Эпидемиологиялық деректер кеторолакты басқа ҚҚСД сияқты қолдану, әсіресе, бекітілмеген көрсетілімдер бойынша және/немесе ұзақ уақыт бойы қолданғанда ауыр асқазан-ішек уыттылығының даму қаупінің жоғары болуымен байланысты болуы мүмкін екенін куәландырады.
Циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, кеторолакты ҚҚСД бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең төмен емдік дозаны пайдалана отырып, жағымсыз әсерлер барынша азайтылуы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Асқазан-ішек жолының ойық жаралары, қан кетулері және тесілуі
Кеторолакты қоса, барлық ҚҚСД қабылдаған кезде, емдеу кезінде, алдыңғы симптомдар, анамнезде оларды көрсету немесе күрделі асқазан-ішек құбылыстары болған немесе болмаған кезде өліммен аяқталуы мүмкін асқазан-ішектен қан кетулер, ойық жаралану және тесілулер туралы хабарланды.
Егде жастағы пациенттерде ҚҚСД жағымсыз реакциялар, әсіресе, өліммен аяқталатын асқазан-ішектен қан кету мен тесілу жиілігі артады. Асқазан-ішектен қан кетудің, ойық жараның немесе тесілудің пайда болу қаупі ҚҚСД дозасының, оның ішінде кеторолактың ұлғаюымен, анамнезінде ойық жарасы бар пациенттерде, әсіресе, егер ол егде жастағы пациенттерде қан кетумен немесе тесілумен асқынған болса. Клиникалық ауыр асқазан-ішектен қан кетулер пайда болу қаупі дозаға тәуелді болады. Осындай пациенттерге емді ең төмен ықтимал дозадан бастау керек. Осы пациенттерде қорғаныш препараттарымен (мысалы, мизопростол немесе протонты помпа тежегіштері), сондай-ақ аспириннің немесе асқазан-ішек құбылыстарының пайда болу қаупін арттыратын басқа да препараттардың төмен дозаларын бір мезгілде қабылдау қажет пациенттерде біріктірілген емді пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек. Бұл жасқа байланысты қауіп барлық ҚҚСД тән. Едәуір жас пациенттермен салыстырғанда егде жастағы пациенттерде кеторолактың жартылай шығарылу кезеңінің артуы және клиренсінің төмендеуі байқалады. Дозалар арасындағы аралықты арттыру ұсынылады.
Анамнезінде ішектің қабыну аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге ҚҚСД сақтықпен тағайындау керек, себебі бұл жай-күйлер нашарлауы мүмкін. Анамнезінде асқазан-ішек уыттылығы бар, әсіресе егде жастағы пациенттер, ең алдымен емдеудің бастапқы кезеңдерінде іш тарапынан кез келген ерекше симптомдар (әсіресе асқазан-ішектен қан кету) туралы хабарлауы тиіс. Кеторолак қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара пайда болған кезде емдеуді тоқтату керек.
Ойық жара немесе қан кетудің түзілу қаупін арттыруға қабілетті пероральді кортикостероидтар, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер немесе антитромбоциттік дәрілер, мысалы, аспирин сияқты препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге назар аудару керек.
Варфарин сияқты антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерге кеторолакты қолдануға болмайды.
Басқа ҚҚСД жағдайындағыдай, асқазан-ішек асқынуларының жиілігі мен ауырлығы кеторолакпен емнің дозасы мен ұзақтығы артуымен жоғарылауы мүмкін. Клиникалық күрделі асқазан-ішектен қан кетудің пайда болу қаупі дозаға байланысты. Анамнездегі пептидтік ойық жара кеторолакпен емдеу кезінде күрделі асқазан-ішек асқынуларының даму ықтималдығын арттырады.
Кеторолакты қоса, ҚҚСД асқазан-ішек анастомозының дәрменсіздігінің жоғары қаупіне байланысты болуы мүмкін. Асқазан-ішек жолына операциядан кейін кеторолакты қолданған кезде мұқият медициналық бақылау және сақтық ұсынылады.
Гематологиялық әсерлер
Қан ұю бұзылулары бар пациенттерге препаратты қабылдамаған жөн. Антикоагулянтты ем қабылдаған пациенттерде кеторолак трометаминімен бір мезгілде қолданғанда қан кету қаупі жоғары болуы мүмкін. Кеторолак және гепариннің төмен профилактикалық дозасын (2500 – 5000 бірлік әр 12 сағат сайын) және декстранды бір мезгілде қабылдау ауқымды зерттелмеген және сондай-ақ қан кетудің жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін. Антикоагулянтты ем қабылдап жүрген немесе гепариннің төмен дозасын қабылдауды қажет ететін пациенттерге кеторолакты қабылдамаған жөн. Гемостазға әсер ететін басқа дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттер, егер олар бір мезгілде кеторолак трометаминін қолданса, мұқият бақылауда болуы тиіс. Бақыланатын клиникалық зерттеулерде клиникалық елеулі операциядан кейінгі қан кетулердің пайда болу жиілігі 1%-дан кемді құрайды. Кеторолак тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді және қан кету уақытын ұзартады. Қан ұю функциясы қалыпты пациенттерде қан кету уақыты артады, бірақ қалыпты ауқым шегі 2-11 минуттан шықпайды. Аспириннің ұзақ әсер етуінен айырмашылығы, кеторолакты қолданған кезде тромбоциттер функциясы қабылдауды тоқтатқаннан кейін 24-48 сғат ішінде қалыпқа келеді.
Қатаң гемостаз қатер шегінде маңызды болған жағдайда, мысалы, косметикалық хирургиялық операция немесе күндізгі стационардағы хирургиялық операция, простата резекциясы немесе тонзилэктомия жасаған кезде сақ болу керек. Гематомалардың және жарадан және мұрыннан қан кетудің басқа белгілерінің пайда болуы кеторолак трометаминін қолданумен байланысты. Дәрігерлер кеторолактың және циклооксигеназаны тежейтін басқа ҚҚСП, қан кету қаупі тұрғысынан фармакологиялық ұқсастық туралы, әсіресе егде жастағы пациенттерді емдеу кезінде есте сақтауы керек.
Тері реакциялары
ҚҚСД қабылдаған кезде терінің күрделі реакциялары туралы өте сирек хабарланды, олардың кейбіреуі, эксфолиативті дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса, өліммен аяқталады. Пациенттер емнің басында мұндай реакциялардың пайда болуының едәуір қаупіне ұшырайды: реакциялардың басталуы көптеген жағдайларда емнің бірінші айының ішінде орын алды. Кеторолак трометаминімен емдеуді бөртпе, шырышты қабықтардың зақымдану ошақтары немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген белгілері алғаш пайда болған кезде тоқтату керек.
Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тіннің аралас аурулары
Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тіннің аралас аурулары бар пациенттерде асептикалық менингиттің пайда болу қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Жүрек-қантамыр аурулары кезінде натрий/сұйықтықтың іркілуі және шеткері ісінулер
Анамнезінде артериялық гипертензиясы және/немесе жүрек дисфункциясы бар пациенттерде сақ болу керек, өйткені ҚҚСД емдеу сұйықтықтың іркілуі және ісінумен байланысты.
Кеторолакты қоса, ҚҚСД қабылдайтын кейбір пациенттерде сұйықтықтың іркілуі, гипертензия және шеткері ісінулер байқалады, сондықтан оны жүрек декомпенсациясы, гипертензиясы немесе ұқсас жай-күйлері бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық әсерлері
Тиісті мониторинг және кеңес беру бұрыннан гипертензиясы және/немесе ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қажет, өйткені бұл жағдайларда ҚҚСД емдеумен байланысты сұйықтықтың іркілуі және ісінуі туралы хабарланады.
Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер коксибтерді және кейбір ҚҚСД қолдану (әсіресе едәуір жоғары дозаларда) тромбоздық құбылыстардың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) пайда болуының аздап жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екендігі туралы куәландырады. Алайда, кеторолак миокард инфарктісі сияқты тромбоздық құбылыстардың пайда болу ықтималдығын арттыратыны және кеторолакты қолданған кезде бұл қауіпті жоққа шығару үшін жеткілікті деректер болмағаны дәлелденген жоқ.
Бақыланбайтын гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, бұрыннан бар жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттер кеторолакты мұқият бағалағаннан кейін ғана қолдануы тиіс. Осындай бағалауды жүрек-қантамыр ауруларының (мысалы, гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті және темекі шегу) даму қаупі факторлары бар пациенттерде жүргізуі керек.
Жүрек-қантамыр, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
Бүйрек простагландиндері бүйрек перфузиясын демеуде демеуші рөл ойнайтын кезде, айналымдағы қан көлемінің және/немесе бүйрек қан ағымының төмендеуіне әкелетін жай-күйлері бар пациенттерде сақ болу керек. Бұл пациенттерде ҚҚСД қабылдау бүйректің простагландинді түзілуінің дозаға тәуелді төмендеуіне әкелуі мүмкін және бүйрек жеткіліксіздігінің көрінісін жеделдетуі мүмкін. Едәуір жоғары қауіпке қан жоғалту немесе қатты сусыздануға байланысты қан көлемі азайған пациенттер, бүйрек функциясының бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі, бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер, егде жастағы пациенттер, сондай-ақ диуретиктерді қабылдайтын пациенттер ұшырайды. Мұндай пациенттерде бүйрек функциясын бақылау керек. ҚҚСД емдеуді тоқтату, әдетте, сауығумен және осы емнің алдындағы жай-күйдің қалпына келуімен қатар жүреді. Операция кезінде сұйықтықтың/қанның талапқа сай емес толуы гиповолемияға әкеледі, бұл бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін, ол кеторолак трометаминін тағайындаған кезде күшеюі мүмкін. Осылайша, сұйықтықтың жоғалуын түзетіп, сарысудағы мочевина мен креатинин деңгейін, сондай-ақ пациент нормоволемияға жеткенше несептің түзілуін мұқият бақылау керек. Бүйрек диализінде жүрген пациенттерде кеторолак клиренсі шамамен екі есе төмендейді, ал жартылай шығарылудың соңғы кезеңі шамамен үш есе артады.
Бүйрекке қатысты әсерлер
Басқа ҚҚСД сияқты, кеторолакты бүйрек функциясы төмендеген немесе бүйрек ауруының тарихы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені ол простагландиндер синтезінің күшті тежегіші. Сақ болу керек, өйткені кеторолак пен басқа ҚҚСД қолдану кезінде жекелеген жағдайларда бүйрек перфузиясын демеуде бүйрек простагландиндері қосымша рөл атқарған кезде қан көлемінің және/немесе бүйрек қан ағымының азаюына әкелетін жай-күйі бар пациенттерде бүйрек уыттылығы байқалады.
Осы пациенттерде кеторолак пен басқа ҚҚСД қабылдау бүйрек простагландиндерінің түзілуін дозаға тәуелді төмендетуге әкелуі мүмкін және айқын бүйрек декомпенсациясын немесе жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Едәуір жоғары қауіп бүйрек функциясының бұзылуы, гиповолемия, жүрек жеткіліксіздігі, бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде, диуретиктерді қабылдайтын пациенттерде және егде жастағы пациенттерде байқалады. Кеторолакты қабылдауды немесе ҚҚСД басқа емдеуді тоқтату әдетте сауығуға және осы ем жүргізілгенге дейін жағдайға оралуға әкеледі.
Простагландиндердің синтезін бәсеңдететін басқа препараттар сияқты, кеторолак трометаминді қабылдаған кезде мочевина, креатинин және калий деңгейінің жоғарылауы байқалады, бұл препаратты тіпті бір рет қабылдағаннан кейін пайда болуы мүмкін.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер: кеторолак трометамині және оның метаболиттері негізінен организмнен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, орташадан ауырға дейін бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге (қан сарысуындағы креатинин концентрациясы 160 микромоль/л-ден жоғары) препаратты қолданбаған жөн. Бүйрек функциясының елеусіз бұзылуы бар пациенттер кеторолактың төмен дозаларын (б/і немесе в/і тәулігіне 60 мг аспайтын) алуы тиіс және бүйректің жай-күйін мұқият бақылау керек.
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану: бауыр циррозына байланысты бауыр функциясы бұзылған пациенттерде кеторолак клиренсінде немесе жартылай шығарылудың терминальді кезеңінде клиникалық елеулі өзгерістер жоқ.
Бауыр функциясының бір немесе бірнеше параметрлері мәндерінің елеусіз жоғарылауы орын алуы мүмкін. Бұл ауытқулар өтпелі болуы мүмкін, өзгеріссіз қалуы мүмкін немесе емді жалғастырған кезде үдеуі мүмкін. Сарысулық глутамат-пируват-трансминаза (СГПТ/АЛТ) немесе сарысулық глутамат-оксалоацетат-трансаминаза (СГОТ/АСТ) деңгейінің елеулі артуы бақыланатын клиникалық сынақтарда еріктілердің 1%-дан кемінде (қалыпты мәндерге қатысты үш еседен астам) байқалды. Бауыр ауруына сәйкес келетін клиникалық белгілер мен симптомдар немесе жүйелі көріністер пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.
Анафилаксиялық (анафилактоидты) реакциялар
Анамнезінде аспиринге, басқа ҚҚСД немесе кеторолакқа аса жоғары сезімталдығы бар немесе жоқ пациенттерде анафилаксиялық (анафилактоидты) реакциялар (анафилаксиялық шок, бронх түйілуі, қызару, бөртпе, гипертензия, көмейдің ісінуі және ангионевроздық ісінуін қоса) пайда болуы мүмкін. Олар сондай-ақ анамнезінде ангионевроздық ісіну, бронхтың түйілу реакциясы (мысалы, демікпе) және мұрын полиптері бар адамдарда пайда болуы мүмкін. Анафилаксия сияқты, анафилактоидты реакциялар өліммен аяқталуы мүмкін. Сондай-ақ кеторолакты анамнезінде демікпесі бар пациенттерге, сондай-ақ мұрын полипозының толық немесе ішінара синдромы, ангионевроздық ісіну және бронх түйілуі бар пациенттерге қолданбаған жөн.
Фертильділікке қатысты сақтық шаралары
Кеторолакты қолдану, циклооксигеназа/простагландин синтезін бәсеңдететін кез келген басқа дәрілік зат сияқты фертильділікті төмендетуі мүмкін және сондықтан жүкті болуға тырысып жүрген әйелдерге ұсынылмайды. Ұрықтануда қиындықтарға тап болған немесе бедеулік себептерін зерттеуден өтіп жүрген әйелдерде кеторолак трометаминін қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Сұйықтықтың іркілуі және ісіну
Кеторолакты қолданған кезде сұйықтықтың іркілуі, гипертензия және ісіну туралы хабарланды, сондықтан оны жүрек декомпенсациясы, гипертензиясы немесе ұқсас жай-күйлері бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Метотрексатты бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек, өйткені метотрексат клиренсін төмендететін простагландиндер синтезінің кейбір тежегіштері туралы хабарланды және осылайша, оның уыттылығын арттыруы мүмкін.
Балаларда қолдану
Кеторолак таблеткаларын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Препараттарды шамадан тыс қолдану және тәуелділік
Кеторолак тәуелділікті туындатпайды. Кеторолакпен емдеуді күрт тоқтатқаннан кейін тоқтату симптомдары байқалмады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қабылдау кезінде кейбір пациенттер бас айналу, ұйқышылдық, шаршау, ұйқысыздық немесе депрессия сезінуі мүмкін.
Егер осындай немесе ұқсас жағымсыз реакциялар орын алса - пациент көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқармауы тиіс.