Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат – бисопролол фумараты - 5.0 мг немесе 10.0 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, сусыз кальций гидрофосфаты, желатинделген крахмал, повидон К 30, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты
үлбірлі қабықтың құрамы: Sheffcoat HS Yellow( 5 мг доза үшін): гидроксипропилметилцеллюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е171), тальк, темірдің сары тотығы (Е172);
Sheffcoat Orange( 10 мг доза үшін): гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е171), тальк, темірдің сары тотығы (Е172).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Бозғылт сарыдан сары түске дейін үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті дөңес дөңгелек пішінді, бір жағында сызығы бар таблеткалар (5 мг доза үшін).
Сары түстен ашық-қызғылт сары түске дейін үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті дөңес дөңгелек пішінді, бір жағында сызығы бар таблеткалар (10 мг доза үшін).
Әсер ету механизмі
Бисопролол − жоғары селективті β1-адреноблокатор, ішкі симпатомиметикалық және жарғақшаны тұрақтандыратын белсенділікке ие емес, бронхтар мен тамырлардың тегіс бұлшықеттерінің β2-рецепторларына және ферментативті метаболизмдік реттеудің β2-рецепторларына төмен ұқсастығы бар, тыныс алу жолдарының кедергісіне және бета2-негізделген метаболикалық процесстерге әсер етпейді. Оның бета1-селективтілігі емдік дозалар диапазонынан асып түседі. Бисопрололдың теріс инотропты әсері жоқ.
Фармакодинамикалық әсерлері
Бисопрололдың ең жоғары әсеріне пероральді қабылдағаннан кейін 3-4 сағаттан соң қол жеткізіледі. Жартылай шығарылу кезеңі (10-12 сағат) препаратты күніне бір рет қабылдағанда 24 сағаттық тиімділікті қамтамасыз етеді. Жалпы жағдайда, бисопрололдың гипертензияға қарсы ең жоғары әсеріне 2 апталық емдеуден кейін қол жеткізіледі.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі жоқ жүректің ишемиялық ауруы бар науқастардың жедел жағдайларын емдеуде бисопролол жүректің жиырылу жиілігін төмендетеді және соғу көлемін азайтады, бұл шығару фракциясының және оттегі тұтынудың төмендеуіне әкеледі. Созылмалы жағдайларды емдеу кезінде бастапқыда жоғарылаған шеткергі кедергі азаяды. Плазма ренині белсенділігінің төмендеуі бета-блокаторлардың гипертензияға қарсы әсерінің негізінде жатыр.
Бисопролол жүректің бета1-рецепторларын бөгеу арқылы симпатоадренергиялық белсенділікке жауапты басады. Бұл әсер жүректің соғуының баяулауына және жиырылғыштықтың төмендеуіне әкеледі, бұл миокардтың оттегін тұтынуының төмендеуіне әкеледі. Соңғысы стенокардиясы және жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде қажетті әсерді тудырады.
Таблеткаларды таңертең аз мөлшердегі сұйықтықпен және шайнамай, тамақ ішуге қарамастан қабылдау керек.
Дозалау режимі
Дозалау
Емдеуді біртіндеп, аз дозадан бастау керек, содан кейін арттыруға болады. Барлық жағдайларда доза пульстің жиілігін және емдік әсерін ескере отырып, жеке таңдалуы керек.
Артериялық гипертензияны емдеу
КарДОРИТМ® ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды.
Гипертонияның жеңіл формаларында (диастолалық артериялық қысым 105 мм с.б. дейін), күніне бір рет 2,5 мг доза терапиясы жеткілікті болуы мүмкін.
Қажет болса, дозаны күніне бір рет 10 мг-ға дейін арттыруға болады.
Дозаны одан әрі арттыру ерекше жағдайларда негізделуі және жүргізілуі тиіс.
КарДОРИТМ®препаратының ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды.
Жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия)
КарДОРИТМ® ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды.
Қажет болса, дозаны күніне бір рет 10 мг-ға дейін арттыруға болады.
Дозаны одан әрі арттыру ерекше жағдайларда негізделуі және жүргізілуі тиіс.
КарДОРИТМ®препаратының ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды.
Емдеу ұзақтығы шектелмейді және аурудың ағымы мен ауырлығына
байланысты
КарДОРИТМ®препаратымен емдеуді, әсіресе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде бірден тоқтатуға болмайды, өйткені бұл пациенттің денсаулығының жедел нашарлауына әкелуі мүмкін. Егер емдеуді тоқтата тұру қажет болса, дозаны біртіндеп төмендету керек (мысалы, аптасына бір рет дозаны екі есе азайту).
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр немесе бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа ауырлықтағы бұзылулары бар пациенттерге дозалау режимін түзету, әдетте, талап етілмейді. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар науқастар (креатинин клиренсі <20 мл/мин) және бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер үшін ең жоғары тәуліктік доза 10 мг құрайды.
Диализдегі пациенттерде КарДОРИТМ® қолданудың шектеулі тәжірибесі бар, ол дозалау режимін түзету қажеттілігін көрсетпейді.
Егде жастағы адамдар
Дозаны түзету қажет емес.
Балалар
Бисопрололды педиатриялық практикада қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты оны балаларға қолдану ұсынылмайды.
• жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе вена ішілік инотропты терапияны қажет ететін декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі
• кардиогенді шок
• II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада (электрокардиостимуляторсыз)
• синус түйінінің әлсіздік синдромы
• синоатриялық блокада
• симптоматикалық брадикардия
• симптоматикалық гипотензия
• анамнезде бронх демікпесінің және өкпенің созылмалы обструктивті ауруының ауыр түрлері
• шеткергі артериялық обтурация ауруының кеш сатылары немесе Рейно ауруы
• емделмеген феохромоцитома
• метаболикалық ацидоз
• бисопрололға немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
• 18 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)
• жүктілік және лактация кезеңі
Сақтықпен
• жүрек функциясының қатарлас жеткіліксіздігі бар гипертония немесе стенокардия
• бронхоспазм (бронх демікпесі, өкпенің обструктивті аурулары)
• қандағы глюкоза деңгейінің айтарлықтай ауытқуы бар қант диабеті; жасырын болуы мүмкін гипогликемия симптомдары (мысалы, тахикардия, жүректің жиі соғуы немесе терлеу)
• қатаң диета
• десенсибилизациялаушы емнің жалғасуы
• АV-блокадның бірінші дәрежесі
• Принцметал стенокардиясы
• перифериялық артериялық обтурациялаушы ауру (шағымдар, әсіресе терапияның басында көбеюі мүмкін)
анамнезінде псориаз бар пациенттерге бета-блокаторлар (мысалы, бисопролол) пайда/қауіпті мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындалуы тиіс
Жиі (1/100-ден 1/10-ға дейін)
• бас айналу*, бас ауыру*, шаршау*
• жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қату
• аяқ-қолдардың мұздау немесе ұю сезімі
Жиі емес (1/1000-нан 1/100-ге дейін)
• брадикардия, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы, бар жүрек функциясы жеткіліксіздігінің нашарлауы
• анамнезінде бронх демікпесі немесе тыныс алу ағзаларының обструктивті ауруы бар пациенттердегі бронхоспазм
• бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет спазмы
• гипотония, астения
• депрессия, ұйқының бұзылуы
Сирек (1/10 000-нан 1/1000-ға дейін)
• триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, бауыр ферменттері (АЛТ, АСТ) деңгейінің жоғарылауы, гепатит
• көзжас ағуының азаюы (пациент жанаспалы линзаларды киген кезде ескеру керек)
• есту қабілетінің бұзылуы, потенцияның бұзылуы
• аллергиялық ринит
• қышу, қызару, бөртпе сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары
• түнгі үрейлер, галлюцинациялар, талма
Өте сирек (1/10 000)
• конъюнктивит
• шаштың түсуі, бета-блокаторлар псориазды қоздыруы немесе күшейтуі немесе псориаз типті бөртпелерді тудыруы мүмкін
* Бұл симптомдар емнің басында жиі пайда болады. Олар әдетте төмен қарқындылыққа ие және әдетте 1-2 апта ішінде жоғалады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары:
Бета-блокаторлардың артық дозалануының ең көп кездесетін белгілері - брадикардия, артериялық гипотензия, бронхоспазм, жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі және гипогликемия.
Емдеу:
Препаратты қабылдауды тоқтату және қолайлы және симптоматикалық емдеуді бастау керек. Бисопролол диализ арқылы шығарылады.
Брадикардия: Атропинді вена ішіне енгізу. Жауап адекватты болмаған жағдайда орципреналинді немесе оң хронотропты қасиеттері бар басқа агенттерді сақтықпен қолдануға болады. Кейбір жағдайларда электрокардиостимуляторды трансвеналық имплантациялау қажет болуы мүмкін.
Гипотензия: Вена ішіне инфузия және вазопрессорларды енгізу. Вена ішілік глюкагон да тиімді болуы мүмкін.
АV-блокада (екінші немесе үшінші дәрежелі): Пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс, сондай-ақ оларға орципреналин құю қажет. Қажет болса, өтпелі кардиостимуляторларды имплантациялау керек.
Жүрек функциясы жеткіліксіздігінің жедел нашарлауы: Диуретиктерді, оң инотропты препараттарды, сондай-ақ вазодилаторларды вена ішіне енгізу.
Бронхоспазм: бронходилататорларды енгізу, мысалы, орципреналин, β2-симпатомиметиктер және/немесе эуфиллин.
Гипогликемия: глюкозаны вена ішіне енгізу.
Бауыр немесе бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа ауырлықтағы бұзылулары бар пациенттерге дозалау режимін түзету, әдетте, талап етілмейді. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар науқастар (креатинин клиренсі <20 мл/мин) және бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер үшін ең жоғары тәуліктік доза 10 мг құрайды.
Препаратты диализді пациенттерде қолдану дозалау режимін түзетуді талап етпейді. Пациенттердің осы топтарында дозаны титрлеуді аса сақтықпен жүргізген жөн.
Арнайы сақтандырулар
Пациенттердің ерекше топтары: қазіргі уақытта бисопрололды жүрек функциясының жеткіліксіздігі және I типті инсулинге тәуелді қант диабеті, бүйрек функциясының ауыр бұзылуы, бауыр функциясының ауыр бұзылуы, шектеуші кардиомиопатия, жүректің туа біткен аурулары немесе гемодинамиканы бұзатын жүрек клапандарының органикалық ақаулары бар пациенттерге қолданудың жеткілікті терапиялық тәжірибесі жоқ. Сондай-ақ, алғашқы 3 ай ішінде жүрек функциясының жеткіліксіздігі және миокард инфарктісі бар пациенттерге бисопрололды қолданудың жеткілікті терапиялық тәжірибесі жоқ.
Аллергиялық реакциялар: Басқа бета-блокаторлар сияқты, КарДОРИТМ ® аллергендерге сезімталдықты да, анафилаксиялық реакциялардың айқындылығын да арттыруы мүмкін. Бұл жағдайларда адреналин әрқашан қажетті терапиялық әсерді қамтамасыз ете алмайды.
Тыныс алу жүйесі: Симптомдармен бірге жүретін бронх демікпесі немесе басқа созылмалы обструктивті дисфункциялар кезінде бірлескен бронхолитикалық ем жүргізу көрсетілген. Сирек жағдайларда демікпесі бар пациенттерде тыныс алу жолдарының кедергісі артуы мүмкін, бұл β2-симпатомиметиктердің дозасын арттыруды талап етеді.
Жалпы анестезия: Жалпы анестезия алған пациенттерде бета-блокаторлар кіріспе наркоз, интубация кезінде және операциядан кейін аритмия мен миокард ишемиясының қаупін азайтады. Қазіргі уақытта бета-блокаторларды периоперациялық қолдануды жалғастыру ұсынылады. Анестезиологқа пациенттің бета-блокаторларды қабылдағаны туралы хабарлау керек, өйткені брадиаритмияға, рефлекторлық тахикардияның әлсіреуіне, сондай-ақ қан жоғалтудың алдын алуға рефлекторлық қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі мүмкін. Егер операциядан бұрын бета-блокаторлармен емдеуді тоқтату қажет болса, онда ол біртіндеп орындалуы және анестезиядан шамамен 48 сағат бұрын толық аяқталуы тиіс.
Псориаз: псориазы бар немесе анамнезінде псориазы болған пациенттер бета-блокаторларды (мысалы, бисопролол) пайдасы мен қаупін мұқият салыстырғаннан кейін қабылдауы керек.
Феохромоцитома: Феохромоцитомасы бар пациенттерге бисопролол альфа-рецепторлардың блокадасынан кейін ғана енгізілуі тиіс.
Тиреотоксикоз: Бисопрололмен емдеу кезінде тиреотоксикоз симптомдары анықталмауы мүмкін.
Бисопрололды қолдану допинг-тесттердің оң нәтижелеріне әкелуі мүмкін.
Жүктілік
Бисопролол жүктілік кезінде және/немесе шаранаға/жаңа туған нәрестеге жанама әсер етуі мүмкін. Жалпы, β-адреноблокаторлар плаценталық перфузияны төмендетеді, бұл өсудің тежелуімен, құрсақішілік өліммен, түсік түсірумен немесе мерзімінен бұрын босанумен байланысты. Жанама әсерлер (гипогликемия және брадикардия) шаранада да және жаңа туылған нәрестелерде де пайда болуы мүмкін. КАРДОРИТМДІ® жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Лактация кезеңі
Бисопрололды адам сүтімен шығару бойынша деректер, сондай-ақ бисопрололдың жаңа туған нәрестелерге әсер ету қауіпсіздігі бойынша деректер жоқ. Демек, препаратты қолдану кезінде емшек емізу ұсынылмайды.
Егде жастағы адамдар
Дозаны түзету қажет емес.
Педиатрияда қолдану
КАРДОРИТМ® препаратын балаларға қолдану бойынша деректердің саны жеткілікті болмағандықтан, препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бисопролол жүректің коронарлық тамырларының ауруларымен ауыратын пациенттер үшін көлік жүргізу қабілетіне әсер етпейді. Алайда, жеке реакцияларға байланысты көлікті басқару немесе техникалық күрделі механизмдермен жұмыс істеу қабілеті бұзылуы мүмкін. Бұған емдеудің басында, дозаны өзгерткеннен кейін, сондай-ақ алкогольді бір мезгілде қолданғанда ерекше назар аудару керек.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау препараттың әсері мен төзімділігіне әсер етуі мүмкін. Мұндай өзара әрекеттесулер басқа препаратты қабылдағаннан бері тым аз уақыт өтсе де орын алуы мүмкін. Егер сіз басқа дәрілік препаратарды қабылдасаңыз, емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз.
Келесі препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:
Верапамил және аз дәрежеде дилтиазем түріндегі кальций антагонистері КарДОРИТМ® препаратымен бір мезгілде қолданғанда жүрек бұлшықетінің жиырылу қабілетінің төмендеуіне алып келуі және атриовентрикулярлық импульстердің өткізілуін кідіртуі мүмкін. Атап айтқанда, бета-блокаторлармен ем алатын пациенттерге верапамилді вена ішіне енгізу терең гипотензияға және атриовентрикулярлық блокадаға әкелуі мүмкін.
Орталыққа әсер ететін гипертензияға қарсы препараттар (мысалы, клонидин, метилдопа, моксонидин, рилменидин) ЖЖЖ және жүрек шығарымының төмендеуіне, сондай-ақ орталық симпатикалық тонустың төмендеуіне байланысты вазодиляцияға әкелуі мүмкін. Бірден тоқтату, әсіресе бета-блокаторларды тоқтатқанға дейін «рикошеттік» гипертензияның даму қаупін арттыруы мүмкін.
Келесі препараттармен сақтықпен қолдану керек:
I класты аритмияға қарсы дәрілер (мысалы, хинидин, дизопирамид, лидокаин, фенитоин, флекаинид, пропафенон): атриовентрикулярлық өткізгіштік уақытына әсер етеді, сондай-ақ теріс инотропты әсер артуы мүмкін.
Дигидропиридин типі бойынша кальций өзекшелерінің блокаторлары (мысалы, нифедипин): бірге қолдану гипотензия қаупін арттыруы мүмкін, сондай-ақ жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарыншалардың айдағыш функциясының бұзылуы жоққа шығарылмайды.
III классты аритмияға қарсы дәрілер (мысалы, амиодарон): атриовентрикулярлық өткізгіштік уақытына әсер етуінің артуы мүмкін.
Парасимпатомиметиктер: аралас терапия атриовентрикулярлық өткізгіштік уақытын ұлғайтуы және брадикардия қаупін арттыруы мүмкін.
Бета-блокаторларды жергілікті қолдану (мысалы, глаукоманы емдеуге арналған көзге тамызатын дәрі) бисопрололдың жүйелік әсерін күшейтуі мүмкін.
Инсулиннің және диабетке қарсы пероральді дәрілердің қантты төмендететін әсері күшеюі мүмкін. Бета-адренорецепторлардың блокадасы гипогликемия симптомдарын жасыруы мүмкін.
Анестезиялаушы препараттар: рефлекторлық тахикардияның әлсіреуі және гипотензия қаупінің жоғарылауы.
Жүрек гликозидтері: жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі, атриовентрикулярлық өткізгіштік уақытының жоғарылауы.
Қабынуға қарсы стероид емес препараттар (ҚҚСП): бисопрололдың гипотензивті әсерін төмендетуі мүмкін.
β-симпатомиметиктер (мысалы, добутамин, орципреналин): бисопрололмен біріктіру екі агенттің әсерін төмендетуі мүмкін. Аллергиялық реакцияларды емдеу үшін адреналиннің жоғары дозалары қажет болуы мүмкін.
α- және β-рецепторларды белсендіретін симпатомиметиктер (мысалы, адреналин, норадреналин): қан қысымының жоғарылауы және ұстамалы ақсақтықтың күшеюі мүмкін. Мұндай өзара әрекеттесу селективті емес бета-блокаторларды қолдану кезінде барынша ықтимал.
Гипертензияға қарсы дәрілер, сондай-ақ гипертензияға қарсы ықтимал әсері бар басқа да дәрілер (мысалы, трициклді антидепрессанттар, барбитураттар, фенотиазиндер) КАРДОРИТМ® препаратының гипотензивті әсерін күшейтуі мүмкін.
Келесі препараттарды бірге қолданған кезде мынадай ескертулер назарға алынуы керек:
Мефлохин: брадикардияның жоғары қаупі.
Моноаминоксидаза тежегіштері (МАО-В тежегіштерінен басқа): бета-блокаторлардың гипотензивті әсерінің жоғарылауы, сондай-ақ гипертониялық криз қаупі.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.