Кеторолакты басқа ҚҚСД сияқты қолдану, әсіресе бекітілмеген көрсеткіштер бойыншажәне/немесеұзақкезеңбойықолданғандаауырасқазан-ішек уыттылығының даму қаупінің жоғары болуымен байланысты болуы мүмкін. Циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, кеторолакты ҚҚСД-мен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Жағымсыз әсерлерді симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз емдік дозаны пайдалана отырып, барынша азайтуға болады.
Арнайы ескертулер
Асқазан-ішек жолының ойық жаралары, қан кетулері және тесілуі
Өлімге әкеп соқтыруы мүмкін асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралану немесе тесілу барлық ҚҚСД қолданғанда, соның ішінде кеторолакты қолданғанда, емдеу кезінде кез келген уақытта алдын алу симптомдарымен немесе симптомдарсыз немесе анамнезінде ауыр асқазан-ішектен қан кетумен, тіркелген.
Егде жастағы пациенттерде ҚҚСД-ға жағымсыз реакциялар, әсіресе, өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін асқазан-ішектен қан кету мен тесілу жиірек кездеседі. Асқазан-ішектен қан кетудің, ойық жараның немесе тесілудің пайда болу қаупі ҚҚСД дозасының, оның ішінде кеторолактың ұлғаюымен, анамнезінде ойық жарасы бар пациенттерде, әсіресе, егер ол егде жастағы пациенттерде қан кетумен немесе тесілумен асқынған болса. Клиникалық көзқарас тұрғысынан, ауыр асқазан-ішектен қан кетулер пайда болу қаупі дозаға тәуелді болады. Осындай пациенттер емді ең төмен ықтимал дозадан бастау керек. Осы пациенттерде қорғаныш препараттарымен (мысалы, мизопростол немесе протон сорғысы тежегіштері), сондай-ақ аспириннің немесе асқазан-ішек құбылыстарының пайда болу қаупін арттыратын басқа да препараттардың төмен дозаларын бір мезгілде қабылдауды талап ететін пациенттерде біріктірілген емді пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек. Бұл жасқа байланысты қауіп барлық ҚҚСП үшін ортақ болып табылады. Жас пациенттермен салыстырғанда егде жастағы Егде жастағы пациенттерде кеторолактың жартылай шығарылу кезеңі ұлғайған және төмендеген клиренсі байқалады. Дозалар арасындағы аралықты арттыру ұсынылады.
Анамнезде ішектің қабыну аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге, осы аурулардың өршуі мүмкін екендіктен, ҚҚСП сақтықпен тағайындалу керек. Анамнезінде асқазан-ішек уыттылығы бар пациенттер, әсіресе егде жаста, ең алдымен емдеудің бастапқы кезеңдерінде кез келген ерекше ішпердеішілік симптомдар (әсіресе асқазан-ішектен қан кету) туралы хабарлауы тиіс. Кеторолак қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара пайда болғанда емдеу тоқтатылуы тиіс.
Ойық жаралану немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін, мысалы, пероральді кортикостероидтар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері немесе аспирин сияқты антитромбоциттік агенттер сияқты препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге назар аудару керек.
Варфарин сияқты антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерге кеторолакты қолдануға болмайды.
Басқа ҚҚСД жағдайындағыдай, асқазан-ішек асқынуларының жиілігі мен ауырлығы кеторолакпен емнің дозасы мен ұзақтығы артуымен жоғарылауы
мүмкін. Клиникалық тұрғыдан ауыр асқазан-ішектен қан кету қаупі дозаға байланысты. Анамнездегі пептидтік ойық жара кеторолакпен емдеу кезінде ауыр асқазан-ішек асқынуларының даму ықтималдығын арттырады.
ҚҚСП, соның ішінде кеторолак, асқазан-ішек жолдарынан анастомозының қабілетсіздігі қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Кеторолакты асқазан-ішек жолына операциядан кейін қолданған кезде мұқият медициналық бақылау және сақтық қажет.
Гематологиялық әсерлер
Қанұюы бұзылған пациенттерге препаратты қабылдауға болмайды. Антикоагулянттық ем алатын пациенттерде Кетанов препаратын бір мезгілде қолданғанда қан кету қаупі жоғары болуы мүмкін. Кеторолак және гепариннің төмен профилактикалық дозасын (2500 – 5000 бірлік әр 12 сағат сайын) және декстрандарды бір мезгілде қолдану мұқият зерттелмеген, сондай-ақ қан кетудің жоғары туындау ықтималдығының себебі болуы мүмкін. Антикоагулянттар қабылдайтын немесе төмен дозаланған гепарин алатын пациенттер кеторолакты қолданбауытиіс. Гемостазға әсер ететін басқа дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттер, егер олар бір мезгілде Кетанов препаратын қолданса, мұқият бақылауда болуы тиіс. Клиникалық мәні бар операциядан кейінгі қан кетулердіңтуындау жиілігі 1%-дан аз болды. Кеторолак тромбоциттер агрегациясынтежейді және қан кету уақытын арттырады. Қанның ұю функциясы қалыпты пациенттерде қан кету уақыты артады, бірақ 2-11 минут қалыпты диапазоннан аспайды. Аспириннің ұзақ әсер етуінен айырмашылығы, кеторолак қолданғаннан кейін тромбоциттер қызметі 24-48 сағат ішінде қалыпқа оралады.
Гемостаздың ауытқуына жол бермейтін жағдайларда, мысалы, косметикалық хирургиялық операцияда немесе күндізгі стационардағы хирургиялық операцияда, простата резекциясы немесе тонзилэктомия жағдайларында ерекше сақтықты сақтау керек. Гематомалардың және жарадан кетудің басқа белгілерінің және мұрыннан қан кетудің пайда болуы Кетанов препаратын қолданумен байланысты. Дәрігерлер кеторолактың циклооксигеназа тежейтін және қан кету қаупін арттыратын, әсіресе егде жастағы пациенттерді емдеуде, басқа ҚҚСД-ның фармакологиялық ұқсастығы туралы есте сақтауы керек.
Тері реакциялары
Елеулі тері реакциялары, олардың кейбіреулері өліммен аяқталған, оның ішінде эксфолиативтік дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз, ҚҚСД қолдануға байланысты өте сирек хабарланды. Пациенттер бұл реакциялардың ең жоғары пайда болу қаупіне емдеу курсының басында ұшырайды: реакциялардың басталуы, көптеген жағдайларда, емнің бірінші айы ішінде пайда болады. Кетанов препаратымен емдеуді бөртпе, шырышты қабықтардың зақымдану ошақтары немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген белгілері алғаш пайда болған кезде тоқтату керек.
Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тіннің аралас аурулары
Жүйеліқызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тіннің аралас аурулары бар пациенттерде асептикалық менингиттің даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Жүрек-қантамыр ауруларында натрий/сұйықтықтың іркілуі және шеткері ісінуі
Анамнезінде артериялық гипертензиясы және/немесе жүрек дисфункциясы бар пациенттерде сақтық қажет, өйткені сұйықтықтың іркілуі және ісіну ҚҚСД еміне байланысты тіркелген.
Кеторолакты қоса, ҚҚСД алатын кейбір пациенттерде сұйықтықтың іркілуі, гипертензия және шеткері ісінулер байқалады, сондықтан оны жүрек жеткіліксіздігі, гипертензиясы бар немесе ұқсас жағдайлардағы пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық әсерлері
Гипертензиясы және/немесе жеңілден орташа дәрежедегі іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тиісті мониторинг пен кеңес беру қажет, өйткені бұл жағдайларда ҚҚСД еміне байланысты сұйықтықтың іркілуі және ісінуі туралы хабарланады. Коксибтерді және кейбір ҚҚСД қолдану (әсіресе аса жоғары дозаларда) тромбоздық құбылыстардың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) пайда болу қаупінің аздап артуымен байланысты болуы мүмкін. Алайда, кеторолак миокард инфарктісі сияқты тромбоздық құбылыстардың пайда болу ықтималдығын арттыратыны және кеторолакты қолданған кезде бұл қауіпті болдырмауға жеткілікті мәліметтер болмағаны дәлелденген жоқ. Бақыланбайтын гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, белгіленген жүректіңишемиялықауруы,шеткеріартерияларжәне/немесе цереброваскулярлықауруларыбарпациенттеркеторолактымұқият бағалағаннанкейінғанақолдануытиіс.Осындайбағалаудыжүрек-қан тамырлары ауруларының (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті және темекі шегу) даму қаупі факторлары бар пациенттерде жүргузі керек.
Жүрек-қантамыр, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
Бүйрек простагландиндері бүйрек перфузиясын қолдауда қосымша рөл атқарғанда, препаратты айналымдағы қан көлемі азаюына және/немесе бүйрек қан ағымының төмендеуіне әкелетін жай-күйлері бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Бұл пациенттерде ҚҚСД қабылдау бүйрек простагландині түзілуінің дозаға тәуелді төмендеуін туындатуы мүмкін және бүйрек жеткіліксіздігін жеделдетуі мүмкін. Қан жоғалту немесе ауыр сусызданған пациенттер, бүйрек функциясының бұзылулары, жүрек жеткіліксіздігі, бауыр дисфункциясы бар пациенттер, егде жастағы Егде жастағы пациенттер және диуретиктер қабылдаған пациенттер үлкен қауіпке ие. Мұндай пациенттерде бүйрек функциясын былая керек. ҚҚСД-емді тоқтату, әдетте, емдеу басталғанға дейінгі жай-күйіне қалпына келумен және жазылумен ілесе жүреді. Операция кезінде жоғалған сұйықтықтың/қанның талапқа сай емес қалпына келуі гиповолемияға әкеледі және бүйрек дисфункциясына алып келуі мүмкін, ол Кетанов препаратын тағайындаған кезде одан қатты күшеюі мүмкін. Осылайша, сұйықтықтың жоғалуын түзетіп, сарысудағы мочевина мен креатинин деңгейін, сондай-ақ пациент нормоволемияға жеткенше несептің түзілуін мұқият бақылау керек. Бүйрек диализінде жүрген пациенттерде кеторолак клиренсі қалыпты жылдамдықпен
салыстырғанда шамамен екі есе азаяды, ал жартылай шығарылудың соңғы кезеңі шамамен үш есе ұлғаяды.
Бүйрекке қатысты әсерлер
Басқа ҚҚСД жағдайындағыдай кеторолакты бүйрек функциясы төмендеген немесе ауру тарихындағы бүйрек аурулары бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек, өйткені ол простагландиндер синтезінің қуатты тежегіші болып табылады. Сақтық сақтау керек, өйткені кеторолак пен басқа ҚҚСД қолдану кезінде жекелеген жағдайларда бүйрек перфузиясын ұстап тұруда бүйрек простагландиндері көмекші рөл атқарған кезде қан және/немесе бүйрек қан ағымының азаюына әкелетін жай-күйі бар пациенттерде бүйрек уыттылығы байқалады.
ОсыпациенттердекеторолакпенбасқаҚҚСДқабылдаубүйрек простагландиндерінің түзілуін дозаға тәуелді төмендетуге әкелуі мүмкін және айқын бүйрек декомпенсациясын немесе жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін. Ең жоғарықауіпбүйрекфункциясыныңбұзылуы,гиповолемия,жүрек жеткіліксіздігі, бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде, диуретиктерді қабылдайтынпациенттердежәнеегдежастағыпациенттердебайқалады. Кеторолакты немесе ҚҚСД басқа терапиясын қабылдауды тоқтату әдетте қалпына келуге және осы ем жүргізілгенге дейін жағдайға оралуға әкеледі. Простагландиндердің синтезін басатын басқа препараттар сияқты, кеторолак трометамолды қабылдаған кезде мочевина, креатинин және калий деңгейінің жоғарылауы байқалады, бұл препаратты бір рет қабылдағаннан кейін де пайда болуы мүмкін.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Кеторолак трометамолы және оның метаболиттері негізінен организмнен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек функциясы орташа ауырлықтан ауырға дейін (қан сарысуындағы креатинин концентрациясы 160 микромоль/л-ден жоғары) бұзылған пациенттерге Кетанов препаратын қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының айқын бұзылуы аз пациенттер кеторолактың неғұрлым төмен дозаларын (тәулігіне 60 мг аспайтын, б/і немесе в/і) алуы тиіс және бүйректің жай-күйін мұқият бақылау керек.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолданылуы
Бауыр циррозына байланысты бауыр функциясы бұзылған пациенттерде кеторолак клиренсінде немесе жартылай шығарылудың терминалдық кезеңінде клиникалық елеулі өзгерістер болмайды.
Бауыр функциясының бір немесе бірнеше көрсеткіштерінің шекаралық жоғарылауы мүмкін. Бұл ауытқулар уақытша болуы мүмкін, өзгеріссіз қалуы мүмкін немесе емді жалғастырған кезде үдеуі мүмкін. Сарысудағы глутамат- пируват-трансминаза (СГПТ/АЛТ) немесе сарысудағы глутамат-оксалоацетат- трансаминаза (СГОТ/АСТ) елеулі жоғарылау (қалыпты мәндерге қарағанда үш еседен астам) ықтималдығы бар. Бауыр ауруымен байланысты клиникалық симптомдар немесе жүйелік көріністер пайда болғанда Кетанов препаратын қолдануды тоқтату керек.
Анафилаксиялық (анафилактоидты) реакциялар
Анафилаксиялық (анафилактоидты) реакциялар (анафилаксиялық шок, бронх түйілуі, бөртпе, гипотония, көмей ісінуі және ангионевроздық ісінуін қоса) аспиринге, басқа да ҚҚСД немесе в/і кеторолакқа аса жоғары сезімталдық анамнезі бар немесе анамнезі жоқ пациенттерде туындауы мүмкін. Олар анамнезде ангиодистрофия, бронхоспазмдық реактивтілік (мысалы, астма) және мұрын полиптері бар пациенттерде пайда болуы мүмкін. Анафилактоидты реакциялар, анафилаксия сияқты, өлімге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ кеторолакты анамнезінде демікпесі бар пациенттерге және мұрын полиптерінің айқын немесе ішінара синдромы, ангионевроздық ісіну және бронх түйілуі бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Фертильділікке қатысты сақтық шаралары
Кеторолакты қолдану, циклооксигеназа/простагландин синтезін тежейтін кез келген препарат сияқты фертильділікке әсер етуі мүмкін және жүкті болуға тырысып жүрген әйелдерде қолдану ұсынылмайды. Ұрықтануда қиындықтарға тап болған немесе бедеуліктің себептерін зерттеуден өтіп жүрген әйелдер үшін Кетанов препаратын қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Сұйықтықтың іркілуі және ісіну
Кеторолакты қолданған кезде сұйықтықтың іркілуі, гипертензия және ісіну хабарланды, сондықтан оны жүрек декомпенсациясы, гипертензиясы немесе осыған ұқсас жағдайлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Метотрексаттыбірмезгілдеқолданғандасақболғанжөн,өйткені простагландиндер синтезін тежейтін кейбір препараттар метотрексат клиренсін төмендететіні және осылайша, мүмкін оның уыттылығының күшеюі, туралы хабарланды.
Педиатрияда қолдану
Кеторолак таблеткаларын балаларда және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Препараттарды дұрыс емес пайдалану және тәуелділік
Кеторолак тәуелділікті тудырмайды. Кеторолакпен емдеуді күрт тоқтатқаннан кейін тоқтату симптомдары байқалмады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кетанов препаратын қолдану жекелеген пациенттерде ұйқышылдық, сандырақ, бас айналу, ұйқысыздық немесе депрессияны тудыруы мүмкін. Осы немесе осыған ұқсас жағымсыз әсерлерді бастан кешіретін пациенттерге толық назар аударуды талап ететін іс-шараларға сақтықпен қарау керек.