Арнайы ескертулер
Сақтықпен: препаратты бронх демікпесі, холецистит, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, бүйрек функциясының бұзылуы (плазма креатинині 50 мг/л-ден төмен), холестаз, белсенді гепатит, сепсис, жүйелі қызыл жегі, мұрын және мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының полиптері, 65 жастан асқан пациенттерге тағайындау керек.
ҚҚСП тромбоциттер агрегациясын төмендететіндіктен, кеторолакты қан ұю жүйесінің бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет. Препараттың тромбоциттер агрегациясына әсері 24-48 сағат бойы сақталатынын ескеру керек.
Бақылау симптомдарына сәйкес қысқа уақыт кезеңінде ең төменгі тиімді дозаны қолданғанда жағымсыз әсерлер төмендетілуі мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесі мен ми тамырларына әсері
Кеторолакты қоса алғанда, ҚҚСП гипертензияның пайда болуына немесе жүрек-қантамыр оқиғаларының жиілігінің артуына ықпал етуі мүмкін. Тиазидті немесе ілмектік диуретиктерді қабылдайтын пациенттер ҚҚСП-ны бір мезгілде емдеген кезде осы препараттар әсерінің төмендеуін байқауы мүмкін. Кеторолакты қоса алғанда, ҚҚСП-ны артериялық гипертензиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Артериялық қысымды ҚҚСП қабылдаудың басында және емнің барлық кезеңінде мұқият бақылау керек.
Анамнезінде гипертензиясы және/немесе жеңіл немесе орташа когнестивті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тиісті мониторинг жүргізу және кеңес беру қажет, себебі қабынуға қарсы стероидты емес препараттар қабылдау салдарынан сұйықтықтың іркілісі және ісіну туралы хабарланған.
Коксибтерді немесе кейбір қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдану (әсіресе жоғары дозаларда) артериялық тромбоздың асқыну (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің аздап жоғарылауына әкелуі мүмкін. Кеторолакты қолданған кезде миокард инфарктісі сияқты тромбоздық асқынулардың даму қаупі бар.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, анықталған ишемиялық жүрек ауруы, шеткері артериялық ауруы және/немесе цереброваскулярлық бұзылыстары бар пациенттер кеторолакты тек мұқият тексеруден өткеннен кейін ғана қабылдаулары тиіс. Осыған ұқсас шешім кардиоваскулярлық аурулардың (мысалы, гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті және шылым шегу) туындау қауіп факторы бар пациенттерді емдегенге дейін қабылдануы тиіс.
Асқазан-ішектің ойық жаралары, қан кету және/немесе тесілуі
Асқазан-ішектен қан кетулер, өлімге әкелуі мүмкін ойық жаралардың немесе тесілулердің пайда болуы туралы ҚҚСП-ны емдеу кезінде кез келген уақытта хабаршы симптомдары бар немесе жоқ немесе анамнезінде ас қорыту жолы тарапынан ауыр бұзылулар болған жағдайда хабарланды. Асқазан-ішектен ауыр қан кету қаупі дәрілік препараттың дозалануына байланысты. Бұл, атап айтқанда, кеторолакты орташа тәуліктік дозада 60 мг-ден жоғары қолданатын егде жастағы пациенттерге қатысты. Бұл пациенттер үшін, сондай-ақ ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын немесе ас қорыту жолдары үшін қауіпті арттыруы мүмкін, басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданатын пациенттер үшін қорғаныс құралдарымен (мысалы, мизопростолмен немесе протонды помпаның тежегіштерімен) біріктірілген емдеу мүмкіндігін қарастыру керек.
Дәрілік препаратты қатар дәрі-дәрмекпен емделіп жүрген пациенттерде сақтықпен қолданады, ол пероральді кортикостероидтар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері немесе ацетилсалицил қышқылы сияқты тромбозға қарсы дәрілер сияқты ойық жаралардың немесе қан кетулердің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Кеторолак алатын пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара пайда болған жағдайда емдеу курсын тоқтату керек.
ҚҚСП анамнезінде ішектің қабыну аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені бұл жағдайлар нашарлауы мүмкін.
Анамнезінде асқазан-ішек уыттылығы бар пациенттер, әсіресе егде жастағы адамдар, ең алдымен емдеудің бастапқы кезеңдерінде абдоминальді кез келген ерекше симптомдары (әсіресе ішектен қан кету) туралы хабарлауы тиіс. Кеторолак қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара пайда болған кезде емдеуді тоқтату керек.
Гематологиялық әсерлер
Қан ұюы бұзылған пациенттерге дәрілік препаратты тағайындауға болмайды. Антикоагулянттық ем алатын пациенттерде, егер бір мезгілде кеторолак қолданылса, қан кету қаупі жоғары болуы мүмкін. Қан кетуді тоқтату жылдамдығына әсер етуі мүмкін басқа дәрілік препараттарды алатын пациенттердің жай-күйін оларға кеторолак тағайындағанда мұқият бақылау керек.
Бақыланатын клиникалық зерттеулерде операциядан кейінгі елеулі қан кету жағдайларының жиілігі 1% - дан кем болды. Кеторолак тромбоциттер агрегациясын тежейді және қан кету уақытын арттырады. Қан кетудің уақыты қалыпты пациенттерде қан кетудің ұзақтығы артты, бірақ 2-11 минут мәндерінің қалыпты ауқымнан шықпады. Ацетилсалицил қышқылын қолдану нәтижесінде ұзақ әсер етуден айырмашылығы, тромбоциттер функциясы кеторолакты тоқтатқаннан кейін 24-48 сағат ішінде қалпына оралады. Кеторолакты қан кету қаупі жоғары немесе оны толық тоқтатпай операция жасаған пациенттерге тағайындауға болмайды. Егер қан кетуді міндетті түрде тоқтату өте маңызды болса, абай болу керек. Кеторолак анестезияға арналған препарат болып табылмайды және тыныштандыратын немесе анксиолитикалық қасиеттері жоқ, анестезияны сақтау үшін операция алдындағы премедикация үшін препарат ретінде ұсынылмайды.
Тері реакциялары
ҚҚСП қабылдаған кезде терінің ауыр реакциялары туралы өте сирек хабарланады, олардың кейбіреулері өліммен аяқталған, соның ішінде эксфолиативтік дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS-синдром). Пациенттер емнің басында осындай реакциялардың пайда болу қаупі жоғары: реакциялардың басталуы көп жағдайда емнің бірінші айы ішінде басталды. Кеторолак препаратымен емдеуді бөртпе, шырышты қабықтардың зақымдану ошақтары немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген белгілері алғаш пайда болған кезде тоқтату керек.
Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің аралас аурулары.
Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің әртүрлі аралас ауруларына шалдыққан пациенттерде асептикалық менингиттің даму қаупі артады.
Сұйықтықтың іркілуі және ісіну
Кеторолакты қолдану кезінде сұйықтықтың іркілуі және ісіну туралы хабарланды, сондықтан оны жүрек декомпенсациясы, артериялық гипертензиясы немесе ұқсас жағдайлары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Кардиоваскулярлық бұзылулар, бүйрек және бауыр функциясының бұзылуы
Қан көлемі және/немесе бүйректегі қан ағымының әлсіреуіне себеп болуы мүмкін патологиясы бар пациенттерді қарап тексеру керек, мұнда бүйректегі простагландиндер бүйрек перфузиясын қамтамасыз еткенде демеуші рөл атқарады. Мұндай пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдану препарат дозасына байланысты бүйректегі простагландин құрылымының әлсіреуіне себеп болуы және анық бүйрек жеткіліксіздігіне түрткі болуы мүмкін. Қан жоғалту немесе қатты сусыздану салдарынан салмақ жоғалтқан пациенттер, бүйрек функциясы бұзылған, жүрек жеткіліксіздігі бар, бауыр функциясы бұзылған пациенттер, егде жастағы адамдар және диуретиктер қабылдайтын пациенттерде мұндай реакцияның зор қаупі болады. Мұндай пациенттердің бүйрек функциясын бақылап отыру керек. Әдетте қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емді тоқтатқаннан кейін артынша сауығу емдеуді бастар алдындағы жай-күйге дейін жүреді. Гиповолемияны туындататын операция кезінде жоғалған сұйықтық/қанды қалпына келтірудің бұзылуы бүйрек дисфункциясына себеп болуы мүмкін, ол өз кезегінде Кеторолакты қолданған кезде күшеюі мүмкін. Осылайша, дегидратация түзетілуі және пациент қалпына келгенге дейін маман сарысу мочевинасын және креатининді, диурезді қатаң бақылау ұсынылады. Бүйрек диализіндегі пациенттер үшін кеторолак клиренсі қалыпты көрсеткіштің шамамен жартысына дейін қысқартылған және жартылай шығарылу кезеңі шамамен 3 есе жоғарылады.
Цирроз нәтижесінде бауыр функциясы бұзылған пациенттерде кеторолак клиренсінде немесе жартылай шығарылудың соңғы кезеңінде ешқандай клиникалық елеулі өзгерістер болған жоқ. Бауырдың функционалды сынақтарының бір немесе одан да көп санына сәйкес мәндердің шектік жоғарылауы байқалуы мүмкін. Бұл қалыптан ауытқулар уақытша болуы мүмкін, өзгеріссіз қалуы мүмкін немесе емдеуді жалғастырған кезде дамуы мүмкін. Егер клиникалық белгілер мен симптомдар бауыр ауруының дамуын көрсетсе немесе жүйелік көріністер байқалса, дәрілік препаратты тоқтату керек.
Анафилаксиялық (анафилактоидты) реакциялар
Анафилаксиялық (анафилактоидты) реакциялар (анафилаксияны, бронх түйілуін, гиперемияны, бөртпелерді, гипотензияны, ларингеальді ісінуді және Квинке ісінуін қоса, бірақ мұнымен шектелмей) аспиринге, анамнезінде вена ішіне енгізгенде басқа да ҚҚСП немесе кеторолакқа аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде және анамнезінде осындайы жоқ пациенттерде көрініс беруі мүмкін. Мұндай құбылыстар анамнезінде Квинке ісінуі, бронх түйілуі реактивтілігі (мысалы, демікпе) немесе мұрын полиптері бар пациенттерде де көрініс беруі мүмкін. Анафилаксия сияқты жалған анафилаксиялық реакциялар өлімге әкелуі мүмкін.
Осылайша, кеторолак анамнезінде демікпесі бар пациенттерге, сондай-ақ мұрын полиптерінің айқын немесе ішінара синдромы, Квинке ісінуі және бронх түйілуі бар пациенттерге қолданылмауы тиіс.
Анафилактоидты реакциялар туындаған кезде шұғыл медициналық көмекке жүгіну қажет.
Көру қабілетіне әсері
ҚҚСП қолдану кезінде жағымсыз офтальмологиялық әсерлер байқалды; тиісінше, кеторолакты трометаминмен емдеу кезінде көру бұзылыстары дамитын пациенттер офтальмологиялық тексеруден өтуі тиіс.
Тәуелділік
Кеторолак есірткі заттарының агонисі немесе антагонисі болып табылмайды және орталық апиын тәрізді белсенділікке ие емес.
Қосымша заттар
Дәрілік препараттың құрамында лактоза моногидраты бар. Сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, лопар лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамағаны жөн.
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілімді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кейбір пациенттер кеторолакты қолданған жағдайда ұйқышылдықты, бас айналуды, вертигоны, ұйқысыздықты, қатты шаршауды, көрудің бұзылуын немесе депрессияны сезінуі мүмкін. Егер пациенттер жоғарыда аталған немесе басқа да ұқсас жағымсыз әсерлерді сезінсе, олар автокөлікті басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.