Дозалау режимі
Парциальді басталуы бар ұстамалар
Монотерапия (16 жастан бастап) және қосымша терапия үшін ұсынылатын доза бірдей; төменде сипатталғандай.
Барлық белгілер
Салмағы 50 кг және одан жоғары ересектер (≥18 жас) және жасөспірімдер (12-ден 17 жасқа дейін)
Ұсынылатын бастапқы доза күніне екі рет 500 мг құрайды. Бұл дозаны емдеудің бірінші күнінен бастауға болады. Алайда, 250 мг бастапқы дозасын күніне екі рет дәрігердің ықтимал жағымсыз әсерлермен салыстырғанда ұстамалардың азаюын бағалауы негізінде тағайындауға болады. Дозаны екі аптадан кейін күніне екі рет 500 мг дейін арттыруға болады.
Клиникалық жауап пен жағымдылыққа байланысты, тәуліктік доза күніне екі рет 1500 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Дозаны екі-төрт апта сайын, күніне екі рет 250 немесе 500 мг арттыру немесе азайту арқылы өзгертуге болады.
Салмағы 50 кг-ден аз жасөспірімдер (12-ден 17 жасқа дейін) және 1 айлық жастан бастап балалар
Дәрігер жасына, салмағына және дозасына байланысты препараттың ең қолайлы дәрілік түрін, қаптамасын және мөлшерін тағайындауы керек. Салмаққа байланысты дозаны түзету үшін «Балалар» бөліміне жүгініңіз.
Емді мерзімінен бұрын аяқтау
Егер леветирацетам қабылдауды тоқтату керек болса, онда оны біртіндеп тоқтату ұсынылады (мысалы, дене массасы 50 кг-ден асатын ересектер мен жасөспірімдерде: күніне екі рет екі-төрт апта сайын 500 мг-ге төмендету; 6 айдан асқан балаларда, дене массасы 50 кг-ден аз балалар мен жасөспірімдерде: дозаны төмендету екі апта сайын күніне екі рет 10 мг/кг аспауы керек; балаларда (6 айдан кіші): дозаны төмендету екі апта сайын күніне екі рет 7 мг/кг аспауы керек).
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер (65 жастан және одан жоғары)
Бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету ұсынылады (төмендегі «Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер» қараңыз).
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Тәуліктік доза бүйрек функциясына сәйкес жеке таңдалуы тиіс.
Ересек пациенттер үшін келесі кестеге жүгініңіз және дозаны көрсетілгендей түзетіңіз. Осы дозалау кестесін пайдалану үшін пациенттің креатинин клиренсін (CLcr) мл/мин-де бағалау қажет. CLcr мл/мин дене салмағы 50 кг немесе одан да көп ересектер мен жасөспірімдерге арналған сарысулық креатининді (мг/дл) анықтау бойынша мынадай формуланы пайдалана отырып бағалануы мүмкін:
[140 - жас (жыл)] x салмақ (кг)
CLcr (мл/мин) =--------------------------------------------------(x 0,85 әйелдер үшін)
72 x сарысулық креатинин (мг/дл)
Содан кейін CLcr дененің беткей аймағына (ППТ) келесідей түзетіледі:
CLcr (мл/мин)
CLcr (мл/мин/1,73 м2) = x 1,73
ППТ субъектінің (м2)
Салмағы 50 кг астам бүйрек функциясы бұзылған ересектер мен жасөспірімдер үшін дозаны түзету:
Топ — Креатинин клиренсі (мл/мин/1,73 м2) — Дозалау және қолдану жиілігі
Қалыпты — ≥80 — Күніне 2 рет 500-ден 1500 мг-ге дейін
Жеңіл бұзылу — 50-79 — Күніне 2 рет 500-ден 1000 мг-ге дейін
Орташа бұзылу — 30-49 — Күніне 2 рет 250-ден 750 мг-ге дейін
Ауыр бұзылу — <30 — Күніне 2 рет 250-ден 500 мг-ге дейін
Диализден өтетін бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық кезеңімен пациенттер (1) — - — Күніне 1 рет 500-ден 1000 мг-ге дейін(2)
(1) Леветирацетаммен емдеудің бірінші күні 750 мг еселенген дозасы ұсынылады.
(2) Диализден кейін 250-ден 500 мг-ге дейінгі қосымша доза ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар балалар үшін леветирацетам дозасын бүйрек функциясы негізінде түзету қажет, өйткені леветирацетам клиренсі бүйрек функциясымен байланысты. Бұл ұсыным бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттердегі зерттеуге негізделген.
мл/мин /1,73 м2 CLcr сарысудағы креатининді (мг/дл) анықтау арқылы жасөспірімдер мен балалар үшін келесі формуланы (Шварц формуласы) қолдана отырып бағалауға болады:
Бойы (см) х ks
CLcr (мл/мин/1,73 м2) = -------------------------------------------------
Сарысулық креатинин (мг/дл)
1 жасқа дейінгі мерзімі жетіп туған балаларда ks = 0,45; 13 жасқа дейінгі балаларда және жасөспірім қыздарда ks = 0,55; еркек жынысты жасөспірімдерде ks = 0,7
Емшек еметін балалар, дене салмағы 50 кг-ден кем, бүйрек функциясы бұзылған балалар мен жасөспірімдер үшін дозалауды түзету:
Топ — Креатинин клиренсі (мл/мин/1,73 м2) — Дозалау және қолдану жиілігі (1)
1-ден 6 айға дейінгі балалар — 6-дан 23 айға дейінгі сәбилер, дене салмағы 50 кг-ден аз балалар мен жасөспірімдер
Қалыпты — ≥80 — Күніне 2 рет 7-ден 21 мг/кг-ге дейін (0,07-ден 0,21 мл/кг-ге дейін) — Күніне 2 рет 10-нан 30 мг/кг-ге дейін (0,10-нан 0,30 мл/кг-ге дейін)
Жеңіл бұзылу — 50-79 — Күніне 2 рет 7-ден 14 мг/кг-ге дейін (0,07-ден 0,14 мл/кг-ге дейін) — Күніне 2 рет 10-нан 20 мг/кг-ге дейін (0,10-нан 0,20 мл/кг-ге дейін)
Орташа бұзылу — 30-49 — Күніне 2 рет 3,5-тен 10,5 мг/кг-ге дейін (0,035-тен 0,105 мл/кг-ге дейін) — Күніне 2 рет 5-тен 15 мг/кг-ге дейін (0,05-тен 0,15 мл/кг-ге дейін)
Ауыр бұзылу — <30 — Күніне 2 рет 3,5-тен 7 мг/кг-ге дейін (0,035-тен 0,07 мл/кг-ге дейін) — Күніне 2 рет 5-тен 10 мг/кг-ге дейін (0,05-тен 0,10 мл/кг-ге дейін)
Диализден өтетін бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттер — -- — Күніне 1 рет 7-ден 14 мг/кг-ге дейін (0,07-ден 0,14 мл/кг-ге дейін) (2) (4) — Күніне 1 рет 10-нан 20 мг/кг-ге дейін (0,10-нан 0,20 мл/кг-ге дейін)(3) (5)
(1) Кеппра®, ішуге арналған ерітіндісін, 250 мг-ден аз дозалар үшін, бірнеше таблеткаларды қабылдау кезінде дозалау жөніндегі ұсынымдарға қол жеткізу мүмкін болмаған кезде, 250 мг-ден аспайтын дозалар үшін және таблеткаларды жұта алмайтын пациенттер үшін пайдалану керек.
(2) Леветирацетаммен емдеудің бірінші күні 10,5 мг/кг (0,105 мл/кг) еселі дозасы ұсынылады.
(3) Леветирацетаммен емдеудің бірінші күні еселі дозасының 15 мг/кг (0,15 мл/кг) ұсынылады.
(4) Диализден кейін 3,5-тен 7 мг/кг-ге дейін (0,035-тен 0,07 мл/кг-ге дейін) қосымша доза ұсынылады.
(5) Диализден кейін 5-тен 10 мг/кг-ге дейін (0,05-тен 0,10 мл/кг-ге дейін) қосымша доза ұсынылады.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі бар пациенттерде креатинин клиренсінің көмегімен бүйрек жеткіліксіздігін жете бағаламауға болады.
Сондықтан креатинин клиренсі <60 мл/мин/1,73 м2 құраса, тәуліктік демеуші дозаны 50% - ға төмендету ұсынылады.
Балалар
Дәрігер жасына, салмағына және дозасына байланысты препараттың ең қолайлы дәрілік түрін, қаптамасын және мөлшерін тағайындауы керек.
Таблеткалардың құрамы/шығарылу түрі жаңа туған нәрестелер мен 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға арналмаған. Осы жас санатында қолдану үшін ішуге арналған Кеппра® ерітіндісі қолайлы препарат болып табылады. Сонымен қатар, таблеткалар түріндегі шығарылу түрінің қол жетімді дозалары дене салмағы 25 кг-ден аз балаларда, таблеткаларды жұта алмайтын пациенттер үшін немесе 250 мг-ден төмен дозаларды енгізу үшін қолайлы емес. Жоғарыда аталған барлық жағдайларда, Кеппра®, ішуге арналған ерітіндісін қолдану керек
Монотерапия
Кеппра® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде монотерапия ретінде белгіленбеген.
Деректер қол жетімді емес.
Салмағы 50 кг және одан жоғары жасөспірімдер (16 және 17 жас) жақында диагноз қойылған эпилепсиясы бар қайталама жалпылаумен немесе онсыз парциальді ұстамалармен.
Жоғарыдағы «Ересектер (≥18 жас) және салмағы 50 кг және одан жоғары жасөспірімдер (12-ден 17 жасқа дейін)» бөлімге жүгінуіңізді сұраймыз.
6-дан 23 айға дейінгі балаларға, дене салмағы 50 кг-ден аз балаларға (2-ден 11 жасқа дейін) және жасөспірімдерге (12-ден 17 жасқа дейін) арналған қосымша ем.
Кеппра®, пероральді қолдануға арналған ерітінді, нәрестелер мен 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналған қолайлы шығарылу түрі болып табылады.
6 жастағы және асқан балалар үшін Кеппра® пероральді қолдануға арналған ерітіндісін 250 мг-ден аз дозалар үшін, бірнеше таблеткаларды қабылдау кезінде дозалау жөніндегі ұсынымдарға қол жеткізу мүмкін болмаған кезде 250 мг-ден аспайтын дозалар үшін және таблеткаларды жұта алмайтын пациенттер үшін пайдалану керек.
Барлық көрсеткіштер бойынша ең төменгі тиімді доза қолданылуы тиіс. Дене салмағы 25 кг бала немесе жасөспірім үшін бастапқы доза күніне екі рет 750 мг ең жоғары дозамен күніне екі рет 250 мг құрауы тиіс.
Дене салмағы 50 кг және одан жоғары балаларға арналған доза барлық көрсеткіштер бойынша ересектердегідей.
Барлық ұсыныстар алу үшін жоғарыдағы «Ересектер (≥18 жас) және салмағы 50 кг және одан жоғары жасөспірімдер (12-ден 17 жасқа дейін)» бөлімге жүгінуіңізді сұраймыз.
Жасы 1 айдан 6 айға дейінгі жаңа туған нәрестелерге арналған қосымша ем
Пероральді қолдануға арналған ерітінді балаларда пайдалануға арналған арнайы түрге/құрамға ие.
Енгізу әдісі мен жолы
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды ішке қабылдау керек, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен, тамақпен немесе онсыз ішу керек. Ішке қабылдағаннан кейін, леветирацетамның ащы дәмі сезілуі мүмкін. Тәуліктік доза бірдей дозаларды екі қабылдауға бөлінеді.
Сындыру сызығы тең дозаларға бөлуге емес, жұтуды жеңілдету мақсатында тек сындыруды жақсартуға арналған.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Егер сізде осы дәріні қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігерге қаралыңыз.