Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
50 мг/мл
Саудалық атауы
КЕТАМИН-САНТО®
Әсер етуші зат
Кетамин
Мақсаты
Балаларда және кейбір ерекше жағдайларда ересектерде ұзақ болмайтын (қысқа мерзімді) диагностикалық емшаралар мен хирургиялық араласуларды жүргізу кезінде анестезиялаушы дәрі…
Өндіруші
Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – кетамин 50.00 мг
(кетамин гидрохлориді түрінде, 100 % затқа шаққанда) 57.67 мг
қосымша заттар: бензетоний хлориді, натрий хлориді, 0.1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, аздап боялған ерітінді.
Балаларда және кейбір ерекше жағдайларда ересектерде ұзақ болмайтын (қысқа мерзімді) диагностикалық емшаралар мен хирургиялық араласуларды жүргізу кезінде анестезиялаушы дәрі (монотерапия) ретінде қолдану: наркозға енгізу және оны демеу.
Жалпы наркозды басқа препараттармен (әсіресе бензодиазепинмен) біріктіріп жүргізу үшін дәрілік затты аз дозада тағайындау керек.
КЕТАМИН-САНТО® қолдану (жекелей немесе басқа препаратпен біріктіріп) бойынша айрықша көрсетілімдер:
• ауырсынуды басатын емшаралар (күйіп қалған пациенттердің таңғышын ауыстыру);
• нейродиагностикалық емшаралар (пневмоэнцефалография, вентрикулография, миелография);
• эндоскопия;
• офтальмологиядағы кейбір емшаралар;
• мойын маңындағы немесе ауыз қуысындағы диагностикалық және хирургиялық араласулар; тістерді емдеу кезінде;
• отоларингологиялық араласулар;
• гинекологиялық экстраперитонеалды араласулар;
• акушерліктегі араласулар, кесарь тілігінің операциясы үшін наркозға енгізу;
• ортопедиядағы және травматологиядағы араласулар;
• кетаминнің жүрекке және қан айналымына әсер ету ерекшеліктеріне байланысты шок жағдайындағы және гипотензиясы бар пациенттерге наркоз жүргізу;
• препаратты бұлшықет ішіне енгізу жөн саналатын пациенттерге (мысалы, балаларға) наркоз жүргізу.
Әсер ету механизмі
Кетамин седативті және гипноздық әсерлерді, амнезияны және айқын аналгезияны тудырады. Кетамин тудыратын анестезия жағдайы "диссоциациялы анестезия" деп аталады, себебі ол проприоцепциялық терең сезімталдықты бөгегенге дейін мидағы ассоциациялық байланыстарды таңдай отырып тоқтатады. Мидың орталықтары мен байланыстарын (ретикулярлық формация мен лимбиялық жүйені белсендіре отырып) едәуір бәсеңдету алдында таламо-неокортикальді жүйені селективті түрде бәсеңдете алады. Көптеген теориялар Кетамин әсерін орталық жүйке жүйесіндегі N-метил-D-аспартат (NMDA) рецепторларымен байланыстыруды қоса, апиындық рецепторлармен өзара әрекеттесумен және норадреналинмен, серотонинмен және мускариндік холинергиялық рецепторлармен өзара әрекеттесумен түсіндіруге тырысады. NMDA рецепторларының белсенділігі Кетаминнің психиатриялық әсері сияқты аналгетикалық әсер үшін жауапты болуы мүмкін. Кетаминнің симпатомиметикалық белсенділігі бар, ол тахикардияға, гипертонияға, миокард пен мидың оттегін көп қажет етуіне, ми қан айналымының күшеюіне және бассүйекішілік және көзішілік қысымның жоғарылауына әкеледі. Кетамин күшті бронходилататор да болып табылады. Кетаминді енгізгеннен кейін байқалған клиникалық әсерлер мыналарды қамтиды: жоғары қан қысымы, бұлшықет тонусының жоғарылауы (кататонияға ұқсас болуы мүмкін), көздің ашылуы (әдетте, нистагммен қатар жүреді) және миокардтың оттегін көп қажет етуі.
Дозалау режимі
ЕСКЕРТУ. Барлық дозалар кетамин негізіндегі есеппен берілген.
Ересектер, егде жастағылар (65 жастан асқан) және балалар:
Егде жастағы пациенттерде хирургиялық операциялар жүргізгенде кетаминнің өзін ғана да, сондай-ақ басқа анестезиялайтын дәрілермен үйлестіріп те қолдануға болады.
Операция алдындағы дайындық
Кетамин асқазан бос болмаған кезде өз бетінше қауіпсіз қолданылды. Алайда, қосымша дәрілер мен бұлшықет босаңсытқыштарының қажеттігін болжау мүмкін еместігінен жоспарлы операцияға дайындық кезінде анестезияға дейін ең кемі алты сағат бойы пероральді ештеңе бермеу ұсынылады.
Кетамин тудырған гиперсаливацияны азайту үшін антихолинергиялық препаратпен (мысалы, атропинмен, гиосцинмен немесе гликопиролатпен) немесе басқа кептіргіш дәрілермен премедикация индукцияға дейінгі сәйкес аралықта жүргізілуі тиіс.
Наркозға дайындайтын дәрі немесе кетаминге қосымша ретінде қолданылатын мидазолам, диазепам, лоразепам немесе флунитразепам наркоздан шыққан кездегі реакциялардың туындау жиілігін төмендетуде тиімді болды.
Дозалануы
Жалпы анестезия кезіндегі жеке реакциялар дозаға, енгізу тәсіліне және пациенттің жасына байланысты. Сондықтан, КЕТАМИН-САНТО® дозасын абсолютті түрде белгілеу мүмкін емес және оны жеке белгілеу керек.
Басталуы және ұзақтығы
Жалпы анестезияға арналған басқа дәрілер жағдайындағы сияқты, КЕТАМИН-САНТО® препаратына жеке реакция дозаға, енгізу жолына, пациенттің жасына және бір мезгілде басқа дәрілерді қолдануға байланысты біршама ауытқып отырады, сондықтан дозалау бойынша ұсыныстарды абсолютті бекіту мүмкіндігі жоқ. Дозаны пациенттің қажеттіліктеріне сәйкес титрлеу керек.
Вена ішіне инъекциялаудан кейінгі жылдам индукциясына байланысты пациент енгізу кезінде демеуші қалыпта болуы тиіс. Дене салмағына қарай 2 мг/кг венаішілік дозасы әдетте инъекциядан кейін 30 секунд ішінде хирургиялық анестезияны тудырады, ал анестезиялайтын әсері әдетте 5-тен 10 минутқа дейін болады. Дене салмағына қарай 10 мг/кг бұлшықет ішіне дозасы әдетте инъекциядан кейін 3-4 минут ішінде хирургиялық анестезияны тудырады, ал анестезиялайтын әсері әдетте 12-ден 25 минутқа дейін болады. Санасына оралу біртіндеп жүреді.
КЕТАМИН-САНТО® бір ғана анестетик ретінде
Венаішілік инфузия
КЕТАМИН-САНТО® үздіксіз енгізу жолымен қолдану үздік-үздік енгізумен салыстырғанда дозаны анағұрлым дәл таңдауға мүмкіндік береді. Бұл наркоздан анағұрлым қысқа уақытта шығуды және өмір сүру көрсеткіштерінің жақсы тұрақтылығын шарттайды.
0,9 % натрий хлоридінің немесе 5 % декстроза ерітіндісінде сұйылтылған 1 мг/мл КЕТАМИН-САНТО® есебінен жүргізіледі.
Жалпы кіріспе наркоз
Жалпы индукциялық доза ретінде 0,5-2 мг/кг доза инфузия түрінде енгізілу керек.
Анестезияны демеу
Анестезия жылдамдығы 10-45 мкг/кг/мин (шамамен 1-3 мг/мин) инфузоматты қолдана отырып, ұсталып тұруы мүмкін.
Инфузия жылдамдығы пациенттің анестезияға реакциясына байланысты. Дозаны ұзақ әсерлі миорелаксантты пайдалану кезінде азайтуға болады
Үздік-үздік енгізу
Кіріспе анестезия (индукция)
Вена ішіне енгізу
КЕТАМИН-САНТО® бастапқы дозасы вена ішіне енгізгенде 1 мг/кг-нан 4,5 мг/кг-ға дейінгі диапазонда (әсер етуші зат кетаминге шаққанда) болуы мүмкін. Ұзақтығы 5-10 минуттық хирургиялық анестезияны қамтамасыз ету үшін қажетті орташа доза 2,0 мг/кг құрайды. Вена ішіне баяу (60 секунд ішінде) енгізу ұсынылады. Анағұрлым жылдам енгізу тыныс алудың бәсеңдеуіне және артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Акушерлікте қолдану
Табиғи жолымен босану немесе кесарь тілігі кезінде венаішілік дозалар 0,2-ден 1,0 мг/кг-ға дейін ауытқиды
Бұлшықет ішіне енгізу
Бұлшықет ішіне енгізу үшін КЕТАМИН-САНТО® бастапқы дозасы 6,5 мг/кг-дан 13 мг/кг-ға дейін (әсер етуші зат кетаминге шаққанда). Төменгі бастапқы бұлшықетішілік доза (4 мг/кг) диагностикалық манипуляциялар мен қатты ауырсыну сезімдеріне байланысты емес емшараларды жүргізу кезінде қолданылады. 10 мг/кг доза, әдетте, анестезияны 12-25 минут бойы қамтамасыз етеді.
Жалпы наркозды ұстап тұру
Анестезияның бәсеңдеу белгілері нистагм, стимуляциялауға жауап ретіндегі қимыл, вокализация сияқты көріністер болуы мүмкін. Анестезияны ұстап тұру кетаминнің қосымша дозаларын вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізу арқылы жүргізіледі.
Индукцияның қолданылу жолына қарамастан әрбір қосымша доза ½-дан демеуші ем үшін таңдалған жолға жоғарыда ұсынылған толық индукциялық дозаға дейінді құрайды.
Кетаминнің жалпы енгізілген мөлшерінің ұлғаюымен ояну кезеңінің ұзақтығы артады.
Анестезия кезінде аяқ-қолдың еріктен тыс тонустық-клонустық құрысуы пайда болуы мүмкін. Бұл қимылдар анестезияның бәсеңдегенін растамайды және препараттың қосымша дозаларын енгізу қажеттілігін көрсетпейді.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін дозасы төмендетілуге тиіс.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Циррозы немесе бауыр ауруларының басқа түрлері бар пациенттерде дозаны төмендету керек.
Балалар
Педиатриялық және ересек пациенттер үшін кетаминнің дозалануы жеке болуға тиіс және пациенттің қажеттілігіне сәйкес титрленуі керек. Педиатриялық дозалануы ересектер үшін ұсынылған, мг/кг-мен көрсетілген дозаға сәйкес келеді.
Акушерлікте қолдану
Акушерлік дозалануы: Акушерлікте қынаптық босану кезінде немесе абдоминальді босандыру кезінде 0,2-ден 1,0 мг/кг дейінгі венаішілік дозалары ұсынылады. Алайда, босанатын әйелдерде кетамин инфузиясының демеуші дозасы туралы деректер жеткіліксіз, сондықтан дозалау бойынша ұсыныстар беруге болмайды. Босанатын әйелдерге бұлшықет ішіне инъекциялар туралы деректер жеткіліксіз, сондықтан дозалау бойынша ұсыныстар беру мүмкін емес.
КЕТАМИН-САНТО® басқа жалпы анестетиктерді пайдалану алдында индукциялаушы агент ретінде
Индукцияға КЕТАМИН-САНТО® толық дозасын вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізу арқылы жетеді. Егер КЕТАМИН-САНТО® вена ішіне енгізілсе, ал негізгі анестетик баяу әсер ететін болса, КЕТАМИН-САНТО® қайталама дозасы бастапқы дозадан кейін 5-8 минуттан соң енгізілуі тиіс. Егер КЕТАМИН-САНТО® бұлшықет ішіне енгізілсе, ал негізгі анестетик жылдам әсер ететін болса, негізгі анестетикті енгізу КЕТАМИН-САНТО® инъекциясынан кейін 15 минуттан соң жүргізілуі тиіс.
КЕТАМИН-САНТО® анестетиктерді толықтыру ретінде
КЕТАМИН-САНТО® тыныс алуды тиісті түрде демеген кезде кеңінен қолданылатын жалпы және жергілікті анестетиктермен клиникалық тұрғыдан үйлесімді. Басқа анестетиктермен біріктіріп пайдалануға арналған КЕТАМИН-САНТО® дозасы әдетте тура сол диапазонда болады, алайда басқа анестетикті пайдалану КЕТАМИН-САНТО® дозасын төмендетуге мүмкіндік береді.
КЕТАМИН-САНТО® барбитураттармен немесе есірткілермен бір мезгілде қолданылса, қалпына келу уақыты ұлғаюы мүмкін. Таңдау біріктірілімі өмірлік маңызды функцияларды ең аз дәрежеде бұзатын және белсенділігі оңай басқарылатын венаішілік диазепам болып табылады. Диазепаммен бірге енгізілетін КЕТАМИН-САНТО® төмендетілген дозасын азоттың шала тотығы және оттек сияқты басқа агенттермен үйлестіре отырып, теңдестірілген анестезия алу үшін пайдалануға болады. Диазепам кетаминнің жартылай ыдырау кезеңін ұзартатыны және оның фармакодинамикалық әсерлерін ұзартатыны белгілі, бұл дозаны түзетуді қажет етуі мүмкін. Барбитураттар мен диазепамды КЕТАМИН-САНТО® енгізілетін шприцпен немесе инфузиялық құтымен енгізуге болмайды.
Премедикация
Атропин, скополамин және басқа антисиалагтық препараттар гиперсаливацияға байланысты қиындықтарға жол бермеу үшін премедикация мақсатында пайдаланылады.
Қалпына келтіру кезеңінде пациенттерді бақылау
Емшарадан кейін пациентті бақылау керек, бірақ мазалауға болмайды. Бұл өмірлік маңызды функцияларды мониторингтеуді жоққа шығару емес. Делирий пайда болғанда диазепам пайдалануға (ересектерде вена ішіне 5-тен 10 мг дейін) болады. Тиобарбитураттың ұйықтатын дозасы (вена ішіне 50-ден 100 мг дейін) қалпына келтіру кезінде күрделі реакцияларды азайту үшін пайдаланылуы мүмкін. Осы препараттарды пайдалану кезінде анестезиядан кейінгі қалпына келу уақыты ұзаруы мүмкін.
Енгізу жолы және жолы
КЕТАМИН-САНТО® вена ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып) немесе бұлшықет ішіне стационар жағдайында енгізіледі.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Препараттың өткізіп алған дозасының орнын толтыру үшін қос дозаны қолдануға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданбас бұрын дәрігер кеңесіне жүгініңіз.
• әсер етуші зат кетаминге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• ауыр немесе нашар бақыланатын гипертония (тыныштық жағдайында артериялық қысымы >180/100 мм сын. бағ.)
• артериялық қысымның жоғарылауы жағдайын нашарлатуы мүмкін (іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, ауыр жүрек-қантамыр бұзылыстары, бассүйек-ми жарақаты, ми ісіктері, бассүйек ішіне қан құйылу, инсульт) пациенттерге
• эклампсия немесе преэклампсия
Жиі
• елестеулер, аномалиялық немесе қорқынышты түстер көру, сананың шатасуы, психомоторлық қозу, орынсыз мінез-құлық
• нистагм, қаңқа бұлшықеті тонусының жоғарылауы және тонустық-клонустық құрысулар
• диплопия
• артериялық қысымның және жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауы
• тыныс алу жиілігінің ұлғаюы
• жүрек айнуы, құсу
• есекжем, эритема және/немесе қызылша тәрізді бөртпе
Жиі емес
• анорексия
• үрей сезімі
• брадикардия, аритмия
• гипотензия
• тыныс алудың бәсеңдеуі, ларингоспазм
• дәрілік затты енгізген жердегі ауыруды және/немесе бөртпені қоса, енгізген жердегі реакциялар
Сирек
• анафилаксиялық реакциялар
• делирий, «кері кадр» симптомы, дисфория, ұйқысыздық, бағдардан жаңылу
• тыныс алу жолдарының обструкциясы немесе тыныс алудың тоқтауы
• сілекей ағуы
• цистит, геморрагиялық цистит
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• көзішілік қысымның жоғарылауы
• бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің өзгеруі, бауырдың дәрі-дәрмектен зақымдануы
• ұйқышылдық
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Жылдам вена ішіне енгізу немесе үлкен дозаларда енгізу кезінде тыныс алудың бәсеңдеуі немесе тоқтауы байқалуы мүмкін.
Емі
Талапқа сай өздігінен тыныс алу қалпына келгенге дейін оны механикалық жолмен ұстап тұру керек.
Препарат төтенше жағдайларды қоспағанда, тек қана тәжірибелі анестезиологтардың қадағалауымен қолдануға арналған.
Жалпы әсер ететін басқа да анестетиктер жағдайындағы сияқты пайдалануға дайын реанимациялық жабдық әзір болуы тиіс.
Кетаминнің артық дозалануы кезінде тыныс алудың тарылуы дамуы мүмкін, мұндай жағдайда өкпені демейтін желдету қолданылуы тиіс. Тыныс алудың механикалық демелуіне аналептиктерді қолдану дұрыс болады.
Венаішілік доза 60 секунд ішінде енгізілуі тиіс. Жылдамырақ енгізу уақытша тыныс алудың тарылуын немесе оның тоқтап қалуын және прессорлық реакцияның күшеюін туындатуы мүмкін.
КЕТАМИН-САНТО® жалпы және жергілікті анестезияға арналған препараттармен клиникалық тұрғыда үйлесімді.
Барбитураттар мен диазепамды КЕТАМИН-САНТО® енгізілген шприцпен немесе инфузиялық құтымен енгізуге болмайды.
КЕТАМИН САНТО® емдегенде фарингеальді рефлекстер әдетте сақталатындықтан жұтқыншақты механикалық тітіркендіруден аулақ болу керек. Көмей, жұтқыншақ немесе трахеядағы араласуларда КЕТАМИН САНТО® миорелаксанттармен біріктірілімі қажет және тынысты мұқият бақылау керек.
Эксперимент жағдайларындағы кетаминмен анестезия уақытында контрастты заттардың аспирациясы туралы хабарланды, клиникалық тәжірибеде аспирация қиындықтары сирек болады.
Висцеральді хирургия жағдайында қосымша анальгезия қажет болуы мүмкін (мысалы, морфин, петидин).
Кетаминді амбулаториялық қолданған жағдайда анестезияның әсері толық қайтқанша пациентті шығарып жібермеу керек, содан соң ғана жауапты ересек адамдарды ілестіріп пациентті босатуға болады.
КЕТАМИН-САНТО® анестезиясы жасалған пациент ауруханадан 4-5 сағаттан кейін ғана шығып кетуіне болады.
Инфузияға арналған ерітінді түрінде дайындалған КЕТАМИН-САНТО® дереу пайдалану керек.
Келесі аурулар болған кезде кетаминді қолданғанда сақ болу керек:
Созылмалы алкоголизм және жедел алкогольдік уыттану болғанда кетаминді қолдануда сақ болу керек.
Кетамин бауырда метаболизденеді және клиникалық әсерді тоқтату үшін бауыр клиренсі қажет. Цирроз және бауыр функциясы бұзылуының басқа да түрлеріне шалдыққан пациенттерде препараттың әсер етуі ұзаққа созылатыны байқалуы мүмкін. Бұл пациенттерге дозаны төмендету керек. Кетаминді пайдаланған кезде, атап айтқанда ұзақ қолданғанда (>3 күн) бауыр функциясын тексерудің ауытқыған нәтижелері байқалған.
Кетаминмен анестезия кезінде ми-жұлын сұйықтығында қысымның жоғарылауы байқалған, кетаминді ми-жұлын сұйықтығының қысымы жоғары пациенттерге пайдаланғанда айрықша сақ болу қажет.
Көз алмасының жарақаты және көзішілік қысымы жоғары (глаукома) пациенттерге қолданған кезде ерекше сақ болу қажет, өйткені кетаминнің бір дозасынан кейін қысым едәуір жоғарылуы мүмкін.
Бұлшықет тонусын демеуге байланысты тонустық және клонустық қозғалыстардың пайда болу мүмкіндігіне орай анамнезінде құрысулары бар пациенттерде және наркоздан шыққан кезде психологиялық көріністер ықтималдығы болатындықтан психикалық бұзылыстары (мысалы, шизофрениясы және жедел психозы) бар пациенттерде сақтық таныту ұсынылады.
Эпилепсиялық ұстамалары бар пациенттерде сақтықпен қолданылады.
Гипертиреозы бар пациенттерде немесе қалқанша безді қалпына келтірудің емін қабылдап жүрген (гипертония мен тахикардияның жоғары қаупі) пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Өкпе инфекциясы немесе жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы (кетамин ларингоспазмды әлеуетті туындата отырып, жұтыну рефлексін белсендіреді) бар пациенттер үшін препаратты қолданғанда ерекше сақтық талап етіледі.
Бассүйекішілік көлемді түзілімдердің зақымдануы, бас жарақаты, көз алмасының зақымдануы немесе гидроцефалиясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Балалар
КЕТАМИН-САНТО® 3 айлыққа дейінгі балаларға сақтықпен қолдану керек.
Наркоздан шығу
Басқа да жалпы анестетиктерді пайдалану кезіндегідей, операциядан кейінгі сананың шатасуы қалпына келу кезеңінде туындауы мүмкін. Қалпына келу реакциялары шамамен 12% пациенттерде туындағанын айта кету керек.
Психологиялық көріністер ауырлық дәрежесі бойынша жағымды түс көрулерден, ашық образдардан, елестеулерден, түнгі шым-шытырық қорқынышты түс көруден делирийге дейін (көбінесе диссоциативті немесе
көмескі сезімдерден тұрады) ауытқиды. Кейбір жағдайларда бұл жай-күйлер сананың шатасуымен, қозумен және иррационалды мінез-құлықпен қатар жүрді, оны кейбір пациенттер жағымсыз қатты қиналыс ретінде еске алады.
Бұл әсерлер әдетте бірнеше сағаттан аспайды. Алайда, бірнеше жағдайларда операциядан кейін 24 сағаттан кейін қайталанулар пайда болды. Кетаминді қолданғаннан кейін ешқандай қалдық психологиялық әсерлер байқалмады. Бұл құбылыстардың туындау жиілігі жас (15 жас және одан кіші) және егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерде төмен, сондай-ақ препаратты бұлшықет ішіне енгізгенде сирек болады. Ояну кезіндегі психологиялық көріністердің жиілігін, әсіресе түс көрудегі бақылаулар мен оянғандағы сандырақтауды анестезияны индукциялау және демеу кезінде вена ішіне диазепаммен бірге кетаминнің ұсынылатын төменірек дозаларын қолдану арқылы азайтуға болады. Бұл реакциялардың пайда болу жиілігін пациенттің ояну кезеңінде ауызша немесе тактильді стимуляциядан аулақ болу және өмірлік маңызды функцияларын бақылау арқылы азайтуға болады. Ауыр ояну реакциясын басу үшін қысқа немесе ультрақысқа әсер ететін барбитураттың төмен гипноздық дозасын қолдану қажет болуы мүмкін. Бұл өмірлік маңызды көрсеткіштерді бақылауды жоққа шығармайды.
Препаратты шамадан тыс қолдану және тәуелділік
Кетаминді шамадан тыс пайдаланған жағдайлар туралы хабарланған. Кетаминнің келесі білінулер туындауына ықпал ететінін көрсететін деректер бар: дисфориялар, елестеулер, «кері кадр» симптомы, қорқу және үрейлену сезіну, ұйқысыздық немесе бағдардан жаңылу. Сондай-ақ жағымсыз әсерлері туралы хабарланды: "Ұзақ мерзімді пайдалануды" қараңыз.
Кетаминге тәуелділік және толеранттылық анамнезінде препараттарға тәуелділік және шамадан тыс тұтыну бар тұлғаларда ұзақ уақыт бойы тұрақты пайдаланған кезде дамуы мүмкін. Сондықтан препаратты медицина қызметкерлерінің мұқият бақылауымен және жоғарыда аталған жай-күйлерде және ауруларда сақтықпен пайдалану керек.
Жүрек-қан тамырлар жүйесі
Миокардтың оттегін тұтынуы едәуір ұлғаюына байланысты кетаминді гиповолемия, сусыздану немесе жүрек аурулары бар пациенттерге, әсіресе коронарлық артерия ауруы кезінде (мысалы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, ишемия жағдайы және миокард инфарктісі) ерекше сақ болу қажет. Сонымен қоса, кетаминді жеңіл және орташа дәрежедегі артериялық гипертензиясы және тахиаритмиясы бар пациенттерге қолданғанда аса сақтық таныту қажет. Артериялық гипертензиясы немесе жүрек қызметінің декомпенсациясы бар паценттерде емшаралар кезінде жүрек функциясын үнемі бақылау керек.
Артериялық қысымның жоғарылауы кетамин инъекциясынан кейін ұзамай басталады, бірнеше минут ішінде ең жоғарысына жетеді және әдетте инъекциядан кейінгі 15 минут ішінде анестезияға дейінгі мәніне жетеді. Клиникалық зерттеулердегі қан қысымы артуының орташа шыңы анестезияға дейінгі мәнінің 20-ынан 25 пайызына дейін ауытқып тұрған. Басқа жағдайларда жағымсыз реакциялар болып табылуы ықтимал артериялық қысымның жоғарылауы пациенттің ауруына байланысты жағымды сипат болуы да мүмкін.
Ұзақ мерзімді пайдалану
КЕТАМИН-САНТО® препаратын ұзақ уақыт кезеңі бойы қабылдаған пациенттерде, әсіресе кетаминді шамадан тыс пайдалану аясында, цистит, соның ішінде геморрагиялық цистит, бүйректің жедел жеткіліксіздігі, гидронефроз және несепағар ауруларының тіркелген жағдайлары туралы мәліметтер бар (бұл жағымсыз реакциялар кетаминмен ұзақ уақыт ем қабылдаған пациенттерде 1 айдан бірнеше жылға дейінгі уақыт өткен соң дамиды). Кетаминді ұзақ уақыт қолдану көрсетілмеген және ұсынылмайды.
Ұзақ уақыт қолданғанда (>3 күн) пациенттердегі гепатоуыттылығы туралы да хабарланды.
КЕТАМИН-САНТО® ұзақ уақыт кезеңі бойы пайдалануға тағайындалмайды және ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кетамин – бұл зейін қою және тез реакция беру қабілетін төмендететін зат. Алайда, әсері қысқа мерзімді болып табылады, седация ұзақтығы жеке-жеке ауытқиды (қолданылатын дозаға байланысты 24 сағат және одан көп). Анестезиядан кейін кем дегенде 24 сағат бойы автокөлік басқаруға немесе қауіптілігі зор басқа механизмдермен жұмыс істеуге тыйым салынады.
Кетамин плацента арқылы өтеді. Бұған препаратты кесарь тілігі операциясы кезінде немесе табиғи жолымен босану кезінде енгізуді қоспағанда, жүктілік кезіндегі шұғыл акушерлік манипуляциялар жағдайында назар аудару керек. Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған және мұндай қолдану ұсынылмайды.
Кетамин босану барысында жүкті әйелге ≥ 1,5 мг / кг вена ішіне енгізгенде нәрестенің организміне енеді, бұл нәрестенің тыныс алу жеткіліксіздігіне және Апгар шкаласы бойынша төмен бағаға себеп болуы мүмкін.
Жүкті әйелге ≥ 2 мг/кг вена ішіне енгізгенде босану кезінде артериялық қысым және жатырдың тонусы жоғарылайды.
Лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды. Жануарларға жасалған зерттеулер репродуктивті уыттылықты көрсетті.
КЕТАМИН-САНТО® жалпы немесе жергілікті анестезияға арналған препараттармен клиникалық тұрғыда үйлесімді.
Кетаминді барбитураттармен немесе есірткілермен бір мезгілде қолдану қалпына келу уақытын ұлғайтуы мүмкін.
Кетамин мен келесі препараттардың арасындағы өзара әрекеттесулер туралы хабарланған:
Диазепам және барбитураттар
КЕТАМИН-САНТО® препаратының диазепаммен енгізілгентөмендетілген дозасы, азоттың шала тотығы және оттек сияқты басқа агенттермен бірге теңдестірілген анестезияны алу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Барбитураттарды және/немесе наркозға арналған басқа да дәрілерді КЕТАМИН-САНТО® препаратымен бір мезгілде пайдалану наркоздан кейінгі ояну уақытын ұзартады.
Диазепаммен бір мезгілде қолдану кетаминнің жартылай шығарылу кезеңін ұзартуы және оның фармакодинамикалық әсерін арттыруы мүмкін, сондықтан доза түзету қажет болуы мүмкін.
КЕТАМИН-САНТО® тұнба түзілуіне байланысты барбитураттармен және диазепаммен химиялық үйлесімсіз. Сондықтан оларды бір шприцте немесе инфузиялық сұйықтыққа араластыруға болмайды.
Атракуриум және тубокурарин
КЕТАМИН-САНТО® атракуриймен және тубокураринмен біріктіргенде тыныс алудың бәсеңдеуін және апноэні қоса, жүйке-бұлшықет берілісінің блокадасын күшейтуі мүмкін.
Бұл препараттарды кетаминмен бірге пайдаланған кезде атракуриум мен тубокурариннің дозасын азайту және асқынған жағдайда респираторлық демеуді қамтамасыз ету керек. Препараттардың бұл біріктірілімдерін сақтықпен пайдалану керек.
Шайқурай (Hypericum perforatum)
Шайқурайды анестезияны қажет ететін операцияның алдында қолдану гипотония (жүрек-қантамырлық жеткіліксіздік қаупінің жоғарылауы) немесе анестезияның басталуының кідіруі сияқты асқынуларға әкелуі мүмкін. Асқынуларға жол бемеу үшін шайқурай қабылдауды анестетик қолдануға кемінде 5 күн қалғанда тоқтату ұсынылады.
Галогенді анестетиктер
Галогенденген анестетиктерді кетаминмен бір мезгілде қолдану кетаминнің жартылай шығарылу кезеңін ұзартуы және наркоздан кейінгі ояну уақытын ұлғайтуы мүмкін. Кетаминді галогенделген анестетиктермен бірге қолдану (әсіресе жоғары дозаларда немесе жылдам енгізгенде) брадикардияның, гипотензияның даму немесе жүрек лықсытуының төмендеу қаупін арттырады.
ОЖЖ депрессанттары
Кетаминді орталық жүйке жүйесінің белсенділігін төмендететін басқа дәрілік заттармен қолдану (мысалы, этанол, фенотиазиндер, антигистаминді препараттар немесе миорелаксанттар) орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуін күшейтуі және/немесе тыныс алудың бәсеңдеу қаупін ұлғайтуы мүмкін.
Трамадол
Трамадолды, апиынды анальгетикті кетамин сияқты орталық жүйке жүйесінің басқа антидепрессантымен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек. Трамадолдың жоғары дозалары анестетиктермен біріктірілгенде тыныс алудың бәсеңдеуін туғызуы мүмкін..
Тиопентал
Кетамин тиопенталдың ұйықтататын әсерінің антагонисі болып табылатыны хабарланды.
Қалқанша бездің гормондары
Тиреоидты гормондармен ем алатын пациенттерде КЕТАМИН-САНТО® қолданған кезде артериялық қысымның жоғарылауының және тахикардия қаупі артады.
Гипертензияға қарсы дәрілер
Гипертензияға қарсы препараттар мен кетаминді бір мезгілде қолдану гипотензияның даму қаупін арттырады.
Теофиллин және аминофиллин
Аминофилинмен (теофиллинмен) біріктірілгенде құрысу шегі төмендеуі мүмкін. Осы дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау аясында туындаған бүгілгіш бұлшықеттердің күтілмеген құрысулары туралы деректер бар.
CYP3A4 тежегіштері
CYP3A4 бәсеңдететін препараттар бауыр клиренсін төмендетеді және қан плазмасында кетамин сияқты CYP3A4 субстраттарының концентрациясын арттырады. Кетамин мен CYP3A4 тежегіштерін бір мезгілде қабылдау оңтайлы клиникалық әсерге жету үшін кетамин дозасын төмендетуді талап етеді.
CYP3A4 индукторлары
CYP3A4 стимуляциялайтын препараттар бауыр клиренсін жоғарылатады және қан плазмасында кетамин сияқты CYP3A4 субстраттарының концентрациясын төмендетеді. Кетамин мен CYP3A4 стимуляторларын бір мезгілде қабылдау оңтайлы клиникалық әсерге жету үшін кетамин дозасын арттыруды талап етеді.
Симпатомиметиктер және вазопрессин
Симпатомиметиктер (тікелей немесе жанама әсері) және вазопрессин кетаминнің симпатомиметикалық әсерін күшейтуі мүмкін.
Эргометрин
Эргометринмен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.