Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Саудалық атауы
Кетостерил
Әсер етуші зат
Аминокислоты, включая комплекс с полипептидами
Мақсаты
Ақуыздық-энергиялық жеткіліксіздікте, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі кезінде ақуыз метаболизмінің өзгеруінен туындаған бұзылулардың профилактикасы және емдеу үшін…
Өндіруші
Лабесфал Лабораториос Алмиро, С.А.
Ел
Португалия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
изолейцин альфа-кетоаналог (DL-метил-оксо-2-кальций валеринат) — 67 мг
лейцин альфа-кетоаналог (метил-4-оксо-2-кальций валеринат) — 101 мг
фенилаланин альфа-кетоаналог (оксо-2-фенил-3-кальций пропионат) — 68 мг
валин альфа-кетоаналог (метил-оксо-2-кальций бутират) — 86 мг
метионин альфа-гидроксианалог (DL-гидрокси-2 - кальций метилбутират) — 59 мг
L-лизин ацетаты (L-лизинге шаққанда) 105 мг (75 мг)
L-треонин — 53 мг
L-триптофан — 23 мг
L-гистидин — 38 мг
L-тирозин — 30 мг
қосымша заттар: жүгері крахмалы, кросповидон, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, макрогол 6000, повидон
үлбірлі қабығы: тальк, макрогол 6000, хинолинді сары (Е104), бутилденген негізді метакрилат сополимері (эудрагит Е 12.5), триацетин, титанның қостотығы (Е171).
50 мг таблеткадағы кальцийдің жалпы мөлшері
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша, екі беті дөңес, жібектей жылтыр сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
- ақуыздық-энергиялық жеткіліксіздікте, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі кезінде ақуыз метаболизмінің өзгеруінен туындаған бұзылулардың профилактикасы және емдеу үшін және тамақтану мәзірінде ақуыз шектелген кезде.
Негізінен, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар, шумақтық сүзілу жылдамдығы 25 мл/минуттан төмен пациенттерде қолданылады, бұл шумақтық сүзілу жылдамдығы 25 мл/минуттан жоғары кезде де қолданылуына шек қоймайды.
Кетостерил біріктірілген препарат болып табылады. Азоттың ең төменгі енгізілуінде маңызды алмастырылмайтын амин қышқылдарымен қамтылуды қамтамасыз етеді. Препаратты ішке қабылдағаннан кейін амин қышқылдарының кето- және гидрокси- аналогтары алмастырылатын амин қышқылдарынан азотты ала отырып, амин топтарын қайта пайдалану арқылы мочевина түзілуін төмендете келе, организмде тиісті L-амин қышқылдарына ферментативті трансаминделеді. Препарат мочевина концентрациясын бір мезгілде төмендеткенде құрамында азот бар алмасу өнімдерін утилизациялауға, ақуыздар анаболизміне ықпал етеді. Азоттық алмасуды жақсартады. Қандағы калий, магний және фосфор иондары концентрациясын төмендетеді. Кето- және гидроксиқышқылдар қалған нефрондарда гиперфильтрацияны тудырмайды. Құрамында кето бар қоспалар бүйректің гиперфосфатемиясына және салдарлы гиперпаратиреозға оң әсер етеді. Сонымен қатар, остеодистрофия ағымы жақсаруы мүмкін. Препаратты өте төмен протеиндік диетамен бірге қолдану жеткіліксіз тамақтанудың зиянды салдарларын және бұзылуын болдырмау үшін азотты тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді.
Дозалау режимі
Ересектер егер басқаша тағайындалмаса (дене салмағы 70 кг) 4-8 таблетканы күніне 3 рет тамақтану кезінде қабылдайды.
Кетостерилді шумақтық сүзілу жылдамдығы 25 мл/минуттан төмен кезең бойына тағайындайды, тағамдағы ақуыз мөлшерін бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің дәрежесіне байланысты, күніне 40 г дейін немесе одан азға шектеу ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Таблеткаларды шайнамай жұту керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- гиперкальциемия
- амин қышқылдары алмасуының бұзылуы
- тұқым қуалайтын фенилкетонурия
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін)
- бөртпе, экзема, эритема, дерматит (оның ішінде жанаспалы дерматит), қышыну
Сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін)
- буллезді дерматит
Өте сирек (<1/10000)
- демікпе, жоғары сезімталдық (соның ішінде есекжем), ангионевроздық ісіну
- іріңді бөртпе
- фотосезімталдық реакциясы
Жекеленген жағдайларда гиперкальциемия дамуы мүмкін. Бұл кезде Д дәруменін қабылдауды азайту ұсынылады. Егер гиперкальциемия сақталып қалса, Кетостерил препаратының, сондай-ақ басқа кальций көздерінің дозасын азайту керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Кетостерил препараты жақсы сіңірілуі және тиісінше амин қышқылдарына айналуы үшін, оны тамақтану кезінде қабылдау керек.
Қан сарысуындағы кальций деңгейін жүйелі түрде қадағалау қажет. Тағамның калориялылығының жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажет.
Жекелеген жағдайларда, препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану тәжірибесі жоқ.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік және лактация кезінде қолданылу тәжірибесі жеткіліксіз.
Тұқым қуалайтын фенилкетонурия болған жағдайда препараттағы фенилаланиннің мөлшеріне назар аудару керек.
Препарат құрамында хинолинді сары (Е104) бояғышы бар.
Құрамында кальций бар дәрілік заттарды бір мезгілде тағайындау қан сарысуында кальций деңгейінің жоғарылауын туындатуы мүмкін.
Кетостерилдің әсерімен уремиялық симптомдардың төмендеу шамасына қарай, бір мезгілде тағайындалған алюминий гидроксидінің дозасы тиісінше азайтылуы тиіс.
Қан сарысуындағы фосфаттар деңгейінің төмендеуін қадағалап отыру керек. Ішекте сіңірілуін бұзбау үшін Кетостерилмен бірге кальциймен қиын еритін қосылыстар түзуге қабілетті дәрілерді (мысалы, тетрациклиндер, хинолондар, құрамында темір, фтор және эстрамустин бар препараттар) қабылдауға болмайды. Кетостерил мен ұқсас препараттарды қабылдау аралығы 2 сағаттан кем болмауы тиіс.
Жүрек қызметіне әсер ететін гликозидтерге сезімталдық, демек, қандағы кальций концентрациясының жоғарылауына байланысты жүрек ырғағының бұзылу қаупі артады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.