Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
375 мг
Саудалық атауы
Клавам
Әсер етуші зат
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Мақсаты
Жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде), жедел ортаңғы отит
Өндіруші
Indchemie Health Specialities Pvt. Ltd.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: амоксициллин тригидраты 250.00 мг амоксициллинге баламалы, калий клавуланаты 125.00 мг клавулан қышқылына баламалы
қосымша заттар: натрий крахмалы гликоляты, натрий кроскармелозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), микрокристалды целлюлоза (Авицел 200 / МСС РН 200), магний стеараты, тальк;
қабықтың құрамы: Instamoist Shield IC-MS-218, гипромеллоза, диэтилфталат, этилцеллюлоза, тальк, титанның қостотығы (E171).
Сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі жағы дөңес, екі жақ беті тегіс, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
- жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде)
- жедел ортаңғы отит
- созылмалы бронхиттің өршуі (расталған диагноз кезінде)
- ауруханадан тыс пневмония;
- цистит
- пиелонефрит
- тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (атап айтқанда, целлюлит, жәндіктердің шағуы, жедел абсцесстер және жақсүйек-бет аумағының флегмоналары)
- сүйектер мен буындар инфекциялары (атап айтқанда, остеомиелит)
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану жөніндегі ресми ұсыныстарды назарға алу керек.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Жүйелі қолданылатын бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы бета-лактамды препараттар, пенициллиндер. Бета-лактамаза тежегіштерімен біріктірілген пенициллиндер. Амоксициллин және бета-лактамаза тежегіші.
АТХ коды J01CR02
Әсер ету механизмі
Клавам препараты – бұл біріктірілген антибиотик, құрамында бета-лактамазаға тұрақты кең ауқымды бактерицидті әсерімен амоксициллин және клавулан қышқылы бар.
Амоксициллин– бұл әсер ету ауқымы кең жартылай синтетикалық (бета-лактамды) антибиотик, көптеген грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенді. Амоксициллин бета-лактамазалардың әсерінен ыдырайды және осы ферментті шығаратын микроорганизмдерге әсер етпейді.
Амоксициллиннің әсер ету механизмі бактерияның жасушалық қабырғасының пептидогликандар биосинтезін тежеуден тұрады, бұл әдетте жасушаның лизисіне және қырылуына әкеледі.
Клавулан қышқылы – пенициллиндерге құрылымдық жағынан ұқсас бета-лактам, әдетте пенициллиндер мен цефалоспориндерге төзімді микроорганизмдерде анықталатын бета-лактамазалар ферменттері кең спектрінің белсенділігін жоюға қабілетті. Бета-лактамазалар көптеген грамоң және грамтеріс бактериялармен өндіріледі. Бета-лактамазалардың әсері кейбір бактерияға қарсы препараттардың патогендерге олардың әсері басталғанға дейін-ақ ыдырауына әкелуі мүмкін. Клавулан қышқылы бактериялардың амоксициллинге сезімталдығын қалпына келтіре отырып, ферменттердің әсерін бөгейді. Клавулан қышқылы клиникалық маңызды плазмидалық бета-лактамазаларға қатысты жоғары тиімділікке ие, олар көбінесе плазмидалар арқылы берілетін бактериялардың резистенттілігін анықтайды. Клавулан қышқылы 1 типті хромосомалық бета-лактамазаларға қатысты аз әсер етеді.
Клавам препаратында клавулан қышқылының болуы амоксициллинді ферменттер — бета-лактамазалармен бұзылуынан қорғайды, бұл әдетте амоксициллинге және басқа пенициллиндер мен цефалоспориндерге төзімді бактериялардың көпшілігінде амоксициллиннің бактерияға қарсы спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Клавулан қышқылы монопрепарат ретінде клиникалық тұрғыдан елеулі бактерияға қарсы әсер көрсетпейді.
Фармакокинетикалық/ фармакодинамикалық байланыс
Ең төменгі тежейтін концентрациядан (T>MIC) асып кету уақыты амоксициллин үшін тиімділіктің негізгі анықтаушы факторы болып саналады.
Резистенттіліктің даму механизмі
Клавам препаратына резистенттіліктің 2 даму механизмі бар:
• B, C, D кластарын қоса, клавулан қышқылының әсеріне сезімтал емес бактериялық бета-лактамазалармен белсенділігінің жойылуы;
• пенициллин байланыстыратын ақуыздың деформациясы, бұл микроорганизмге қатысты антибиотиктің аффинділігін төмендетуге әкеледі;
Бактериялық қабырғаның өткізбеушілігі, сондай-ақ помпа механизмдері, әсіресе грамтеріс микроорганизмдерде резистенттіліктің дамуын туындатуы немесе соған ықпал етуі мүмкін.
Клавам препаратына сезімталдық географиялық орналасуы мен уақытына байланысты өзгеруі мүмкін. Препаратты тағайындар алдында мүмкіндігінше штаммдардың сезімталдығын жергілікті деректерге сәйкес бағалау және нақты бір пациентте, әсіресе ауыр инфекциялар жағдайында үлгілерді жинау және талдау жолымен сезімталдықты анықтау қажет.
Төменде микроорганизмдердің амоксициллиннің клавулан қышқылымен біріктіріліміне in vitro сезімталдығына сәйкес жіктеуі ұсынылған.
Сезімталдығы жоғары қоздырғыштар
Грамоң аэробтар
Enterococcus faecalis
Gardnerella vaginalis
Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал)£
Коагулазанегативті стафилококктар (метициллинге сезімтал)
Streptococcus agalactiae
Streptococcus pneumoniae1
Streptococcus pyogenes және басқа бета-гемолитикалық стрептококктар
Streptococcus viridans тобы
Грамтеріс аэробтар
Capnocytophaga spp.
Eikenella corrodens
Haemophilus influenza
Moraxella catarrhalis
Pasteurella multocida
Анаэробты микроорганизмдер
Bacteroides fragilis
Fusobacterium nucleatum
Prevotella spp.
Ықтимал жүре пайда болған резистенттілігі бар микроорганизмдер
Грамоң аэробтар
Enterococcus faecium*
Грамтеріс аэробтар
Escherichia coli
Klebsiella oxytoca
Klebsiella pneumonia
Proteus mirabilis
Proteus vulgaris
Табиғи резистенттілігі бар микроорганизмдер:
Грамтеріс аэробтар
Acinetobacter species
Citrobacter freundii
Enterobacter species
Legionella pneumophila
Morganella morganii
Providencia species
Pseudomonas species
Serratia species
Stenotrophomonas maltophilia
Басқалары:
Chlamydophila pneumoniae
Chlamydophila psittaci
Coxiella burnetti
Mycoplasma pneumoniae.
*Жүре пайда болған резистенттілік болмағанда табиғи сезімталдық.
£ Барлық метициллин-резистентті стафилококктар амоксициллин/клавулан қышқылына төзімді.
1 Пенициллиндерге резистентті Streptococcus pneumoniae штамдарын қоспағанда.
Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, дозасы амоксициллин мен клавулан қышқылы біріктірілімінің мөлшеріне қатысты көрсетіледі.
Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған Клавам препаратының дозасын таңдау кезінде назарға алу қажет:
• Күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтимал сезімталдығы
• Инфекция жұқтырған орны мен ауырлығы
• Төменде көрсетілгендей пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы.
Амоксициллин/калий клавуланаты препаратының баламалы шығарылу түрлерін (мысалы, амоксициллиннің неғұрлым жоғары дозаларын және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндерді) қажетіне қарай қарастыру керек.
Салмағы >40 кг балалар мен ересектер үшін амоксициллин / калий клавуланаты препаратының бұл құрамы мен дәрілік түрі төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалған кезде 1500 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылының жалпы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Салмағы 40 кг-ден аз балалар үшін амоксициллин / калий клавуланаты препаратының осы құрамы мен дәрілік түрі төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалғанда 2400 мг амоксициллин/600 мг клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің неғұрлым жоғары тәуліктік дозасын қабылдау туралы шешім қабылданса, клавулан қышқылының артық жоғары тәуліктік дозаларын енгізбеу үшін басқа амоксициллин / калий клавуланаты препаратын таңдау ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы пациенттің реакциясымен анықталуы керек. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) ұзағырақ емдеу кезеңдерін қажет етеді
Емдеу клиникалық жағдайды қайта қараусыз 14 тәуліктен аспауы керек.
Ересектер мен >40 кг балалар:
1 таблетка 500 мг/125 мг тәулігіне 3 рет.
˂ 40 кг балалар
күніне 20 мг/5 мг/кг бастап күніне 60 мг/15 мг/кг дейін, үшке бөлінген дозада.
Балаларға амоксициллин / калий клавуланаты таблеткаларымен немесе суспензиясымен емдеуді тағайындауға болады.
Таблеткаларды бөлуге болмайтындықтан, дене салмағы 25 кг-ден аз балаларға таблеткаларды 500 мг/125 мг дозада тағайындауға болмайды.
Төмендегі кестеде 500/125 мг дозада бір таблетка қабылдаған кезде дене салмағы 25-тен 40 кг дейінгі балаларға ұсынылатын доза (мг/кг дене салмағы) берілген.
Дене салмағы [кг] — 40 — 35 — 30 — 25 — Ұсынылған бір реттік доза [мг/кг дене салмағы] (жоғарыдан қараңыз)
Амоксициллин [мг/кг дене салмағы] бір реттік дозаға (үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка) — 12.5 — 14.3 — 16.7 — 20.0 — 6.67 – 20
Клавулан қышқылы [мг/кг дене салмағы] бір реттік дозаға (үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка) — 3.1 — 3.6 — 4.2 — 5.0 — 1.67 - 5
6 жас немесе одан кіші немесе дене салмағы 25 кг-ден аз балаларды амоксициллин / калий клавуланатының суспензия түріндегі дәрілік түрлерімен емдеген жөн.
2 жасқа дейінгі балалар тәулігіне 40 мг/10 мг/кг жоғары дозада қабылдайтын Клавам препараты құрамының 4:1 дозаларына қатысты деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Дозалау режимін түзету талап етілмейді
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин астам пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.
Ересектер және салмағы > 40 кг балалар
Креатинин клиренсі: 10-30 мл/мин — 500 мг/125 мг күніне екі рет
Креатинин клиренсі 10 мл/мин кем — 500 мг/125 мг күніне бір рет
Гемодиализ — Әр 24 сағат сайын 500 мг/125 мг, оған қоса диализ кезінде 500 мг/125 мг, диализ аяқталғаннан кейін қайталау керек (өйткені қан сарысуындағы амоксициллин мен клавулан қышқылының концентрациясы төмендейді)
Салмағы < 40 кг балалар
Креатинин клиренсі: 10-30 мл/мин — 15 мг/3.75 мг/кг күніне екі рет (күніне екі рет ең көбі 500 мг/125 мг).
Креатинин клиренсі 10 мл/мин кем — 15 мг/3.75 мг/кг бір реттік тәуліктік доза түрінде (ең көбі 500 мг/125 мг).
Гемодиализ — Күніне 15 мг/3.75 мг/кг тәулігіне бір рет. Гемодиализге дейін 15 мг/3.75 мг/кг. Гемодиализден кейін айналымдағы препараттардың деңгейін қалпына келтіру үшін кг-ға 15 мг/3.75 мг тағайындау керек.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Сақтықпен дозалау және бауыр функциясын үнемі бақылау.
Қолдану тәсілі
Клавам препараты пероральді қолдануға арналған.
Клавам препаратын асқазан-ішектің потенциалды жақпаушылығын барынша азайту үшін тамақтану кезінде қабылдау керек. Таблеткаларды сумен ішіп толығымен жұту керек, шайнауға, ұнтақтауға немесе таблетканы бөліктерге бөлуге болмайды. Тұншығу қаупін азайту үшін бір ішкенде балаларға бір таблеткадан артық ішуге болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу клиникалық жағдайды қайта қарастырусыз 14 тәуліктен артық жалғаспауы тиіс.
Емнің ұзақтығы пациенттің жүргізілген емге реакциясымен анықталуы тиіс. Кейбір патологиялар (атап айтқанда, остеомиелит) ұзағырақ курсты керек етуі мүмкін.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемдерге, монобактамдарға) белгілі аса жоғары сезімталдық
- инфекциялық мононуклеоз
- лимфолейкоз
- бауыр жеткіліксіздігі
- анамнезінде пенициллиндер тобының антибиотиктерін қабылдаудан туындаған холестаздық сарғаю немесе гепатит
- бронх демікпесі, пішен поллинозы
- 6 жастан кіші балалар немесе дене салмағы 25 кг-ден аз балалар
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктемеге сәйкес және олардың туындау жиілігіне қарай жағымсыз реакциялардың жіктелуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін айқындау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жиі (≥1/100,<1/10)
- тері және шырышты жабындар кандидозы
- жүрек айнуы, құсу, диарея
Жүрек айнуы көбінесе препараттың жоғарғы дозаларын қолданғанда кездеседі. Пайда болу дәрежесін төмендету үшін препаратты тамақтанудың басында қабылдау ұсынылады.
Жиі емес (≥1/1000, <1/100)
- бас айналуы, бас ауыруы
- диспепсия, асқорытудың бұзылуы
- АЛТ, АСТ бауыр ферменттері деңгейінің орташа жоғарылауы
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем
Сирек (≥1/10000, <1/1000)
- қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения
- мультиформалы эритема
Өте сирек
- антибиотикпен астасқан колит (жалған жарғақшалы және геморрагиялықты қоса)
- қара түкті тіл (тілдің жіп тәріздес бүртіктерінің созылмалы гиперплазиясы);
- тіс эмалінің қайтымды беткейлік боялуы (тіс щеткасымен тазалағанда оңай кетеді). Ауыз қуысының гигиенасын сақтау тіс эмалінің боялуын болдырмайды.
- эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік заттарға реакциялар (DRESS синдромы)
Белгісіз
- сезімтал емес микроорганизмдердің тез өсуі
- қайтымды агранулоцитоз және гемолиздік анемия
- қан кету уақытының және протромбиндік уақыт индексінің ұлғаюы
- ангионевроздық ісіну, анафилаксия; сарысу құю ауруына ұқсас синдром, аллергиялық васкулит
- асептикалық менингит
- қайтымды жоғары белсенділік және құрысулар
- гепатит, холестаздық сарғаю
- Стивенс-Джонсон синдромы
- уытты эпидермалық некролиз
- буллезді эксфолиативті дерматит, жедел жайылған экзантематозды пустулез. Осы симптомдар дамыған кезде препарат тоқтатылуы тиіс.
- интерстициялық нефрит, кристаллурия, гематурия;
- эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (Drug reaction with eosinophilia and systemic symptoms – DRESS-синдром)
- IgA тәуелді тізбектік дерматоз
- асептикалық менингит
- Коунис синдромы (аллергиялық коронарлық синдром)
- дәрілік препаратпен индукцияланған энтероколит синдромы, жедел панкреатит
- кристаллурия (бүйректің жедел зақымдануын қоса)
Жағымсыз реакциялар туралы хабарлама
ДП «пайда-қауіп» арақатынасының үздіксіз мониторингін қамтамасыз ету мақсатында ДП тіркелгеннен кейін күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медицина қызметкерлеріне ДП кез келген күмәнді жағымсыз реакциялары туралы ҚР жағымсыз реакциялар туралы жариялаудың ұлттық жүйесі арқылы хабарлау ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz
Аллергиялық реакциялар кезінде назар аудару керек жағдайлар:
- тері бөртпесі
- қызыл немесе күлгін түрінде көрінуі мүмкін қантамырлардың қабынуы (васкулит)
- терідегі дөңес дақтар, бірақ дененің басқа бөліктерін де зақымдауы мүмкін
- қызба, буынның ауыруы, мойын, қолтық немесе шап бездерінің ісінуі
- тыныс алуды қиындататын, кейде бет немесе тамақтың ісінуі (ангионевроздық ісіну)
- коллапс
- аллергиялық реакциялар аясында кеудедегі ауырсыну, бұл аллергиядан туындаған миокард инфарктісінің симптомы болуы мүмкін (Коунис синдромы)
Егер сізде осы симптомдардың қандайда бірі пайда болса, дереу дәрігерге қаралыңыз. Клавам қабылдауды тоқтатыңыз.
Жуан ішектің қабынуы
Сулы диареяны тудыратын жуан ішектің қабынуы, әдетте қан мен шырыш қосылған, іштің ауыруы және/немесе қызба.
Ұйқы безінің жедел қабынуы (жедел панкреатит)
Егер сізде асқазан аймағында қатты және тұрақты ауырсыну болса, бұл жедел панкреатиттің белгісі болуы мүмкін.
Дәрілік индукцияланған энтероколит синдромы (DIES):
DIES жағдайлары негізінен амоксициллин/клавуланатпен емделген балаларда байқалды. Бұл қайталанатын құсуға әкелетін симптомы бар аллергиялық реакцияның өзіндік бір түрі (препаратты қолданғаннан кейін 1-4 сағаттан соң). Басқа симптомдарға іштің ауыруы, сылбырлық, диарея және төмен қан қысымы кіруі мүмкін. Егер сізде осы симптомдар пайда болса, мүмкіндігінше тезірек дәрігер кеңесіне жүгініңіз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға күтілетін реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: асқазан-ішек бұзылыстары және су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы мүмкін.
Клавам препаратын бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге тағайындаған кезде немесе жоғары дозаларды пайдаланған кезде құрысулар дамуы мүмкін.
Қуық катетерлерінде, әсіресе жоғары дозаларды вена ішіне енгізу жолымен тағайындағаннан кейін амоксициллиннің шөгуі мүмкін.
Емі: симптоматикалық ем жүргізу, су-электролиттік теңгерімін түзету. Клавам препараты қаннан гемодиализ көмегімен шығарылады.
Амоксициллин/клавулан қышқылымен емдеуді бастар алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды агенттерге аса жоғары сезімталдықтың алдыңғы реакцияларына қатысты жан-жақты анамнез жинау қажет.
Аса жоғары сезімталдықтың ауыр және кейде өлімге әкелетін реакциялары (оның ішінде анафилактоидты және терінің күрделі жағымсыз реакциялары) пенициллинмен емдегі пациенттерде тіркелген. Бұл реакциялар пенициллинге аса жоғары сезімталдық тарихы бар адамдарда және атопиялық индивидуумдарда болуы ықтимал. Егер аллергиялық реакция пайда болса, амоксициллин/клавулан қышқылымен емдеуді тоқтатып, тиісті баламалы ем тағайындау керек. Күрделі анафилаксиялық реакциялар кезінде пациентке дереу эпинефрин енгізу керек. Сондай-ақ, оксигенотерапия, глюкокортикостероидтарды вена ішіне енгізу және интубацияны қамтитын тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет болуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Теріде аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда Клавам препаратымен емдеуді тоқтату қажет.
Инфекциялық мононуклеозға күмән туындаған кезде амоксициллин/клавулан қышқылынан аулақ болу керек, өйткені амоксициллинді пайдаланғаннан кейін қызылша тәрізді бөртпелер пайда болған.
Клавам препаратының бұл дәрілік түрі болжамды патогендердің бета-лактамды агенттерге төзімділігі жоғары қаупі бар болғанда , яғни клавулан қышқылымен тежелуге сезімтал бета-лактамазалармен байланысты болмаған кезде, пайдалануға жарамсыз. Препараттың бұл түрі пенициллинге төзімді S. pneumoniae емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.
Ұзақ мерзімді пайдалану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін.
Клавам препаратын қабылдау аясында антибиотикпен астасқан колиттің даму жағдайлары хабарланды, оның дәрежесі мардымсыз және өмірге қауіп төндіретін болды. Осыған байланысты антибиотиктерді қабылдау кезінде немесе одан кейін дамыған диареясы бар пациенттерде колиттің даму мүмкіндігін қарастыру қажет. Колит диагнозы расталған кезде Клавам препаратын дереу тоқтату керек; пациент қажетті ем жүргізу үшін дәрігермен кеңесуі тиіс. Бұл жағдайда перистальтикаға қарсы препараттарды қолдануға болмайды.
Емдеудің басында пустуламен байланысты қызбамен жайылған эритеманың пайда болуы жедел жайылған экзантематозды пустулездің (AGEP) симптомы болуы мүмкін. Бұл реакция Клавам препаратын енгізуді тоқтатуды талап етеді және амоксициллиннің кез келген кейінгі енгізілуін болдырмау керектігін көрсетеді.
Кейінірек Aspergillus инфекциясы табылмаған амоксициллин/ клавулан қышқылын қабылдайтын пациенттерде Platelia Aspergillus EIA Bio-Rad Laboratories тестін қолдана отырып, сынақтың оң нәтижелері туралы есептер болған. Aspergillus емес полисахаридтермен және Plateia Aspergillus EIA био-Rad Laboratories тестімен полифураноздармен айқаспалы реакциялар туралы хабарламалар болды. Демек, амоксициллин/ клавулан қышқылын қабылдайтын пациенттерде тесттің оң нәтижелерін абайлап интерпретациялау және басқа диагностикалық әдістермен растау керек.
Қан айналымының бұзылуы
Бүйрек, бауыр және қан түзу функцияларын қоса, ағзалар жүйесінің функцияларын мерзімді бағалау ұзақ ем кезінде ұсынылады.
Протромбин уақытының ұзаруы амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде сирек хабарланды. Антикоагулянттар бір уақытта тағайындалған кезде тиісті мониторинг қажет. Пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету антикоагуляцияның қажетті деңгейін ұстап тұру үшін қажет болуы мүмкін.
Клавам препаратында клавулан қышқылының болуы IgG мен альбуминді эритроциттердің жарғақшаларымен спецификалық емес байланысуды тудыруы мүмкін, бұл жалған оң Кумбс тестін беруі мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны сақтықпен тағайындау, сондай-ақ бауыр функциясын тұрақты бақылау керек. Амоксициллин/клавулан қышқылын бауыр жеткіліксіздігі белгілері бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Бауыр зақымдануының белгілері мен симптомдары әдетте емдеу басталған кезде немесе одан кейін бірден пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда ем тоқтағаннан кейін бірнеше апта ішінде байқалмауы мүмкін. Олар әдетте қайтымды. Бауырдың бұзылуы өте ауыр болуы мүмкін және өте сирек жағдайларда өліммен аяқталуы туралы хабарланды. Олар әрдайым дерлік күрделі негізгі ауруы бар пациенттерде немесе бауырға әсер етуі мүмкін екендігі белгілі препараттарды бір уақытта қабылдаған адамдарда тіркелді.
Бауыр оқиғалары негізінен ерлер мен егде пациенттерде тіркелген және ұзақ емделумен байланысты болуы мүмкін. Бұл оқиғалар балаларда өте сирек кездескен.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза бұзылу дәрежесіне сәйкес түзетілуі тиіс.
Несеп бөлінуі төмен пациенттерде кристаллурия негізінен парентеральді емде өте сирек байқалды. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізген кезде амоксициллиндік кристаллурияның мүмкіндігін азайту мақсатында сұйықтықты талапқа сай қабылдауды және несеп шығаруды демеген жөн. Қуық катетері бар пациенттерде өткізгіштігін үнемі тексеріп отыру керек.
Амоксициллинмен емдеу кезінде несептегі глюкозаның бар-жоғын тексеру үшін ферменттік глюкоза оксидазаны қолдану керек, өйткені ферменттік емес әдістермен жалған оң нәтиже алынуы мүмкін.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде немесе жоғары дозаларды қабылдағанда құрысулар пайда болуы ықтимал.
Басқа жай-күйлер
Ауыз қуысына күтім жасау препаратты қабылдаумен байланысты тіс түсінің өзгеруін болдырмауға көмектеседі, өйткені бұл үшін тісті тазалау жеткілікті.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Өте сирек жағдайларда амоксициллин/клавулан қышқылы сананың шатасуы, бас айналу және құрысулар сияқты жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, олар көлік құралын және күрделі механизмдерді басқару және/немесе қауіпсіз жұмыс істеу қабілетін бұзуы мүмкін.
Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктіліктің, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпеген. Адамдарда жүктілік кезінде амоксициллин/клавулан қышқылының біріктірілімін пайдалану туралы шектеулі деректер туа біткен даму ақауларының жоғары қаупін көрсетпейді. Ұрық қабығының мерзімінен бұрын жарылуы бар әйелдерде жүргізілген бір зерттеуде амоксициллин/клавулан қышқылымен профилактикалық ем жаңа туған нәрестелерде некроздық энтероколиттің даму қаупі жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екендігі анықталды. Препаратты дәрігер тағайындаған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Екі әсер етуші зат та емшек сүтіне бөлінеді. Клавам препаратының әсер етуші заттарының іздік мөлшері емшек сүтіне енуіне байланысты сенсибилизация, диарея немесе ауыз қуысы шырышты қабығы кандидозының даму мүмкіндігін қоспағанда, емшек еметін балаларда басқа жағымсыз әсерлер байқалған жоқ. Емшек сүтімен қоректенетін балаларда жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда емшек емізуді тоқтату қажет. Клавам препаратын, егер ана үшін болжамды пайдасы балаға төнетін ықтимал қауіптен асып кетсе, бала емізу кезінде қолдануға болады.
Пероральді антикоагулянттар
Пероральді антикоагулянттар мен пенициллинді антибиотиктер өзара әрекеттесу туралы есеп берусіз тәжірибеде кеңінен пайдаланылды. Алайда, әдебиетте амоксициллин курсы тағайындалған аценокумарол немесе варфаринмен емделген пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылауы жағдайлары бар. Егер бірлескен ем қажет болса, протромбин уақыты немесе қалыптасқан арақатынас кейіннен амоксициллин қосылуымен немесе алынуымен мұқият бақылануы керек. Сонымен қатар, пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Басқа бактерияға қарсы препараттар сияқты, Клавам препараты ішек микрофлорасына әсер етуі мүмкін, бұл асқазан-ішек жолынан эстрогендер сіңуінің төмендеуіне және біріктірілген пероральді контрацептивтер тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.
Метотрексат
Пенициллиндер уыттылықтың жоғарылау ықтималдығын туындата отырып, метотрексаттың экскрециясын төмендетуі мүмкін.
Пробенецид
Пробенецидті бірге қабылдау ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйрек өзекшелік секрециясын азайтады. Пробенецидті бір мезгілде қабылдау клавулан қышқылы емес, қандағы амоксициллин деңгейінің ұлғаюына және ұзаруына әкелуі мүмкін.
Аллопуринол
Аллопуринол мен амоксициллинді бір мезгілде қолдану терінің аллергиялық реакцияларының пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Амоксициллиннің клавулан қышқылымен және аллопуринолмен біріктірілімін бір мезгілде қолдану туралы деректер жоқ.
Микофенолят мофетил
Микофенолят мофетил қабылдайтын пациенттерде амоксициллинге қосылған клавулан қышқылын қабылдауды бастағаннан кейін микофенол қышқылының белсенді метаболиті (MPA) доза алдындағы концентрациясының 50%-ға төмендеуі байқалды. Доза алдындағы деңгейдің өзгеруі жалпы MPA экспозициясының өзгеруін дәл көрсетпеуі мүмкін. Сондықтан, мофетил микофенолатының дозасын өзгерту, әдетте, трансплантат дисфункциясының белгілері болмаған кезде қажет емес. Дегенмен, біріктірілім кезінде және антибиотиктермен емдеуден кейін көп ұзатпай мұқият мониторинг жүргізген жөн.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.