Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
500 мг
Саудалық атауы
Кальций глюконаты
Әсер етуші зат
Кальция глюконат
Мақсаты
Кальций тапшылығымен қатар жүретін жай-күйлер
Өндіруші
Открытое акционерное общество «Борисовский завод медицинских препаратов»
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат – 500 мг кальций глюконаты;
қосымша заттар - тальк, картоп крахмалы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, жалпақ цилиндр пішінді, сызығы және ойығы бар ақ түсті таблеткалар.
Кальций тапшылығымен қатар жүретін жай-күйлер. Остеопороз емінде қосымша дәрі ретінде.
Фармакодинамикалық әсерлері
Кальций иондары сүйек тінін қалыптастыруға, қанның ұю үдерісіне қатысады, тұрақты жүрек қызметін демеу, жүйке импульстерінің берілу үдерістерін жүзеге асыру үшін қажет. Қан плазмасы мен тіндерінде кальций иондары мөлшерінің азаюы әртүрлі патологиялық үдерістер дамуына әкелуі мүмкін. Гипокальциемия қаңқа және тегіс бұлшықеттер, жүрек-қантамыр жүйесі функциясының бұзылуына, қан ұю жүйесінің бұзылуына, остеопороз дамуына әкелуі мүмкін.
Ас ішу алдында iшке тағайындалады. Жұтар алдында таблетканы ұсақтау немесе шайнау қажет.
Ересектерде қолдану:
- кальций тапшылығында: тәулігіне 1-3 рет бір таблеткадан;
- остеопороз кезіндегі қосымша ем: тәулігіне 1-3 рет бір таблеткадан.
6 жастан бастап балаларда қолдану:
- кальций тапшылығында: тәулігіне 1-2 рет бір таблеткадан.
Бүйрек функциясының бұзылулары бар тұлғаларда қолдану. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Бүйрек функциясының ауырлығы бірқалыпты және орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде дозаны немесе қолдану жиілігін арнайы түзету қажет емес.
Бауыр функциясының бұзылулары бар тұлғаларда қолдану. Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде дозаны немесе қолдану жиілігін арнайы түзету қажет емес.
Егде жастағы тұлғаларда қолдану. Доза ересектердегісімен бірдей. Креатинин клиренсінің төмендеуі мүмкін екенін ескеру керек.
Кальций тапшылығының профилактикасы мен емдеу үшін қолдану ұзақтығын дәрігер белгілейді және орта есеппен он күннен бір жарым айға дейін созылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Қосымша парақты толықтай мұқият оқып шығыңыз. Егер Сіз препаратты қалай қолдану керектігін түсінбесеңіз, медицина қызметкерінің кеңесіне жүгінуді ұсынамыз.
- препаратқа аса жоғары сезімталдық
- гиперкальциемия
- несеп-тас ауруы
- тромбозға бейімділік
- нефроуролитиаз
- саркоидоз
- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі
- 6 жасқа дейінгі балаларға
- жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдау
Сақтықпен
- дегидратация
- электролиттік бұзылулар (гиперкальциемия даму қаупі)
- диарея
- мальабсорбция синдромы
- кальцийлік нефроуролитиаз (анамнезде)
- елеусіз гиперкальциурия
- орташа созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- кең таралған атеросклероз
- гиперкоагуляция
Сирек:
- жүрек ырғағының бұзылулары және брадикардия
- аллергиялық реакциялар
- гиперкальциемия, аритмия, сананың шатасуы, үрей сезімі, ентігу немесе тыныс тарылуы, аяқтағы ауырлық немесе әлсіздік сезімі
- асқазан-ішек бұзылыстары, жүрек айну, іш қату, диарея
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Әдейі артық дозалану ықтималдығы аз.
Симптомдары: анорексия, сылбырлық, жүрек айну, құсу, бас ауыру, қатты шөлдеу, бас айналу, қанда мочевина деңгейінің жоғарылауы. Кальций бүйректе, артерия жақтауларында жиналуы мүмкін.
Емі: кальций тұтынуды әбден азайту, гиперкальциемияға ықпал ететін препараттарды (тиазидтер, D дәрумені) тоқтату, сусыздану мен электролит теңгерімсіздігін түзету, қажет болса, ілмекті диуретиктер (фуросемид) тағайындау. Ауыр жағдайларда кальцийдің елеулі мөлшерін перитонеальді диализ арқылы шығаруға болады. Артық дозалану симптомдары бар пациенттер тіке түсетін күн сәулесінің әсерінен аулақ болуы тиіс. Кальциймен артық дозалануды емдегенде бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерге ерекше көңіл бөлу керек.
Кальций препараттарын жүрек аурулары бар пациенттерге абайлап тағайындау керек. Препараттың жоғары дозаларын, әсіресе, балаларда тағайындағанда қандағы кальций мөлшерін, кальцийдің несеппен экскрециясын мұқият бақылау керек. Егер қандағы кальций деңгейі 2,625- 2,75 ммоль/л мөлшерінен асып кетсе немесе егер несеппен кальций экскрециясы 5 мг/кг-ден артық болса, емдеу тоқтатылуы тиіс. Кальций емі кезінде D дәруменін көп тұтынбау керек.
Анамнезінде мардымсыз гиперкальциурия, шумақтық сүзіліс төмендеуі немесе нефролитиаз бар пациенттерге тағайындау сақтықпен және несептегі кальций мөлшерінің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Нефролитиаз даму қаупін төмендету үшін мол сұйықтық ішуге кеңес беріледі.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
6 жасқа дейінгі балалар жасында қолдануға қарсы көрсетілімді.
Егде жастағы пациенттер
Доза ересектердегісімен бірдей. Креатинин клиренсінің төмендеуі мүмкін екенін ескеру керек. Профилактика мен емдеу үшін қолдану ұзақтығын дәрігер белгілейді.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Кальций препараттарын D дәруменімен бірге қабылдап жүрген жүкті әйелдерде гиперкальциемияның даму ықтималдығы артады. Кальций препараттарын ұсынылған дозаларда қабылдау шарана үшін қандай да бір теріс зардаптарды туындатпайды, бала емізу кезінде де қолдану қауіпсіз.
Тиазидті диуретиктер кальцийдің несеппен экскрециясын төмендетеді, бұл гиперкальциемияның даму қаупін арттырады. Жүрек гликозидтерін қабылдайтын пациенттерге кальций препараттары қарсы көрсетілімді. Кальций препараттары тетрациклин қатары препараттарының АІЖ-да сіңуін азайтуы мүмкін, осыған байланысты, осы препараттарды қабылдау арасындағы үзіліс 3 сағаттан кем болмауы тиіс.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.