездің парафолликулярлық жасушаларымен кальцитонин сөлінісін реттейді. Мырыш 1-ші типті коллаген остеобласттарының - сүйек матриксінің негізгі элементінің өндірілуіне қатысады, сүйек тінінің ремодельдену үдерісіне, жыныстық қызметке, жеке алғанда, эстрогендердің белсенділігіне әсер етеді.
Мыс дәнекер тіннің аса маңызды ақуыздарының – сүйек және шеміршек тіндерінің матрицасын түзетін коллаген мен эластин құрылымына қатысады, сілтілік фосфатаза белсендіргіші болып табылады.
Марганец сүйек пен шеміршек тіндерінің қалыптасуына қажетті гликозаминогликандардың синтезін қалыпқа келтіреді. D3 дәруменінің кальцийсақтаушы қызметтерін қайталайды.
Бор паратиреоидты гормон белсенділігін реттейді және сол арқылы – кальций, магний, фосфор мен холекальциферол алмасуына, эстрадиол белсенділігіне ықпал етеді.
Дозалау режимі
Ішке.
Таблетканы тамақтану кезінде судың жеткілікті мөлшерімен (200 мл су) тұтастай жұту керек.
Ересектерге тамақтану кезінде 1 таблеткадан күніне екі рет.
Ең жоғарғы бір реттік доза – 2 таблетка.
Ең жоғарғы тәуліктік доза – 3 таблетка.
Жүкті әйелдер үшін ең жоғарғы тәуліктік доза – 2 таблетка
Емдеу ұзақтығы
• Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер белгілейді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
«Қолдану тәсілі бойынша мәселе туындаған жағдайда медицина қызметкеріне жүгініңіз».
- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- гиперкальциемия және/немесе гиперкальциемия нәтижесінде саркоидоз, қатерлі ісік және алғашқы гипертиреоз сияқты соның салдары
- ауыр гиперкальциурия
- бүйрек функциясының бұзылуы
- бүйрек-тас ауруы
- D гипервитаминозы
- 18 жасқа дейінгі балалар
Аталған жағымсыз әсерлер кенеттен хабарламалар негізінде көрсетілген, олардың әрқайсысының кездесу жиілігін анықтау мүмкін емес:
іштің ауыруы, іш қату, диарея, метеоризм, жүрек айну және құсу, аллергиялық реакциялар (бөртпе, есекжем, ісіну, қышыну), анафилаксиялық реакциялар, анафилактикалық шок, демікпе синдромын қоса алғанда, жоғары сезімталдық реакциялары, жеңіл және орташа тері және/немесе тыныс алу жүйесінің, асқазан-ішек жолдары және/немесе жүрек-тамыр жүйесі (симптомдар респираторлық дистресс-синдромын қамтуы мүмкін); гиперкальциемия, гиперкальциурия, нефрокальциноз, нефролития (бүйрек қызметі бұзылған науқастарда).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Кальций мен D дәруменін тұрақты негізде (>2500 мг / 4000 ХБ D дәрумені) артық қабылдау Д гипервитаминозы, гиперкальциемия, гиперкальциурия және гиперфосфатемияны қоса алғанда, жағымсыз құбылыстардың жоғарылауымен байланысты. Оның салдарына бүйрек функциясының бұзылуы, сүт-сілтілік синдром, қан тамырлары мен жұмсақ тіндердің кальцификациясы, соның ішінде нефролитиазға әкелетін кальциноз жатады.
Ұсынымдарға сәйкес қабылдаған кезде бұл препараттың артық дозалануына әкелуі мүмкін екендігі туралы ақпарат жоқ. Артық дозалану жағдайларының көпшілігі жекелеген дәрумендердің және/немесе мультивитаминді препараттардың үлкен дозаларын қатар қабылдаумен байланысты.
Симптомдары – сирек жағдайларда жанға батарлық бас ауыруының ұстамасы, сананың шатасуы, асқазан-ішек жолының бұзылуы (жүрек айнуы, құсу, іш қатуы, диарея) болуы мүмкін.
Уыттылық пен гиперкальциемияның зертханалық және клиникалық құбылыстар әртүрлі және бейімділігіне және ілеспе жағдайларға байланысты. Симптомдарға анорексия, салмақ жоғалту, шөлдеу, полиурия және басқа минералдардың сіңуінің бұзылуы кіруі мүмкін. Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі мүмкін: қан плазмасындағы аспартатаминотрансфераза және аланинаминотрансфераза концентрациясының жоғарылауы. Созылмалы артық дозалану гиперкальциемияға байланысты тамырлар мен мүшелердің кальцификациясына әкелуі мүмкін.
Емі - асқазанды шаю және симптоматикалық емдеу.
Препараттың дозасы ұсынылған тәуліктік дозадан аспауы тиіс.
Арнайы ескертулер
Құрамында D дәрумені немесе кальций бар басқа дәрумендер және поливитаминді препараттар және кез келген басқа препараттар алып жүрген немесе медициналық бақылауда жүрген пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдаудың алдында міндетті түрде дәрігерден кеңес алуы қажет.
2500 мг кальций және 4000 ХБ D дәруменінің жиынтық көлемінен асып кетпеу үшін сақ болу керек.
Біріктірілген кальций препараттарымен және D дәруменімен ұзақ емдеу кезінде қан сарысуында және несепте кальций деңгейін, сондай-ақ бүйрек функциясын қан сарысуында, әсіресе егде пациенттерде, жүрек гликозидтерімен, кальций өзекшелері блокаторларымен және/немесе тиазидті диуретиктермен қатар емдеу кезінде креатинин мөлшерін өлшеу жолымен бақылау қажет.
Біріктірілген дәрумендер препараттарын иммобилизацияланған (қимылсыз қалған) гиперкальциемия қаупінің жоғарылауына байланысты остеопорозы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Натрий мөлшері
Тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындағанда абай болыңыз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Кальцемин® Адванс препараты тағайындалған дозада қабылдағанда жүктілік және лактация кезеңінде қауіпсіз деп саналады, бірақ дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы тиіс.
Ұсынылаған дозаны арттыруға болмайды, өйткені дозаның ұзақ уақыт жоғарылауы шаранаға және жаңа туған нәрестеге қауіп төндіруі мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңінде тәулігіне 2 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.
D дәрумені мен кальций емшек сүтімен бөлінеді. Егер бала қандай да бір тиісті қоспа қабылдап жүрген болса, оны ескеру керек.
Жүктілік кезіндегі гиперкальциемия D дәруменінің үлкен дозаларын қолдану салдарынан шаранада жағымсыз әсерлердің дамуына әкелуі мүмкін: паратиреоидты гормонның дәсеңделуі, гипокальциемия, тетания, эпилептикалық ұстамалар және аорта стенозы синдромы, оның симптомдары ретинопатия, ақыл-ой дамуының тежелуі немесе өсудің бұзылуы, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерде гиперкальциемияның дамуына әкелуі мүмкін.
Кез келген басқа дәрілерді қабылдап жүрген пациенттер Кальцемин® Адванс препаратын қабылдар алдында дәрігермен кеңесуі керек.
Кальций тұздары асқазанның pH деңгейін және асқазанның босатылу жылдамдығын өзгерту жолымен, сондай-ақ нақты заттармен кешендер түзу арқылы көптеген заттармен өзара әрекеттесуі мүмкін, бұл екі заттың да сіңуін төмендетеді.
Кешендер түзетін заттар:
• Антибиотиктер және вирусқа қарсы препараттар (мысалы, тетрациклиндер, хинолондер): кальций тетрациклинді антибиотиктер мен хинолондардың сіңуін осы заттармен ерімейтін кешендер түзуіне байланысты төмендетеді. Сондықтан кальций қоспаларын қабылдауға дейін немесе одан кейін 4-6 сағаттан соң көрсетілген препараттарды қабылдау арасындағы аралық 2 сағаттан кем болмауы тиіс.
• Левотироксин: кальций левотироксиннің сіңуін ерімейтін кешендер түзу жолымен төмендетеді. Кальций препараттарын осы препаратты қабылдағаннан кейін кем дегенде 4 сағат бұрын немесе одан кейін 4 сағаттан соң қабылдау ұсынылады.
• Фосфаттар, бисфосфонаттар мен фторидтер: кальций қоспалары бисфосфаттардың сіңуін төмендетеді. Пациенттер бисфосфонаттарды Кальцемин® Адванс препаратын қабылдауға дейін кем дегенде 30 минут бұрын, бірақ дұрысы – тәуліктің басқа уақытында қабылдаған жөн.
• Элтромбопаг: элтромбопаг мөлшерінің плазмада 59%-дық төмендеуі май және кальций (427 мг) мөлшері жоғары таңертеңгі астан кейін байқалған, кальций мөлшері төмен тағам (<50 мг) плазмада элтромбопаг мөлшеріне елеулі әсер етпеген. Кальцийге бай тағам мен құрамында алюминий, кальций және магний бар антацидтер жүйелі әсер ету көрсеткіштерінің елеулі төмендеуімен байланысты болған.
• Натрий фториді: кальций қоспалары натрий фториді сіңуін төмендетеді. Пациенттер натрий фторидін кальций қоспаларын қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын немесе одан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек.
Жүрек гликозидтері және кальций өзекшелерінің блокаторлары: гиперкальциемия дигоксин сияқты жүрек гликозидтерімен қабылдаған кезде фатальді аритмия қаупін арттырады және жыпылықтайтын аритмия кезінде верапамил сияқты кальций өзекшелері блокаторларының тиімділігі төмендейді. Кальций және/немесе D дәрумені мен көрсетілген препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге қан сарысуында кальций деңгейін бақылап отыру ұсынылады.
Протеаза тежегіштері (мысалы, ампренавир, атазанавир және типранавир): Құрамында кальций немесе магний бар препараттарды қолданғанда кейбір протеаза тежегіштерімен бірге, буферлі дәрілік заттарды қоса, қан плазмасында барлық осы заттардың концентрациясы төмендеуі мүмкін. Протеаза тежегіштерін құрамында алюминий, кальций немесе магний бар препараттарды қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын немесе одан кейін 1 сағаттан соң қабылдау керек.
Тиазидті диуретиктер кальцийдің несеппен шығарылуын азайтады. Тиазидті диуретиктер мен кальций препараттарын бір мезгілде қолданғанда гиперкальциемия қаупі жоғарылуына байланысты ұзақ емдеген жағдайда қан сарысуында кальций деңгейін үнемі бақылап отыру ұсынылады.
Кейбір дәрілік заттар D дәруменінің асқазан-ішекте сіңуін төмендетуі мүмкін. Бұл дәрілік заттар мен D дәрумені қабылдануын бөлу D дәруменін қабылдағаннан кейін кем дегенде 2 сағат бұрын немесе одан кейін 4-6 сағаттан соң мұндай өзара әрекеттесуді кемітуге көмектеседі.
Ион алмасу шайырлары (мысалы, холестирамин), іш жүргізетін дәрілер, орлистат сияқты: бұл препаратпен бір мезгілде қабылдау D3 дәруменінің асқазан-ішекте сіңірілуін азайтады. D дәруменін қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе одан кейін 4-6 сағаттан соң қабылдау ұсынылады.
Карбамазепин, фенитоин немесе барбитураттар D дәруменінің оның белсенді емес метаболитіне метаболизмін арттырады, бұл D3 дәрумені белсенділігінің төмендеуіне әкеледі.
Тағаммен / тағамдық қоспалармен өзара әрекеттесуі:
• Қымыздық қышқылы, фитин қышқылы: саумалдық және рауғаштың құрамында болатын қымыздық қышқылы және тұтас дақылдарда болатын фитин қышқылы кальцийдің сіңуін бәсеңдетуі мүмкін. Кальций препараттарын құрамында қымыздық және фитин қышқылдарының концентрациясы жоғары тағам ішкеннен кейін 2 сағаттан соң қабылдау ұсынылады.
• Темір, мырыш, магний: кальций қоспалары темір, мырыш және магнийдің сіңуін төмендетуі мүмкін. Темір, мырыш және магний жеткіліксіздігі бар пациенттер кальций қоспаларын тамақтану кезінде емес, ұйықтар алдында қабылдауы керек.
• Талшықтар: тағамдық талшықтардың компоненттері (фитин қышқылы (бидай кебектерінде бар), қымыздық қышқылы (шпинат пен рауғашта бар) және урон қышқылы (өсімдік талшықтарының әдеттегі компоненті) кальцийдің сіңуін басуы мүмкін. Алайда, псиллиум мен кальцийді бір мезгілде тағайындау кальций сіңірілуінің айтарлықтай төмендеуіне әкелмейді.
Сақтау мерзімі
3 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.