ҚҚСД тромбоциттер агрегациясын төмендететіндіктен, кеторолакты қанды ұйыту жүйесінің бұзылуы бар науқастарға сақтықпен тағайындау қажет.
Бақылау симптомдарына сәйкес қысқа уақыт кезеңінде ең төменгі тиімді дозаны қолданғанда жағымсыз әсерлер төмендетілуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
ҚҚСД тромбоциттер агрегациясын төмендететіндіктен, кеторолакты қанды ұйыту жүйесінің бұзылуы бар науқастарға сақтықпен тағайындау қажет.
Бақылау симптомдарына сәйкес қысқа уақыт кезеңінде ең төменгі тиімді дозаны қолданғанда жағымсыз әсерлер төмендетілуі мүмкін.
Асқазан-ішек ойық жаралары, қан кету және тесілуі
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, соның ішінде кеторолакпен емдеуді қолдану салдарынан өліммен аяқталуы мүмкін және ескерту симптомдарымен немесе онсыз немесе анамнезінде асқазан-ішек жолына қатысты алдыңғы күрделі проблемаларсыз емдеу барысында кез келген уақытта туындауы мүмкін асқазан-ішектің ойық жаралары, қан кету және тесілуі туралы хабарланған.
Асқазан-ішек жолынан клиникалық күрделі қан кетулердің жоғары көрсеткіштері парентеральді апиындарды қабылдаған пациенттермен салыстырғанда кеторолактың 90 мг астам орташа тәуліктік дозасын бұлшықет ішіне қабылдаған 65 жастан кіші пациенттерде байқалды.
Егде жастағы адамдарда өліммен аяқталуы мүмкін асқазан-ішектен қан кету және тесілуін емдеуге қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдану салдарынан жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі жоғары.
Асқазан-ішек жолынан қан кету, ойық жаралануы немесе тесілуінің туындау қаупі анамнезінде, әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған ойық жарасы бар пациенттерде немесе егде жастағы адамдарда вена ішіне енгізгенде қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың, соның ішінде кеторолактың дозасын арттырумен бірге артады. Клиникалық күрделі асқазан-ішектен қан кету қаупі дозаға байланысты. Бұл пациенттерге емді өте аз қолжетімді дозадан бастау керек. Мұндай пациенттер үшін, сондай-ақ аспиринді аз дозада немесе асқазан-ішек жолы үшін қауіпті жоғарылататын басқа препараттарды бір мезгілде қабылдауды қажет ететін пациенттер үшін цитопротекторлармен (мысалы, мизопростолмен немесе протондық помпа тежегіштерімен) біріктірілген ем тағайындалуы мүмкін. Асқазан-ішектен қан кету туындауының бұл жасқа байланысты қауіп тобы барлық қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға тән болып табылады. Жас пациенттермен салыстырғанда егде жастағы адамдарды плазмадан жартылай шығарылу кезеңі жоғары және кеторолактың плазмалық клиренсі қысқартылған. Препарат дозалары арасында барынша ұзақ аралық болу ұсынылады.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды анамнезінде ішектің қабыну аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, себебі бұл жай-күйлер нашарлауы мүмкін. Анамнезінде асқазан-ішек уыттылығы бар пациенттер, әсіресе егде жастарында емдеудің бастапқы сатыларында барлық әдеттен тыс құрсақішілік симптомдар (әсіресе асқазан-ішектен қан кету) туралы хабарлап тұруы тиіс. Кеторолакты вена ішіне қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жаралануы туындағанда ем тоқтатылуы тиіс.
Пероральді қолдануға арналған кортикостероидтар, серотонинді кері қармау жеке тежегіштері немесе аспирин сияқты тромбоцитке қарсы препараттар сияқты ойық жараның немесе қан кетудің туындау қаупін арттыруы мүмкін препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге сақ болу ұсынылады.
Варфарин сияқты антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерге препаратты пайдалануға болмайды.
Басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттар сияқты пациенттер пайызы мен оларда асқазан-ішек асқынуларының туындау дәрежесі дозаны арттыру және вена ішіне енгізгенде кеторолакпен емдеу курсының ұзақтығы салдарынан жоғарылауы мүмкін. Клиникалық тұрғыдан күрделі асқазан-ішектен қан кету туындау қаупі препарат дозасына байланысты. Бұл, әсіресе, вена ішіне кеторолактың 60 мг астам орташа тәуліктік дозасын қабылдайтын пациенттерге қатысты. Анамнезінде ойық жара ауруы кеторолакпен ем қабылдаған кезде күрделі асқазан-ішек асқынуларының туындау мүмкіндігін арттырады.
ҚҚСД, соның ішінде кеторолак, асқазан-ішек анастомозының сәтсіздік қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Асқазан-ішек жолына операциядан кейін кеторолакты қолданған кезде мұқият медициналық бақылау және сақтық ұсынылады.
Гематологиялық әсерлер
Коагуляцияның бұзылуы бар пациенттерге Кеторолакты қабылдауға болмайды. Антикоагуляциялық ем қабылдайтын пациенттер Кеторолакты осы препараттармен бір мезгілде қабылдағанда қан кетулер туындауының қауіп тобында болады. Кеторолак пен гепариннің төменгі профилактикалық дозасын (12 сағат сайын 2500 - 5000 бірлік), сондай-ақ декстранды бір мезгілде қолдану түпкілікті зерттелмеген, сондықтан қан кету туындау ықтималдығының жоғары болуына себеп болуы мүмкін. Антикоагулянттар немесе төмен дозалы гепарин қабылдайтын пациенттерге кеторолакты қолдануға болмайды. Гемостазға жағымсыз әсер көрсететін басқа препараттарды қабылдайтын пациенттер Кеторолакты қолданған кезде бақылауда болуы тиіс. Бақылау клиникалық зерттеулерде клиникалық маңызды операциядан кейінгі қан кету жиілігі 1%-дан аз болды.
Кеторолак тромбоциттер агрегациясын тежейді және қан кету уақытын арттырады. Қан ұюы қалыпты пациенттерде коагуляция уақыты артты, бірақ екіден он бір минутқа дейінгі қалып шегінде болды. Аспиринді қолданудан болатын ұзақ әсерге қарағанда тромбоциттік функция кеторолакты қолдануды тоқтатқаннан кейін 24-тен 48 сағатқа дейінгі уақытта қалпына келеді.
Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізген кезде Кеторолакты операция барысында пайдаланумен байланысты операциядан кейінгі ерте қан кетулер туралы хабарламалар бар. Осылайша, кеторолак қан кету туындауының үлкен қаупімен операциялар болған пациенттерде қолданылмауы тиіс. Гемостаз көрсеткіштерінің ауытқуын болдырмайтын жағдайларда, мысалы, косметикалық немесе біркүндік хирургияда, простата немесе тонзилэктомия резекциясында аса сақ болу керек. Кеторолакты қолданған кезде жарадан қан кету және мұрыннан қан кету белгілері туралы хабарланған. Дәрігерлер кеторолактың және циклооксигеназаны тежейтін басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің фармакологиялық ұқсастығына, сондай-ақ, әсіресе егде жастағы адамдарда қан кету туындау қаупіне мұқият болуы тиіс.
Тері реакциясы
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолданумен байланысты эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролизді қоса, кейбірі өліммен аяқталатын күрделі тері реакциялары туралы өте сирек хабарланды. Осындай реакциялардың туындауы бойынша қауіп тобындағы пациенттер емнің басында анықталған: мұндай реакциялар көп жағдайда емнің алғашқы айында туындаған. Тері бөртпесі, шырыштың зақымдалуы немесе препаратқа аса жоғары сезімталдықтың басқа белгілері пайда болғанда кеторолакпен емдеу тоқтатылуы тиіс.
Жүйелі қызыл жегі және Шарп синдромы
Жүйелі қызыл жегісі және Шарп синдромы бар пациенттер асептикалық менингит туындауының қауіп тобында болады.
Кардиоваскулярлық патологияларда натрийдің/сұйықтықтың іркілісі және шеткері ісінулер
Анамнезінде артериялық гипертензиясы және/немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қарау керек, себебі қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емдеумен байланысты сұйықтықтың іркілуі және ісіну туралы хабарланған.
Кеторолакты қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар қабылдаған кейбір пациенттерде сұйықтықтың іркілуі, артериялық гипертензия және шеткері ісіну байқалған, сондықтан бұл препаратты жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензиясы немесе осыған ұқсас патологиялары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Препараттың кардиоваскулярлық және цереброваскулярлық әсері
Анамнезінде гипертензиясы және/немесе жеңіл немесе орташа іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін тиісті мониторинг пен консультация қажет, өйткені қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдау салдарынан сұйықтықтың іркілуі және ісіну туралы хабарланған.
Эпидемиологиялық деректер коксибтерді немесе кейбір қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (әсіресе жоғары дозаларда) артериялық тромбоздық асқынулардың (мысалы, миокард инфрактісі немесе инсульт) туындау қаупінің азғана жоғарылауына себеп болу мүмкіндігін болжауға негіз бола алады. Кеторолак миокард инфарктісі сияқты тромбоздық асқынулардың мөлшерін арттыру қабілетін анықтамағанына қарамастан, жеткіліксіз болса да деректер бар, соның негізінде кеторолакты қолданған кезде мұндай қауіпті жоққа шығару керек.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, белгіленген ишемиялық жүрек ауруы, шеткері артериялық ауруы және/немесе цереброваскулярлық бұзылыстары бар пациенттер кеторолакты тек мұқият тексеруден өткеннен кейін ғана қабылдаулары тиіс. Осыған ұқсас шешім кардиоваскулярлық аурулардың (мысалы, гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті және шылым шегу) туындау қауіп факторы бар пациенттерді емдегенге дейін қабылдануы тиіс.
Кардиоваскулярлық бұзылулар, бүйрек және бауыр функциясының бұзылуы
Қан көлемі және/немесе бүйректегі қан ағымының әлсіреуіне себеп болуы мүмкін патологиясы бар пациенттерді сақтықпен қарау керек, мұнда бүйректегі простагландиндер бүйрек перфузиясын қамтамасыз еткенде демеуші рөл атқарады. Мұндай пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдану препарат дозасына байланысты бүйректегі простагландин құрылымының әлсіреуіне себеп болуы және анық бүйрек жеткіліксіздігіне түрткі болуы мүмкін. Қан жоғалту немесе қатты сусыздану салдарынан салмақ жоғалтқан пациенттер, бүйрек функциясы бұзылған, жүрек жеткіліксіздігі бар, бауыр функциясы бұзылған пациенттер, егде жастағы адамдар және диуретиктер қабылдайтын пациенттерде мұндай реакцияның зор қаупі болады. Мұндай пациенттердің бүйрек функциясын бақылап отыру керек Әдетте қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емді тоқтатқаннан кейін артынша емдеуді бастар алдындағы жай-күйге дейін сауығады. Гиповолемияны туғызатын операция кезінде жоғалған сұйықтық/қанды қалпына келтірудің бұзылуы бүйрек дисфункциясына себеп болуы мүмкін, ол өз кезегінде Кеторолакты қолданған кезде күшеюі мүмкін. Осылайша, дегидратация түзетілуі және пациент қалпына келгенге дейін маман сарысу мочевинасын және креатининді, диурезді қатаң бақылау ұсынылады. Бүйрек диализіндегі пациенттер үшін кеторолак клиренсі қалыпты көрсеткіштің шамамен жартысына дейін қысқартылған және уақытша жартылай шығарылу кезеңі шамамен 3 есе жоғарылады.
Бүйрекке әсері
Басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттар сияқты кеторолак бүйрек функциясы бұзылған немесе анамнезінде бүйрек ауруы бар пациенттерге сақтықпен қолданылуы тиіс, себебі ол простагландиндер синтезінің күшті әсер ететін тежегіші болып табылады. Бүйректегі простагландиндер бүйрек перфузиясын демеуге маңызды рөл атқаратын айналымдағы қан және/немесе бүйректегі қан ағымы көлемінің қысқаруын туғызатын патологиясы бар пациенттерде кеторолакты және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолданғанда нефроуыттылық анықталғандықтан, сақ болу керек.
Мұндай пациенттерде кеторолакты немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдану дозаға байланысты простагландиннің бүйректік құрылымының қысқаруына түрткі болуы және анық бүйрек жеткіліксіздігін немесе декомпенсацияланған бүйрек жеткіліксіздігін туғызуы мүмкін. Мұндай реакция туындауының үлкен қаупі бүйрек функциясының бұзылуы, гиповолемия, жүрек жеткіліксіздігі, бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде, сондай-ақ диуретиктер қабылдайтындарда және егде жастағы пациенттерде болады. Кеторолакты немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін әдетте препаратты қабылдау басталар алдындағы жай-күйге дейін сауығуы тиіс.
Простагландиндер синтезін баяулататын басқа препараттар сияқты препараттың бір дозасын қолданғаннан кейін туындауы мүмкін кеторолак трометаминін қолдану аясында сарысу мочевинасының, креатининнің және калийдің жоғарылауы туралы хабарланған.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: Кеторолак трометамині мен оның метаболиттері бірінші кезекте бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек функциясы орташа және ауыр бұзыған пациенттерге (сарысулық креатинин 160 мкмоль/л-ден артық) кеторолакты қабылдауға болмайды. Бүйрек функциясының әлсіздеу бұзылуы бар пациенттер кеторолактың төмен дозасын қабылдауы тиіс (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне тәулігіне 60 мг аспайтын) және олардың бүйректік статусы дәрігердің ұдайы бақылауында болуы тиіс.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін пайдалану: Цирроз салдарынан бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде кеторолак клиренсінде немесе жартылай шығарылу кезеңінде ешқандай клиникалық маңызды өзгерістер байқалмаған.
Бауыр функциясының бір немесе бірнеше көрсеткіштерінің шектік жоғарылауы көрініс беруі мүмкін. Бұл бұзылулар ауыспалы болуы, өзгеріссіз қалуы немесе емді жалғастырумен бірге үдеуі мүмкін. Қан сарысуында аланин-аминотрансферазаның немесе аспартатаминотрансферазаның елеулі жоғарылауы (қалыптан 3 есе жоғары) бақылау клиникалық сынақтарында 1%-дан аз пациентте көрініс берді. Бауыр ауруларымен байланысты дамитын клиникалық белгілер немесе симптомдарда немесе немесе жүйелік көріністер, аурулар пайда болғанда кеторолакты қабылдауды тоқтату керек.
Анафилаксиялық (жалған анафилаксиялық) реакциялар
Анафилаксиялық (жалған анафилаксиялық) реакциялар (анафилаксияны, бронх түйілуін, гиперемияны, бөртпелерді, гипотонияны, ларингеальді ісінуді және Квинке ісінуін қоса, бірақ мұнымен шектелмей) аспиринге, анамнезінде вена ішіне енгізгенде басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға немесе кеторолакқа аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде және анамнезінде осындайы жоқ пациенттерде көрініс беруі мүмкін. Мұндай құбылыстар анамнезінде Квинке ісінуі, бронх түйілуі реактивтілігі (мысалы, демікпе) немесе мұрын полиптері бар пациенттерде де көрініс беруі мүмкін. Анафилаксия сияқты, жалған анафилаксиялық реакциялар өліммен аяқталуы мүмкін. Осылайша, кеторолак анамнезінде демікпесі бар пациенттер, сондай-ақ мұрын полиптерінің ашық айқындалған немесе ішінара синдромы, Квинке ісінуі және бронх түйілуі бар пациенттер үшін қолданылмауы тиіс.
Педиатрияда қолдану
Балалар үшін препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Сондықтан Кеторолды 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кеторолакты тағайындаған кезде науқастарда орталық жүйке жүйесі тарапынан (бас айналу, ұйқышылдық) және сезім мүшелері тарапынан (естудің нашарлауы, құлақтың шуылдауы, көрудің нашарлауы) жағымсыз құбылыстар дамиды, жоғары зейін қоюды және реакция жылдамдығын қажет ететін жұмыстарды орындаудан бас тарту керек.