Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для местного применения
Дозасы
1 %
Саудалық атауы
Кандид
Әсер етуші зат
Клотримазол
Мақсаты
Жергілікті емдеу үшін: кандидоздық стоматитте (ауыз қуысының кандидозы), фарингомикозда
Өндіруші
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - клотримазол 1г,
қосымша заттар: пропиленгликоль, глицерол.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз, тұтқыр сұйықтық.
Жергілікті емдеу үшін:
- кандидоздық стоматитте (ауыз қуысының кандидозы)
- фарингомикозда
Әсер ету механизмі
Клотримазол эргостерол синтезін тежеу жолымен зеңдерге қарсы әсер етеді. Эргостерол синтезінің тежелуі зеңнің цитоплазмалық жарғақшасының құрылымдық және функционалдық бұзылуына алып келеді.
Клотримазолдың микозға қарсы in vitro және in vivo әсер ету спектрі ауқымды, ол дерматофиттерді, ашытқыларды, зеңдерді және т.б. қамтиды.
Сәйкесінше тестілеу жағдайларында зеңдердің аталған типтері үшін MIC мәндері 0,062-8,0 мкг/мл субстраттан аз шамада болады.
Клотримазолдың әсер ету тәсілі бірінші кезекте, инфекция ошағындағы клотримазол концентрациясына байланысты фунгистатикалық
немесе фунгицидтік. Invitro белсенділігі пролиферациялайтын зеңдік элементтермен шектеледі; зеңдер споралары тек болар-болмас дәрежеде сезімтал.
Өзінің зеңге қарсы әсеріне қосымша, клотримазол грамоң микроорганизмдер (стрептококтар / стафилококтар / Gardnerella vaginalis) мен грамтеріс микроорганизмдерге де (бактероидтар) әсер етеді.
In vitro клотримазол - 0,5-10 мкг/мл субстрат концентрацияларында - энтерококтарды қоспағанда – коринебактериялар мен грамоң коктардың көбеюін тежейді. Зеңдердің сезімтал түрлерінің бастапқыда резистентті нұсқалары өте сирек кездеседі; сезімтал зеңдердегі салдарлы резистенттіліктің дамуы әлі күнге дейін тек, емдеу кезінде біран-саран жағдайларда ғана байқалған.
Дозалау режимі
Кандид препаратының 10-20 тамшысын (0.5 мл - 1 мл) ауыз қуысының зақымданған бөлігіне мақта таяқшамен күніне 3-4 рет жағады. Жаққан кезде ауыз қуысындағы зақымданған немесе қабынған барлық жердің ерітіндімен өңделгеніне көз жеткізу керек. Жақсару 3-5 күні ғана басталғанына қарамастан, емдеуді аурудың клиникалық көріністер толық жойылғанша жалғастырған жөн. Препаратты тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана балаларға қолдануға болады.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрігердің кеңесі қажет емес
- клотримазолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Атап келтірілген жағымсыз әсерлер тосыннан келіп түскен хабарламаларға негізделгендіктен, олардың әрқайсысы үшін туындау жиілігін дәл анықтау мүмкін емес.
- анафилаксиялық реакция;
- ангионевроздық ісіну;
- жоғары сезімталдық;
- естен тану;
- артериялық гипотензия;
- ентігу;
- күлбіреуіктер, жанаспалы дерматит, эритема, парестезия, терінің қабыршықтануы, қышыну, бөртпе, есекжем, күйдіру сезімі/терінің ашуы;
- жаққан жердің тітіркенуі, жаққан орындағы реакция, ісіну, ауыру.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
- белгісіз
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Клотримазолдың жүкті әйелдерде қолданылуы туралы деректер шектеулі. Жануарларда клотримазолды қолданып жүргізілген зерттеулер жоғары пероральді дозаларындағы репродуктивтік уыттылығын көрсетті. Жергілікті емдеуден кейін клотримазолдың жүйелі әсері төмен болатын кезде репродуктивтік уыттылығына қатысты зиянды салдарлары болжанбайды.
Клотримазолды жүктілік кезінде қолдануға болады, бірақ тек дәрігердің немесе акушердің қадағалауы қажет.
Лактация кезеңі
Клотримазолдың емшек сүтімен экскрецияланатыны туралы деректер жоқ. Алайда, енгізгеннен кейін жүйелі сіңірілуі өте төмен және жүйелі әсерлерге алып келуі екіталай. Клотримазолды лактация кезінде қолдануға болады. Үрпілер аумағына жергілікті жаққан жағдайда, баланы емізер алдында омырауды жуып жіберіңіз.
Фертильділік
Клотримазолдың адамдағы фертильділікке әсеріне ешқандай зерттеулер жүргізілмеді; алайда, жануарларда жүргізілген зерттеулер препараттың фертильділікке қандай-да бір әсері барын көрсетпеді
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Клотримазол автомобиль басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Амфотерицин В немесе нистатинді бір мезгілде қолдану клотримазолдың белсенділігін төмендетеді. Дексаметазон үлкен дозада қолданғанда клотримазолдың зеңге қарсы әсерін тежейді. Клотримазолдың антимикотикалық әсері п-оксибензой қышқылы пропил эфирінің жоғары жергілікті концентрациясын күшейтеді. Кандид ерітіндісін құлаққа арналған Софрадекс тамшы дәрісімен бір мезгілде қолданған кезде жылу реакциясы болуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі - 45 күн
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.