Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).
Монотерапия
Өте жиі
• анорексия
• диарея, құсу, жүрек айнуы, стоматит (оның ішінде ойық жара), іштің ауыруы
• алақан-табан эритродизестезиясы синдромы**
Жиі
• герпес вирустық инфекциялары, назофарингит, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары
• нейтропения, анемия
• сусыздану, дене салмағының төмендеуі, тәбеттің төмендеуі
• ұйқысыздық, депрессия
• бас ауыру, сылбырлық, бас айналу (вертигодан басқа), парестезиялар, дисгевзия
• шамадан тыс көзден жас ағу, конъюнктивит, көздің тітіркенуі
• тромбофлебит
• ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел, ринорея
• асқазан-ішектен қан кету, іштің қатуы, іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы
• гипербилирубинемия, бауырдың функционалдық тесттерінің өзгеруі
• тері бөртпесі, алопеция, макулезді бөртпе, эритема, терінің құрғауы, қышыну, гиперпигментация, терінің қабыршақтануы, дерматиттер, тырнақтың өзгеруі, тері пигментациясының бұзылуы
• аяқ-қолдың ауыруы, арқаның ауыруы, артралгия
• қызба, шеткері ісіну, әлсіздік, кеуденің ауыруы
Жиі емес
• сепсис, несеп шығару жолдарының инфекциялары, целлюлит, тонзиллит, фарингит, ауыз қуысының шырышты қабығының кандидозы, тұмау, гастроэнтерит, зеңдік инфекциялар, инфекциялар, тіс абсцессі
• липома
• фебрильді нейтропения, панцитопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, лейкопения, гемолитикалық анемия, халықаралық қалыптасқан қатынастың ұлғаюы, протромбин уақытының ұзаруы
• аса жоғары сезімталдық
• ас қорытудың бұзылуы, қант диабеті, гипокалиемия, гипертриглицеридемия
• сананың шатасуы, үрейлі атака, либидоның төмендеуі, жабырқаңқы көңіл
• афазия, есте сақтаудың бұзылуы, атаксия, естен тану, тепе-теңдіктің бұзылуы, сезімталдықтың жоғалуы, шеткері нейропатия
• көз көргіштігінің төмендеуі, дипломопия
• вертиго, құлақтың ауыруы
• стенокардия, оның ішінде тұрақсыз, ишемия/миокард инфарктісі, аритмия, қарыншалық аритмия (оның ішінде жүрекше фибрилляциясы), тахикардия, синусты тахикардия, жүрек соғуын сезіну
• терең веналардың тромбозы, артериялық қысымның жоғарылауы/төмендеуі, петехий, қан кернеуі, аяқ-қолдың дистальді бөлімдерінің салқындауы
• өкпе артериясының эмболиясы, пневмоторакс, қан қақыру, бронх демікпесі, физикалық жүктеме кезіндегі ентігу
• ішектің бітелуі, асцит, энтерит, гастрит, дисфагия, іштің төменгі бөлігінің ауыруы, эзофагит, іштің жайсыздығы, гастроэзофагеальді рефлюкс, колит, нәжістегі қан
• сарғаю
• терінің ойық жаралары, күлдіреуіктер, сәулелі дерматит, есекжем, фотосезімталдық реакциялары, алақан эритемасы, бет ісінуі, пурпура, тоқтатудың радиациялық синдромы
• буындардың ісінуі, сүйектердің ауыруы, беттегі ауыруы, буындардағы қимыл шектелісі, бұлшықет әлсіздігі
• гидронефроз, несеп тоқтамау, гематурия, никтурия, қан плазмасында креатинин концентрациясының жоғарылауы
• қынаптық қан кету
• ісіну, қалтырау, тұмауға ұқсас синдром, дене қызуының көтерілуі, дірілдеу
Сирек
• көзжас арнасының анықталмаған стенозы, қасаң қабығының зақымдануы, кератит, нүктелі кератит
• қарыншалардың фибрилляциясы, QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия, брадикардия, вазоспазм
• бауыр жеткіліксіздігі, холестаздық гепатит
• жүйелі қызыл жегі (терілік түрі)
• Соғылу
Өте сирек
• Ангионевроздық ісіну
• уытты лейкоэнцефалопатия
• Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты ауыр тері реакциялары
** Постмаркетингтік тәжірибе көрсеткендей, алақан-табан эритродизестезиясының тұрақты немесе ауыр синдромы (2 дәрежесі және одан жоғары) ақырында саусақ іздерінің жоғалуына әкелуі мүмкін.
Капетеромен біріктірілген ем
Өте жиі
• нейтропения (оның ішінде температураның 38°С-ден жоғары көтерілуімен байланысты 3-4 дәрежелі нейтропения)*, лейкопения*, анемия*, тромбоцитопения
• дене салмағының төмендеуі, тәбеттің төмендеуі
• парестезия, дизестезия, шеткері нейропатия, шеткері сенсорлық нейропатия, дисгевзия, бас ауыру
• көзден шамадан тыс жас ағу
• аяқтың ісінуі, артериялық қысымның жоғарылауы, тромбоз/эмболия*
• тамақтың ауыруы, жұтқыншақ-көмей дизестезиясы
• іш қату, диспепсия
• алопеция, тырнақтардың өзгеруі
• миалгия, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы
• қызба, әлсіздік*, сылбырлық (3-4 дәрежелі), аса жоғары және төмен температураларға жоғары сезімталдық
Жиі
• несеп жолдарының инфекциясы, ауыз қуысының кандидозы, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, ринит, тұмау, инфекция*, ауыз қуысының герпесі
• миелосупрессия, фебрильді нейтропения*
• аса жоғары сезімталдық
• гипокалиемия, гипонатриемия, гипомагниемия, гипо/гиперкальциемия, гипергликемия
• ұйқының бұзылуы, мазасыздық
• нейроуыттылық, тремор, невралгия, гипестезия
• көрудің бұзылуы, көрудің бұлыңғырлануы, көздің құрғауы, көздің ауыруы
• құлақтағы шуыл, кереңдік
• жүрекшелер фибрилляциясы, миокард ишемиясы (оның ішінде миокард инфарктісі)
• гиперемия, артериялық қысымның төмендеуі, гипертониялық криз, қан кернеуі, флебит
• мұрыннан қан кету, ринорея, жұтқыншақтың және көмейдің ауыруы, дисфония
• АІЖ жоғарғы бөліктерінен қан кету, ықылық, ауыз қуысының шырышты қабығының ойық жаралары, гастрит, іштің кебуі, гастроэзофагеальді рефлюкс, ауыз қуысындағы ауырсыну, дисфагия, тік ішектен қан кету, іштің ауыруы, дизестезия, парестезия және ауыз аймағындағы гипестезия, іштегі жайсыздық
• бауыр жеткіліксіздігі
• гипергидроз, эритематозды бөртпе, есекжем, түнгі терлеу
• жақ ауыруы, бұлшықеттің түйілуі, тризм, бұлшықеттің әлсіздігі
• гематурия, протеинурия, креатинин клиренсінің төмендеуі, дизурия
• ауыру, шырышты қабықтың қабынуы, аяқ-қолдың ауыруы, қалтырау, кеуденің ауыруы, тұмауға ұқсас синдром, қанталану, қызба*, инфузия орнының ауыруы, инъекция орнының ауыруы
Сирек
• дегидратация салдарынан жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Жиілік санаттары 3-ші және 4-ші дәрежелі жағымсыз әсерлерге жататын, *символымен белгіленген реакциялардан басқа, реакциялардың барлық ауырлық дәрежелері үшін көрсетілген. Жағымсыз қолайсыз құбылыстар негізгі біріктірілген зерттеулердің кез келгенінде байқалатын анағұрлым көп жиілікке сәйкес қосылған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz