Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Саудалық атауы
Канефрон® форте
Әсер етуші зат
Урологические препараты другие
Мақсаты
Канефрон® форте өсімдік текті дәрілік препараты несеп шығару жолдарының қабыну ауруларында және бүйрек тастарының пайда болуын болдырмау үшін кешенді емде қолданылады
Өндіруші
Роттендорф Фарма ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді компоненттер:
ұнтақталған дәрілік шикізат (ұнтақ)
Толғақшөп шөбі 36 мг
Дәрілік сүйментамыр тамыры 36 мг
Қарапайым гүлшетен жапырақтары 36 мг
қосымша заттар:
ядросы
магний стеараты, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон К 25, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы;
қабығы
кальций карбонаты, майсана майы, сұйық глюкоза, сахароза, темірдің қызыл тотығы (E 172), жүгері крахмалы, декстрин, монтанды гликол балауызы, повидон K 30, рибофлавин (E 101), шеллак, тальк, титанның қостотығы (Е 171).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт сары түсті тегіс беткейлі, қабықпен қапталған таблеткалар.
Канефрон® форте өсімдік текті дәрілік препараты несеп шығару жолдарының қабыну ауруларында және бүйрек тастарының пайда болуын болдырмау үшін кешенді емде қолданылады.
Урологиялық препараттар. Басқа урологиялық препараттар.
АТХ коды G04BX
Әртүрлі клиникалық сынақтарда Канефрон препаратын қолдану несеп шығару жолдарының қабыну ауруларымен байланысты шағымдар санының жылдам азаюына әкелген.
Осы клиникалық зерттеулер барысында алынған нәтижелер Канефрон препаратының қабынуға қарсы, спазмолитикалық, антиноцицептивті және бактерияға қарсы әсерлерін дәлелдейді. In vitro Канефрон антиоксидантты, сондай-ақ қабынуға қарсы белсенділігін байқатқан, оттегі мен азоттың реактивті формаларының физиологиялық релевантты концентрациясын төмендеткен, простагландин Е2 және цитокиндер босап шығуына кедергі болған, сондай-ақ лейкотриендер өнімдеріне кедергі жасаған.
Канефрон адамның және егеуқұйрықтың қуығындағы оқшауланған жолақтарына және егеуқұйрықтардағы экспериментальді циститтің in vivo моделінде несеп шығару жиілігі және қуықтың сыйымдылығы сияқты қалпына келтірген уродинамикалық параметрлерге спазмолитикалық әсер етті.
Дәл сол сияқты in vivo моделінде Канефрон өте төмен дозаларда антиноцицептивті әсер көрсетті. In vitro жағдайында Канефрон қуықтың эпителий жасушаларына уропатогендік бактериялардың адгезиясын азайтты. Канефрон жеке компоненттерінің бактерияға қарсы белсенділігі бар және бактериялар несеп жолдарынан шайылып шығатын болғандықтан, бактерияға қарсы белсенділігін демейтін несеп айдайтын әсер береді.
Дозалау режимі
Пациенттер — Бір реттік доза — Тәуліктік доза
Ересектер және жасөспірімдер 12 жастан бастап — 1 таблетка — 3 таблетка
Бүйрек / бауыр функциясының бұзылуына қатысты нақты дозалық ұсыныстарды беру үшін деректер жеткіліксіз.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Қабықпен қапталған таблетканы сұйықтықтың аз мөлшерімен (мысалы, стақан сумен) шайнамай, тұтастай ішу керек.
Қабылдау уақытын көрсететін қолдану жиілігі
Бір реттік дозаны таңертең, түсте және кешке қабылдаңыз.
Емдеу ұзақтығы
Егер симптомдар нашарласа немесе шамамен 3 күннен кейін қайтпаса, дәрігермен кеңесіңіз. Өзін - өзі емдеу аясында препаратты 2 аптадан артық қабылдамау керек.
Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер қолданылу көрсетіліміне байланысты анықтайды
Препаратты қолданған кезде сұйықтықты молынан тұтыну ұсынылады.
- препараттың кез келген компонентіне, шатырлы тұқымдас (Umbelliferae) басқа өсімдіктерге (мысалы, анис, фенхель) немесе анетолға (эфир майларының компоненті) аса жоғары сезімталдық
- асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасының өршу кезеңінде
- 12 жасқа дейінгі балаларға
- жүрек немесе бүйрек функциясының бұзылуы салдарынан болатын ісінулер және/немесе дәрігер сұйықтық ішуді шектеген болса
Жағымсыз әсерлерін бағалау кезінде мынадай жиілік санаттары негізге алынды:
Өте жиі (≥1/10)
Жиі (≥1/100, <1/10)
Жиі емес (≥1/1000, <1/100)
Сирек (≥1/10000, <1/1000)
Өте сирек (<1/10000)
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)
Болуы ықтимал
- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар (мысалы, бөртпе, қышыну)
Жиі
- асқазан-ішек бұзылыстары (мысалы, жүрек айнуы, құсу, диарея)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей электронды пошта:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ
http://www.ndda.kz
Осы күнге дейін артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ.
Емі: препаратты қабылдауды тоқтатып, симптоматикалық емдеуді бастау керек.
Канефрон® форте құрамында глюкоза, сахароза және лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза, галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе сахараза-изомалтаза тапшылығы немесе глюкоза/галактоза мальабсорбциясы бар емделушілерге бұл препаратты қолдануға болмайды.
Аллергиялық реакцияның алғашқы белгілерінде препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Арнайы ескертулер
Ұзақ уақытқа созылған жоғары температура, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, түйілулер, несепте қан болуы, несеп шығару бұзылыстары және несептің жедел іркілуі кезінде дереу дәрігермен кеңесу керек.
Диабетке шалдыққан науқастарға арналған ақпарат:
Қабықпен қапталған бір таблетка құрамында шамамен 0,3 г сіңімді
көмірсулар бар.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларда Канефрон® форте таблеткаларын қолдануға
қатысты зерттеулер жеткіліксіз. Сондықтан Канефрон® форте
таблеткаларын 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындауға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Канефрон® форте препаратының көлік құралдарын басқару қабілетіне және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін зерттеу жүргізілген жоқ.
Канефрон® форте препаратын жүктілік кезінде оны қолданудың пайда-қауіп арақатынасын дәрігер бағалағаннан кейін және оны қолдану жөніндегі нұсқауларды сақтай отырып, тек дәрігердің тағайындауымен қабылдау керек. Дәрілік затты әйелдер бала емізетін кезеңде қолданбауы керек.
Белгісіз. Бактерияға қарсы дәрілік заттармен біріктірілуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.