Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой, с модифицированным высвобождением
Дозасы
35 мг
Саудалық атауы
Карметадин
Әсер етуші зат
Триметазидин
Мақсаты
Бірінші желілі антиангинальді препараттарды көтере алмаушылық немесе тиімділігі жеткіліксіз болғанда ересектердегі тұрақты стенокардияны симптоматикалық емдеуде (тек…
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 таблетканың құрамында
белсенді зат – триметазидин дигидрохлориді 35 мг,
қосымша заттар: полиэтиленоксид, сусыз кальций гидрофосфаты, ксантан шайыры, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон, магний стеараты.
қабықтың құрамы: Опадри® II қоңыр 85G565010 (поливинил спирті, тальк, полиэтиленгликоль / макрогол, титанның қостотығы (Е 171), соя лецитині, темірдің қызыл тотығы (Е 172)), глицерин, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жағында «TZN 35» өрнегі бар және екінші жағы тегіс, қызғылттау-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Бірінші желілі антиангинальді препараттарды көтере алмаушылық немесе тиімділігі жеткіліксіз болғанда ересектердегі тұрақты стенокардияны симптоматикалық емдеуде (тек біріктірілген ем құрамында).
Гипоксияға немесе ишемияға ұшыраған жасушаларда энергетикалық метаболизмді сақтау арқылы триметазидин жасушаішілік аденозин трифосфаты (АТФ) деңгейінің төмендеуіне жол бермейді, осылайша натрий мен калийдің трансжарғақшалық ағындарын реттейтін иондық сорғылардың дұрыс жұмыс істеуін және жасушалық гомеостаздың сақталуын қамтамасыз етеді.
Триметазидин 3-кетоацил-КоА-тиолаза ферментін тежеу есебінен май қышқылдарының β-тотығу процесін бұзады, бұл өз кезегінде глюкозаның тотығу процесін стимуляциялауға әкеледі. Ишемияланған жасушаларда энергия пайда болатын бұл процесс β тотығу процесіне қарағанда аз оттегін тұтынуды қажет етеді. Осылайша, триметазидин глюкозаның тотығу процесін стимуляциялау арқылы жасушадағы энергия процестерін оңтайландырады және ишемия кезінде тиісті энергия метаболизмін сақтайды.
Жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде триметазидин метаболизмдік агент ретінде әрекет етеді, ол миокард жасушаларында жоғары энергиялы фосфаттар қорын сақтайды. Триметазидин гемодинамикаға әсер етпей, ишемияға қарсы әсерге ие.
Дозалау режимі
Ұсынылатын доза - 35 мг триметазидиннің 1 таблеткасын таңертең және кешке күніне екі рет тамақтану кезінде ішке қабылдау.
Емдеу нәтижелерін үш айдан кейін бағалау керек. Триметазидинмен емдеуге жауап болмаған жағдайда препаратты қолдануды тоқтату керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде триметазидинді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі деректердің болмауына байланысты анықталмаған.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде қан плазмасындағы триметазидин концентрациясы жасына қарай бүйрек функциясының төмендеуіне байланысты жоғарылауы мүмкін. Ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (CLCR 30-60 мл/мин) бар пациенттерде ұсынылған доза - 35 мг триметазидиннің 1 таблеткасын тәулігіне бір рет таңертең. Егде жастағы пациенттерде препараттың дозасын сақтықпен түзету керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігіне (креатинин клиренсі (CLCR) 30-60 мл/мин) шалдыққан пациенттерде ұсынылған доза - 35 мг триметазидиннің 1 таблеткасы, тәулігіне бір рет таңертең.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
• әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• Паркинсон ауруы, паркинсонизм симптомдары, тремор, мазасыз аяқ синдромы және басқа ұқсас қозғалыс бұзылыстары
• ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (CLCR< 30 мл/мин)
Қан және лимфа жүйесі тарапынан: жиілігі белгісіз - агранулоцитоз, тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура.
Жүйке жүйесі тарапынан: жиі - бас айналу, бас ауыру; жиі емес - парестезия**; жиілігі белгісіз - паркинсонизм симптомдары (тремор, акинезия, бұлшықет тонусының жоғарылауы), теңселіп жүру, мазасыз аяқ синдромы және басқа да ұқсас қозғалыс бұзылыстары, олар әдетте емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды сипатқа ие, ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық, ұйқышылдық).
Есту мүшелері тарапынан және лабиринтті бұзылулар: жиілігі белгісіз - вертиго.
Жүрек тарапынан: сирек - пальпитация, экстрасистолия, тахикардия.
Тамырлар тарапынан: сирек-артериялық гипотензия, ортостатикалық гипотензия, ол сондай-ақ дімкәстікпен, бас айналумен немесе құлаумен байланысты болуы мүмкін, әсіресе гипертензияға қарсы ем алатын пациенттерде, ысыну.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: жиі - іштің ауыруы, диарея, диспепсия, жүрек айнуы және құсу; жиілігі белгісіз - іш қату.
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан: жиілігі белгісіз-гепатит.
Тері және теріасты тіндері тарапынан: жиі - бөртпе, қышыну, есекжем; жиілігі белгісіз - эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS) дәрілік реакция, жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP), ангионевроздық ісіну.
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар: жиі-астения.
**Ерекше жанама әсерлер: 100 адамның 1-інде байқалуы мүмкін. Шаншу немесе тітіркену (парестезия) сияқты терідегі әдеттен тыс сезімдер.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Триметазидиннің артық дозалануы туралы деректер шектеулі. Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу қажет.
Арнайы ескертулер
Карметадин препараты стенокардия ұстамаларын басуға арналмаған және ауруханаға дейінгі кезеңде де, стационарда емдеудің алғашқы күндерінде де тұрақсыз стенокардия немесе миокард инфарктісі кезінде бастапқы ем ретінде көрсетілмеген.
Стенокардия ұстамалары пайда болған жағдайда коронарлық қан ағымының жай-күйін бағалау және тиісті емді (дәрі-дәрмекпен емдеу және, мүмкін, реваскуляризация) таңдау қажет.
Триметазидинді қолданған кезде паркинсонизм симптомдарының дамуы немесе өршуі мүмкін (тремор, акинезия, бұлшықет тонусының жоғарылауы), сондықтан пациенттерге, әсіресе егде жастағы адамдарға осындай симптомдарға қатысты үнемі мониторинг жүргізу қажет. Күмәнді жағдайларда невропатологтан кеңес алу керек және қажет болған жағдайда, тиісті тексеруден өту керек.
Паркинсонизм симптомдары, мазасыз аяқ синдромы, тремор, теңселіп жүру сияқты қозғалыс бұзылыстарының дамуымен Карметадин препаратын қабылдауды тоқтату қажет.
Қозғалыс бұзылыстарының пайда болу жиілігі жоғары емес және олар, әдетте, триметазидин қабылдауды тоқтатқан кезде қайтымды сипатқа ие - көп жағдайда дәрілік зат тоқтатылғаннан кейін 4 ай ішінде дұрысталады. Егер паркинсонизм симптомдары препаратты тоқтатқаннан кейін 4 айдан астам уақыт бойы сақталса, неврологпен кеңесу қажет.
Теңселіп жүретін немесе бұлшықет тонусы төмен пациенттерде, әсіресе гипертензияға қарсы ем қабылдаған пациенттерде құлау жағдайлары байқалды.
Қан плазмасында (ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе 75 жастан асқан триметазидин концентрациясының жоғарылауы күтілетін жағдайларда Карметадин препаратын сақтықпен қолданған жөн.
Карметадин препаратын бала емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.
Спортшылар: препараттың құрамында допинг-бақылау кезінде жүргізілетін сынақтарға оң реакция туындатуы мүмкін белсенді зат бар.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (severe cutaneous adverse reactions, SCARs)
Триметазидинді қолданғанда науқастың өміріне қауіп төндіретін немесе өліммен аяқталатын терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCARs), соның ішінде эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS*) дәрілік реакция және жедел жалпыланған экзантематозды пустулоз (AGEP) туралы хабарланды. Дәрілік затты тағайындау кезінде пациенттерді теріден жағымсыз реакциялардың белгілері мен симптомдары туралы хабардар ету керек және пациенттерді мұқият бақылау керек. Егер мұндай реакциялардың дамуын көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болса, триметазидинмен емдеуді тоқтатып, балама емдеу мүмкіндігін қарастыру керек (қажет болса).
* Жайылмалы бөртпе, дене қызуының жоғарылауы, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, қанның ауытқулары (эозинофилия), лимфа түйіндерінің ісінуі және дененің басқа мүшелерінің зақымдануы (эозинофилиямен және жүйелік белгілермен Дәрілік реакция, ол DRESS деп те аталады).
Жүктілік кезінде әйелдерде триметазидинді қолдану туралы деректер жоқ. Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде Карметадин препаратын қолдануға болмайды.
Триметазидин / оның метаболиттері емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз, сондықтан жаңа туған нәрестелер/сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Бала емізу кезінде Карметадин препаратын қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару
қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін бас айналу және ұйқышылдық сияқты симптомдардың пайда болу жағдайлары байқалды.
Триметазидиннің басқа препараттармен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.