Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Гель вагинальный
Дозасы
2 %
Саудалық атауы
Кандид В
Әсер етуші зат
Клотримазол
Мақсаты
Ашытқы зеңдерден туындаған инфекциялық бөліністерде; қынаптың негізінен Candida тектес зеңдерден туындаған қабыну ауруларында, сондай-ақ, клотримазолға сезімтал бактериялардан…
Өндіруші
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г гельдің құрамында
белсенді зат – клотримазол 0,02 г,
қосымша заттар: хлорокрезол, карбопол 940 (карбомер 940), цетил спирті, эмульгациялайтын цетомакроголь балауызы, пропиленгликоль, тазартылған глицерин, бензил спирті, натрий гидрохлориді, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті біртекті гель
- ашытқы зеңдерден туындаған инфекциялық бөліністерде; қынаптың негізінен Candida тектес зеңдерден туындаған қабыну ауруларында, сондай-ақ, клотримазолға сезімтал бактериялардан туындаған суперинфекцияларда.
Әсер ету механизмі
Кандид В препаратының әсер етуші заты – клотримазол болып табылады. Препараттың әсері зеңдердің жасуша жарғақшасының құрамына кіретін эргостерол биосинтезінің бұзылуымен байланысты, бұл оның құрылымы мен қасиеттерінің өзгеруін тудырады және жасушаның лизисіне алып келеді. Клотримазолдың дерматофиттерді, ашытқылық, зең және диморфты зеңдерді қамтитын зеңге қарсы белсенділік спектрі ауқымды. Белгілі бір аналитикалы жағдайларда зеңдердің аталған түрлері үшін ең төменгі бәсеңдеткіш концентрациясының ЕТБК көрсеткіштері 0,062-ден аздан 8,0 мкг/мл дейінгі субстратқа дейінгі диапазонда болады. Фунгистатикалық немесе фунгицидтік әсер ету механизмі инфекция ошағындағы клотримазол концентрациясына тәуелді. in vitro белсенділігі пролиферацияланатын зеңдік элементтермен шектеледі; зең спораларының сезімталдығы әлсіз. Бұдан өзге, клотримазол грамоң (стрептококтар/стафилококтар/Gardnerella vaginalis) және грамтеріс бактерияларға (Bacteroides) қатысты микробқа қарсы әсер береді. In vitro клотримазол Corinobacteria көбеюін және энтерококтарды қоспағанда, грамоң кокктардың көбеюін - 0,5–10 мкг/мл субстрат концентрацияларында бәсеңдетеді.
Зеңдердің сезімтал түрлерінің бастапқы резистентті нұсқалары өте сирек кездеседі; терапия жағдайларында сезімтал зеңдерде салдарлы резистенттіліктің дамуы да бірен-саран жағдайларда байқалған.
Емдеу ұзақтығы жекелей белгіленеді, аурудың ауырлығына байланысты және дәрігер белгілейді
Ұсынылатын дозасы:
Толтырылған бір аппликатордың ішіндегісін (500мг) 3 күн қатарынан кешкісін ұйықтар алдында қынапқа барынша тереңірек енгізеді.
Қолдану тәсілі
Кандид В қынаптық гелін мүмкіндігінше кешкісін ұйықтар алдында, аяқты тізеден сәл бүгіп, шалқадан жатқан қалыпта, гельді қынапқа барынша тереңірек енгізе отырып қолдану керек.
Препаратты қолданғанда:
1. Түбектің қалпақшасын алып тастаңыз және оның орнына аппликаторды орнатыңыз.
2. Түбекті түбінен ашық бөлігіне қарай, поршенін цилиндрі гельге толғанға дейін итере отырып сығыңыз.
3. Аппликаторды толтыру оңайырақ болуы және ішіндегісі толық пайдаланылуы үшін, түбекті әрдайым түбінен ашық бөлігіне қарай жылжыту керек.
4. Толтырылған аппликаторды түбектен суырып алыңыз және түбектің қалпақшасын жабыңыз.
5. Толтырылған аппликаторды цилиндрінен ұстап, оны қынапқа абайлап, барынша тереңірек салыңыз. Поршенін аппликатордың ішіндегісі толық босап шыққанға дейін басып тұрыңыз. Поршенін басып тұрып, аппликаторды қынаптан шығарып алыңыз.
6. Аппликаторды әр пайдаланудан кейін, поршенін цилиндрінен абайлап қозғап суырып алып, бөлшектеу керек. Содан соң цилиндрі мен поршенін жылы сабынды сумен жуу (су тым ыстық болмауы тиіс), және мұқият шаю керек. Содан кейін поршенін цилиндріне салып, аппликаторды қайта құрастыру керек.
Жалпы алғанда, вульвовагиналық кандидоздың симптомдары (қышыну, бөліністер, ашыту сияқты) емдеуді бастағаннан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде едәуір азаяды.
Егер симптомдар емдеуден кейін сақталса, пациент дәрігерге қаралуы керек.
Дәрігермен кеңескеннен кейін курсты қайталауға болады.
Пациенттердің ерекше топтары
Педиатрияда қолданылуы
16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Кандид В қынаптық гелін мүмкіндігінше кешкісін ұйықтар алдында, аяқты тізеден сәл бүгіп, шалқадан жатқан қалыпта, гельді қынапқа барынша тереңірек енгізе отырып қолдану керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Осы препаратты қолданумен байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, өз дәрігеріңізге жүгіну керек.
- клотримазолға және/немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі (тек дәрігердің қадағалауымен)
- 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге.
Төменде атап келтірілген жағымсыз реакциялар туындау жиіліктеріне және ағзалар жүйелерінің класына (АЖК) сәйкес жіктелген.
Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі келесі ретпен сараланған: жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000 - <1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10 000) және жиілігі белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Келесі жағымсыз құбылыстар клотримазолды тіркеуден кейін қолдану кезінде анықталған. Атап келтірілген жағымсыз әсерлер тосыннан келген хабарламаларға негізделгендіктен, қолда бар деректердің негізінде жиілігін бағалау мүмкін емес.
Иммундық жүйенің бұзылулары
Жиілігі белгісіз: ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакция, аса жоғары сезімталдық.
Қан айналу жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиілігі белгісіз: артериялық гипотензия, естен танулар.
Тыныс мүшелері, кеуде қуысы және көкірекорта тарапынан бұзылулар
Жиілігі белгісіз: ентігу
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар
Жиілігі белгісіз: бөртпе, есекжем.
Жыныс мүшелері мен сүт безі тарапынан бұзылулар
Жиілігі белгісіз: вульвовагиналық қышыну, вульвовагиналық ашыту, вульвовагиналық гиперемия, қынаптың қабыршықтануы, вульвовагиналық жайсыздық, вульвовагиналық ауыру, қынаптан қан кету, қынаптан бөліністер.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиілігі белгісіз: іш ауыруы, жүрек айнуы.
Жалпы бұзылыстар және енгізген орындағы реакциялар
Жиілігі белгісіз: жаққан орындағы терінің тітіркенуі, ісінуі, ауыруы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жедел уыттану қаупі байқалмайды, өйткені қынапқа немесе жергілікті қолданғанда немесе байқаусызда пероральді қабылданғанда препаратпен артық дозалану ықтималдығы аз.
Емі: симптоматикалық. Арнайы антидоты жоқ.
Препараттың құрамында цетил спирті бар, ол терінің жергілікті реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматитті) тудыруы мүмкін.
Цетил спиртіне жоғары сезімталдық белгілі болған жағдайда, қынаптық гельдің орнына құрамында цетостериал спирі жоқ дәрілік түрін (мысалы, қынаптық таблеткаларды) қолдану ұсынылады.
Қынаптық гельді келесі жағдайларда дәрігердің қадағалауымен ғана пайдалану ұсынылады:
- аурудың алғашқы белгілері кезінде,
- егер ауру соңғы 12 ай ішінде 4 реттен көп қайталанса.
Етеккір кезінде ем жүргізбеген дұрыс, сонымен қатар, емдеу де етеккір басталғанға дейін аяқталуы тиіс.
Жыныстық ернеулер мен айналасындағы аумақтарға бір мезгілде инфекция түскен жағдайда, қынапішілік емге қосымша, сыртқа қолдануға арналған, құрамында клотримазол бар креммен жергілікті емдеу (біріктірілген ем) көрсетілген.
Егер қышыну және қабыну сияқты симптомдар бар болса, серіктесі де емделуі керек.
Қынаптық инфекциялар кезінде және осы препаратпен ем жүргізу кезінде жыныстық қатынастан бас тарту ұсынылады, өйткені ол серіктесіне инфекция жұғуына алып келуі мүмкін.
Емдеу кезінде тампондарды, бүркіп шайғышты, спермицидтерді және басқа да қынаптық құралдарды пайдаланбаған дұрыс.
Арнайы ескертулер
Қызба (38°С және одан жоғары температура), іш ауыруы, арқаның ауыруы, қынаптан жағымсыз иісі бар бөліністердің шығуы, жүрек айнуы, қынаптан қан кету және/немесе иықтың қатарлас ауыруы сияқты симптомдар пайда болған жағдайда, дереу дәрігерге жүгіну керек.
Кандид В қынаптық гелінің құрамындағы бензил спирті аздаған жергілікті тітіркенуді тудыруы мүмкін.
Препараттың құрамында цетил спирті бар, ол жанаспалы дерматитті қоса, терінің жергілікті тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Қынаптық гель мен латекстен жасалған бұйымдарды (мысалы, мүшеқаптар, диафрагмалар) бірге пайдаланғанда, дәрілік препараттың құрамындағы қосымша заттар (атап айтқанда, стеараттар) латекс контрацептивтердің бүлінуіне алып келуі мүмкін. Сәйкесінше, ондай контрацептивтердің тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Қынаптық гельді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Көзге тигізбеңіз. Ішке қабылдамаңыз.
Жүктілік
Эпидемиологиялық деректер бойынша, клотримазол жүктілік ағымына және шарананың/жаңа туған нәрестенің денсаулығына қолайсыз әсерін тигізбейді. Жануарларда жүргізілген зерттеулерден буаздық ағымына, эмбрион/ұрық дамуына, тууға немесе постнатальді дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсері анықталмады.
Сол себепті, Кандид В қынаптық гелін жүктілік кезінде тек дәрігердің қадағалауымен ғана пайдалануға болады.
Лактация
Қынапқа енгізген кезде жүйелі сіңірілуі төмен, сондықтан лактация кезінде қолдану бала үшін қауіп төндірмейді. Дегенмен, бала емізу кезінде Кандид В қынаптық гелін дәрігердің қадағалауымен пайдалану керек.
Фертильділік
Клотримазолдың фертильділікке ықпалын адамдарда зерттеу жүргізілмеді.
Жануарларда жүргізілген зерттеулер дәрілік заттың фертильділікке әсер ететінін көрсетпеді.
Педиатрияда қолданылуы
16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданылмайды.
Дәрілік препапараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кандид В қынаптық гелі көлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе болар-болмас әсер етеді.
Қынаптық клотримазол мен пероральді такролимусты (иммунодепрессанттар тобының препараттары; FK-506) бір мезгілде қолдану такролимус пен сиролимустың қан плазмасындағы деңгейінің жоғарылауына алып келуі мүмкін. Сондықтан, пациенттерді такролимус немесе сиролимустың артық дозалануы симптомдарына қатысты мұқият қадағалау керек; қажет болған жағдайда, препараттардың қан плазмасындағы концентрациясы деңгейлерін анықтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.