Әсер ету механизмі
Ангиотензин II – РААЖ негізгі вазоактивті гормон және артериялық гипертензияның, жүрек жеткіліксіздігінің және басқа жүрек-қантамыр ауруларының патофизиологиясында маңызды рөл атқарады. Ангиотензин II гипертрофияның және нысана-ағзалар зақымдалуының патогенезінде да маңызды рөл атқарады. Тамырдың тарылуы, альдостерон секрециясының стимуляциясы, тұз және су гомеостазының регуляциясы, жасуша өсуінің стимуляциясы сияқты ангиотензин II негізгі физиологиялық әсерлері 1 типті рецепторларға әсер ету арқылы байланысты болады (AT1).
Фармакодинамикалық әсерлері
Кандесартан цилексетилі ішуге арналған ізашар дәрі болып табылады. Зат тез арада эфир гидролизі арқылы фармакологиялық белсенді кандесартан затына айналады, ол асқазан-ішек жолының саңылауынан сіңу кезінде пайда болады. Кандесартан БРА II-ге, селективті АТ1-рецепторларға жатады, олармен зат тығыз байланысады және байланыстан баяу диссоцияланады. Кандесартан рецепторларға стимуляциялаушы әсер етпейді.
Кандесартан ангиотензин I-ді ангиотензин II-ге айналдыратын және брадикининді ыдырататын АӨФ тежемейді. Кандесартанда АӨФ-ке және брадикинин мен Р затын потенциалдануына әсері жоқ. Кандесартан мен АӨФ тежегіштерінің әсерін салыстырған бақыланатын клиникалық зерттеулерде кандесартан цилексетилін қабылдаған пациенттерде жөтелдің пайда болу жағдайлары аз болды. Кандесартан жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін реттеуде маңызды рөл атқаратын басқа гормондарға немесе иондық каналдарға рецепторларды байланыстырмайды немесе бөгемейді. Ангиотензин II (AT1) рецепторларына қатысты бөгеуші әсері қан плазмасындағы ренин деңгейінің, ангиотензин I және ангиотензин II деңгейлерінің дозаға тәуелді жоғарылауына, сондай-ақ қан плазмасындағы альдостерон концентрациясының төмендеуіне әкеледі.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Артериялық гипертензия
Артериялық гипертензияны емдегенде кандесартан цилексетилін АҚ дозаға тәуелді және ұзақ уақыт төмендеуді туындатады. Гипертензяға қарсы әсер жүрек қағуы жиілігінің рефлекторлық жоғарылауынсыз жалпы шеткері кедергінің төмендеуіне қарай орын алады. Кандесартан цилексетилін қолданғанда бірінші дозаны қабылдағаннан кейін күрделі немесе айқын артериялық гипотензия туындамайды, сондай-ақ оны тоқтатқаннан кейін «рикошет әсері» байқалмайды.
Кандесартан цилексетилінің бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін гипертензияға қарсы әсердің басталуы әдетте 2 сағат ішінде басталады. Дәрілік затты тұрақты қолданған кезде гипертензияға қарсы әсердің басым бөлігі 4 апта бойы байқалады және емдеудің барлық кезеңі бойы сақталады. Жүргізілген мета-талдауға сәйкес дозаны тәулігіне 1 рет 16 мг-ден тәулігіне 1 рет 32 мг-ге дейін ұлғайтқан кезде гипертензияға қарсы жиынтық әсері аз болып шықты. Дербесішілік ауытқушылықты ескере отырып, кейбір пациенттерде орташа популяцияға қарағанда анағұрлым айқын жауап байқалуы мүмкін. Кандесартан цилексетилін тәулігіне бір рет қолдану дозалау аралығындағы ең жоғары және ең аз әсерлер арасындағы ең аз айырмашылықпен 24 сағаттан кейін АҚ тиімді және баяу төмендеуін қамтамасыз етеді. Кандесартан цилексетилі мен лозартанды қолдану кезіндегі гипертензияға қарсы әсер мен жағымдылық ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа артериялық гипертензиясы бар 1268 пациенттің қатысуымен салыстырмалы жасырын рандомизацияланған 2 зерттеуде салыстырылды. АҚ минималды төмендеуі кандесартан цилексетилін тәулігіне 1 рет 32 мг дозада қабылдағанда 13,1/10,5 мм с.б. (тиісінше САҚ/ДАҚ) және калий лозартанын тәулігіне 1 рет 100 мг дозада қабылдағанда 10,0/8,7 мг с.б. құрады (қысым төмендеуінің айырмашылығы 3,1/1,8 мм с.б., р <0,0001/р <0,0001).
Кандесартан цилексетилін гидрохлоротиазидпен бірге қабылдаған кезде АҚ төмендеу әсері жинақталды. Гипертензияға қарсы әсердің күшеюі кандесартан цилексетилін амлодипинмен және фелодипинмен бірге қолданғанда да байқалды.
РААЖ блокаторлары, оның ішінде кандесартан цилексетилі, басқа нәсілді пациенттермен салыстырғанда қандағы рениннің төмен деңгейі болып табылатын негроидтық нәсілді пациенттерде айқындығы төмен гипертензияға қарсы әсер етеді. Бұл факт ашық клиникалық зерттеуде дәлелденді, онда диастолалық артериялық гипертензиясы бар 5156 пациент қатысқан, нәтижесінде АҚ төмендеуі басқа нәсілді пациенттермен салыстырғанда негроид нәсілді пациенттерде қарқындылығы төмен екені анықталды (19,0 / 12,7 мм с.б. қарсы 14,4 / 10,3 мм с.б., р<0,0001/p<0,0001).
Кандесартан цилексетилі ауқымды қан ағымын күшейтеді және ШСЖ-на әсер етпейді, не бүйректегі тамырлардың кедергісін және фильтрациялық фракцияны бір мезгілде азайта отырып, ШСЖ ұлғайтады. Артериялық гипертензиясы және 2 типті қант диабеті және микроальбуминуриясы бар пациенттер қатысқан ұзақтығы 3 ай клиникалық зерттеуде кандесартан цилексетилімен гипертензияға қарсы емдеу микроальбуминурия деңгейін төмендетті (альбумин/креатинин арақатынасы, орта есеппен 30%, 95% сенімді аралық 15-42%). Қазіргі уақытта кандесартан цилексетилінің диабеттік нефропатияның өршуіне әсері туралы деректер жоқ.
Орташа алғанда соңғы 3,7 жыл бойы созылған жеңіл және орташа ауырлықтағы артериялық гипертензиясы бар 4937 егде жастағы пациенттердің (70-89 жас, оның 21%-ы 80 және одан жоғары жастағы) қатысуымен рандомизацияланған клиникалық зерттеуде кандесартан цилексетилінің жүрек-қантамыр ауруларына және тәулігіне 1 рет қабылдау кезіндегі өлімге 8-16 мг (орташа доза 12 мг) дозалардағы әсері бағаланды. Пациенттер кандесартан цилексетилін немесе плацебоны басқа да гипертензияға қарсы дәрілік заттармен бірге қабылдады, олар қажет болғанда емдеу сызбасына енгізілді. АҚ кандесартан цилексетилі тобында 166/90-нан 145/80 мм с.б. дейін және бақылау тобында 167/90-нан 149/82 мм с.б. дейін төмендеді. Бастапқы соңғы нүктелерде, үлкен кардиоваскулярлық оқиғаларда (жүрек-қантамыр себебінен өлім, сондай-ақ өлім жағдайынсыз инсульт пен миокард инфарктісі) статистикалық маңызды айырмашылық анықталған жоқ. Кандесартан цилексетилі тобында тиісінше 1000 адам-жылға 26,7 жүрек-қантамыр оқиғалары және бақылау тобында 1000 жылға 30,0 байқалды (салыстырмалы қауіп 0,89, 95% СА 0,75–1,06, p = 0,19).
Екі үлкен рандомизацияланған зерттеуде (ONTARGET және VA NEPHRON-D) АӨФ және БРА II тежегіштерінің біріктірілімін қолдану зерттелді:
ONTARGET зерттеуіне кардиоваскулярлық немесе цереброваскулярлық аурулары, 2 типті қант диабеті бар, нысана-ағзалардың зақымдануымен асқынған пациенттер қатысты.
Va NEPHRON-D зерттеуіне қант диабеті және диабеттік нефропатиясы бар пациенттер қатысты.
Осы зерттеулердің нәтижелері бүйрек жағдайына және/немесе жүрек-қантамыр нәтижелеріне қатысты PAAЖ тежегіштеріне жататын әр түрлі топтардағы дәрілік заттардың комбинациясын пайдаланудың айтарлықтай артықшылығын көрсеткен жоқ. Алайда, осы біріктірілімді қолдану монотерапиямен салыстырғанда гиперкалиемия, бүйректің жедел зақымдануы және/немесе гипотензия қаупінің артуына алып келді. Ұқсас фармакодинамикалық қасиеттерін ескере отырып, осы нәтижелер АӨФ және БРА II басқа тежегіштері үшін де сәйкес келеді.
Осылайша, диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде АӨФ және БРА II тежегішінің дәрілік заттарын бірге қолдануға жол берілмейді.
ALTITUDE зерттеуінде 2 типті қант диабеті, созылмалы бүйрек аурулары және/немесе жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде алискиренді АӨФ немесе БРА II тежегіштерімен стандартты емге қосу кезіндегі басымдықтары бағаланды. Зерттеу жағымсыз нәтижелер қаупінің артуына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды. Алискирен тобындағы жүрек-қантамыр себебінен өлімі мен инсульт жиілігі плацебо тобына қарағанда едәуір жоғары болды. Сондай-ақ, гиперкалиемия, гипотензия және бүйрек функциясының бұзылуы сияқты басқа да жағымсыз реакциялар плацебоға қарағанда алискирен тобында жиі пайда болды.
Балалар
Кандесартан цилексетилінің гипертензияға қарсы әсері артериялық гипертензиясы бар 1 жастан <6 жасқа дейін және 6 жастан <17 жасқа дейін балаларда 4 апта бойы кандесартан цилексетилінің дозалары бойынша градациямен 2 рандомизацияланған, мультиорталықты, салыстырмалы жасырын зерттеуде бағаланды.
Артериялық гипертензиясы бар 1 жастан 6 жасқа дейінгі 93 бала дозаларға байланысты рандомизацияланды. Балалар күніне 1 рет 0,05 мг/кг, 0,20 мг/кг және 0,40 мг/кг дозаларда суспензия түрінде кандесартан цилексетилін қабылдады. САҚ пен ДАҚ дозаға байланысты бастапқы деңгейден 6,0/5,2-ден 12,0/11,1 мм с.б. дейін азайды. Алайда, зерттеуде плацебо тобы болмағанын ескере отырып, АҚ мәндерінің шынайы ауытқуы анықталмай қалды, бұл осы жас тобындағы «пайда-қауіп» арақатынасын түпкілікті бағалауды қиындатады.
6 жастан <17 жасқа дейінгі 240 бала 1:2:2:2 арақатынасында кандесартан цилексетилінің төмен, орташа және жоғары дозаларымен плацебо топтарына рандомизацияланды. Дене салмағы <50 кг балалар үшін кандесартан цилексетилінің дозасы тәулігіне 1 рет 2, 8 немесе 16 мг болды. Дене салмағы 350 кг балаларда кандесартан цилексетилінің дозасы тәулігіне 1 рет 4, 16 немесе 32 мг болды. Біріктірілген бағалау нәтижелері бойынша бастапқы мәндермен салыстырғанда САҚ 10,2 мм с.б., ДАҚ 6,6 мм с.б. төмендеді. Плацебо қабылдаудың айтарлықтай әсеріне қарамастан, кандесартан цилексетилі дозаларының әрқайсысы (барлық дозаларды қабылдаудағы біріктірілген нәтиже сияқты) плацебоға қарағанда едәуір жоғары болды. Дене салмағы 50 кг төмен және одан жоғары балалардағы АҚ төмендеуіндегі максималды жауапқа 8 мг және 16 мг дозалар қабылданған кезде қол жеткізілді. Зерттеуге қатысқан барлық балалардың 47%-ы негроидтық нәсілге және 29%-ы әйел жынысына жатты. Орташа жасы 12,9 +/- 2,6 жылды құрады.
6 жастан <17 жасқа дейінгі балаларда басқа нәсілді балалармен салыстырғанда негроидтық нәсілге жататын балаларда гипертензияға қарсы әсердің төмендеуі байқалды.
Жүрек жеткіліксіздігі
Кандесартан цилексетилімен емдеу өлім жағдайын азайтты, жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызу жиілігін азайтты және CHARM бағдарламасында анықталған сол жақ қарыншаның систолалық функциясы бұзылған пациенттердегі симптомдарды жақсартты (жүрек жеткіліксіздігіндегі кандесартан - өлім мен аурудың төмендеуін бағалау).
Бұл бағдарлама NYHA функционалды класы II-ден IV-ге дейінгі созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің қатысуымен плацебо-бақыланатын, салыстырмалы жасырын болды. Бағдарлама 3 зерттеуден тұрды:
-бірінші зерттеуге (CHARM-Altemative) жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер (n—2028) қатысты, оларда сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы (СҚЛФ) <40%. Осы пациенттерді емдеуге олардың көтере алмауына байланысты (негізінен жөтел себепті) АӨФ тежегіштері кіргізілмеді;
- екінші зерттеуге (CHARM-Added) жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер (n—2548) қатысты, оларда СҚЛФ 40%. Бұл пациенттер АӨФ тежегіштерімен ем қабылдады;
- үшінші зерттеуге (CHARM-Preserved) СҚЛФ >40% жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер (n-3023) қатысты.
Пациенттер не кандесартан цилексетилін (дозасы тәулігіне 1 рет 4 мг-ден немесе тәулігіне 8 мг-ден немесе ең жоғары көтере алатын дозаға дейін титрленді; орташа дозасы 24 мг болды), не шамамен 37,7 ай бойы бақылаумен жалғасатын плацебо алған топтарға рандомизацияланды. 6 айлық емдеуден кейін кандесартан цилексетилін (89%) қабылдауды жалғастырған пациенттердің 63%-ы 32 мг мақсатты дозаға жетті.
CHARM-Alternative зерттеуінде плацебо топтарымен салыстырғанда кандесартан цилексетилі топтарында біріктірілген соңғы нүкте (кардиоваскулярлық өлім, созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне байланысты алғашқы ауруханаға жатқызу) айтарлықтай төмендеді. Біріктірілген соңғы нүктеге жататын оқиғалардың туындауына қатысты 7% - дағы абсолютті айырмашылық кандесартан цилексетилі тобында (33%) және плацебо тобында (40%) анықталды. 14 пациентте зерттеу жүргізу кезінде қосымша емдеу қажеттілігі туындады: 1 пациентте өлімнің алдын алу мақсатында және қалғандарында жүрек жеткіліксіздігі ағымының нашарлауына байланысты ем жүргізу. Біріктірілген соңғы нүктеге жататын оқиғалардың туындауына қатысты 6%-дағы абсолютті айырмашылық кандесартан цилексетилі тобында (36,6%) және плацебо тобында (42,7%) анықталды. Біріктірілген соңғы нүктенің екі компоненті (жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауына байланысты өлім және ауруханаға жатқызу) плацебо тобымен салыстырғанда кандесартан цилексетилінің тиімділігі туралы дәлелдерге ықпал етті. Одан өзге, кандесартан цилексетилімен емдеу NYHA (p = 0,008) жіктемесі бойынша функционалды класстың жақсаруына әкелді.
CHARM-Added зерттеуінде біріктірілген соңғы нүкте кардиоваскулярлық өлімнен немесе жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауы себебінен алғашқы ауруханаға жатқызудан тұрды. Кандесартан цилексетилімен емдеу плацебомен салыстырғанда осы оқиғалардың айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Біріктірілген соңғы нүктеге жататын оқиғалардың туындауына қатысты 4,4%-дағы абсолютті айырмашылық кандесартан цилексетилі тобында (37,9%) және плацебо тобында (42,3%) анықталды. 23 пациентте зерттеу жүргізу кезінде қосымша емдеу қажеттілігі туындады: 1 пациентте өлімнің алдын алу мақсатында және қалғандарында жүрек жеткіліксіздігі ағымының нашарлауына байланысты ем жүргізу. Кез келген себептен болатын өлімнен немесе жүрек жеткіліксіздігі ағымының нашаралауы себепті бірінші госпитализациядан тұратын біріктірілген соңғы нүкте де плацебомен салыстырғанда кандесартан цилексетилі тобында кем болды. Біріктірілген соңғы нүктеге жататын оқиғалардың туындауына қатысты 3,9%-дағы абсолютті айырмашылық кандесартан цилексетилі тобында (42,2%) және плацебо тобында (46,1%) анықталды. Біріктірілген соңғы нүктенің екі компоненті (жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауына байланысты өлім және ауруханаға жатқызу) плацебо тобымен салыстырғанда кандесартан цилексетилінің тиімділігі туралы дәлелдерге ықпал етті. Сондай-ақ, кандесартан цилексетилімен емдеу NYHA (p = 0,020) жіктемесі бойынша функционалды класстың жақсаруына әкелді.
CHARM-Preserved зерттеуінде HR 0,89 (95% СА 0,77–1,03, p = 0,118) өлімнің немесе жүрек жеткіліксіздігі ағымының нашарлауы себепті бірінші госпитализацияның азаюында статистикалық маңызды айырмашылық анықталған жоқ.
Жалпы өлім жағдайы үш бөлек CHARM зерттеулерінде оны жеке бағалау кезінде статистикалық маңызды болған жоқ. Алайда, жалпы өлім жағдайы біріктірілген популяцияларда, CHARM-Alternative және CHARM–Added, HR 0,88 (95% ДИ 0,79–0,98, p = 0,018) және HR 0,91 барлық үш зерттеуінде бағаланды (95% СА 0,83-1,00, p = 0,055).
Кандесартан цилексетилінің оң әсері жасына, жынысына және қатарлас терапияға байланысты болмады. Кандесартан цилексетилі бета-адреноблокаторлар мен АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қабылдаған пациенттерде де тиімді болды және пациенттер АӨФ тежегішінің ұсынылған дозасын қабылдағанына немесе қабылдамағанына қарамастан, оң әсер алынды.
Жүрек жеткіліксіздігі және сол жақ қарыншаның функциясы төмендеген пациенттерде (сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы ≥40%) кандесартан цилексетилі жүйелі тамыр кедергісін және өкпе капиллярындағы бітелу қысымын, ренин белсенділігін және қан плазмасындағы ангиотензин II концентрациясын азайтты, сондай-ақ альдостерон деңгейін төмендетті.