КАНТАБ® Плюстің варфаринмен, дигоксинмен, ішуге арналған контрацептивтермен (этинилэстрадиол/левоноргестрел), глибенкламидпен, нифедипинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері анықталмады.
Калий жоғалтуға әкелетін гидрохлортиазид әсерінің калий жоғалуына және гипокалиемияға әкелетін басқа дәрілермен (мысалы, диуретиктер, іш жүргізгіштер, амфотерицин, карбеноксолон, пенициллин G натрий, салицил қышқылы туындылары, стероидтар, АКТГ) күшеюі мүмкін.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа дәрілік заттарды қолдану тәжірибесі калий жинақтаушы диуретиктермен, калий препараттарымен, тұз алмастырғыштармен және қан сарысуындағы калий деңгейін жоғарылатуы мүмкін басқа дәрілермен (мысалы, гепарин, сондай-ақ триметоприм/сульфаметоксазол ретінде белгілі котримоксазол) қатарлас емдеудің гиперкалиемия дамуына әкелуі мүмкін екенін көрсетеді.
Диуретиктік дәрілермен индукцияланған гипокалиемия және гипомагниемия оймақгүл гликозидтерінің және аритмияға қарсы дәрілердің болжамды кардиоуытты әсеріне бейімдейді. КАНТАБ® Плюс осындай препараттармен қатарлас қабылданғанда қандағы калий деңгейін бақылау талап етіледі.
Torsades de pointes тудыруы мүмкін препараттар:
• Ia класы антиаритмиялық заттар (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид)
• Аритмияға қарсы III класс (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид)
• Кейбір нейролептиктер (мысалы, тиоридазин, хлорпромазин, левомепромазин, трифлуоперазин, циамемазин, сульпирид, сультоприд, амисульприд, тиаприд, пимозид, галоперидол, дроперидол)
• Басқалары (мысалы, бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин в/і, галофантрин, кетансерин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, терфенадин, винкамин в/і).
Литий препараттарын АӨФ тежегіштерімен немесе гидрохлортиазидпен үйлестіріп тағайындағанда қан сарысуындағы литий концентрациясының қайтымды жоғарылауы және уыттылық реакцияларының дамуы хабарланды. Осындай реакциялар ангиотензин II рецепторларының антагонистерін пайдаланғанда кездесуі мүмкін, осыған орай, осы препараттарды біріктіріп қолданғанда қан сарысуындағы литий деңгейін бақылау ұсынылады.
КАНТАБ Плюс стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен (ҚҚСП) (яғни селективті ЦОГ-2 тежегіштері, ацетилсалицил қышқылы (>3 г/тәул) және селективті емес ҚҚСП) бір мезгілде қолданғанда гипертензияға қарсы әсердің төмендеуі мүмкін. байқалды.
АӨФ тежегіштері сияқты, препаратты және ҚҚСП бір мезгілде қолдану бүйрек функциясының бұзылу қаупінің жоғарылауына, соның ішінде мүмкін жедел бүйрек жеткіліксіздігіне және қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауына, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бұрыннан бар емделушілерде әкелуі мүмкін. Біріктірілімді, әсіресе егде жастағы адамдарда сақтықпен қолдану керек. Біріктірілген емді бастағаннан кейін және одан кейін жүйелі түрде пациенттерге қажетті гидратация және бүйрек функциясын бақылауға назар аудару керек.
Гидрохлортиазидтің несеп айдайтын, натрийурездік және гипотензиялық әсері қабынуға қарсы стероидты препараттармен әлсірейді.
Колестипол немесе холестирамин қолданылғанда гидрохлортиазидтің сіңуі әлсірейді.
Деполяризациялаушы миорелаксанттар әсері (мысалы, тубокурарин) гидрохлортиазидпен күшеюі мүмкін.
Тиазидті диуретиктік дәрілер оның аз бөлінуіне орай қандағы кальций деңгейінің жоғарылауын туындатады. Құрамында кальций бар тағам қоспаларын немесе D дәруменін қабылдау қажет болғанда қан плазмасындағы кальций деңгейін бақылап, қажет болса, дозаны түзету керек.
Тиазидтер бета-адреноблокаторлар мен диазоксидтің гипергликемиялық әсерін күшейтеді.
Антихолинэргиялық дәрілер (мысалы, атропин, биперидин) асқазан-ішек жолы моторикасының төмендеуіне орай тиазидтер негізіндегі несеп айдағыш дәрілердің биожетімділігін арттыра алады.
Тиазидтер амантадиннің жағымсыз әсер ету қаупін арттыруы мүмкін.
Тиазидтер организмнен цитостатикалық дәрілердің (циклофосфамид, метотрексат сияқты) шығарылуын баяулатып, олардың миелобәсеңдетуші әсерін күшейтуі мүмкін.
Гипокалиемия қатері стероидты дәрілік заттарды немесе адренокортикотропты гормонды қатарлас қабылдағанда артуы мүмкін.
Препарат қабылдау аясында алкоголь, барбитураттар немесе анестетиктер қабылдаған кезде ортостатикалық гипотензияның даму жиілігі артуы мүмкін.
Тиазидтермен емдеу глюкозаға төзімділікті төмендетуі мүмкін. Диабетке қарсы препараттардың, соның ішінде инсулиннің дозасын таңдау қажет болуы мүмкін.
Метформинді гидрохлоротиазидпен байланысты бүйрек функциясының ықтимал жеткіліксіздігінен туындаған сүт ацидозының даму қаупіне байланысты сақтықпен қолдану керек.
Гидрохлортиазид тамыр тарылтатын аминдердің (мысалы, эпинефрин (адреналин)) ықпалын азайтуы мүмкін.
Гидрохлортиазид, әсіресе, йодталған контрастылы заттардың үлкен дозаларымен бірге жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін арттыруы мүмкін.
Циклоспоринмен қатарлас қолданғанда гиперурикемия мен подаграның қатері артуы мүмкін.
Баклофен, амифостин, трициклды антидепрессанттар немесе нейролептиктерді қатарлас қолдану гипертензияға қарсы әсерінің күшеюіне әкеліп, гипотензия туғызуы мүмкін.
Клиникалық зерттеулердің деректері гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының бұзылуы (соның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі) сияқты жағымсыз реакциялардың жиілігі RAAS-қа әсер ететін бір препаратты қолданумен салыстырғанда, ренин-ангиотензинальдостерон жүйесінің (RAAS) қосарлы блокадасында АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторлары немесе алискиренді біріктіріп қолданғанда жоғары екенін көрсетті.