Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Гель для наружного применения
Дозасы
25 мг/г
Саудалық атауы
Кетопрофен
Әсер етуші зат
Кетопрофен
Мақсаты
Кетопрофен қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік зат болып табылады
Өндіруші
Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір сықпаның (30 г) ішінде:
белсенді зат- кетопрофен – 0,75 г;
қосымша заттар: карбомер 980, 96 % этил спирті, лаванда майы, макрогол 400, диэтаноламин, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Хош иісі бар, мөлдір немесе мөлдір дерлік түссіз гель. Ауа көпіршіктері болуы мүмкін.
Кетопрофен қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік зат болып табылады. Оның қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсерлері бар.
Мына жағдайларда қолданылады:
- жарақаттан (спорттық жарақаттар, шығып кетулер, созылулар мен соғылулар) туындаған қатты ауырсынуды азайту үшін
- артрит кезіндегі орташа дәрежедегі ауыруда
Жергілікті қабынуға қарсы, экссудатқа қарсы және ауыруды басатын әсер береді. Гель түрінде буын, сіңір, байлам, бұлшықет, тері, вена, лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінің зақымдануын жергілікті емдеуді қамтамасыз етеді. Буын синдромында тыныштық және қозғалыс кезінде артралгияның бәсеңсуін, таңертеңгілік сіресу мен буындар домбығуының азаюын туындатады. Кетопрофеннің лизин тұзы буын шеміршегіне катаболизмдік әсер етпейді.
Дозалау режимі
Ересектер: дәрілік препаратты тері беткейіне тәулігіне 2-4 рет жағады, жұқа қабаттап жайып, содан соң қабынған немесе ауыратын бөліктеріне толық сіңгенге дейін ұзақ және абайлап ысқылай отырып жағады. Емдеу ұзақтығы 7 күнге дейін. Ұсынылатын дозасы күніне 15 г.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат теріге қолдануға арналған.
- кетопрофенге немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық;
- мүмкін бұрын болған фотосезімталдық реакциялары;
- фенофибратқа, кетопрофенге, тиапрофен қышқылына, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа ҚҚСП-қа белгілі аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, демікпе симптомдары, аллергиялық ринит);
- кетопрофенге, тиапрофен қышқылына, фенофибратқа, УК-сәулелену блокаторларына терінің аллергиясы;
Емдеу кезінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін 2 апта бойы, солярийдегі УК-сәулеленуді қоса тіпті жеңіл тұманда да күннің астында жүруден аулақ болу керек.
Ауырған жердің терісінде бөртпе, безеу немесе тері қабынған болса, гельді қолдануға болмайды.
- гельді ашық жараларға да қолдануға болмайды.
- жүктіліктің соңғы триместрі.
Жиі емес
– эритема, экзема, қышыну және ашытып күйдіру сияқты терінің жергілікті реакциялары
Сирек
– дерматологиялық: фотосенсибилизация және есекжем. Буллезді немесе фликтенулезді экзема сияқты таралуы немесе жайылып кетуі мүмкін күрделірек реакциялар туындаған жағдайлар сирек орын алады.
Өте сирек
– осының алдындағы бүйрек жеткіліксіздігінің өршу жағдайлары.
Жиілігі белгісіз
– анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық реакциялары, Стивенс-Джонсон синдромы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз. Гельді кездейсоқ жұтқан кезде, айқындығы жұтылған препараттың мөлшеріне байланысты жүйелі жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін. Дегенмен, артық дозалану құбылыстарының дамуы кезінде қабынуға қарсы дәрілердің артық дозалануы кезінде емдеуге сәйкес симптоматикалық және демеуші ем жүргізу керек.
Емдеу кезінде тері реакциясының кез келген түрі, оның ішінде октокрилен бар препараттарды бір мезгілде қолданғаннан кейін пайда болған тері реакциялары дамыған жағдайда емдеуді дереу тоқтату керек.
Қабынуға қарсы препараттарды, соның ішінде кетопрофенді қоса қолданғанда Стивенс-Джонсон синдромы сияқты ауыр тері реакциялары туралы хабарланған. Пациенттер ауыр тері реакцияларының симптомдары мен көріністері туралы хабардар болу керек. Бөртпе, шырышты қабаттың өзгеруі немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа белгілері алғаш пайда болғанда емдеуді тоқтату керек.
Гель көзге және шырышты қабыққа түспеуі керек. Өңделетін аймақтың терісі сау болуы керек. Окклюзиялық таңғышты қолдануға болмайды.
Гельді жүрек, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Бүйрек функциясының бұзылуын қоса, жүйелік жағымсыз реакциялардың жекелеген жағдайлары туралы хабарланды.
Демікпесі созылмалы ринит/синусит және/немесе мұрын полипозымен қатар жүретін демікпесі бар пациенттерде жалпы тұрғындарға қарағанда аспиринге және/немесе қабынуға қарсы препараттарға аллергияның қаупі жоғары.
Кетопрофенді қолдану әйелдің фертильділігін нашарлатуы мүмкін және жүкті болғысы келетін әйелдерге ұсынылмайды. Жүкті болуы қиын болып жатқан немесе бедеулікке зерттеуден өтіп жатқан әйелдерде кетопрофенмен емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастырған жөн.
Фотосезімталдық қаупін болдырмау үшін препаратты пайдалану кезінде және қолдануды тоқтатқаннан кейін екі апта бойы өңделген аймақтарды киіммен қорғау ұсынылады. Сыртта болған кезде, өңделген аймақ тікелей күн сәулесінің әсеріне ұшырамаса да, киіммен қорғалуы керек. Препаратты әр қолданғаннан кейін қолды мұқият жуу керек.
Ұсынылған емдеу ұзақтығын асырмау керек, өйткені жанаспалы дерматит пен фотосезімталдық реакцияларының даму қаупі уақыт өте келе артады.
Арнайы сақтандырулар
Балаларда қолданылуы
12 жасқа дейінгі балаларда кетопрофен гелін қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Жүктілік
Жүктілік кезінде гельді қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ. Төмендегі ұсыныстар кетопрофенді жүйелі қолдануға негізделген.
Простагландиндер синтезін тежеу жүктілікке және/немесе ұрықтың дамуына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеулерге сүйене отырып, жүктіліктің ерте кезеңінде простагландиндер синтезінің тежегішін қолдану түсік тастау, ұрықтың жүрек ақаулары және гастрошизис қаупін арттыратыны туралы көрсеткіштер бар. Жүрек-қантамыр ақауларының абсолютті қаупі 1%-дан кемінде 1,5%-ға дейін өсті. Препараттың дозасы ұлғайған сайын және қолдану ұзақтығы артқан сайын қауіп артады деп есептеледі.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер простагландиндер синтезінің тежегішін қолдану ооциттердің жойылуына (имплантацияға дейін де, кейін де) және ұрық өлімінің жоғарылауына әкелетінін көрсетті. Сонымен қатар, жануарларға жүргізілген тәжірибелерге сүйене отырып, органогенез кезінде простагландиндер синтезінің тежегішін енгізу арқылы әртүрлі даму ақаулары (мысалы, жүрек және қан айналымы жүйесі) күшейетіні хабарланды. Жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде кетопрофенді өте қажет болмаса қолдануға болмайды. Егер жүкті болғысы келетін әйел немесе оның бірінші/екінші триместрінде кетопрофен қолданса, ол мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде ең аз дозаны қолдануы керек.
Жүктіліктің соңғы триместрінде простагландиндер синтезінің тежегіштерін қолдану ұрыққа келесідей әсер етеді:
• жүрек пен тыныс алу жүйесіне уыттылық (артериялық түтіктің мерзімінен бұрын жабылуы және өкпе артериясындағы қысымның жоғарылауы)
• бүйрек дисфункциясы кезінде бүйрек жеткіліксіздігіне және қағанақ суы мөлшерінің азаюына әкелуі мүмкін;
Жүктіліктің соңында простагландиндер синтезінің тежегіштерін қолдану ана мен жаңа туған нәрестені келесі ауруларға ұшыратады:
• тромбоциттер агрегациясының тежелуі және қан кету уақытының ықтимал ұзаруы, бұл тіпті шағын дозаларда да байланысты болуы мүмкін.
• жатырдың жиырылуының әлсіреуі, бұл босанудың кешігуіне немесе ұзаруына әкелуі мүмкін.
Сондықтан кетопрофенді жүктіліктің соңғы триместрінде қолдануға болмайды.
Лактация
Кетопрофеннің емшек сүтімен бөлінуі туралы ақпарат жоқ, сондықтан кетопрофенді емшек сүтімен емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дәрілік заттың жергілікті қолданғаннан кейін қан плазмасындағы концентрациясы аса төмен болғандықтан, әрекеттесулер болуы екіталай.
Төменде келтірілген біріктіріп қолдану туралы ескерту жүйелі түрде қолданылатын кетопрофенге негізделген.
Диуретиктер, AӨФ тежегіштері және ангиотензин II антагонистері. Қабынуға қарсы препараттар диуретиктер мен басқа да гипертензияға қарсы препараттардың гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін. АӨФ тежегіштерін/ангиотензин II антагонистерін циклооксигеназа тежегіштерімен бір мезгілде қолдану бүйрек функциясы бұрыннан бұзылған пациенттерде (мысалы, сусызданған пациенттерде және егде жастағы пациенттерде) бүйрек функциясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Нәтижесінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі болуы мүмкін, бірақ ол әдетте қайтымды. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттың және AӨФ тежегіші/ангиотензин II антагонисінің біріктірілімін, әсіресе егде жастағы пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Пациенттер жеткілікті мөлшерде сұйықтықты қабылдау керек және бүйрек функциясын біріктірілген препаратты қабылдауды бастағанда және емдеу кезінде мезгіл-мезгіл бақылап отыру керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.