Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
1 мг
Саудалық атауы
Кетотифен
Әсер етуші зат
Кетотифен
Мақсаты
Аллергиялық ринит пен конъюнктивитті қоса, аллергиялық жай-күйлерді симптоматикалық емдеу
Өндіруші
РУП «Белмедпрепараты»
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – кетотифен 1,0 мг (кетотифен фумараты түрінде),
қосымша заттар – микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, лактоза моногидраты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес, иіссіз немесе өзіне тән әлсіз иісі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.
• аллергиялық ринит пен конъюнктивитті қоса, аллергиялық жай-күйлерді симптоматикалық емдеу.
ATX коды: R06AX17.
Фармакодинамикалық әсерлері
Кетотифен – қабыну медиаторлары ретінде белгілі кейбір эндогендік заттардың әсерін тежейтін және осылайша аллергияға қарсы әсер ететін бронхолитикалық емес демікпеге қарсы препарат.
Зертханалық зерттеулердің деректері антианафилаксиялық белсенділік гистамин мен лейкотриендер сияқты аллергиялық медиаторлардың босап шығуының тежелуіне байланысты болуы мүмкін екенін көрсетеді. Кетотифен адамның рекомбинантты цитокиндері арқылы эозинофилдердің стимуляциясын бәсеңдетеді және PAF (тромбоциттерді белсендіру факторы) тромбоциттерін белсендірумен байланысты немесе симпатомиметикалық препараттарды қолданғаннан немесе аллергеннің әсерінен кейін жүйке белсенділігінен туындаған тыныс алу жолдарының аса белсенділігінің дамуын тежейді, осылайша эозинофилдердің қабыну ошақтарына енуін басады. Сонымен қатар, кетотифен гистаминдік (H1) рецепторларға бәсекелес емес бұғаттаушы әсер көрсетеді. Сондықтан оны классикалық гистамин рецепторлары (H1) антагонистерінің орнына қолдануға болады. Жаңартылған клиникалық зерттеулердің деректері жоқ.
Дозалау режимі
Ересектерге күніне екі рет (таңертең және кешке) тамақтану кезінде 1 таблеткадан (1 мг) тағайындалады. Тыныштануға бейім пациенттерде бірінші апта ішінде дозаны баяу көтеру ұсынылады. Қабылдауды күніне бір рет кешке 1 таблеткадан бастау және толық емдік дозаға дейін арттыру ұсынылады. Қажет болса, тәуліктік дозаны күніне екі рет 2 таблеткаға (2 мг) дейін арттыруға болады. Жоғарырақ дозаларда пайдаланған кезде әсердің тезірек басталуын күтуге болады.
6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге препаратты тамақтану кезінде күніне екі рет (таңертең және кешке) 1 таблеткадан (1 мг) тағайындалады.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан мұндай пациенттерде кетотифенді дозалау бойынша ұсыныстар жоқ.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан мұндай пациенттерде кетотифенді дозалау бойынша ұсыныстар жоқ.
Егде жастағы пациенттерде қолдану
Кетотифенді егде жастағы пациенттерге тағайындау кезінде дозаны түзету қажет емес.
Тыныштануға бейім пациенттерде емдеуді алғашқы бірнеше күн ішінде күніне бір рет түнде 1 мг-ден бастау ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат ішке, тамақтану кезінде қабылданады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаны тұрақты дозаға қосымша ретінде қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы препаратты қолдануға қатысты қосымша кез келген сұрақтар туындаса, өзіңіздің дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық («Дәрілік препарттың құрамы» бөлімін қараңыз);
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, lappлактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;
• жүктілік және лактация кезеңі;
• 6 жасқа дейінгі балалар;
• эпилепсия;
• пероральді диабетке қарсы препараттармен бір мезгілде қолдану (тромбоцитопенияның даму қаупіне байланысты).
Төменде сипатталған жағымсыз реакциялар ағзалар мен жүйелер бойынша және пайда болу жиілігі бойынша жіктеледі, былай бөлінеді: өте жиі ( 1/10), жиі ( 1/100 және <1/10), жиі емес ( 1/1 000 және <1/100), сирек ( 1/10 000 және <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), белгісіз жиілікте (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиі:
– қозу, ашушаңдық, ұйқысыздық, күйгелектік.
Жиі емес:
– цистит;
– бас айналуы;
– ауыздың құрғауы.
Сирек:
– дене салмағының артуы;
– тыныштандыратын әсер.
Өте сирек:
– гепатит, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы;
– мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, терінің ауыр реакциялары.
Белгісіз жиілікте:
– құрысулар, ұйқышылдық, бас ауыруы;
– бөртпе, есекжем;
– жүрек айнуы, құсу, диарея.
Емдеудің бас кезінде ұйқышылдық, седативті әсер, ауыздың құрғауы және бас айналуы туындауы мүмкін, бірақ әдетте препаратты қабылдауды жалғастырған кезде кездейсоқ жоғалады. Жүрек айнуы, құсу, бас ауыруы, құрысулар, есекжем және бөртпе туралы хабарланды.
Балаларда қозу, ашушаңдық, ұйқысыздық және күйгелектік сияқты ОЖЖ стимуляциясының симптомдары жиі байқалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Жедел артық дозаланудың негізгі симптомдарына мыналар жатады: айқын седативті әсерге дейінгі ұйқышылдық; бас айналуы, сананың шатасуы және бағдардан адасу; тахикардия және гипотония; қозғыштықтың жоғарылауы немесе құрысулар (әсіресе балаларда); қайтымды кома. Брадикардияның дамуын және тыныстың тарылуын бақылап отыру керек.
Емі
Емі симптоматикалық. Егер препарат жақында қабылданған болса, асқазанды босату мүмкіндігін қарастыруға болады. Белсендірілген көмірді қолдану пайдалы болуы мүмкін. Қажет болса, симптоматикалық емдеу және жүрекқантамыр жүйесінің жағдайына бақылау жүргізіледі; қозу немесе құрысулар кезінде қысқа әсер ететін барбитураттар немесе бензодиазепиндер тағайындалуы мүмкін. Кетотифен диализбен шығарылмайды.
Интеркуррентті инфекция туындаған кезде, кетотифенмен емді арнайы микробқа қарсы еммен толықтыру қажет.
Өте сирек жағдайларда кетотифенмен емдеу кезінде құрысулардың туындауы туралы хабарланды. Кетотифен құрысу шегін төмендететіндіктен, оны анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттерде қолдануға болмайды.
Кетотифен мен пероральді диабетке қарсы препараттарды (бигуанидтер) бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде тромбоцитопения туындауы мүмкін. Сондықтан бұл препараттарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Кетотифеннің тыныштандыратын әсеріне байланысты зейіннің төмендеуі жағдайында препараттың дозасын азайту керек.
Арнайы ескертулер
Препарат құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактазаның ауыр жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге осы препаратты қабылдауға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кетотифенмен емдеудің бас кезінде реакция жылдамдығының бұзылуы мүмкін. Пациенттерді емдеу кезеңінде көлік құралдарын басқару және басқа қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу кезінде сақ болу қажет екендігі туралы ескерту керек. Пациенттер алкогольді ішімдіктерді тұтынудан бас тартуы керек.
Жүкті әйелдермен кетотифенді қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде репродуктивті уыттылыққа байланысты тікелей немесе жанама зиянды әсер ету байқалмады.
Кетотифенді жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Қолдану анасы үшін потенциалды пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен басым болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Егеуқұйрықтарды зерттеу нәтижелеріне сәйкес кетотифен емшек сүтімен бөлінеді. Адамдарда зерттеулер жүргізілген жоқ. Бұл препарат адамның емшек сүтімен де бөлінеді деп болжануда, сондықтан кетотифен қабылдаған аналар бала емізбеуі тиіс.
Кетотифен орталық жүйке жүйесін басатын басқа дәрілік препараттардың, антигистаминдік препараттардың антикоагулянттардың және алкогольдің әсерін күшейтуі мүмкін.
Кетотифенді және пероральді диабетке қарсы препараттарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.