Карбоплатинмен емдеуді тек мамандандырылған онкологиялық медициналық мекемелерде ісікке қарсы препараттарды тағайындауда тәжірибесі бар дәрігерлер жүргізуі керек. Бұл медициналық мекемелер ықтимал асқынулар үшін реанимациялық терапияны қамтамасыз етуге дайын болуы қажет. Қан талдауын, сондай-ақ, бүйрек және бауыр функциясын бағалау бойынша тестілерді жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет, ал сүйек кемігі функциясының елеулі бәсеңдеуі немесе бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары дамыған жағдайда, бұл дәрілік препаратпен емдеуді тоқтату керек.
Карбоплатин мутагенді және ықтимал канцерогенді зат болып табылады. Карбоплатинді сұйылту және енгізу кезінде уытты заттармен қауіпсіз жұмыс істеуге арналған сақтық шараларын қадағалау қажет. Қарбоплатин препаратын сұйылту мен енгізуді үйретілген қызметкер тиісінше қорғағыш қолғаптармен, бетперделерді және қорғаныс киімін кие отырып жүргізуі тиіс.
Дәрілік препараттың кез келген қалдық мөлшері және карбоплатинді сұйылту және вена ішіне енгізу үшін пайдаланылған тұтыну материалдарын, медицина мекемесінде қолданыстағы ережелерге сәйкес утилизациялау керек.
Гематологиялық уыттылығы
Лейкопения, нейтропения және тромбоцитопения дозаға тәуелді және дозаны шектейтін жай-күйлер болып табылады. Карбоплатинмен емдеу кезінде шеткері қанның талдауын жиі, ал гематологиялық уыттылық дамыған жағдайларда, қан көрсеткіштері қалпына келгенге дейін жүргізу керек. Карбоплатинді монотерапияда қабылдап жүрген пациенттерде гематологиялық надирге жету медианасы 21-інші күнге, ал карбоплатинді басқа цитоуытты препараттармен біріктіріп қабылдап жүрген пациенттерде – 15-інші күнге келеді. Жалпы алғанда, карбоплатинді бір реттік курстық енгізуді лейкоциттер, нейтрофилдер және тромбоциттер деңгейлері қалыпқа түскенше жүргізбеу керек. Карбоплатинді кезекті енгізуді, алдыңғы емдеу курсы аяқталғаннан кейін және/немесе нейтрофилдер кемінде 2000 жасуша/мм3 деңгейіне және тромбоциттер кемінде 100 000 жасуша/мм3 деңгейіне дейін қалпына келгеннен кейін кемінде төрт аптадан соң жүргізуге болады. Қан құю қажет болуы мүмкін, ал ары қарай емдеу үшін дозаны төмендету ұсынылады.
Анемия сирек жағдайда қан құюды қажет ететін жиі және кумулятивтік жай-күй болып табылады.
Карбоплатинді қабылдаған пациенттерде, дәрілік препарат индукциялаған серологиялық антиденелердің болуымен гемолиздік анемия дамыған туралы хабарламалар бар. Бұл асқыну өлімге соқтыруы мүмкін.
Бұрын ісікке қарсы ем қабылдаған (әсіресе, бұрын цисплатинді қабылдаған), және/немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде миелосупрессияның, әсіресе тромбоцитопенияның, ауырлығы арта түседі. Ондай пациенттерде карбоплатиннің бастапқы дозаларын төмендету, және препаратты енгізулер арасындағы аралықтарда қан талдауларын жиі жасау жолымен қан көрсеткіштеріне мұқият қадағалауды жүргізу керек.
Карбоплатиннің миелосупрессивтік әсерін қатарлас химиотерапияның миелосупрессивтік әсерлері толықтыруы мүмкін. Ауыр және тұрақты миелосупрессиясы бар пациенттерде өлім жағдайларын қоса, инфекциялық асқынулардың қаупі жоғарылайды. Миелоуыттылық дамыған жағдайда, карбоплатинмен емдеуді үзе тұру, дозасын түзету немесе емдеуді толықтай тоқтату қажеттілігін қарастыру қажет. Емнің басқа миелосупрессивтік түрлерімен біріктірілген карбоплатинмен емдеуді, аддитивті миелосупрессивтік әсерін азайту үшін дозалары мен уақытты ескере отырып өте мұқият жоспарлау керек.
Карбоплатинмен және ісікке қарсы басқа препараттармен емдеуден кейін бірнеше жылдан соң дамыған жедел промиелоциттік лейкоз және миелодисплазиялық синдром (МДС)/жедел миелоидтық лейкоз (ЖМЛ) туралы хабарламалар болған.
Гемолиздік-уремиялық синдром (ГУС)
Гемолиздік-уремиялық синдром (ГУС) өмірге қауіпті жағымсыз әсер болып табылады. Микроангиопатиялық гемолиздік анемияның алғашқы симптомдары мен белгілері, мысалы, қатарлас тромбоцитопениямен гемоглобиннің жылдам төмендеуі, сарысудағы билирубин, сарысудағы креатинин, қан мочевинасы азоты немесе лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы кезінде карбоплатинмен емдеуді тоқтату керек. Бүйрек жеткіліксіздігі тіпті, емдеуді тоқтатқаннан кейін де қайтымсыз болып шығуы мүмкін, соған байланысты, диализ жүргізу қажет болуы мүмкін.
Аллергиялық реакциялар
Платина негізіндегі басқа препараттармен жағдайдағы сияқты, карбоплатинді енгізгенде көбінесе инфузия кезінде туындайтын аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін, соның нәтижесінде инфузияны тоқтату және тиісінше симптоматикалық ем қажет болуы мүмкін. Құрамында платина бар дәрілік заттар арасындағы, кейде өлімге соқтырған айқаспалы реакциялар туралы хабарламалар болған.
Коунис синдромына дейін үдеген жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарламалар бар (миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін жедел аллергиялық коронарлық артериоспазм, «Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» бөлімін қараңыз).
Бүйрекке уыттылығы
Нефроуыттылықтың жиілігі мен ауырлығы карбоплатинмен емдеуді бастамас бұрын бүйрек функциясының бұзылуы бар болған пациенттерде артуы мүмкін. Тиісті гидратация бағдарламасы препараттың нефроуыттылығын төмендетуі мүмкін бе, белгісіз, бірақ бүйрек функциясында орташа деңгейде өзгерістер болған кезде дозаны азайту немесе карбоплатинмен емдеуді тоқтату қажет.
Бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегіге қарағанда, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қан түзу жүйесіне карбоплатиннің ықпалы айқынырақ және ұзағырақ болады. Бұл қауіп тобында карбоплатинмен емдеу ерекше сақтықпен жүргізілуі тиіс.
Неврологиялық уыттылығы
Әдетте, шеткері неврологиялық уыттылығы жиі және жеңіл түрде дамитын, және парестезиялармен және терең сіңір рефлекстерінің төмендеуімен шектелетін болса да, 65 жастан асқан пациентерде және/немесе бұрын цисплатинді қабылдаған пациенттерде оның жиілігі жоғарылайды. Мониторинг және неврологиялық тексерулерді жүйелі аралықтармен жүргізіп отыру керек.
Карбоплатинді бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылған дозаларынан артық дозаларда енгізгеннен кейін, көрмей қалуды қоса, көру қабілетіндегі бұзылулар туралы хабарланды. Көру қабілеті препараттың жоғары дозаларын енгізу тоқтатылғаннан кейін бірнеше аптаның ішінде толығымен немесе елеулі дәрежеде қалпына келеді.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар
Карбоплатин құсуды туындатады. Құсудың жиілігі мен ауырлығын алдын ала құсуға қарсы препараттарды тағайындаумен, карбоплатинді 24 сағат бойы үздіксіз инфузия түрінде енгізумен немесе бір реттік доза түрінде емес, 5 күн бойына жекелей дозаларды инфузиялаумен азайтуға болады. Серотонинергиялық рецепторлардың 3 типті селективті тежегіштері (5-НТ3) (мысалы, ондансетрон) немесе алмастырылған бензамидтер (мысалы, метоклопрамид) құсуға қарсы әсіресе тиімді препараттар болуы мүмкін, ал рефрактерлі немесе құсу әсері ауыр пациенттерде біріктірілген терапияны қарастыруға болады.
Қайтымды артқы лейкоэнцефалопатия синдромы (ҚАЛС)
Карбоплатинді біріктірілген химиотерапия режимінде қабылдаған пациенттерде қайтымды артқы лейкоэнцефалопатия синдромы (ҚАЛС) жағдайлары туралы хабарламалар болған. ҚАЛС – бұл сирек, емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды, жылдам өрбитін неврологиялық жай-күй, ол конвульсияны, гипертензияны, бас ауыруын, сананың шатасуын, соқырлықты және басқа, көру қабілетіндегі және неврологиялық бұзылуларды қамтиды. ҚАЛС диагностикасы миды көріністеу, дұрысы МРТ (магнитті-резонансты томография) деректеріне негізделеді.
Бауырдың веноокклюзиялық ауруы
Бауырдың веноокклюзиялық ауруы жағдайлары (синусоидтық обструкция синдромы) туралы хабарланды. Олардың кейбіреулері өлімге соқтырған. Пациенттерде бауыр функциясы бұзылуларының немесе порталдық гипертензияның белгілері мен симптомдарының бар-жоқтығын қадағалау керек, олардың бауырда метастаздар нәтижесінде дамымағаны анық.
Ісік лизисі синдромы (ІЛС)
Тіркеуден кейінгі кезеңде карбоплатинді монотерапия режимінде немесе ісікке қарсы басқа препараттармен біріктіріп енгізгенде ісік лизисі синдромы туралы хабарламалар пайда болды.
Ісік массасы жылдам ұлғаятын және цитоуытты дәрілерге сезімталдығы жоғары пациенттер сияқты, ІЛС қаупі жоғары пациенттерді мұқият қадағалау керек, сондай-ақ, тиісінше сақтық шараларын қадағалау керек.
Карбоплатинді дозалау
Егер ШСЖ Кокрофт-Голт формуласы бойынша бағаланса, пациенттердің кейбір қосалқы топтары (мысалы, 40 жастан 59 жасқа дейінгі пациенттер, дене салмағы индексі 20-25 пациенттер) толық емделмеу қаупі аса жоғары болады. Карбоплатинмен емнің емдеп жазатын әсеріне қол жеткізу үшін ШСЖ дәл анықтаудың ерекше маңыздылығын ескере отырып, егер мүмкін болса, ШСЖ стандартты әдістермен (инулин, 51Cr-EDTA, 99mTc-DTPA, 125I-иоталамат немесе йогексол) анықтаған дұрыс.
Басқа да
Карбоплатинмен емдеу кезінде естудің бұзылулары туралы хабарланды. Отоуыттылығы балаларда айқынырақ болуы мүмкін. Балаларда кейінірек басталған естімей қалу жағдайдары туралы хабарланды. Пациенттердің бұл тобында ұзақмерзімді аудиометриялық қадағалау жүргізу ұсынылады.
Карбоплатинді қоса, цитоуытты препараттарды енгізумен иммунокомпрометацияланған пациенттерді тірі немесе тірі аттенуирленген вакциналармен вакцинациялау, ауыр немесе өлімге соқтыратын инфекциялардың дамуына алып келуі мүмкін. Карбоплатинді қабылдаған пациенттерді тірі вакциналармен вакцинациялауды жүргізбеген дұрыс. Өлі немесе белсенділігі жойылған вакциналармен вакцинациялауға болады; алайда, ондай вакциналарға иммундық жауап төмендеуі мүмкін.
Карбоплатиннің канцерогендік потенциалы зерттелмеген, алайда әсер ету механизмі мен мутагенділігі ұқсас қосылыстар канцерогенді екендігі туралы хабарланған. Емдеу кезінде және одан кейін кемінде 6 ай бойы жүктілікті болдырмау үшін тиісті шараларды қабылдау қажет. Сондай-ақ ерлер емдеу кезінде және емдеуден кейін кемінде 3 ай бойы сақтық шараларын қабылдаулары қажет, өйткені карбоплатиннің мутагендік потенциалына байланысты адам шәуһетіндегі хромосомалар бұзылулары мүмкін.
Егер бала туу жоспарланса, емдеуді бастамас бұрын шәуһетті криоконсервациялау туралы кеңес алу ұсынылады. Жүкті әйелдер карбоплатинмен байланыста болудан аулақ болулары керек.
Арнайы ескертулер
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы жиі төмендейтіндіктен, мұны карбоплатиннің дозасын белгілеген кезде ескеру керек.
Балалар
Балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.