Жағымсыз әсерлері көбінесе дозаға тәуелді болып табылады. Төменде тізбеленген жағымсыз реакциялар ибупрофенді 1200 мг/тәуліктен (6 таблетка) аспайтын дозаларда қысқа мерзімді қабылдағанда білінді. Клиникалық сынақтар нәтижелері тәулігіне ≥ 2400 мг дозада ибупрофенді қабылдау мен артериялық тромбоздық құбылыстар (мысалы, миокард инфарктісі және инсульт) даму қаупінің шамалы жоғары болуы арасындағы ықтимал өзара байланыстың болуын болжайды.
Созылмалы жай-күйлерді емдегенде және ұзақ уақыт қолданғанда басқа жағымсыз реакциялар білінуі мүмкін.
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық реакциялары: спецификалық емес аллергиялық реакциялар және анафилаксиялық реакциялар, тыныс алу жолдары тарапынан реакциялар (бронх демікпесі, соның ішінде оның өршуі, бронх түйілуі, ентігу, диспноэ), тері реакциялары (қышыну, есекжем, пурпура, Квинке ісінуі), тері бөртпесінің әртүрлі типтері.
- іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия (соның ішінде қыжыл, іштің кебуі).
- бас ауыру
Сирек
- диарея, газ түзілуінің жоғарылауы, іш қату және құсу
Өте сирек
- қан түзілуінің бұзылуы: анемия (гемоглобин деңгейінің төмендеуі), лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз. Алғашқы белгілері қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысында ойық жаралар түзілуі, тұмау тәрізді симптомдар, қатты әлсіреп кету, қан кетудің және гематомалардың себепсіз пайда болуы
- аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары бет, тіл және көмей ісінуін, ентігу, тахикардия, гипотензияны (анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр анафилаксиялық шок) қамтиды.
- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы (пептидтік ойық жара), тесілу немесе асқазан-ішектен қан кету, мелена, қан аралас құсу, кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын, жиірек егде жастағы пациенттерде
- ойық жаралы стоматит, гастрит
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, папиллонекроз, әсіресе, ұзақ уақыт қолданғанда, қан сарысуында мочевина деңгейінің жоғарылауымен және ісінулердің пайда болуымен біріккен
- бауыр функциясының бұзылуы
- асқынған тері аурулары: эксфолиативті және буллезді дерматоздар, соның ішінде уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема.
- аутоиммундық бұзылулары (жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас ауруы) бар пациенттерде ибупрофенмен емделу кезінде асептикалық менингит симптомдары туындаған бірлі-жарым жағдайлар, атап айтқанда, желке бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыру, құсу, қызба немесе бағдардан жаңылу байқалды
Белгісіз
- тыныс алу жолдары тарапынан реакциялар (бронх демікпесі, соның ішінде оның өршуі, бронх түйілуі, ентігу, диспноэ)
- жүрек жеткіліксіздігі және ісінулер
- гипертензия
- спецификалық емес ойық жаралы колит пен Крон ауруының өршуі
- бүйрек жеткіліксіздігі
- эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS синдромы) дәрілік реакция, DRESS симптомдары мыналарды қамтиды: тері бөртпесі, қызба, лимфа түйіндерінің ұлғаюы және эозинофилдердің көбеюі (лейкоциттердің түрлері)
- жедел жайылған экзентематозды пустулез (AGEP)
- фотосезімталдық
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz