Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки жевательные со вкусом мяты
Саудалық атауы
Кальций – Д3 STADA
Әсер етуші зат
Препараты кальция в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Кальций және Д дәрумені тапшылығын емдеуде және профилактикасында
Өндіруші
Аскер Контракт Мануфактуринг АС
Ел
Норвегия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 1250 мг кальций карбонаты (500 мг элементарлы кальцийге баламалы),
2,20 мг холекальциферол концентраты* түріндегі 5,5 мкг холекальциферол ( Д3 дәруменінің 200 ХБ)
* холекальциферол концентраты құрамында 10% артығын қоса алғанда: 0,0055 мг холекальциферол, 0,0220 мг DL-α-токоферол, 0,0660 мг орташа ұзындық тізбегінің триглицеридтері, 1,61 мг модификацияланған жүгері крахмалы, 0,385 мг сахароза, 0,0880 мг натрий аскорбаты, 0,0264 мг кремнийдің қостотығы бар.
қосымша заттар: ксилитол, жалбыз хош иістендіргішінің түйіршіктері (құрамында изомальт, жалбыздың дәмдік заты, май қышқылдарының моно- және диглицеридтері бар), повидон, магний стеараты, сукралоза.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек екі жақ беті дөңес, қабықсыз, ақ түсті жалбыз дәмі бар таблеткалар. Аздап теңбілденуі және шеттері тегіс болмауы мүмкін.
• кальций және Д дәрумені тапшылығын емдеуде және профилактикасында;
• кальций мен Д дәруменінің тапшылық қаупі бар пациенттерді остеопороздан емдеу кезінде қосымша ем ретінде кальций мен Д дәруменін қабылдау.
Фармакодинамикалық әсерлері
Организмдегі кальций мен фосфор алмасуын реттейтін біріктірілген препарат. Резорбцияны (сіңірілуін) азайтады және сүйек қаңқасы мен тістің тығыздығын арттырады, организмдегі кальций мен Д дәруменінің жетіспеушілігін толтырады.
Кальций жүйке өткізгіштігін, бұлшықет жиырылуын реттеуге қатысады және қанның ұю жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Д3 дәрумені кальцийдің ішек сіңуін арттырады.
Кальций мен Д3 дәруменін қабылдау кальций жетіспеушілігінен туындаған және сүйектен кальций сіңуінің жоғарылауына әкелетін паратиреоидты гормон (ПТГ) деңгейінің жоғарылауына қарсы тұрады.
Дозалау режимі
Кальций мен Д дәруменінің тапшылығы:
• ересектер: бір таблеткадан күніне 1-3 рет;
• балалар: күніне бір таблеткадан 1-2 рет.
Остеопороз кезіндегі қосымша ем:
ересектер мен егде жастағы адамдар: бір таблеткадан күніне 2-3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблетканы шайнауға немесе соруға болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Препаратты өткізіп алған қабылдаудың орнын толтыру үшін еселенген дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Препаратты әрдайым осы қосымша параққа және емдеуші дәрігердің немесе дәріхана қызметкерінің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз. Егер күмән туындаса, емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Мынадай жағдайда Кальций-Д3 STADA қабылдамаңыз:
• кальцийге, Д дәруменіне немесе осы препараттың қандай да бір басқа компоненттеріне аллергия;
• бүйректің функциясымен байланысты күрделі бұзылулар;
• қандағы және/немесе несептегі кальцийдің шамадан тыс мөлшері;
• бүйректегі тастар;
• қандағы Д дәруменінің жоғарылауы;
• фруктоза, глюкоза-галактоза көтере алмаушылығы.
Барлық дәрі-дәрмектер сияқты, Кальций-Д3 STADA кейбір пациенттерде жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін.
Жиі емес
Қандағы кальцийдің артық мөлшері (гиперкальциемия) және несепте (гиперкальциурия) жоғары дозаларды қолданғанда пайда болуы мүмкін.
Сирек
Іш қату, диспепсия, метеоризм, жүрек айну, іштің ауыруы және диарея.
Өте сирек
Қышыну, бөртпе және есекжем. Сүтті-сілтілік синдром (несеп шығаруға жиі қысылу; ұзақ бас ауыруы; ұзақ уақыт бойы тәбеттің төмендеуі; жүрек айну немесе құсу; шаршау немесе әлсіздік; гиперкальциемия, алкалоз және бүйрек жеткіліксіздігі). Әдетте, артық дозаланғанда байқалады.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Квинке ісінуі немесе көмейдің ісінуі сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары.
Егер Сізде келесі симптомдарды сезінсеңіз: бет, тіл, ерін немесе тамақтың ісінуі, дереу дәрігерге қаралуыңыз керек!
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қандағы фосфаттар деңгейінің жоғарылауының (гиперфосфатемия), бүйрек тастарының пайда болуының (нефролитиаз) және бүйректегі кальций мөлшерінің артуының (нефрокальциноз) әлеуетті қаупі бар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Егер Сіз Кальций-Д3 STADA қажет болғаннан көп қабылдаған болсаңыз, дереу емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Кальций-Д3 STADA қабылдамас бұрын дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз
• Егер Сіз ұзақ емделіп жатсаңыз, әсіресе егер Сіз диуретиктерді (қан қысымын және сұйықтықтың іркілісін емдеуге арналған дәрі-дәрмектер) немесе жүрек гликозидтерін (жүрек ауруларын емдеуге арналған оймақгүл препараттары) қабылдап жүрсеңіз;
• Егер Сізде бүйрек функциясының бұзылу белгілері болса немесе тастардың пайда болуына жоғары бейімділік болса;
• Егер Сізде саркоидоз болса (организмдегі Д дәруменінің деңгейін жоғарылататын иммундық жүйенің ауруы);
• Егер Сізде остеопороз болса және сол уақытта қозғала алмасаңыз;
• Егер Сіз Д дәрумені бар басқа дәрілерді қабылдап жүрсеңіз. Кальций мен Д дәруменінің қосымша дозаларын дәрігер мұқият бақылауы керек.
Арнайы ескертулер
Ұзақ емдегенде қан сарысуындағы кальций деңгейін бақылау және қан сарысуындағы креатинин деңгейін өлшеу арқылы бүйрек функциясын бақылау керек. Бақылау әсіресе егде жастағы пациенттерде жүрек гликозидтерімен және диуретиктермен қатар емдегенде және тастардың түзілуіне бейімділігі жоғары пациенттерде өте маңызды. Гиперкальциемия немесе бүйрек функциясының бұзылу белгілері жағдайларында дозаны азайту немесе емдеуді тоқтату керек.
Гиперкальциемиясы немесе бүйрек функциясының бұзылу белгілері бар пациенттерге холекальциферолы бар кальций карбонатын сақтықпен тағайындау керек, қандағы және несептегі кальций мен фосфаттар деңгейін бақылау қажет. Жұмсақ тіндерді ізбестену қаупін ескеру қажет.
Д дәруменінің басқа көздерін және/немесе құрамында кальций бар дәрілік препараттарды немесе қоректік заттарды бір мезгілде қабылдағанда гиперкальциемия және кейіннен бүйрек функциясының бұзылуымен сүтті-сілтілік синдромы қаупі бар. Мұндай науқастарда кальцийдің сарысулық деңгейі және бүйрек функциясы бақылануы тиіс.
Кальций-Д3 STADA Д дәруменінің белсенді түрге айналу қаупіне байланысты саркоидозбен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындау керек. Мұндай пациенттерде қан сарысуындағы және несептегі кальций деңгейі бақылануы тиіс.
Кальций-Д3 STADA гиперкальциемияның даму қаупіне байланысты остеопорозы бар иммобилизацияланған науқастарға сақтықпен тағайындалуы тиіс.
Кальций-Д3 STADA құрамында сахароза бар, ол тіске зиянды болуы мүмкін. Таблеткалардың құрамында изомальт (E953) бар. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза сіңімділігі немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі аурулары бар пациенттерге бұл препаратты қолдануға болмайды.
Кальций-Д3 STADA бір таблеткасында 23 мг-ден аз натрий бар, яғни құрамында натрий жоқ дерлік.
Бауыр жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет емес.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кальций-Д3 STADA көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік
Кальций-Д3 STADA жүктілік кезінде кальций мен Д дәрумені жетіспеген жағдайда әйелдер қолдана алады. Жүктілік кезінде тәуліктік дозада кальций 2500 мг-нан және Д дәрумені 4000 ХБ-ден аспауы тиіс. Бірақ жүкті әйелдерде кальций мен Д дәруменінің артық дозалануын болдырмау керек, өйткені тұрақты гиперкальциемия дамып келе жатқан шаранаға теріс әсер етеді.
Д дәрумені емдік дозаларда тератогендік әсерге ие емес.
Бала емізу
Кальций-Д3 STADA бала емізу кезінде қолданылуы мүмкін. Кальций мен Д3 дәрумені емшек сүтіне енеді. Мұны балаға Д дәрумені қосымша тағайындалған жағдайда ескеру керек.
Тиазидті диуретиктер несеппен кальцийдің шығарылуын бөгеуі мүмкін. Қандағы кальций мөлшерінің арту қаупінің жоғарылауына байланысты Кальций-Д3 STADA пен тиазидті диуретиктерді бір мезгілде қабылдағанда, сарысудағы кальций деңгейін ұдайы бақылау қажет.
Қандағы кальций мөлшері жоғарылаған жүрек гликозидтері олардың уытты әсерін арттыруы мүмкін. Кальций-Д3 STADA пен жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдағанда қан сарысуындағы кальций деңгейін және электрокардиография (ЭКГ) көрсеткіштерін бақылау қажет.
Кальций карбонаты тетрациклин қатарындағы антибиотиктердің сіңуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан тетрациклиндерді Кальций-Д3 STADA қабылдағаннан кейін кемінде екі сағат бұрын немесе төрт-алты сағаттан соң қабылдау керек.
Хинолонды антибиотиктердің әсері кальциймен бір мезгілде қабылдағанда төмендеуі мүмкін. Хинолонды антибиотиктерді Кальций-Д3 STADA қабылдаудан екі сағат бұрын немесе алты сағаттан кейін қабылдау керек.
Құрамында бисфосфонаттар бар препараттарды (остеопорозға қарсы дәрілік заттар) Кальций-Д3 STADA қабылдаудан кемінде бір сағат бұрын қабылдау қажет.
Левотироксиннің тиімділігі левотироксин сіңуінің төмендеуіне байланысты кальцийді бір мезгілде қолданғанда төмендеуі мүмкін. Кальций-Д3 STADA мен левотироксинді қабылдау арасында кемінде төрт сағат өтуі тиіс.
Кальций тұздары темір, мырыш және стронций ранелатының сіңуін төмендетуі мүмкін. Демек, темір, мырыш немесе стронций ранелаты препараттарын Кальций-Д3 STADA қабылдаудан кем дегенде, екі сағат бұрын қабылдау керек.
Орлистатпен емдеу майда еритін дәрумендердің (мысалы, Д3 дәруменінің) сіңуін бұзуы ықтимал.
Сақтау мерзімі
30 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, тығыздалып жабылған құтыда, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.