Р450 3А4 (CYP A4) цитохромы белсенді метаболит карбамазепин-10,11-эпоксидінің түзілуін қамтамасыз ететін негізгі фермент болып табылады. CYP 3A4 тежегіштерін бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы карбамазепин концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, ол өз кезегінде жағымсыз реакциялардың пайда болуына себеп болуы мүмкін. CYP 3A4 индукторларын бір мезгілде қолдану карбамазепин метаболизмінің жылдамдауына әкелуі, және, осылайша, қан плазмасындағы карбамазепин концентрациясын төмендетуі мүмкін және осының салдарынан – емдік әсері айқындылығының ықтимал азаюына әкеп соғуы мүмкін. Осыған ұқсас, CYP 3A4 ферменті индукторларын қолдануды тоқтату карбамазепин метаболизмінінің деңгейін төмендетуі және қан плазмасындағы оның концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Карбамазепин CYP 3A4 және бауырдағы I және II фазадағы басқа ферменттік жүйелердің күшті индукторы болып табылады және CYP 3A4 метаболизденетін препараттармен бір мезгілде қолданылғанда метаболизм индукциясын және олардың плазмадағы концентрациясының төмендеуін тудыруы мүмкін.
Адамның микросомалық эпоксидгидролазасы-карбамазепин-10,11-эпоксидтен 10,11-трансдиол туындыларының түзілуіне жауап беретін фермент. Адамның микросомалық эпоксид гидролаза тежегіштерін (мысалы, вальпрой қышқылы) бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы карбамазепин-10,11-эпоксид концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Қан плазмасындағы карбамазепин деңгейін жоғарылатуы мүмкін препараттар
Қан плазмасындағы карбамазепин деңгейінің жоғарылауы жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін (мысалы, бас айналу, ұйқышылдық, атаксия, диплопия), карбамазепиннің дозасын түзету және/немесе оны төмендегі препараттармен бір мезгілде қолданған кезде қан плазмасындағы карбамазепин деңгейін бақылау қажет.
Туберкулезге қарсы препараттар: изониазид.
Жүрек-қан тамырлары препараттары: верапамил, дилтиазем.
Анальгетиктер, қабынуға қарсы препараттар: декстропропоксифен, ибупрофен.
Антидепрессанттар: дезипрамин, вилоксазин, флуоксетин, флувоксамин, тразодон, пароксетин болуы мүмкін.
АІЖ ауруларын емдеуге арналған препараттар: циметидин, омепразол болуы мүмкін.
Карбоангидраза тежегіштері: ацетазоламид.
Андрогендер: даназол.
Антибиотиктер: макролидті антибиотиктер (мысалы, эритромицин, тролеандромицин, йозамицин, кларитромицин, ципрофлоксацин).
Зеңге қарсы препараттар: азол туындылары (мысалы, итраконазол, кетоконазол, флуконазол, вориконазол). Вориконазолмен немесе итраконазолмен емделген пациенттерге эпилепсияға қарсы балама дәрілер ұсынылуы мүмкін.
Антигистаминдік препараттар: терфенадин.
Вирусқа қарсы препараттар: АИТВ емдеуге арналған протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир).
Эпилепсияға қарсы препараттар: стирипентол, вигабатрин.
Психозға қарсы препараттар: локсапин, оланзапин, кветиапин.
Миорелаксанттар: оксибутинин, дантролен.
Антиагреганттық препараттар: тиклопидин.
Басқа заттар: грейпфрут шырыны, никотинамид (тек жоғары дозада).
Қан плазмасындағы карбамазепин-10,11-эпоксидтің белсенді метаболит деңгейін жоғарылататын препараттар
Қан плазмасындағы карбамазепин-10,11-эпоксидтің белсенді метаболитінің деңгейі жоғарылауы жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін (мысалы, бас айналу, ұйқышылдық, атаксия, диплопия, бұлыңғыр көру, нистагмға), карбамазепин дозасын мұқият бақылап, қажет болған жағдайда осы метаболиттің қан плазмасындағы деңгейін жоғарылататын келесі заттармен бір мезгілде қолдану кезінде түзету керек: бриварацетам, локсапин, кветиапин, примидон, прогабид, вальпрой қышқылы, вальноктамид және вальпромид.
Қан плазмасындағы карбамазепин деңгейін төмендететін препараттар
Төменде көрсетілген препараттармен бір мезгілде қолданғанда карбамазепин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Эпилепсияға қарсы препараттар: фенобарбитал, примидон, метсуксимид, фелбамат, окскарбазепин, фенсуксимид, фенитоин, фосфенитоин, клоназепам.
Ісікке қарсы препараттар: цисплатин, доксорубицин.
Туберкулезге қарсы препараттар: рифампицин.
Бронходилататорлар немесе демікпеге қарсы препараттар: теофиллин, аминофиллин.
Дерматологиялық дәрілер: изотретиноин.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу: құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) шөбі бар дәрілік препараттар.
Карбамазепиннің бір мезгілде ем ретінде қолданылатын препараттардың қан плазмасындағы концентрациясына әсері
Карбамазепин қан плазмасындағы концентрацияны төмендетуі, кейбір препараттардың әсерін төмендетуі немесе тіпті толығымен жоюы мүмкін. Клиникалық қажеттілікке сәйкес төмендегі препараттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.
Анальгетиктер, қабынуға қарсы препараттар: бупренорфин, метадон, фентанил, парацетамол, феназон (антипирин), трамадол.
Антибиотиктер: доксициклин, рифабутин.
Антикоагулянттар: пероральді антикоагулянттар (варфарин, фенпрокумон, дикумарол, аценокумарол, ривароксабан, дабигатран, апиксабан, эдоксабан).
Антидепрессанттар: трициклдық антидепрессанттар (мысалы, имипрамин, амитриптилин, нортриптилин, кломипрамин), бупропион, циталопрам, миансерин, нефазодон, сертралин, тразодон.
Құсуға қарсы препараттар: апрепитант.
Эпилепсияға қарсы препараттар: бриварацетам, клобазам, клоназепам, эсликарбазепин, этосуксимид, фелбамат, ламотриджин, окскарбазепин, примидон, тиагабин, топирамат, вальпрой қышқылы, зонисамид.
Зеңге қарсы препараттар: итраконазол, кетоконазол, вориконазол.
Гельминттерге қарсы препараттар: альбендазол, празиквантел.
Ісікке қарсы препараттар: циклофосфамид, иматиниб, лапатиниб, темсиролимус.
Психозға қарсы препараттар: арипипразол, бромперидол, клозапин, галоперидол, оланзапин, палиперидон, кветиапин, рисперидон, зипразидон.
Вирусқа қарсы препараттар: АИТВ-ны емдеуге арналған протеаза тежегіштері (мысалы, индинавир, ритонавир, саквинавир).
Анксиолитикалық препараттар: алпразолам, мидазолам.
Бронходилататорлар немесе демікпеге қарсы препараттар: теофиллин.
Жүрек-қан тамырлары препараттары: кальций өзекшелерінің блокаторлары (дигидропиридин тобы), мысалы, фелодипин, дигоксин, хинидин, пропранолол, симвастатин, аторвастатин, ловастатин, церивастатин, ивабрадин.
Кортикостероидтар: мысалы, преднизолон, дексаметазон.
Иммунодепрессанттар: циклоспорин, эверолимус, сиролимус, такролимус.
Қалқанша безінің ауруларын емдеуге арналған препараттар: левотироксин.
Контрацептивтік препараттар: «Ескерілуі керек біріктірілімдер» қосалқы бөлімін қараңыз.
Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған препараттар: тадалафил.
Ескерілуі керек біріктірілімдер
Фенитоинмен уланудың және карбамазепиннің субтерапиялық концентрациясының пайда болуын болдырмау үшін карбамазепинмен емдеуді бастамас бұрын плазмадағы фенитоин концентрациясын 13 мкг/мл-ге дейін түзету ұсынылады. Плазмадағы мефенитоин деңгейінің жоғарылауының сирек жағдайлары сипатталған, олар ерекше жағдайларда комаға айналатын сананың шатасуына әкелуі мүмкін.
Карбамазепин мен леветирацетамды бір мезгілде қолдану карбамазепиннің уыттылығын арттыратынын көрсететін дәлелдер бар.
Карбамазепин қалқанша безі гормондарының шығарылуын күшейтетін сияқты, сондықтан гипотиреозбен ауыратын пациенттерде олардың қажеттілігін арттырады. Сондықтан, орын басу емін алатын мұндай пациенттерде карбамазепинмен емдеудің басында және соңында қалқанша безінің функциясының көрсеткіштерін анықтау керек. Қажет болса, қалқанша безінің гормондық препараттарының дозасын түзету керек. Атап айтқанда, карбамазепинмен және басқа құрысуға қарсы препараттармен (мысалы, фенобарбитал) бір мезгілде емдеу қалқанша безі функциясының өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Карбамазепинмен және парацетамолмен (ацетаминофенмен) ұзақ уақыт емдеу гепатоуыттылыққа әкелуі мүмкін. Карбамазепин мен изониазидті бір мезгілде қолдану изониазидтің гепатоуыттылығының жоғарылауына әкелетіні хабарланды.
Вориконазол немесе итраконазол қабылдаған пациенттерге қажет болған жағдайда балама құрысуға қарсы препараттарды қолдану ұсынылады.
Карбамазепин мен бриварацетамды бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы бриварацетам концентрациясының төмендеуіне және оның қан плазмасындағы гидрокси-бриварацетам метаболитінің деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Карбамазепинді МАО тежегіштерімен бірге қолдануға болмайды; МАО тежегіштерін қабылдауды карбамазепинді қабылдаудан кемінде 2 апта бұрын немесе клиникалық тұрғыдан қолайлы болса, одан да ұзақ уақытта тоқтату керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Атап өту керек, литий немесе метоклопрамид пен карбамазепинді бір мезгілде қолдану екі препараттың да нейроуыттылық әсерін күшейтуі мүмкін. Сондықтан клиникалық симптомдарды мұқият бақылау қажет. Неврологиялық жағымсыз әсерлер карбамазепин мен нейролептиктерді бірге қолданғанда да күшеюі мүмкін. Нейролептиктермен алдыңғы емдеуді емдеу басталғанға дейін 8 аптадан астам уақыт бұрын тоқтату керек және оларды бір уақытта тағайындамау керек. Нейроуыттылық симптомдардың келесі белгілерін бақылау керек: жүрістің тұрақсыздығы, атаксия, көлденең нистагм, бұлшықет рефлекстерінің жоғарылауы және бұлшықет тартылуы (бұлшықет фасцикуляциясы).
Әдебиеттерде бұрын жүргізілген нейролептиктік терапия аясында карбамазепинді қосымша қолдану қатерлі нейролептиктік синдромның немесе Стивенс-Джонсон синдромының даму қаупін арттыруы мүмкін екендігі туралы дәлелдер бар.
Изотретиноинды (безеуді емдеуге арналған препарат) және карбамазепинді бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы карбамазепин деңгейін бақылау қажет.
Карбамазепинді кейбір диуретик дәрілермен (мысалы, гидрохлоротиазид, фуросемид) бір мезгілде қолдану симптоматикалық гипонатриемияға әкелуі мүмкін.
Гормондық контрацептивтердің тиімділігін төмендетуден басқа, оларды қолданған кезде кенеттен лақылдап қан кетулер пайда болуы мүмкін. Сондықтан контрацептивте 50 мкг-дан астам эстроген болуы керек немесе басқа гормондық емес контрацепция әдістерін ұсыну керек.
Карбамазепин деполяризацияланбайтын бұлшықет миорелаксанттарының тиімділігін төмендетуі мүмкін (мысалы, панкуроний); қажет болған жағдайда олардың дозасын арттыру керек және пациенттерді жүйке-бұлшықет блокадасын күтілгеннен тезірек жеңілдету үшін мұқият бақылау керек.
Карбамазепин, басқа да психотроптық препараттар сияқты, алкогольдің жағымдылығын төмендетуі мүмкін, сондықтан пациенттерге алкогольді пайдалануды тоқтата тұру ұсынылады.
Карбамазепин қан плазмасындағы бупропион концентрациясын төмендетіп, оның гидроксибупропион метаболитінің концентрациясын жоғарылатуы мүмкін, осылайша бупропионның клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігін төмендетеді.
Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттармен (ривароксабан, дабигатран, апиксабан және этоксабан) карбамазепинді бір мезгілде қолдану қан плазмасында тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттар концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл тромбоз қаупіне әкеледі. Сондықтан, егер бір мезгілде қолдану қажет болса, тромбоз белгілері мен симптомдарына мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
Серологиялық зерттеулерге ықпалы
Карбамазепин перфеназин концентрациясын анықтау үшін ВЭЖХ-талдауға жалған-оң нәтиже беруі мүмкін.
Карбамазепин және 10,11-эпоксид метаболит трициклді антидепрессанттардың концентрациясын анықтау үшін поляризацияланған флуоресценция әдісімен иммунологиялық талдауға жалған-оң нәтиже беруі мүмкін.