Р4503А4 (CYP3A4) цитохромының изоферменті карбамазепин-10,11-эпоксид (белсенді метаболит) түзілуін қамтамасыз ететін негізгі фермент болып табылады. Карбамазепинді CYP3A4 изоферментінің тежегіштерімен бір мезгілде қолдану оның плазмадағы концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, өз кезегінде, ол жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін. CYP3A4 изоферментінің индукторларын бірге қолдану карбамазепин метаболизмінің жеделдеуіне және, осылайша, оның плазмадағы концентрациясының болжамды төмендеуіне, ал демек, емдік әсер ету айқындылығының азаю мүмкіндігіне әкелуі мүмкін. Бір мезгілде қабылданатын CYP3A4 изоферментінің индукторларын тоқтату карбамазепин биотрансформациясының жылдамдығын төмендетуі және, соның салдарынан, қан плазмасында оның концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Карбамазепин CYP3A4 изоферментінің әрі бірінші және екінші фазаның ферменттік бауыр жүйелерінің күшті индукторы болып табылады, ал CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін препараттармен бір мезгілде қолданғанда олардың метаболизмінің индукциясын туындатуы және плазмадағы концентрацияларын төмендетуі мүмкін.
Карбамазепин-10,11-эпоксидтің карбамазепин-10,11-трансдиолға айналуы эпоксидгидролазаның микросомалық ферменті арқылы жүретін болғандықтан, препаратты эпоксидгидролаза тежегіштерімен бірге қолдану қан плазмасында карбамазепин-10,11-эпоксид концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Плазмадағы карбамазепин деңгейін арттыруға қабілетті заттар
Плазмадағы карбамазепин концентрациясының жоғарылауы жағымсыз әсерлерге (мысалы, бас айналу, ұйқышылдық, атаксия, диплопия) әкелуі мүмкін екендіктен, Карбалекс® дозасын тиісті үлгіде түзету және/немесе егер ол келесі заттармен бір мезгілде енгізілсе, плазмадағы концентрациясын бақылап отыру керек.
Туберкулезге қарсы заттар: изониазид.
Жүрек-қантамырлық заттар: верапамил, дилтиазем.
Анальгетиктер, қабынуға қарсы препараттар: декстропропоксифен, ибупрофен.
Антидепрессанттар: дезипрамин, вилоксазин, флуоксетин, флувоксамин, тразодон, пароксетин болуы мүмкін.
Асқазан-ішек заттары: циметидин, омепразол болуы мүмкін.
Карбонатдегидрогеназа тежегіші: ацетазоламид.
Андрогендер: даназол.
Антибиотиктер: макролидті антибиотиктер (мысалы, эритромицин, тролеандромицин, джозамицин, кларитромицин, ципрофлоксацин).
Зеңге қарсы препараттар: азол туындылары (мысалы, итраконазол, кетоконазол, флуконазол, вориконазол). Құрысуға қарсы баламалы препараттарды вориконазолмен және итраконазолмен ем қабылдап жүрген пациенттерге ұсынуға болады.
Антигистаминдік препараттар: терфенадин, лоратадин.
Вирусқа қарсы заттар: АИТВ еміне арналған протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир).
Эпилепсияға қарсы дәрілер: стирипентол, вигабатрин, бриварацетам. Бриварацетаммен бір мезгілде қолдану гипераммонемияға әкелуі мүмкін
Антипсихотиктер: локсапин, оланзапин, кветиапин.
Бұлшықет релаксанттары: оксибутинин, дантролен.
Антиагрегантты тежегіш: тиклопидин.
Басқалар: грейпфрут шырыны, никотинамид (тек үлкен дозаларда).
Плазмадағы карбамазепиннің плазмалық концентрациясын 10,11 эпоксидке арттыруға қабілетті заттар:
Плазмадағы карбамазепин 10,11-эпоксидінің деңгейі жоғарылағанда жағымсыз әсерлері болуы мүмкін екендіктен (мысалы, бас айналу, ұйқышылдық, атаксия, диплопия), Карбалекс® дозасын мұқият бақылап отыру және қажет болғанда оны келесі заттармен: локсапин, кветиапин, примидон, прогабид, вальпрой қышқылы, вальноктамид және вальпромидпен бірге енгізгенде түзету керек.
Плазмада карбамазепин концентрациясын төмендетуге қабілетті заттар:
Егер қатарлас дәрі ретінде келесі заттар пайдаланылса, Карбалекс® дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Эпилепсияға қарсы дәрілер: фенобарбитал, примидон, метсуксимид, фелбамат, окскарбазепин, фенсуксимид, фенитоин (фенитоинмен уыттануды және карбамазепиннің қосалқы емдік концентрацияларын болдырмау үшін плазмадағы фенитоин концентрациясын карбамазбен емдеуді бастау алдында 13 мкг/мл дейін жеткізу ұсынылады), фосфенитоин, клоназепам.
Цитостатиктер: цисплатин, доксорубицин.
Туберкулезге қарсы заттар: рифампицин.
Бронходилататорлар немесе антиастматиктер: теофиллин, аминофиллин.
Дерматологиялық препараттар: изотретиноин.
Басқалар: құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) бар шөп қоспалары.
Карбамазепиннің бір мезгілде енгізілетін заттардың плазмадағы деңгейіне әсері
Карбамазепин кейбір дәрілік препараттардың плазмалық концентрациясын төмендетуі, оларды әлсіретуі немесе тіпті тоқтатуы мүмкін. Клиникалық талаптарға сәйкес келесі дәрілік препараттар дозаларын түзету қажет болуы мүмкін:
Анальгетиктер/қабынуға қарсы препараттар: бупренорфин, метадон, фентанил, парацетамол (карбамазепинмен және парацетамолмен (ацетаминофен) ұзақ уақыт емдеу гепатоуыттылыққа әкелуі мүмкін), феназон (антипирин), трамадол.
Антибиотиктер: доксициклин, рифабутин.
Антикоагулянттар: пероральді антикоагулянттар (варфарин, фенпрокумон, дикумарол, аценокумарол, ривароксабан, дабигатран, апиксабан, этоксабан).
Антидепрессанттар: трициклды антидепрессанттар (мысалы, имипрамин, амитриптилин, нортриптилин, кломипрамин), бупропион (карбамазепин плазмадағы бупропион деңгейін төмендетуі және осылайша, бупропионның клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігін төмендетуі мүмкін), циталопрам нефалин тразодон. Карбалексті МАО тежегіштерімен біріктіріп қолдануға болмайды. Карбалексті қолданар алдында MAO қабылдау, кем дегенде, 2 аптаға тоқтатылуы тиіс. Егер клиникалық жағдай мүмкіндік берсе, ұзаққа созуға болады.
Құсуға қарсы дәрілер: апрепитант.
Эпилепсияға қарсы дәрілер: клобазам, клоназепам, этосуксимид, фелбамат, ламотригин, эсликарбазепин, окскарбазепин, примидон, тиагабин, топирамат, вальпрой қышқылы, зонисамид. Фенитоинмен уыттануды және карбамазепиннің қосалқы емдік концентрацияларын болдырмау үшін карбамазепинмен емдеудің басталуына дейін плазмадағы фенитоин концентрациясын 13 мкг/мл дейін белгілеу ұсынылады. Плазмадағы мефенитоиннің жоғары деңгейлерінің сирек жағдайлары сипатталды, олар айрықша жағдайларда шатасуға және тіпті комаға әкелуі мүмкін.
Зеңге қарсы препараттар: итраконазол, кетоконазол, вориконазол.
Құрысуға қарсы баламалы препараттарды вориконазолмен және итраконазолмен ем алып жүрген пациенттерге ұсынуға болады.
Антигельминтиктер: празиквантел, альбендазол.
Цитостатиктер: иматиниб, циклофосфамид, лапатиниб, темсиролимус.
Антипсихотиктер: клозапин, галоперидол, бромперидол, оланзапин, кветиапин, рисперидон, зипразидон, арипипиппразол, палиперидон.
Вирусқа қарсы заттар: АИТВ еміне арналған протеаза тежегіштері, мысалы, индинавир, ритонавир, саквинавир.
Анксиолитиктер: алпразолам, мидазолам.
Бронходилататорлар: теофиллин.
Жүрек-қантамырлық заттар: кальций өзекшелерінің блокаторлары (дигидропиридин тобы), мысалы, фелодипин, дигоксин, хинидин, пропранолол, симвастатин, аторвастатин, ловастатин, церивастатин, ивабрадин.
Кортикостероидтар: мысалы, преднизолон, дексаметазон.
Иммунодепрессанттар: циклоспорин, такролимус, эверолимус, сиролимус.
Қалқанша без гормондары: левотироксин: карбамазепин, көрінісі бойынша, қалқанша без гормондарының шығарылуын арттырады және гипотиреоз бар пациенттерде оларға қажеттілікті арттырады. Демек, орын басу емін қабылдап жүрген пациенттерде қалқанша без параметрлері Карбалекс® препаратымен емнің басында және соңында анықталуы тиіс. Қажет болса, қалқанша без гормондары препараттарының дозасын түзету керек. Атап айтқанда, карбамазепинмен және құрысуға қарсы басқа дәрілермен (мысалы, фенобарбитал) бір мезгілде емдеу қалқанша без функциясын өзгерте алады.
Ұрықтануға қарсы дәрілер: ұрықтануға қарсы гормональді дәрілер (таблеткаларды қабылдау кезінде ұрықтануға қарсы гормональді дәрілер әсерінің әлсіреуіне қосымша кенеттен етеккіраралық қан кету туындауы мүмкін. Сондықтан ішуге арналған контрацептивтер құрамында 50 мкг мөлшерінен көп эстроген болуы тиіс немесе басқа гормональді емес ұрықтануға қарсы әдістерді қолдану қажет).
Эректильді дисфункцияны емдеуге пайдаланылатын дәрілер: тадалафил.
Біріктірілген ем
Карбамазепин мен леветирацетамды бір мезгілде қабылдау карбамазепин уыттылығын арттыратыны туралы дәлелдер бар.
Карбамазепин мен изониазидті бірге қолдану изониазид гепатоуыттылығының артуына алып келеді.
Литий немесе метоклопрамид пен карбамазепинді бір мезгілде пайдалану белсенді заттың екеуінің де нейроуытты әсерін күшейтуі мүмкін екенін атап өту керек. Сондықтан клиникалық симптомдарға мұқият мониторинг өткізу қажет. Осының алдында нейролептиктермен емдеу 8 аптадан көп уақыт бұрын болуы тиіс және бір мезгілде жүргізілмеуі тиіс. Нейроуытты симптомдардың келесі белгілеріне көңіл бөлу керек: орнықсыз жүріс-тұрыс, атаксия, көлденең нистагм, бұлшықет рефлекстерінің күшеюі, бұлшықеттер тартылуы (бұлшықеттік фасцикуляция).
Әдебиетте бұрыннан бар нейролептикалық еммен карбамазепинді қосымша қолдану қатерлі нейролептикалық синдром немесе Стивенс-Джонсон синдромының даму қаупін арттыруы мүмкін екені туралы деректер бар.
Карбалекс® пен кейбір диуретиктерді (гидрохлоротиазид, фуросемид) бір мезгілде қабылдау симптоматикалық гипонатриемияға әкелуі мүмкін.
Карбамазепин деполяризацияламайтын миорелаксанттардың (мысалы, панкурония) тиімділігіне қарсы әрекет етуі мүмкін, болжамды түрде олардың дозасы арттырылуы тиіс және пациенттер жүйке-бұлшықет блокадасының күтілгенінен жылдамырақ босатылуы үшін мұқият бақылануы тиіс.
Басқа да психобелсенді препараттар сияқты, карбамазепин алкогольге төзімділікті төмендетуі мүмкін, сондықтан емдеу кезінде алкоголь қабылдамаған дұрыс.
Карбамазепин мен тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттарды (ривароксабан, дабигатран, апиксабан, этоксабан) бір мезгілде қолдану плазмада тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттар концентрациясының төмендеуіне әкелуі және осылайша тромбоз қаупін арттыруы мүмкін. Сол себепті, егер бір мезгілде пайдалану қажет болса, тромбоздың болжамды белгілері мен симптомдарына мұқият мониторинг өткізу ұсынылады.
Серологиялық реакциялармен өзара әрекеттесуі
Карбамазепин тиімділігі жоғары сұйықтық хроматографиясы әдісімен перфеназин концентрациясын анықтауда жалған-оң нәтижеге әкелуі мүмкін.
Карбамазепин және карбамазепин 10,11-эпоксиді трициклды антидепрессанттың концентрацияларын поляризациялық флюоресценттік иммундық талдау әдісімен анықтауда жалған-оң нәтижеге әкелуі мүмкін.