Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки вагинальные
Дозасы
100 мг
Саудалық атауы
Кандид – В6
Әсер етуші зат
Клотримазол
Мақсаты
Ашытқы зең туындататын инфекциялық бөліністер; зеңдер, негізінен Candida туындататын қынаптың қабынуы, сондай-ақ клотримазолға сезімтал бактериялардың суперинфекциясы
Өндіруші
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес, бір жағында «G» және екінші жағында «V6» деген өрнегі бар ақ түсті таблеткалар.
- ашытқы зең туындататын инфекциялық бөліністер; зеңдер, негізінен Candida туындататын қынаптың қабынуы, сондай-ақ клотримазолға сезімтал бактериялардың суперинфекциясы.
Әсер ету механизмі
Кандид В6 препаратының әсер етуші заты -клотримазол болып табылады. Препараттың әсері зеңдердің жасушалық жарғақшасының құрамына кіретін эргостерол биосинтезінің бұзылуымен байланысты, бұл оның құрылымы мен қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі және жасуша лизисіне әкеледі. Клотримазол дерматофиттер, ашытқы, зең және диморфты зеңдерді қамтитын зеңге қарсы белсенділіктің кең спектріне иеленген. Белгілі бір аналитикалық жағдайларда зеңдердің осы түрлері үшін ЕТБК ең төмен бәсеңдететін концентрациясының көрсеткіштері 0,062-ден 8,0 мкг/мл субстратқа дейінгі ауқымда болады. Фунгистатикалық немесе фунгицидтік әсер ету механизмі инфекция ошағындағы клотримазол концентрациясына байланысты. In vitro белсенділігі пролиферацияланатын зеңді элементтерімен шектеледі; зең споралары әлсіз сезімтал. Бұдан басқа, клотримазол грамоң (стрептококктар/стафилококктар/Gardnerella vaginalis) және грамтеріс бактерияларға (Bacteroides) қатысты микробқа қарсы әсер етеді. In vitro клотримазол Corinobacteria мен грамоң кокктардың көбеюін тежейді - 0,5 - 10 мкг/мл субстрат концентрациясында – энтерококктарды қоспағанда.
Зеңдердің сезімтал түрлерінің бастапқы резистентті нұсқалары өте сирек кездеседі; емдеу жағдайында сезімтал зеңдерді салдарлы резистенттіліктің дамуы жекелеген жағдайларда да байқалды.
Дозалау режимі
1 қынаптық таблеткадан (100 мг) тәулігіне 1 рет (кешке), 6 күн бойы. Қынаптық таблеткаларды кешке ұйықтар алдында, аяқты сәл көтеріп, жатып, қынапқа терең енгізеді.
Жалпы, емдеу басталғаннан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде вульвовагинальді кандидоздың симптомдары (қышыну, бөлініс, күйдіріп ашу сияқты) елеулі төмендейді.
Егер симптомдар 7 күннен артық сақталса, дәрігерге қаралу ұсынылады.
Курсты қайталау дәрігермен кеңескеннен кейін мүмкін болады.
Пациенттердің ерекше топтары
Педиатрияда қолдану
16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Қынаптық таблеткаларды кешке ұйықтар алдында, аяқты сәл көтеріп, шалқадан жатқан қалыпта қынапқа терең енгізеді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Осы препаратты қолдануға байланысты сұрақтар пайда болған жағдайда өзінің дәрігеріне жүгіну керек.
- клотримазолға және/немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі (тек дәрігердің бақылауымен)
- 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Төменде келтірілген жағымсыз реакциялар олардың пайда болу жиілігіне және ағзалар жүйесінің класына (АЖК) сәйкес жіктеледі.
Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігі келесідей бағаланады: жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10 000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10 000) және жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Клотримазолды тіркеуден кейінгі қолдану кезінде келесі жағымсыз құбылыстар анықталды. Атап көрсетілген жағымсыз әсерлер спонтанды хабарламаларға негізделгендіктен, жиілікті қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес.
Жиілігі белгісіз:
- ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакция, аса жоғары сезімталдық;
- артериялық гипотензия, естен тану;
- ентігу;
- бөртпе, есекжем;
- вульвовагинальді қышыну, вульвовагинальді күйдіріп ашу, вульвовагинальді гиперемия, қынаптың қабыршықтануы, вульвовагинальді жайсыздық, вульвовагинальді ауыру, қынаптан қан кету, қынаптан бөлініс;
- іштің ауыруы, жүрек айнуы;
- жаққан орындағы терінің тітіркенуі, ісіну, ауыру.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға күтілетін реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жедел уыттану қаупі байқалмайды, өйткені препараттың артық дозалануы қынапқа немесе жергілікті қолданғанда немесе кездейсоқ пероральді қабылдағанда ықтималдығы аз.
Емі: симптоматикалық. Сепцификалық антидоты жоқ.
Қынаптық таблеткаларды келесі жағдайларда дәрігердің бақылауымен ғана пайдалану ұсынылады:
- аурудың алғашқы белгілерінде,
- егер ауру соңғы 12 айда 4 реттен астам қайталанса.
Етеккір кезінде емдеуді жүргізу орынды емес, сондай-ақ емдеу етеккір басталғанға дейін аяқталуы тиіс.
Қынаптың құрғауы қынаптық таблеткалардың толық ерімеуіне әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда құрамында клотримазол бар тиісті қынаптық кремді пайдалану ұсынылады.
Жыныс еріндері мен айналасындағы аймақтар бір мезгілде инфекция жұқтырған кезде, қынап ішіне емдеуге қосымша, құрамында клотримазол (біріктірілген ем) бар сыртқа қолдануға арналған креммен жергілікті емдеу көрсетілген.
Егер қышыну және қабыну сияқты симптомдар болса, серіктес те емделуі керек.
Қынаптық инфекциялар кезінде жыныстық қатынастан, оның ішінде емдеу кезінде тартыну ұсынылады, өйткені серіктеске жұғуы мүмкін.
Емдеу кезінде тампондарды, бүркуді спермицидтерді және басқа қынаптық дәрілерді пайдаланбаған жөн.
Арнайы ескертулер
Қызба (температура 38°C және одан жоғары), іштің ауыруы, арқаның ауыруы, жағымсыз иісі бар қынаптан бөлініс, жүрек айну, қынаптан қан кету және/немесе иықтың қатарлас ауыруы сияқты симптомдар пайда болса дереу дәрігерге қаралу керек.
Қынаптық таблеткалар мен латекстен жасалған бұйымдарды (мысалы, мүшеқаптар, диафрагмалар) бір мезгілде пайдаланған кезде дәрілік препараттың құрамындағы қосымша заттар (атап айтқанда, стеараттар) латексті контрацептивтердің зақымдануына әкелуі мүмкін. Сондықтан мұндай контрацептивтердің тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек, көзбен жанасуынан аулақ болу керек, жұтуға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кандид – B6 қынаптық таблеткалары көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.
Жүктілік
Эпидемиологиялық деректерге сәйкес, клотримазол жүктілік ағымына және шарананың/жаңа туған нәрестенің денсаулығына теріс әсер етпейді. Жануарларға жүргізілген зерттеулер буаздық ағымына, эмбрионның/ұрықтың дамуына, тууға немесе туғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерін анықтаған жоқ.
Осылайша, Кандид – B6 қынаптық таблеткаларын жүктілік кезінде пайдалануға болады, бірақ тек дәрігердің бақылауымен.
Лактация
Қынаптық енгізу кезінде жүйелі абсорбциясы төмен, сондықтан лактация кезеңінде қолдану балаға қауіп төндірмейді. Дегенмен, Кандид – B6 қынаптық таблеткаларын бала емізу кезінде дәрігердің бақылауымен пайдалану керек.
Фертильділік
Клотримазолдың адамның фертильділігіне әсеріне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер дәрілік заттың фертильділікке әсерін көрсетпеді.
Педиатрияда қолдану
16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданылмайды.
Қынаптық клотримазолды және пероральді такролимусты (иммуносупрессанттар тобының препараттары; FK-506) бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы такролимус пен сиролимус деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сондықтан пациенттерді такролимустың немесе сиролимустың артық дозалану симптомдары мәніне мұқият бақылау керек; қажет болған жағдайда препараттардың қан плазмасындағы концентрациясының деңгейін анықтау керек.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.