Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Гель
Саудалық атауы
Камисгель N
Әсер етуші зат
Прочие
Мақсаты
Ауыз қуысы мен қызыл иектің жеңіл қабынуында
Өндіруші
ШТАДА Арцнаймиттель АГ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г гельдің құрамында
белсенді заттар: лидокаин гидрохлориді, 20 мг,
түймедақ гүлдерінің экстрактісі (1:4-5), 185 г,
қосымша заттар: бензалконий хлоридінің 50 % ерітіндісі, даршын майы (қабық), Цейлон, натрий сахарині, карбомерлер, трометамол, құмырсқа қышқылы, этанол 96 %, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қатты кристалдарсыз, сарғыш-қоңыр түсті гомогенді гель.
• ауыз қуысы мен қызыл иектің жеңіл қабынуында
Әсер ету механизмі
Камисгель N жергілікті қолданғанда анальгетикалық, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы және регенерациялайтын әсері бар.
Лидокаин амид типті күшті жергілікті анестетик болып табылады, оның әсер ету механизмі жүйке талшықтарына натрий енуін бәсеңдетуге негізделген. Түймедақ, сондай-ақ оның гүлдерінен алынған сұйық экстрактінің құрамында түрлі құрылымды және оның қабынуға қарсы, бактерияға қарсы және регенерациялайтын қасиеттерін қамтамасыз ететін заттар кешені болады. Олардың ішінде анағұрлым 50 %-дан астамын құрайтын сесквитерпендердің емдік маңызы зор, сондай-ақ хамазулен және α-бисаболол болып саналады.
Дозалау режимі
Ұзындығы ½ см Камисгель N препараттын жолағын қабынған жерлерге тәулігіне 3 рет, жеңіл ысқылап жағады.
Енгізу жолы және тәсілі
Ауыз қуысының шырышты қабығына жағуға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Егер қабыну белгілері 1 апта ішінде жақсармаса, дәрігермен кеңесу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер Сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алу үшін хабарласыңыз.
• препараттың кез келген компонентіне немесе басқа да жергілікті анестетиктерге аса жоғары сезімталдық
• 12 жасқа дейінгі балалар
• жүктілік және лактация кезеңі
Жиі емес
• гель жағылғаннан кейінгі өтпелі күйдіру сезімі
Өте сирек
• лидокаин, даршын және түймедақтың құрамына байланысты аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін (мысалы, жанаспалы аллергия), оның ішінде, айқаспалы аса жоғары сезімталдықтың есебінен күрделі гүлдер тұқымдас өсімдіктер (мысалы, кәдімгі жусанға) мен перу бальзамына (Myroxylon түрінің ағаштары қабығынан алынған қарамай) аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде
Аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуы жағдайында препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігермен кеңескен жөн.
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз реакциялардың кез келгені күшейсе немесе нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа реакциялар байқалса, бұл туралы дереу дәрігерге хабарлау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Камисгель N препаратымен артық дозалану немесе уыттану жағдайлары анықталмаған.
Камисгель N препараттын көзге тигізіп алудан сақтану керек. Препаратты ашық жараларға жағуға болмайды. Препаратты жаққаннан кейін қолды мұқият жуу керек.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Бензалконий хлориді терінің тітіркенуін туындатуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңінде Камисгель N қолдану туралы деректер жоқ. Осыған байланысты жүктілік және лактация кезінде препаратты қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Камисгель N емдік дозалар шегінде басқа препараттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Сықпаны алғаш ашылғаннан кейін – 12 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.