Эпидемиологиялық деректер, кеторолак кейбір басқа ҚҚСП-мен салыстырғанда, әсіресе, препаратты нұсқаулықта көрсетілмеген көрсетілімдер бойынша және/немесе ұзақ уақыт ішінде пайдаланғанда асқазан-ішекке ауыр уыттылығы қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкіндігін көрсетіп отыр .
Дәрігерлер, кейбір пациенттерде ауырғанды басатын әсері вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін тек 30 минуттан соң ғана басталуы мүмкін екендігін білуге тиіс.
Кеторолакты циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса ҚҚСП-мен бірге қолданбау керек.
Жағымсыз реакциялардың туындауын ең төмен тиімді дозасын симптомдарын бақылауға алу үшін қажетті аса қысқа уақыт мерзімі ішінде пайдалану арқылы азайтуға болады.
Ойық жаралар, асқазан-ішек жолынан қан кету және тесілуі
Асқазан-ішектен қан кетулер, ойық жаралары немесе тесілуінің өлімге соқтыруы мүмкін жағдайлары кеторолакпен емдеуді қоса,барлық ҚҚСП қолданғанда, емдеудің кез келген уақытында, хабаршы симптомдарымен немесе оларсыз немесе анамнезде асқазан-ішектің ауыр аурулары болған жағдайда тіркелген.
Маркетингтен кейінгі рандомизацияланбаған ауруханаішілік қадағалау зерттеуінде клиникалық тұрғыдан ауыр, асқазан-ішектен қан кетулер жиілігінің жоғарылауы апиындарды парентеральді қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, 65 жасқа толмаған, кеторолактың 90 мг асатын орташа тәуліктік дозасын бұлшықет ішіне қабылдаған пациенттерде байқалды.
Егде жастағы адамдарда ҚҚСД-ға жағымсыз реакциялар, әсіресе, асқазан-ішектен өлімге соқтыруы мүмкін қан кетулер мен тесілулер жиірек кездеседі.
Асқазан ішектен қан кету, ойық жара немесе тесілу қаупі вена ішілік кеторолакты қоса, ҚҚСП дозаларын арттырғанда, анамнезінде ойық жара болған пациенттерде, әсіресе егер ол қан кетумен немесе тесілумен асқынған жағдайда және егде жастағы адамдарда жоғарылайды. Клиникалық тұрғыдан ауыр асқазан-ішектік қан кету қаупі дозасына тәуелді. Ондай пациенттер емдеуді ең төмен қолжетімді дозасынан бастауы тиіс. Ондай пациенттер, сондай-ақ, төмен дозалардағы АСҚ немесе асқазан-ішектік қаупін арттыруы мүмкін басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау қажет болған пациенттер, дәрілік препараттар-протекторлармен (мысалы, мизопростолмен немесе протондық помпа тежегіштерімен) біріктіріп емдеу мүмкіндігін қарастыруға тиіс. Жас шамасына байланысты асқазан-ішектен қан кету мен тесілудің мұндай қаупі барлық ҚҚСП үшін ортақ болып табылады. Жастармен салыстырғанда, егде жастағы адамдарда кеторолактың плазмадан жартылай шығарылу кезеңі ұзарады және плазмалық клиренсі төмендейді. Дозалау аралықтарын ұзағырақ ету ұсынылады.
Анамнезінде ішектің қабыну аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге ҚҚСП сақтықпен тағайындау керек, өйткені ондай жағдайлар өрши түсуі мүмкін. Анамнезінде асқазан-ішекке уыттылығы болған пациенттер, әсіресе, егде жастағылар, әсіресе, емдеудің бастапқы сатыларындағы әдеттен тыс кез елген абдоминальді симптомдар (әсіресе, асқазан-ішектен қан кетулер) туралы хабарлауы тиіс. Кеторолакты вена ішіне қабылдап жүрген пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара туындаған жағдайда, емдеуді тоқтату керек.
Пероральді кортикостероидтар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері сияқты, ойық жаралардың немесе қан кетулердің түзілуі қаупін арттыруы мүмкін препараттарды немесе АСҚ сияқты антитромбоциттік дәрілерді қатарлас қабылдап жүрген пациенттерге сақтықпен қарау керек.
Варфарин сияқты антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерде пайдалануға болмайды.
Басқа ҚҚСП-мен жағдайдағы сияқты, кеторолактың дозасы мен венаішілік емдеу ұзақтығын арттырған кезде асқазан-ішектік асқынулардың жиілігі мен ауырлығы арта түсуі мүмкін. Клиникалық тұрғыдан ауыр, асқазан-ішектік қан кету қаупі дозасына тәуелді. Бұл әсіресе, егде жастағы, кеторолактың күніне 60 мг асатын орташа тәуліктік дозасын вена ішіне қабылдап жүрген пациенттерге қатысты. Анамнезде ойық жара ауруының болуы кеторолакпен емдеу кезінде асқазан-ішектің ауыр асқынуларының дамуы ықтималдығын арттырады.
ҚҚСП, соның ішінде кеторолак, асқазан-ішек жолдарынан анастомозының қабілетсіздігі қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Кеторолакты асқазан-ішек жолына операциядан кейін қолданған кезде мұқият медициналық бақылау және сақтық қажет.
Гематологиялық әсерлер
Қан ұюының бұзылулары бар пациенттер Кетанов препаратын қабылдамағаны дұрыс. Антикоагулянттық ем қабылдап жүрген пациенттерде кеторолакпен бір мезгілде тағайындағанда қан кету қаупі жоғарылауы мүмкін. Кеторолак пен гепариннің төмен дозаларын профилактикалық мақсаттарда (әр 12 сағат сайын 2500-5000 бірлік) және декстрандарды бір мезгілде қолдану кеңінен зерттелмеген және қан кету қаупінің жоғарылығымен де байланысты болуы мүмкін. Антикоагулянттарды бұрыннан қабылдап жүрген немесе гепариннің төмен дозаларын қажет ететін пациенттер кеторолакты қабылдамауы тиіс. Гемостазға кедергі келтіретін басқа дәрілік ем қабылдап жүрген пациенттер кеторолакты тағайындағанда мұқият қадағалануы тиіс. Бақыланатын клиникалық зерттеулерде клиникалық тұрғыдан елеулі, операциядан кейінгі қан кетулердің жиілігі 1%-дан азды құрады.
Кеторолак тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді және қан кету уақытын ұзартады. Қан ұюы қалыпты пациенттерде қан кету уақыты ұзарған, бірақ екіден он бір минутқа дейінгі қалыпты ауқымының шегінен аспаған. АСҚ-ның ұзаққа созылатын әсеріне қарағанда, тромбоциттер функциясы нормаға кеторолакты тоқтатқаннан кейін 24-48 сағат ішінде қайтып келеді.
Маркетингтен кейінгі кезеңде қолданғанда, операциядан кейін кеторолакты бұлшықет ішіне/вена ішіне пайдаланумен байланысты, операциядан кейінгі жарадан қан кету туралы хабарланды. Сондықтан қан кету немесе толық емес гемостаз қаупі жоғары операцияны бастан өткерген пациенттерге кеторолакты қолданбау керек. Егер ауытқуларға жол бермейтін гемостаз шешуші мәнге ие болса, мысалы, косметикалық немесе бір күндік хирургияда, простата резекциясында немесе тонзиллэктомияда сақтық таныту керек. Кеторолакты пайдаланғанда гематомалар және жарадан қан кетудің басқа белгілері, сондай-ақ, мұрыннан қан кетулер туралы хабарланды. Дәрігерлер кеторолактың циклооксигеназаны тежейтін басқа ҚҚСП-мен фармакологиялық ұқсастығы және әсіресе, егде жастағы адамдарда, қан кету қаупі туралы білуі тиіс.
Тері реакциялар
ҚҚСП қолданумен байланысты, эксфолиативтік дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса, кейбіреулері өлім жағдайымен аяқталатын терінің ауыр реакциялары туралы өте сирек хабарланды. Пациенттер, аталған реакциялардың даму қаупіне емдеу курсының басында анағұрлым көбірек ұшырауы: көпшілік жағдайларда емнің алғашқы айы ішінде туындайтын реакциялар басталуы ықтимал. Тері бөртпесі, шырышты қабықтардың зақымданулары немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері алғаш пайда болған жағдайда, кеторолакты қабылдауды тоқтату керек.
ЖҚЖ және дәнекер тіннің аралас ауруы
Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) немесе дәнекер тіннің аурулары бар науқастарда асептикалық менингиттің даму қаупі жоғарылауы мүмкін .
Жүрек-қантамыр аурулары кезінде организмде натрий/сұйықтық іркілуі және шеткері ісінулер
Анамнезінде гипертония және/немесе жүрек жеткіліксіздігі болған пациенттерде сақтық таныту қажет, өйткені, ҚҚСП емімен байланысты сұйықтық іркілуі мен ісіну жағдайлары тіркелген.
ҚҚСП, соның ішінде кеторолакты қабылдаған кейбір пациенттерде сұйықтық іркілуі, гипертония және шеткері ісінулер байқалды, сол себепті, жүрек декомпенсациясы, гипертониясы немесе соларға ұқсас аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Жүрек-қантамыр жүйесіне және ми қантамырларына әсері
Анамнезінде артериялық гипертензия және/немесе жүректің елеусіз орташа жеткіліксіздігі болған науқастардың жай-күйін мұқият қадағалау қажет. Анамнезінде ҚҚСП емімен байланысты сұйықтық іркілуі мен ісінулер болған пациенттерде сақтық таныту қажет.
Клиникалық сынақтар мен эпидемиологиялық деректер, коксибтер мен кейбір ҚҚСП (әсіресе, жоғары дозаларында) қолдану артериялық тромбоз асқынулары (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің болар-болмас жоғарылауымен астасуы мүмкін екендігін көрсетіп отыр. Кеторолак препаратымен емдегенде, миокард инфарктісі сияқты тромбоз оқиғалары жиілігінің артқаны байқалмаса да, дегенмен, кеторолакқа қатысты ондай қауіпті жоққа шығаруға болмайды.
Бақыланбайтын гипертониясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі бар, жүректің ишемиялық ауруы анықталған, шеткері артериялардың ауруы және/немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттер кеторолакты тек, мұқият талдаудан кейін ғана қабылдауы тиіс. Соған ұқсас талдау жүрек-қантамыр аурударының қауіп факторлары (мысалы, гипертония, гиперлипидемия, қант диабеті және шылым шегу) бар пациенттерді емдеудің алдында да жүргізілуі тиіс.
Жүрек-қантамыр, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
Бүйрек простагландиндері бүйрек перфузиясын демеп отыруда қосымша рөл атқаратын жағдайда, айналымдағы қан көлемінің азаюына және/немесе бүйректің қан ағымының азаюына алып келетін факторлары бар пациенттерді емдегенде сақтық таныту керек. Аталған пациенттерде ҚҚСП тағайындау бүйрек простагландиндері түзілуінің дозаға тәуелді төмендеуін және бүйрек жеткіліксіздігінің манифестациясын туғызуы мүмкін. Ондай реакция қаупінің анағұрлым көбірек қаупі қан жоғалтуына байланысты көлемі төмендеген, ауыр дегидратациясы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, жүрек жеткіліксіздігі, бауыр дисфункциясы бар пациенттерде, егде жастағы пациенттерде және диуретиктерді қабылдап жүрген пациенттерде байқалады. Пациенттердің аталған санатында бүйрек функциясын бақылау керек. ҚҚСП емін үзгеннен кейін, әдетте, жағдайдың қалыпқа келуі басталады. Гиповолемияға алып келетін хирургиялық операциялар кезінде сұйықтықтың/қанның қалыпқа келуінің жеткіліксіздігі, бүйрек дисфункциясын туғызуы мүмкін, ол кеторолакты тағайындаған кезде ушыға түсуі мүмкін. Сондықтан көлем тапшылығының орны толтырылуы тиіс және сарысудағы мочевинаға, креатининге, сондай-ақ, пациентте нормоволемия басталғанға дейін диурезге мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Гемодиализ жүргізіліп жатқан пациенттерде кеторолак клиренсі қалыпты деңгейінен жартысына дейін азая түседі, жартылай шығарылу кезеңі шамамен 3 есе ұзара түседі..
Бүйрекке әсері
Басқа ҚҚСП сияқты, кеторолакты бүйрек функциясы бұзылған немесе анамнезінде бүйрек ауруы болған пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені ол простагландиндер синтезінің әсері күшті тежегіші болып табылады. Қан көлемінің және/немесе бүйректік қан ағымының азаюына алып келетін жай-күйлері бар пациенттерде кеторолакты және басқа ҚҚСП қолданғанда бүйрекке уыттылығы байқалғандықтан, бүйрек перфузиясын сақтауда бүйрек простагландиндері демеуші рөл атқаратын жағдайларда сақтық таныту керек.
Ондай пациенттерде кеторолактың немесе басқа ҚҚСП енгізу бүйректе простагландиндер түзілуінің дозаға тәуелді төмендеуін туғызуы мүмкін және бүйректің айқын декомпенсациясын немесе жеткіліксіздігін туғызуы мүмкін. Бұл реакция қаупіне бүйрек функциясы бұзылған, гиповолемиясы, жүрек жеткіліксіздігі, бауыр функциясының бұзылуы бар, диуретиктерді қабылдап жүрген пациенттер мен егде жастағы адамдар анағұрлым көп ұшырайды. Кеторолакты немесе қабынуға қарсы басқа стероидты емес емді қабылдауды тоқтату, әдетте, емдеуге дейін болған жағдайға дейін қалыпқа келумен қатар жүреді.
Простагландиндер синтезін тежейтін басқа препараттармен жағдайдағы сияқты, кеторолак трометамолын қабылдағанда қан сарысуындағы мочевина, креатинин және калий деңгейінің жоғарылағаны туралы хабарланды, және ол бір дозасын қабылдағаннан кейін орын алуы мүмкін.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: кеторолак трометамолы мен оның метаболиттері негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар (сарысудағы креатинин 160 микромоль / л жоғары) пациенттер кеторолакты қабылдамауы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі аз пациенттер кеторолактың азайтылған дозасын (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне күніне 60 мг аспайды) қабылдауы тиіс, ал олардың бүйректік статусын мұқият бақылау керек.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолданылуы
Бауыр циррозына байланысты бауыр функциясы бұзылған пациенттерде кеторолактың клиренсінде немесе жартылай шығарылуының соңғы кезеңінде қандай-да бір клиникалық маңызды өзгерістер болмайды.
Бауырдың функционалдық тестілерінің біреуінің немесе бірнешеуінің соңғы шектік жоғарылауы байқалуы мүмкін. Ондай бұзылулар уақытша болуы, өзгеріссіз күйінде қалуы немесе емдеуді жалғастырғанда үдей түсуі мүмкін. Бақыланатын клиникалық сынақтарда 1%-дан аз пациентте қан сарысуында сарысулық глутамат пируват трансаминаза (СГПТ /АЛТ) немесе сарысулық глютамин оксалоацетин трансаминаза (СГОТ/АСТ) деңгейінің елеулі (3 еседен артық) жоғарылауы байқалды. Егер бауыр ауруымен байланысты клиникалық белгілер мен симптомдар дамыса, немесе егер жүйелі көріністер туындаса, кеторолакты қабылдауды тоқтату керек
Анафилаксиялық (анафилактоидтық) реакциялар
Анафилаксиялық (анафилактоидтық) реакциялар (анафилаксиялық шокты, бронх түйілуін, гиперемияны, бөртпені, гипотонияны, көмейдің ісінуін және ангионевроздық ісінуді қоса), анамнезінде АСҚ, басқа ҚҚСД немесе в/і кеторолакқа жоғары сезімталдығы болған немесе болмаған науқастарда туындауы мүмкін. Сонымен қатар олар анамнезінде ангиодистрофиясы, бронх түйілуі реакциялары (мысалы, демікпе) болған және мұрын полиптері бар адамдарда кездесуі мүмкін. Анафилаксия сияқты анафилактоидтық реакциялар өлімге соқтыруы мүмкін. Сол себепті, кеторолак анамнезінде демікпесі бар пациенттерде және мұрынның толық немесе ішінара полиптері синдромы, ангиодистрофиясы және бронх түйілуі бар науқастарда қолданылмауы тиіс.
Сұйықтық іркілуі және ісіну
Кеторолакты қолданғанда сұйықтық іркілгені, гипертония және ісіну туралы хабарланды, сондықтан оны жүрек жеткіліксіздігі, гипертониясы немесе соларға ұқсас жай-күйлері бар пациентерде сақтықпен қолдану керек.
Метотрексатты бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту ұсынылады, өйткені, простагландин синтезін тежейтін кейбір препараттар метотрексаттың клиренсін төмендететіні, және сол себепті, оның уыттылығын арттыруы мүмкіндігі хабарланған.
Фертильділікке қатысты сақтық шаралары
Циклооксигеназа/простагландин синтезін тежейтіндігі белгілі кез келген препарат сияқты, кеторолакты қолдану фертильділікті нашарлатуы мүмкін және жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге ұсынылмайды. Бала көтеруде қиындықтарды бастан өткеріп жүрген немесе фертильділікке қатысты тексеріліп жүрген әйелдерде, Кетанов препаратын тоқтату мәселесін қарастыру керек.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Сондықтан Кетанов препаратын 16 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды
Натрий диетасын ұстап жүрген пациенттер
Бұл дәрілік препараттың құрамында бір реттік дозасында 5.31 мг (яғни, 0.23 ммоль) натрий бар. Натрий мөлшері бақыланатын диета ұстап жүрген пациенттер, препараттың құрамында натрий мөлшері аз болғандықтан, натрийсіз болып табылатынын ескеруі тиіс.