Фармакодинамикалық әсерлері
Клотримазол (имидазол туындысы) белсенді әсер етуші затының антимикотикалық тиімділігі зеңнің жасушалық жарғақшасының құрамына кіретін эргостерин синтезінің бұзылуымен байланысты, бұл жарғақшаның өткізгіштігін өзгертеді және жасушаның кейінгі лизисін тудырады. Фунгицидті концентрацияларында митохондриялық және пероксидазалық ферменттермен өзара әрекеттеседі, осының нәтижесінде сутегі асқын тотығының концентрациясының артуы жүреді, бұл да зең жасушалардың ыдырауына түрткі болады. Дерматомицеттерге (Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Epidermophyton floccosum, Microsporum canis), ашытқы тәрізді және өңездік зеңдерге (Candida spp. Candida albicans қоса; Torulopsis glabrata, Rhodotorula, Pityrosporum orbiculare тұқымдасы) қатысты фунгицидті және фунгистатикалық белсенділік байқатады. Түрлі түсті теміреткінің қоздырғышы – Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur)қатысты белсенді. Грамоң бактериялар - эритразманың қоздырғышы Corynebac-terium minutissimum, сондай-ақ Staphylococcus spp., Streptococcus spp., грамтеріс бактериялар – Bacteroides, Gardnerella vaginalis қатысты тиімді. Жоғары концентрацияларда Trichomonas vaginalis қатысты белсенді.
Дозалау режимі
Сыртқа. Терінің алдын ала тазартылған және құрғақ бөліктеріне күніне екі рет (таңертең және кешке) себеді. Кандид ұнтағы, сондай-ақ зақымданған бөліктермен тікелей жанасатын киімге немесе аяқ киімге себілуі мүмкін. Кандид ұнтағы Кандид сыртқа қолдануға арналған 1 % крем немесе Кандид сыртқа қолдануға арналған 1% ерітінді препараттарымен бірге қолданылуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы жекелей және аурудың ауырлығы мен орналасуына байланысты болады. Толық жазылуға қолжеткізу үшін қабынудың жедел симптомдары мен субъективті шағымдар басылғаннан кейін препаратпен емдеуді дереу тоқтатуға болмайды. Емдеу ұзақтығы орташа алғанда шамамен 3-4 апта құрауы тиіс. Толық жазылу үшін препаратты тұрақты қолдану маңызды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препаратты 2 жастан кіші балаларға тек дәрігердің бақылауымен пайдаланыңыз.
- клотримазолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктіліктің I триместрі
Клиникалық зерттеулер кезінде және маркетингтен кейінгі қолдану кезінде байқалған жағымсыз реакциялар мына жиілік жіктемесін пайдалана отырып, ағза жүйелерінің әрқайсысына қатысты жүйеленеді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), сирек (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000) және өте сирек (<1/10000), жеке-дара жағдайларды қоса.
Сирек
- препаратты себу орнындарындағы күйдіру, шаншу
- эритема, терінің тітіркенуі
- қышыну, есекжем
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препарат тек сыртқа қолдануға арналған. Көзге тигізуге болмайды.
Арнайы ескертулер
Препарат тек сыртқа қолдануға арналған. Көзге тигізуге болмайды.Жүктілік және лактация кезеңі
Клиникалық және эксперименттік зерттеулер кезінде препаратты жүктілік кезеңінде немесе бала емізу кезеңінде қолдану әйелдің немесе шарананың (баланың) денсаулығына кері әсер көрсететіні анықталған жоқ. Алайда II немесе III триместрде тағайындау орындылығы туралы мәселе дәрігермен кеңескеннен кейін жекелей шешілуі тиіс. Препаратты жүктіліктің II немесе III триместрінде тағайындағанда ана үшін болжанатын пайдасы мен шарана үшін ықтимал қаупінің арақатысын ескеру керек.
Клотримазолдың емшек сүтіне енетін-енбейтіні белгісіз. Клотримазолды бала емізетін әйелдерге тағайындау кезінде сақ болу керек. Препаратты лактацияланатын сүт безіне себу үшін қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 2 жастан кіші балаларға тек дәрігердің бақылауымен пайдаланыңыз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кандид ұнтағы автокөлікті басқаруға немесе күрделі техникалық құрылғылармен жұмыс істеуге әсер көрсетпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Клотримазол В амфотерициннің және басқа полиенді антибиотиктердің белсенділігін төмендетеді. Натамицинмен және нистатинмен бір мезгілде қолданғанда клотримазолдың белсенділігі төмендеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.