Аса жоғары сезімталдық (анафилаксия және гистамин түрткі болуы ықтимал жағымсыз реакциялар) (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз) реакциялары туралы хабарланды.
Сонымен қатар, ересектердегі өкпенің ісінуі, респираторлық дистресс-синдром (ARDS) және инвазивтік аспергиллезі бар пациенттердегі рентгенографиялық инфильтраттар туралы хабарланған.
Клиникалық зерттеулер және/немесе тіркеуден кейінгі пайдалану кезінде мынадай жағымсыз реакциялар туралы хабарланған:
Жағымсыз әсерлер жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес белігіленеді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 бастап ˂ 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 бастап ˂ 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 бастап ˂ 1/1000 дейін), өте сирек (˂1/10000), белгісіз.
Жүйелер мен ағзалардың бұзылулары — Жиі (≥1/100 - <1/10 дейін) — Жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін) — Белгісіз
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — гемоглобин төмендеуі, гематокрит төмендеуі, лейкоциттер санының азаюы — анемия, тромбоцитопения, коагулопатия, лейкопения, эозинофилдер санының артуы, тромбоциттер санының азаюы, тромбоциттер санының көбеюі, лимфоциттер санының азаюы, лейкоциттер санының артуы, нейтрофилдер санының азаюы
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар — гипокалиемия — гиперволемия, гипомагниемия, анорексия, электролиттер теңгерімінің бұзылуы, гипергликемия, гипокальциемия, метаболизмдік ацидоз
Психикалық бұзылыстар — үрейлену, бағдарсыздық, ұйқысыздық
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — бас ауыруы — бас айналуы, дисгевзия, парестезия, ұйқышылдық, тремор, гипестезия
Көру бұзылулары — көз аққабығының сарғаюы, анық көрмеу, қабақтардың ісінуі, көзден жас ағудың күшеюі
Жүрек тарапынан бұзылулар — жүрек соғуының жиілеуі, тахикардия, аритмия, жүрекшелердің фибрилляциясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі
Қантамырлар тарапынан бұзылулар — флебит — тромбофлебит, гиперемия, қан кернеулері, гипертония, гипотония
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары мен көкірек ортасы тарапынан бұзылулар — ентігу — мұрынның бітелуі, фаринголарингеальді ауыру, тахипноэ, бронх түйілуі, жөтел, түнгі пароксизмалық ентігу, гипоксия, сырылдаулар, ысқырып дем алу
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — жүрек айнуы, диарея, құсу — іштің ауыруы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, ауыздың құрғауы, диспепсия, асқазандағы жайсыздық, іштің кебуі, асцит, іш қатуы, дисфагия, метеоризм
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Бауыр сынамаларының жоғарылауы (аланин-аминотрансфераза (АЛТ), аспартат-аминотрансфераза (АСТ), қандағы сілтілік фосфатаза, конъюгацияланған билирубин, қандағы билирубин) — холестаз, гепатомегалия, гипербилирубинемия, сарғаю, бауыр функциясының бұзылулары, гепатоуыттылық, бауыр бұзылыстары, гамма-глютамилтрансферазаның жоғарылауы
Тері және теріасты шелмайы тарапынан бұзылулар — бөртпе, қышыну, эритема, гипергидроз — мультиформалы эритема, макулалық бөртпе, дақты-папулалық бөртпе, қышынумен жүретін бөртпе, есекжем, аллергиялық дерматит, жайылған қышыну, эритемалық бөртпе, жайылған бөртпе, қызылшатәрізді бөртпе, терінің зақымдануы — Уытты эпидермальді некролиз және Стивенс-Джонсон синдромы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)
Сүйек-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар — артралгия — арқаның ауыруы, аяқ-қолдардың ауыруы, сүйектердің ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, миалгия
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар — бүйрек жеткіліксіздігі, бүйректің жедел жеткіліксіздігі
Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізген жердегі реакциялар — гипертермия, қалтырау, инфузия орнының қышынуы — ауыру, катетер енгізілген жердің ауыруы, қажу, қалтырау, ысыну инфузия орнының қызаруы, инфузия орнының тығыздануы, инфузия орнының ауыруы, инфузия орнының ісінуі, инъекция орнындағы флебит, шеткері ісіну, ауырсыну, кеуде қуысындағы жайсыздық, кеуденің ауыруы, беттің ісінуі, дене температурасының өзгергенін сезіну, тығызданулар, инфузия орнының қанталауы, инъекция орнындағы тітіркенуі, инфузия орнындағы флебит, инфузия орнындағы бөртпе, инфузия орнындағы есежем, инъекция орнының қызаруы, инъекция орнының ісінуі, инъекция орнының ауыруы, инъекция орнының домбығуы, дімкәстану, ісіну
Зертханалық зерттеулер — Қандағы калий деңгейінің төмендеуі, қандағы альбумин деңгейінің төмендеуі — қандағы креатининнің жоғарылауы, несептегі эритроциттер талдауының оң нәтижесі, жалпы ақуыз деңгейінің төмендеуі, несепте ақуыздың болуы, протромбиндік уақыттың ұзаруы, протромбиндік уақыттың қысқаруы, қандағы натрий деңгейінің төмендеуі, қандағы натрий деңгейінің жоғарылауы, қандағы кальций деңгейінің төмендеуі, қандағы кальцийдің жоғарылауы, қандағы натрий хлориді деңгейінің жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, қандағы магний деңгейінің төмендеуі, қандағы фосфор деңгейінің төмендеуі, қандағы фосфор деңгейінің жоғарылауы, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, ішінара белсенділенген тромбопластин уақытының ұзаруы, қандағы бикарбонат деңгейінің төмендеуі, қандағы натрий хлориді деңгейінің жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің жоғарылауы, артериялық қысымның жоғарылауы, қандағы несеп қышқылы деңгейінің төмендеуі, несепте қанның болуы, тыныс алу кезіндегі қалыптан тыс сырылдар, көмірқышқыл газ деңгейінің төмендеуі, иммунодепрессанттар деңгейінің жоғарылауы, халықаралық қалыптастырылған қатынастың жоғарылауы, несеп цилиндрлері, несептегі лейкоциттерге талдаудың оң нәтижесі және несептегі pH жоғарылауы.
Балалар
Балалардағы жағымсыз реакциялар
Жүйелер мен ағзалардың бұзылулары — Өте жиі (≥1/10) — Жиі (≥1/100 - <1/10 дейін)
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Эозинофилдер санының жоғарылауы
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — бас ауыруы
Жүрек тарапынан бұзылулар — тахикардия
Қантамырлар тарапынан бұзылулар — гиперемия, гипотония
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Бауыр ферменттері (AЛT, AСT) белсенділігінің жоғарылауы
Тері және теріасты шелмайы тарапынан бұзылулар — бөртпе, қышыну
Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізген жердегі реакциялар — қызба — қалтырау, катетер енгізілген жердің ауыруы
Зертханалық зерттеулер — Калий деңгейінің төмендеуі, гипомагниемия, глюкоза деңгейінің жоғарылауы, фосфор деңгейінің төмендеуі немесе жоғарылауы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz