Анамнезінде аллергиялық реакциялары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Кейвер® препаратын ҚҚСП-пен, оның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен бірге қолданудан аулақ болу керек.
Жағымсыз әсерлерді жағдайды жақсарту үшін қажет болатын ең аз уақыт ішінде ең төмен тиімді дозаны пайдалану есебінен азайтуға болады.
Арнайы ескертулер
Асқазан-ішек жолына қатысты қауіпсіздік
Кез-келген ҚҚСП-ты қабылдауға байланысты симптомдардың пайда болуымен де, онсыз да, сондай-ақ анамнезінде асқазан-ішек жолдарының ауыр патологиясының болуына қарамастан емделудің барлық кезеңінде пациенттің өміріне қауіп төндіретін асқазандағы/ішектегі қан кетулер, жаралар немесе ойық жаралар туралы хабарланды. Кейвер® препаратын қолдану аясында асқазанда/ішекте қан кету дамыған кезде оны қабылдауды тоқтату керек.
Асқазан-ішектен қан кету қаупі, ойық жараның пайда болуы немесе тесілуі анамнезінде ойық жарасы бар, әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде ҚҚСП дозасының жоғарылауымен артады.
Егде жастағы пациенттерде әсіресе асқазан-ішектен қан кетумен және тесілумен жүретін, кейде өліммен аяқталатын ҚҚСП жағымсыз әсерлерінің жиілігі жоғарылайды. Мұндай пациенттерді емдеу мүмкін болатын ең төмен дозадан басталуы керек.
Декскетопрофен трометамолымен емдеуді бастамас бұрын және анамнезінде эзофагит, гастрит және/немесе ойық жара ауруы болған кезде басқа ҚҚСП жағдайлары секілді - бұл аурулардың ремиссия сатысында екеніне көз жеткізу керек. Анамнезінде асқазан-ішек патологиясының симптомдары бар және асқазан-ішек аурулары бар пациенттерде ас қорыту жолдарының бұзылуын, әсіресе асқазан-ішектен қан кетуді бақылау қажет.
Келесі аурулардың өршу қаупі болғандықтан, ҚҚСП-ты асқазан-ішек аурулары бар (ойық жаралы колит, Крон ауруы) пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Бұл пациенттер үшін, сондай-ақ төмен дозада аспиринмен қатар емдеуді немесе асқазан-ішек жолдарының бұзылу қаупін арттыратын басқа препараттарды қабылдауды қажет ететін пациенттер үшін протектор препараттарымен, мысалы, мисопростолмен немесе протон помпасы тежегіштерімен бірге қолдануды қарастырған жөн.
Анамнезінде асқазан - ішек жолдарынан уытты реакциялары бар пациенттерге, әсіресе емнің бастапқы кезеңдерінде барлық ерекше абдоминальді симптомдар (әсіресе асқазан-ішектен қан кету) туралы хабарлау керек.
Ойық жара немесе қан кету қаупін арттыратын дәрілерді, пероральді кортикостероидтар, варфарин секілді антикоагулянттарды, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері немесе ацетилсалицил қышқылы, тромбоциттер агрегациясының тежегіштері секілді дәрілерді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек.
Бүйрек тарапынан бұзылулар
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек. Бұл пациенттерде ҚҚСП қолдану аясында бүйрек функциясының нашарлауы, организмдегі сұйықтықтардың іркілуі және ісіну орын алуы мүмкін. Нефроуыттылық қаупінің жоғарылауына байланысты препаратты диуретиктермен емдеу кезінде, сондай-ақ гиповолемия дамуы мүмкін пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Емдеу кезінде организм препараттың нефроуыттылығының жоғарылауына әкелуі мүмкін дегидратацияны болдырмау үшін жеткілікті сұйықтықты қабылдауы керек.
Барлық ҚҚСП секілді, препарат қан плазмасындағы мочевина азоты мен креатинин концентрациясын жоғарылатуға қабілетті. Простагландин синтезінің басқа тежегіштері секілді, оны қолдану гломерулонефритке, интерстициальді нефритке, папиллярлық некрозға, нефроздық синдромға және жедел бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін бүйрек тарапынан жағымсыз әсерлермен бірге жүруі мүмкін.
Егде жастағы адамдар бүйрек функциясының бұзылуына көбірек бейім.
Бауыр тарапынан бұзылулар
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек. Басқа ҚҚСП-ға ұқсас, препарат бауырдың кейбір көрсеткіштерінің уақытша және шамалы өсуіне, сондай-ақ AСT және AЛT белсенділігінің айқын жоғарылауына әкелуі мүмкін. Көрсетілген көрсеткіштердің тиісті жоғарылауымен терапияны тоқтату керек.
Егде жастағы пациенттер бауыр функциясының бұзылуына көбірек бейім.
Жүрек-қантамыр жүйесі мен ми қан айналымына қатысты қауіпсіздік
Гипертензиясы және/немесе анамнезінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тиісті бақылау мен ұсынымдар қажет. ҚҚСП-мен терапия жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупін арттыруы мүмкін болғандықтан, анамнезінде жүрек ауруы бар пациенттерді, соның ішінде, жүрек жеткіліксіздігінің алдыңғы эпизодтары бар пациенттерді емдеу кезінде ерекше сақ болу керек.
Деректер кейбір ҚҚСП-ды қолдану кезінде (әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойы) артериялық тромбоздың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) даму қаупі аздап артуы мүмкін екенін көрсетеді. Декскетопрофен трометамолды қолдану кезінде мұндай қауіпті болдырмау үшін деректер жеткіліксіз.
Демек, бақыланбайтын артериялық гипертензия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артерия және/немесе ми қан тамырлары аурулары жағдайында декскетопрофенді пациенттің жағдайын мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындау керек. Жүрек-қан тамырлары ауруларының (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, темекі шегу) даму факторлары бар пациенттерді ұзақ мерзімді емдеуді бастамас бұрын мұқият зерттеу керек.
Барлық селективті емес ҚҚСП-тар простагландин синтезін тежеу есебінен тромбоциттер агрегациясын азайтуға және қан кету уақытын ұзартуға қабілетті. Операциядан кейінгі кезеңде профилактикалық дозаларда декскетопрофен мен төмен молекулалы гепаринді бірлесіп қолдану бақыланатын клиникалық зерттеулер барысында коагуляция көрсеткіштеріне әсерін анықтаған жоқ. Дегенмен, варфарин, басқа кумариндер немесе гепариндер секілді гемостазға әсер ететін дәрілік заттарды декскетопрофенмен бірге қабылдайтын пациенттер дәрігердің мұқият бақылауында болуы керек.
Егде жастағы пациенттер жүрек-қан тамырлары функциясының бұзылуына аса бейім.
Тері реакциялары
ҚҚСП қолдануға байланысты кейде өлімге әкелетін эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз секілді терінің ауыр реакцияларының өте сирек жағдайлары сипатталды. Шамасы, бұл реакциялар көбіне емдеудің бірінші айында орын алатын болғандықтан, осы реакциялардың пайда болу қаупі терапияның бастапқы кезеңінде болады . Тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдану белгілері немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа симптомдары пайда болған кезде Кейвер® препаратымен емді тоқтату керек.
Негізгі инфекциялардың симптомдарын жасыру
Кейвер® тиісті емнің басталуын кешіктіруі және осылайша инфекция нәтижесін нашарлатуы мүмкін инфекция симптомдарын бүркемелеуі мүмкін. Бұл бактериялық ауруханадан тыс пневмония және желшешектің бактериялық асқынулары кезінде байқалды. Кейвер® препаратын инфекцияға байланысты ауырсынуды жеңілдету үшін енгізген кезде инфекцияны бақылау ұсынылады. Ауруханаға байланысты емес жағдайларда, симптомдар сақтала беретін болса немесе нашарлай беретін болса, пациент дәрігерге жүгінуі керек.
Жекелеген жағдайларда ҚҚСП қолданумен уақыттық байланыста жұмсақ тіндер инфекцияларының өршуі сипатталды. Сондықтан, терапия кезінде бактериялық инфекция белгілері пайда бола берсе немесе нашарлай берсе, пациентке дереу дәрігерге қаралу ұсынылады.
Қосымша ақпарат
Келесі пациенттерге препаратты төмендегілермен бірге тағайындаған кезде ерекше сақтық қажет:
• порфирин метаболизмінің тұқым қуалайтын бұзылысы бар (мысалы, жедел үзіліссіз порфирия)
• сусыздануы бар
• ауқымды хирургиялық араласудан кейін бірден пайда болғанда.
Егер дәрігер декскетопрофенді ұзақ қолдану қажет деп санаса, бауыр мен бүйрек жұмысын үнемі бақылап отыру керек.
Өте сирек жағдайларда аса жоғары сезімталдықтың жедел реакциялары байқалды (мысалы, анафилаксиялық шок). Кейвер® препаратын қабылдағаннан кейін аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуының алғашқы белгілері кезінде емді тоқтату керек. Симптомдарға қарай осындай жағдайларда қажет болатын кез-келген қажетті ем дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Демікпеден зардап шегетін пациенттер, созылмалы ринитпен, созылмалы синуситпен және/немесе мұрын полиптерімен үйлесімде басқаларға қарағанда ацетилсалицил қышқылына және/немесе ҚҚСП-на аллергияның жоғары қаупіне бейім болады. Бұл препаратты тағайындау әсіресе ацетилсалицил қышқылына немесе ҚҚСП-на аллергиясы бар пациенттерде демікпе ұстамаларын немесе бронх түйілуді тудыруы мүмкін.
Ерекше жағдайларда, желшешек аясында тері мен жұмсақ тіндер тарапынан ауыр инфекциялық асқынулар дамуы мүмкін. Бүгінгі күні осындай инфекциялық асқынулардың дамуына байланысты ҚҚСП қабылдауды толығымен жоққа шығару мүмкін емес. Сондықтан, желшешек кезінде Кейвер® препаратын қабылдамау ұсынылады.
Кейвер® препаратын қан түзілуінің бұзылыстары, жүйелі қызыл жегі мен немесе дәнекер тінінің аралас ауруы кезінде сақтықпен қолдану керек.
Басқа да ҚҚСП секілді, декскетопрофен жұқпалы аурулардың симптомдарын жасыра алады. ҚҚСП қолдану кезеңінде жұмсақ тіндерде орналасқан инфекциялық процестердің белсенділенуінің жекелеген жағдайлары сипатталған. Осылайша, егер терапия кезінде бактериялық инфекцияның симптомдары пайда болатын болса немесе асқынатын болса, пациенттерге дереу дәрігерге қаралу ұсынылады.
Кейвер® препаратының бір ампуласында 200 мг этанол бар, сондықтан препарат алкоголизм кезінде қарсы көрсетімді. Сондай-ақ, бұны жүкті және бала емізетін әйелдерде, балаларда, сондай-ақ бауыр ауруы немесе эпилепсия секілді жоғары қауіпті пациенттерде ескеру керек..
Препараттың бір дозасында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни оның «құрамында натрий жоқ» деп санауға болады.
Жүктілік
Простагландин синтезінің тежелуі жүктілікке және/немесе ұрықтың және шарананың дамуына кері әсер етуі мүмкін. Эпидемиологиялық бақылаулардың нәтижелеріне сәйкес, жүктіліктің ерте кезеңінде простагландин синтезін тежейтін препараттарды қолдану түсік тастау, шаранада жүрек ақауының болу және іштің алдыңғы қабырғасының бітелмеу қаупін арттырады. Сонымен, жүрек-қантамырлар ауытқуларының пайда болуының абсолютті қаупі 1% - дан 1,5% - ға дейін өсті. Қауіп дозаның жоғарылауымен және қолдану ұзақтығымен артады деп саналады. Жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде декскетопрофен трометамолын тағайындау шұғыл қажеттілік болған кезде ғана мүмкін болады. Декскетопрофен трометамолын тағайындау кезінде жүктілікті жоспарлайтын әйелдерге немесе жүктіліктің бірінші және екінші триместріндегі әйелдерге емдеудің ең аз ұзақтығымен ең аз дозаны таңдау керек.
Жүктіліктің үшінші триместрінде простагландиндер синтезінің тежегіштерін қолдану аясында шаранада келесі ауытқулар болуы мүмкін:
• жүрек-өкпе уыттылығының көрінісі (мысалы, артериялық өзектің мерзімінен бұрын жабылуы және өкпе артериясы жүйесіндегі гипертензия);
• олигогидрамнионмен өршуі және бүйрек жеткіліксіздігіне ауысуы мүмкін бүйрек дисфункциясы.
Жүктіліктің соңында ана мен жаңа туған нәрестеде келесі құбылыстар болуы мүмкін:
• қан кету уақытының ұлғаюы-тромбоциттер агрегациясы тежелуінің әсері, тіпті препаратты өте төмен дозада қолданғанда да мүмкін;
• босану әрекетінің кешігуі мен созылуына әкелетін жатырдың жиырылу белсенділігінің тежелуі
Лактация кезеңі
Декскетопрофеннің емшек сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.
Бала емізу кезінде Кейвер® препаратын тағайындау қарсы көрсетілген
Фертильділік
Басқа да ҚҚСП секілді, декскетопрофен трометамолы әйел фертильдігін төмендетуі мүмкін, сондықтан оны жүктілік жоспарлаған әйелдерге тағайындауға болмайды. Ұрықтану мәселелері бар немесе бедеулік бар-жоғына тексерілуден өтіп жүрген әйелдерде декскетопрофенді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кейвер® препараты бас айналу, көру қабілетінің бұзылуы немесе ұйқышылдық секілді жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда тез әрекет ету, жол жағдайын бағдарлау және механизмдерді басқару қабілеті нашарлатуы мүмкін.