Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Саудалық атауы
Канефрон® Н
Әсер етуші зат
Урологические препараты другие
Мақсаты
Несеп шығару жолдарының қабыну ауруларында және бүйрек тастарының пайда болуын болдырмау үшін кешенді емде қолданылады
Өндіруші
Роттендорф Фарма ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді компоненттер:
ұнтақталған дәрілік шикізат (ұнтақ)
Толғақшөп шөбі 18 мг
Дәрілік сүйментамыр тамыры 18 мг
Қарапайым гүлшетен жапырақтары 18 мг
қосымша заттар:
ядро:
лактоза моногидраты, магний стеараты, жүгері крахмалы, повидон К 25, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы
қабығы:
кальций карбонаты, майсана майы, сұйық глюкоза, темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), жүгері крахмалы, декстрин, монтанды гликол балауызы, повидон К 30, рибофлавин (Е 101), шеллак, сахароза, тальк, титанның қостотығы (Е 171).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт сары түсті тегіс беткейлі, қабықпен қапталған таблеткалар.
Несеп шығару жолдарының қабыну ауруларында және бүйрек тастарының пайда болуын болдырмау үшін кешенді емде қолданылады.
Урологиялық препараттар. Басқа урологиялық препараттар.
АТХ коды G04BX
Әртүрлі клиникалық сынақтарда Канефрон Н қолдану несеп шығару жолдарының қабыну ауруларымен байланысты шағымдар санының жылдам азаюына әкелген.
Осы клиникалық зерттеулер барысында алынған нәтижелер Канефрон Н препаратының қабынуға қарсы, спазмолитикалық, антиноцицептивті және бактерияға қарсы әсерлерін дәлелдейді. In vitro Канефрон Н антиоксидантты, сондай-ақ қабынуға қарсы белсенділігін байқатқан, оттегі мен азоттың реактивті формаларының физиологиялық релевантты концентрациясын төмендеткен, простагландин Е2 және цитокиндер босап шығуына кедергі болған, сондай-ақ лейкотриендер өнімдеріне кедергі жасаған.
Канефрон Н адамның және егеуқұйрықтың қуығындағы оқшауланған жолақтарына спазмолитикалық әсер етті және егеуқұйрықтардағы экспериментальді циститтің in vivo моделінде несеп шығару жиілігі және қуықтың сыйымдылығы сияқты қалпына келтірген уродинамикалық параметрлерді қалпына келтірген.
Дәл сол сияқты in vivo моделінде Канефрон Н өте төмен дозаларда антиноцицептивті әсер көрсетті. In vitro жағдайында Канефрон Н қуықтың эпителий жасушаларына уропатогендік бактериялардың адгезиясын азайтты. Канефрон Н жеке компоненттерінің бактерияға қарсы белсенділікке ие және бактериялардың несеп жолдарынан шайылып шығуына ықпал ете отырып, бактерияға қарсы белсенділігін демейтін несеп айдайтын әсер береді.
Дозалау режимі
Пациенттер — Бір реттік доза — Тәуліктік доза
Ересектер және жасөспірімдер 12 жастан бастап — 2 таблетка — 6 таблетка
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған. Таблетканы шайнамай, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішу керек.
Қабылдау уақытын көрсететін қолдану жиілігі
Бір реттік дозаны таңертең, түсте және кешке қабылдаңыз.
Емдеу ұзақтығы
Препараттың жақсы көтерімділігіне байланысты ұзақ қолдануға арналған. Аурудың өткірлігі бәсеңдегеннен кейін емдеуді 2 – 4 апта бойы жалғастыру керек. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Препаратты қолданған кезде сұйықтықты молынан тұтыну ұсынылады.
- препараттың кез келген компонентіне, шатырлы тұқымдас (Umbelliferae) басқа өсімдіктерге (мысалы, анис, фенхель) немесе анетолға (эфир майларының компоненті) аса жоғары сезімталдық
- асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасының өршу кезеңінде
- 12 жасқа дейінгі балаларға
- жүрек немесе бүйрек функциясының бұзылуы салдарынан болатын ісінулер және/немесе дәрігер сұйықтық ішуді шектеген болса
- тұқым қуалайтын фруктоза, галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза/галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер
Жағымсыз реакцияларының туындау жиілігін бағалау кезінде мынадай санаттары негізге алынды:
Өте жиі (≥1/10)
Жиі (≥1/100, <1/10)
Жиі емес (≥1/1000, <1/100)
Сирек (≥1/10000, <1/1000)
Өте сирек (<1/10000)
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)
Болуы ықтимал
- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар (мысалы, бөртпе, қышыну)
Жиі
- асқазан-ішек бұзылыстары (мысалы, жүрек айнуы, құсу, диарея)
Аллергиялық реакцияның алғашқы белгілерінде препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей электронды пошта:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық Орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Осы күнге дейін артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ.
Емі: препаратты қабылдауды тоқтатып, симптоматикалық емдеуді бастау керек.
Арнайы ескертулер
Ұзақ уақыт жоғары температурада, түйілулер, несепте қан болуы, несеп шығарудың бұзылулары және несептің жедел іркілуі кезінде дереу дәрігермен кеңесу қажет.
Диабетиктерге арналған ақпарат:
Қабықпен қапталған бір таблетка құрамында шамамен 0,020 нан бірліктері (НБ) бар.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларда Канефрон Н таблеткаларын қолдануға қатысты зерттеулер жеткіліксіз. Сондықтан Канефрон Н таблеткаларын 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындауға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік басқару қабілетіне және қауіптілігі зор механизмдермен жасалатын жұмысты орындауға әсер етпейді.
Канефрон® Н препаратын жүктілік кезінде оны қолданудың пайда-қауіп арақатынасын дәрігер бағалағаннан кейін және оны қолдану жөніндегі нұсқауларды сақтай отырып, тек дәрігердің тағайындауымен қабылдау керек. Дәрілік затты бала емізетін әйелдер қолданбау керек.
Белгісіз. Бактерияға қарсы дәрілік заттармен біріктірілуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.