Гипотензия
Диуретиктермен, диетамен, тұзды шектеумен, диареямен, құсу немесе гемодиализбен күшейтілген емге байланысты натрий көлемінің және/немесе құрамының төмендеуі байқалған артериялық гипертензиясы бар пациенттерде симптоматикалық гипотензия дамуы мүмкін. Демек, Каптоприл ШТАДА® препаратын қолданар алдында төмендетілген көлемді және/немесе натрийді түзетіп, неғұрлым төмен бастапқы дозаны қолданған жөн.
Гипотензия дамуының қаупі жоғарырақ жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге бастапқы дозасы төменірек Каптоприл ШТАДА® препаратымен емді бастаған жөн. Төмендеу шамасы емнің басында ең жоғары болып табылады және бір немесе екі апта бойы сақталады; емдеуге дейінгі деңгейге оралу екі ай ішінде емдеу тиімділігін төмендетпей жүзеге асырылады. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде каптоприл немесе диуретик дозасын арттырған кезде сақ болу керек.
Жүректің ишемиялық ауруы немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттерге артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі кезінде миокард инфарктісінің және инсульттің пайда болу қаупі артады. Гипотензия дамығанда пациент көлденең жағдайда болуы тиіс және қажет болған жағдайда физиологиялық ерітіндіні вена ішіне енгізумен көлемді толтыру қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде калий мен креатинин деңгейін үнемі бақылау қажет. Сәбилер, әсіресе жаңа туылған нәрестелер, каптоприлдің қолайсыз гемодинамикалық әсеріне көбірек бейім болуы мүмкін. Артериялық қысымның шамадан тыс, ұзақ және болжап болмайтын төмендеуі және онымен байланысты асқынулар, оның ішінде олигурия және құрысулар туралы хабарланды.
Реноваскулярлық гипертензия
Бүйрек артериясының екі жақты стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде АӨФ тежегіштерімен емдеу кезінде гипотензияның және бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі артады. Бүйрек функциясының бұзылуы плазмадағы креатинин концентрациясының болымсыз өзгеруі кезінде орын алуы мүмкін. Мұндай пациенттерде емді мұқият медициналық бақылаумен, дәл титрлеумен және бүйрек функциясын бақылаумен төмен дозадан бастаған жөн.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі ≤ 40 мл/мин) каптоприлдің бастапқы дозасы пациенттің креатинин клиренсіне сәйкес және одан әрі пациенттің емдеуге берген жауабына сәйкес таңдалуы тиіс. Мұндай пациенттерде калий мен креатининге тұрақты бақылау жүргізу керек.
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге және егде жастағы пациенттерге (65 жастан асқан) емдеудің бастапқы сатысындағы Каптоприл ШТАДА® препаратының артериялық қысымды және/немесе репрезентативті зертханалық көрсеткіштерді қарқынды бақылау жағдайында ғана қолданылуы тиіс.
Аса жоғары сезімталдық / ангионевроздық ісіну
Беттің, аяқ-қолдың, еріннің, шырышты қабықтың, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі каптоприлді қоса, АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде болуы мүмкін. Ол емдеу кезінде кез келген уақытта, әсіресе емнің алғашқы аптасында пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда Каптоприл ШТАДА® препаратты қабылдауды дереу тоқтату қажет. Пациент симптоматиканың толық қайтуына дейін ауруханаға жатқызылуы және бақылауда болуы тиіс, өйткені тілдің, дауыс саңылауы және көмейдің ангионевроздық ісінуі өлімге әкеп соғуы мүмкін. Тыныс алу жолдарының обструкциясын туындатуы мүмкін тіл, дауыс саңылауы немесе көмей қамтылған жағдайда дереу тиісті ем тағайындау керек, ол эпинефрин 1:1000 (0,3 мл-ден 0,5 мл-ге дейін) ерітіндісін тері астына енгізу және/немесе тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қамтуы мүмкін. Пациент дереу ауруханаға жатқызылуы керек және ісіну симптомдары толығымен басылғанға дейін кем дегенде 12-24 сағат бойы бақылауда болуы керек.
Ісіну бет пен еріндермен шектелетін жағдайларда, әдетте емсіз жақсарады, бірақ антигистаминді препараттар симптоматиканы жеңілдету үшін пайдалы болуы мүмкін. АӨФ тежегіштерін қабылдаған терісі қара түсті пациенттерде терісі басқа түсті пациенттермен салыстырғанда ангионевроздық ісінудің пайда болу жиілігі анағұрлым жоғары екендігі туралы мәліметтер бар.
Анамнезінде АӨФ тежегішімен еммен байланысты емес ангионевроздық ісінуі бар пациенттер АӨФ тежегішін қабылдаған кезде ангионевроздық ісінудің жоғары қаупі бар.
АӨФ тежегіштерін қабылдаған пациенттерде ішектің ангионевроздық ісінуі туралы сирек хабарланған. Мұндай пациенттерде іштің ауыруы байқалды (жүрек айнуы немесе құсу, немесе онсыз); кейбір жағдайларда беттің алдыңғы ангионевроздық ісінуі болған жоқ, ал эстераза C-1 деңгейлері қалыпты болған. Ангионевроздық ісіну құрсақ қуысының КТ, УДЗ немесе операция кезінде емшаралардың көмегімен диагностикаланды, ал симптомдар АӨФ тежегішін қабылдауды тоқтатқаннан кейін жойылды. Ішектің ангионевроздық ісінуін АӨФ тежегіштерін қабылдаған және абдоминальды ауыруы бар пациенттердің дифференциалды диагностикасына қосу керек.
АӨФ тежегіштерін сакубитрил / валсартанмен бір мезгілде қолдану ангионевроздық ісінудің жоғары қаупіне байланысты қарсы көрсетілген. Сакубитрил / валсартанмен емдеуді каптоприлдің соңғы дозасынан кейін 36 сағаттан ерте бастауға болмайды. Каптоприлмен емдеуді сакубитрил / валсартанның соңғы дозасынан кейін 36 сағаттан ерте бастауға болмайды.
АӨФ тежегіштерін рацекадотрилмен, mTOR тежегіштерімен (мысалы, сиролимуспен, эверолимуспен, темсиролимуспен) және вилдаглиптинмен бірге бір мезгілде қабылдау ангионевроздық ісіну қаупіне әкелуі мүмкін (мысалы, тыныс алу жолдарының немесе тілдің ісінуі, тыныс алудың бұзылуымен немесе онсыз). АӨФ тежегішін қабылдайтын пациенттерде рацекадотрил, mTOR тежегіштерін (мысалы, сиролимус, эверолимус, темсиролимус) және вилдаглиптинді қолданудың басында сақ болу керек.
Жөтел
АӨФ тежегіштерін қабылдау кезінде дамитын өнімсіз, персистирленетін жөтел ем тоқтатылғаннан кейін басылады.
Бауыр жеткіліксіздігі
AӨФ тежегіштерін қолданған кезде, сирек холестаздық сарғаюдан немесе гепатиттен басталатын, шұғыл түрде дамитын бауыр некрозы дамуымен үдейтін және кейде өлімге соқтыратын даму механизмі түсініксіз синдром сирек білінеді. Сарғаю және бауыр ферменттерінің жоғарылауы дамыған пациенттерге препаратты қабылдауды тоқтату, тиісті медициналық көмек көрсету және тиісті медициналық бақылауда болу қажет.
Гиперкалиемия
Каптоприлді қоса, АӨФ тежегіштері альдостеронның босатылуын тежеуге байланысты гиперкалиемияны тудыруы мүмкін. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде әсері әдетте шамалы байқалады. Алайда гиперкалиемия бүйрек функциясы бұзылған, қант диабеті бар пациенттерде және/немесе калий препараттарын (тұз алмастырғыштарды қоса), калий сақтайтын диуретиктер және сарысулық калийдің ұлғаюымен астасқан басқа да препараттар (мысалы, гепарин, триметоприм немесе ко-тримоксазол, сондай-ақ триметоприм / сулфаметоксазол ретінде белгілі) және әсіресе альдостерон антагонистері немесе ангиотензин рецепторларының блокаторлары пайда болуы мүмкін. Калий сақтайтын диуретиктер мен ангиотензин рецепторларының блокаторлары калий деңгейі мен бүйрек функциясын бақылай отырып, АӨФ тежегіштерін алатын пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс.
Аортальді және митральді қақпақшаның стенозы / обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия
Сол жақ қарыншаның ағу обструкциясы және сол жақ қарыншаның шығарылу жолы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау, сондай-ақ кардиогенді шок және гемодинамиканың едәуір бұзылуы кезінде қолдануға болмайды. Гипертониялық кризі бар пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі болғандықтан, кардиогендік шок пен гемодинамикалық маңызды обструкцияларда каптоприлді қолданудан аулақ болу керек.
Нейтропения / агранулоцитоз
Каптоприл ШТАДА® препаратын қоса, АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде нейтропения / агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемия байқалуы мүмкін. Бүйрек функциясы қалыпты және асқынатын факторлары жоқ пациенттерде нейтропения сирек кездеседі. Каптоприл ШТАДА® препаратын коллагеноздары бар пациенттерде, иммуносупрессиялық ем, аллопуринолмен және прокаинамидпен емделетін пациенттерде немесе осы факторларды біріктірген кезде, әсіресе бүйрек функциясының төмендеуіне бейім пациенттерде сақтықпен қолдану қажет. Мұндай пациенттерде жекелеген жағдайларда бактерияға қарсы емге жауап бермейтін ауыр инфекция дамуы мүмкін. Егер каптоприл осындай пациенттерде қолданылса, лейкоциттер санын есептеуді жүргізу және емдеуді бастамас бұрын, емдеудің алғашқы үш айы ішінде әрбір 2 апта сайын және кейіннен мезгіл-мезгіл лейкоцитарлық формуланы анықтау керек. Пациенттер инфекцияның кез келген симптомдары (мысалы, тамақтың ауыруы, температураның жоғарылауы) туралы хабарлауы керек. Нейтропения (нейтрофилдердің 1000/мм3 кем азаюы) болған немесе күдіктенген кезде Каптоприл ШТАДА® препаратын және басқа да қатарлас препараттарды тоқтату қажет. Каптоприлді тоқтатқаннан кейін көптеген пациенттерде нейтрофилдер саны тез қалпына түседі.
Протеинурия
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе АӨФ тежегіштерінің салыстырмалы жоғары дозаларын қолданғанда протеинурия дамуы мүмкін.
Жалпы протеинурия тәулігіне 1 г астам каптоприл алатын пациенттердің шамамен 0,7 %-да байқалды. Бұл пациенттердің көпшілігінде алдыңғы бүйрек аурулары болған немесе каптоприлдің (тәулігіне 150 мг астам) салыстырмалы үлкен дозасын алған немесе осы факторлардың үйлесімі болған. Нефроздық синдром протеинуриясы бар шамамен 1/5 пациенттерде дамыды. Көптеген жағдайларда протеинурия каптоприлмен емдеуді жалғастырған кезде 6 ай ішінде азайды немесе жоғалып кетті. Протеинуриясы бар пациенттерде қанның мочевина азоты және креатинин сияқты бүйрек функциясының параметрлері сирек өзгерді.
Анамнезінде бүйрек ауруы бар пациенттерде Каптоприл ШТАДА® қолдануды бастамас бұрын және кейіннен мезгіл-мезгіл несептегі ақуызды анықтау жөн.
Десенсибилизация кезінде анафилаксиялық реакциялар
Басқа АӨФ тежегіштерін қабылдау кезінде қайта жарғақ-қанаттылар уларымен десенсибилизациялайтын ем алатын пациенттерде ұзақ, өмірге қауіп төндіретін анафилактоидты реакциялар туралы сирек хабарланған. Мұндай пациенттерде осыған ұқсас реакцияларды АӨФ тежегішін уақытша тоқтату кезінде болдырмауға болады, бірақ олар кездейсоқ қайталап қабылдағанда қайта пайда болуы мүмкін. Демек, каптоприлді мұндай десенсибилизация емшараларын алатын пациенттерге сақтықпен қабылдау керек.
Жоғары ағынды диализ жүргізу / тығыздылығы төмен липопротеиндер аферезі кезінде анафилактоидты реакциялар
Жоғары ағынды диализді жарғақшалар бар гемодиализ және декстран сульфатының сіңуімен тығыздылығы төмен липопротеиндердің аферезі өтетін пациенттерде анафилактоидты реакциялар байқалды. Бұл пациенттерде басқа типті диализді жарғақшаларды немесе басқа класты препараттарды пайдалануды қарастыру керек.
Хирургиялық араласулар / анестезия
Ауқымды хирургиялық араласулары бар пациенттерде немесе артериялық қысымды төмендететін анестетиктермен емдеу кезінде айналатын қанның көлемін толықтырумен түзетуге болатын гипотензия дамуы мүмкін.
Қант диабеті
Пероральді диабетке қарсы дәрілер немесе инсулин алатын қант диабеті бар пациенттерде қан глюкоза деңгейін, әсіресе Каптоприл ШТАДА® препаратын емдеудің бірінші айы ішінде бақылау қажет.
Гипокалиемия қаупі
АӨФ тежегішінің тиазидті диуретикпен біріктірілімі гипокалиемияның даму мүмкіндігін жоққа шығармайды. Қандағы калийді жүйелі бақылау қажет.
Литиймен біріктірілімі
Литий уыттылығының күшеюіне байланысты Каптоприл ШТАДА® және литийдің біріктірілімін пайдалану ұсынылмайды.
Жүктілік
АӨФ тежегіштерін жүктілік кезінде тағайындауға болмайды. Егер АӨФ тежегіштерімен емді жалғастыру қажет деп есептелмесе, жүктілікті жоспарлаған пациенттерге жүктілік кезінде қолдану үшін анықталған қауіпсіздік бейіні бар баламалы гипертензияға қарсы препараттар тағайындалуы тиіс. Егер жүктілік расталса, АӨФ тежегіштерімен емдеуді дереу тоқтатып, қажет болған жағдайда баламалы емді бастау керек.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы.
АӨФ тежегіштерін, ангиотензин-II рецепторлардың блокаторларын немесе алискиренді бір мезгілде қабылдау гипотония, гиперкалиемия дамуының және бүйрек функциясының төмендеу (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) қаупін арттыратыны туралы деректер бар. Сондықтан да АӨФ тежегіштерін, ангиотензин-II рецепторлардың блокаторларын немесе алискиренін біріктіріп пайдалану есебінен РААЖ қосарлы блокадасы ұсынылмайды.
Егер қосарлы блокада емі қажет деп есептелсе, ол тек маманның бақылауымен және бүйрек функциясын, электролиттер мен артериялық қысымды жиі мұқият бақылаумен жүргізілуі тиіс.
АӨФ тежегіштері мен ангиотензин-II рецепторлардың блокаторлары диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде бір мезгілде қолданылмауы тиіс.
Лактоза
Каптоприл ШТАДА® құрамында лактоза бар болғандықтан, оны туа біткен галактоземия, глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы немесе лактазалық жеткіліксіздік синдромы кезінде тағайындамаған жөн.
Каптоприл ШТАДА® ацетонға несептің жалған оң тестін туындатуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Каптоприлдің тиімділігі мен қауіпсіздігі толық анықталған жоқ. Балалар мен жасөспірімдерде каптоприлді қолдану мұқият медициналық бақылаумен басталуы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жеке бейімділігіне қарай Каптоприл ШТАДА® қолданған кезде көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілеті, әсіресе емнің басында, дозасы өзгерген және алкогольмен қолданған кезде төмендеуі мүмкін.