Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления суспензии для приема внутрь
Дозасы
156.25 мг/5 мл
Саудалық атауы
Клавам
Әсер етуші зат
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Мақсаты
Жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде), ортаңғы құлақтың жедел қабынуы (жедел отит)
Өндіруші
Indchemie Health Specialities Pvt. Ltd.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
5 мл қалпына келтірілген суспензия құрамында
белсенді заттар: амоксициллин (тригидрат түрінде)
200.000 мг амоксициллинге баламалы
калий клавуланаты
28.500 мг клавулан қышқылына баламалы
қосымша заттар: маннитол, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, натрий бензоаты, ксантан шайыры, коллоидты кремнийдің қостотығы, жалбыз хош иістендіргіші DC 117, аспартам.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақшылдау түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ, сумен сұйылтқан кезде жалбыз дәмі бар гомогенді ақ түсті суспензия түзеді.
- жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде)
- ортаңғы құлақтың жедел қабынуы (жедел отит)
- созылмалы бронхиттің өршуі (расталған диагноз кезінде)
- ауруханадан тыс пневмония
- несеп-жыныс жолының инфекциялары (цистит, пиелонефрит)
- тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (атап айтқанда, целлюлит, жәндіктердің шағуы, жедел абсцесстер және жақсүйек-бет аумағының флегмоналары)
- сүйектер мен буындар инфекциялары (атап айтқанда, остеомиелит)
Клавам – әсер ету ауқымы кең біріктірілген антибиотик; құрамында жартылай синтетикалық пенициллин амоксициллин және клавулан қышқылы бета-лактамаза тежегіші бар.
Амоксициллин – бұл әсер ету ауқымы кең жартылай синтетикалық (бета-лактамды) антибиотик, көптеген грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенді. Амоксициллин бета-лактамазалардың әсерінен ыдырайды және осы ферментті шығаратын микроорганизмдерге әсер етпейді. Амоксициллиннің бактерицидті әсер ету механизмі бактерияның жасушалық қабырғасының пептидогликандар биосинтезін тежеуден тұрады, бұл бактериялық жасушаның лизисіне және қырылуына әкеледі.
Клавулан қышқылы – бұл бета-лактамат, химиялық құрылымы бойынша пенициллиндерге және цефалоспориндерге резистенттілік көрсететін микроорганизмдердің бета-лактамаза энзимдерінің белсенділігін жоюға қабілетті, осылайша амоксициллиннің белсенділігінің жойылуын болдырмайтын пенициллиндерге жақын. Бета-лактамазалар көптеген грамоң және грамтеріс бактериялармен өндіріледі. Бета-лактамазалардың әсері кейбір бактерияға қарсы препараттардың патогендерге олардың әсері басталғанға дейін-ақ ыдырауына әкелуі мүмкін. Клавулан қышқылы бактериялардың амоксициллинге сезімталдығын қалпына келтіре отырып, ферменттердің әсерін бөгейді. Атап айтқанда, ол плазмидтік бета-лактамазаларға қатысты жоғары белсенділікке ие, олармен дәрілік резистенттілік жиі байланысты, бірақ 1 типті хромосомалық бета-лактамазаларға қатысты тиімділігі төмен.
Клавам құрамында клавулан қышқылының болуы бета-лактамазалардың бұзушы әсерінен қорғайды және оған әдетте басқа пенициллиндер мен цефалоспориндерге резистентті микроорганизмдерді қосу арқылы оның бактерияға қарсы белсенділік ауқымын кеңейтеді. Клавулан қышқылы монопрепарат ретінде клиникалық тұрғыдан елеулі бактерияға қарсы әсер көрсетпейді.
Резистенттіліктің даму механизмі
Клавам препаратына резистенттіліктің 2 даму механизмі бар:
- B, C, D кластарын қоса, клавулан қышқылының әсеріне сезімтал емес бактериялық бета-лактамазалар белсенділігінің жойылуы
- пенициллин байланыстыратын ақуыздың деформациясы, бұл микроорганизмге қатысты антибиотиктің аффинділігін төмендетуге әкеледі
Бактериялық қабырғаның өткізбеушілігі, сондай-ақ помпа механизмдері, әсіресе грамтеріс микроорганизмдерде резистенттіліктің дамуын туындатуы немесе соған ықпал етуі мүмкін.
Клавам препаратына сезімталдық географиялық орналасуы мен уақытына байланысты өзгеруі мүмкін. Препаратты тағайындар алдында мүмкіндігінше штаммдардың сезімталдығын жергілікті деректерге сәйкес бағалау және нақты бір пациентте, әсіресе ауыр инфекциялар жағдайында үлгілерді жинау және талдау жолымен сезімталдықты анықтау қажет.
Төменде микроорганизмдердің амоксициллиннің клавулан қышқылымен біріктіріліміне in vitro сезімталдығына сәйкес жіктеуі ұсынылған.
Сезімталдығы жоғары қоздырғыштар
Грамоң аэробтар
Enterococcus faecalis
Gardnerella vaginalis
Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал) £
Коагулазонегативті стафилококктар (метициллинге сезімтал)
Streptococcus agalactiae
Streptococcus pneumoniae1
Streptococcus pyogenes және басқа бета-гемолиздік стрептококктар
Streptococcus viridans тобы
Грамтеріс аэробтар
Capnocytophaga spp.
Eikenella corrodens
Haemophilus influenza
Moraxella catarrhalis
Pasteurella multocida
Анаэробты микроорганизмдер
Bacteroides fragilis
Fusobacterium nucleatum
Prevotella spp.
Ықтимал жүре пайда болған резистенттілігі бар микроорганизмдер
Грамоң аэробтар
Enterococcus faecium*
Грамтеріс аэробтар
Escherichia coli
Klebsiella oxytoca
Klebsiella pneumonia
Proteus mirabilis
Proteus vulgaris
Табиғи резистенттілігі бар микроорганизмдер:
Грамтеріс аэробтар
Acinetobacter species
Citrobacter freundii
Enterobacter species
Legionella pneumophila
Morganella morganii
Providencia species
Pseudomonas species
Serratia species
Stenotrophomonas maltophilia
Басқалары:
Chlamydophila pneumoniae
Chlamydophila psittaci
Coxiella burnetti
Mycoplasma pneumoniae.
*Жүре пайда болған резистенттілік болмағанда табиғи сезімталдық
£ Барлық метициллин-резистентті стафилококктар амоксициллин / клавулан қышқылына төзімді.
1Пенициллиндерге резистентті Streptococcus pneumoniae штамдарын қоспағанда.
Дозалау режимі
Әр компонент үшін дозалары бөлек-бөлек көрсетілетін жағдайлардан басқасында, дозасы амоксициллин мен клавулан қышқылы біріктірілімінің мөлшеріне шаққанда көрсетілген.
Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған Клавам препаратының дозасын таңдау кезінде назарға алу қажет:
• Болжамды қоздырғыштары және олардың бактерияға қарсы дәрілерге ықтимал сезімталдығы
• Инфекцияның ауырлығы мен орналасуы
• Төменде көрсетілгендей, пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы.
Қажет болған жағдайда, амоксициллин/калий клавуланаты баламалы түрлерін (мысалы, құрамында амоксициллиннің жоғарырақ дозалары және/немесе амоксициллин мен клавулан қышқылының басқа арақатынасы бар түрлерін) пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек.
Салмағы 40 кг аз балалар үшін осы амоксициллин/калий клавуланатының препаратының ең жоғары тәуліктік дозасы, егер оны төменде келтірілген ұсынымдарға сәйкес қабылдаса, 2400 мг амоксициллин/600 мг клавулан қышқылын құрайды. Егер амоксициллиннің жоғарырақ тәуліктік дозасы қажет болса, клавулан қышқылының орынсыз жоғары тәуліктік дозалары қолданылуына жол бермеу үшін басқа амоксициллин/калий клавуланатының препаратын таңдау ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы пациенттің реакциясына байланысты белгіленуі тиіс. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) ұзағырақ емдеуде қажет етеді. Емдеуді алдын ала қарастырылмаса 14 күннен артыққа ұзартпау керек.
Ересектер және салмағы 40 кг асатын балалар
Ересектер мен салмағы 40 кг асатын балалар үшін ересектерге арналғандай дозадағы амоксициллин/калий клавуланаты препараттарын тағайындау керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Салмағы 40 кг-ден аз балалар
Азғантай дозасы: тәулігіне 25 мг/3.6 мг/кг-ден тәулігіне 45 мг/6.4 мг/кг дейін, екі қабылдауға бөліп енгізіледі.
Жоғарырақ дозасы: тәулігіне 45 мг/6.4 мг/кг-ден тәулігіне 70 мг/10 мг/кг дейін, екі қабылдауға бөліп енгізіледі.
Дене салмағы (кг) — Тәулігіне 25 мг/3.6 мл/кг. мл дозасын әр 12 сағат сайын енгізу керек. — Тәулігіне 45 мг/6.4 мг/кг. мл дозасын әр 12 сағат сайын енгізу керек. — Тәулігіне 70 мг/10 мг/кг. мл дозасын әр 12 сағат сайын енгізу керек.
4.0 — 1.4 — 2.4 — Ұсынылмайды
5.0 — 1.6 — 2.8 — Ұсынылмайды
6.0 — 2.0 — 3.4 — Ұсынылмайды
7.0 — 2.2 — 4.0 — Ұсынылмайды
8.0 — 2.6 — 4.6 — Ұсынылмайды
9.0 — 2.8 — 5.2 — Ұсынылмайды
10.0 — 3.2 — 5.6 — Ұсынылмайды
11.0 — 3.4 — 6.2 — Ұсынылмайды
12.0 — 3.8 — 6.8 — 10.6
13.0 — 4.2 — 7.4 — 11.4
14.0 — 4.4 — 8.0 — 12.4
15.0 — 4.8 — 8.4 — 13.2
16.0 — 5.0 — 9.0 — 14.0
17.0 — 5.4 — 9.6 — 15.0
18.0 — 5.6 — 10.2 — 15.8
19.0 — 6.0 — 10.8 — 16.6
20.0 — 6.4 — 11.4 — 17.6
21.0 — 6.6 — 11.8 — 18.4
22.0 — 7.0 — 12.4 — 19.4
23.0 — 7.2 — 13.0 — 20.2
24.0 — 7.6 — 13.6 — 21.0
25.0 — 7.8 — 14.2 — 22.0
26.0 — 8.2 — 14.6 — 22.8
27.0 — 8.4 — 15.2 — 23.6
28.0 — 8.8 — 15.8 — 24.6
29.0 — 9.2 — 16.4 — 25.4
30.0 — 9.4 — 17.0 — 26.4
31.0 — 9.8 — 17.4 — 27.2
32.0 — 10.0 — 18.0 — 28.0
33.0 — 10.4 — 18.6 — 29.0
34.0 — 10.6 — 19.2 — 25.6
35.0 — 11.00 — 19.8 — 30.6
36.0 — 11.4 — 20.4 — 31.6
37.0 — 11.6 — 20.8 — 32.4
38.0 — 12.0 — 21.4 — 33.4
39.0 — 12.2 — 22.0 — 34.2
NR - Ұсынылмайды. 2 жасқа толмаған балалардағы амоксициллин/калий клавуланаты препаратының 7:1 арақатынастағы, тәулігіне 45 мг/6.4 мг/кг асатын дозалары жөніндегі клиникалық деректер жоқ.
Дозалау жөніндегі тәжірибелік ұсынымдарды алу үшін амоксициллин/калий клавуланаты препаратының баламалы пероральді түрлерін қарастыру керек.
Балаларға таблеткалар, суспензиялар немесе балаларға арналған пакеттер түріндегі амоксициллин/калий клавуланаты препараттарын тағайындауға болады. 6 жасқа дейінгі балаларға суспензиялар немесе балаларға арналған пакеттер түріндегі Клавам препаратын тағайындаған дұрыс.
Егде жастағы пациенттер
Дозалау режимін түзету қажет емес, ересек пациенттердегідей дозалау режимі қолданылады. Егде жастағы, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуы бар ересек пациенттерге арналған тиісінше дозалары тағайындалады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозасын түзету амоксициллиннің ұсынылған ең жоғары деңгейіне байланысты жүргізіледі. Креатинин клиренсі (CrCl) минутына 30 мл асатын пациенттерге дозасын түзету қажет емес.
Салмағы 40 кг аз балалар
Креатинин клиренсі (CrCl): 10-30 мл/мин. — Күніне екі рет 15 мг/3,75 мг/кг (ең көбі 500 мг/125 мг күніне екі рет)
Креатинин клиренсі (CrCl): < 10 мл /мин. — Бір реттік тәуліктік доза ретінде 15 мг/3,75 мг/кг (ең көбі 500 мг/125 мг)
Гемодиализ жүргізілетін пациенттер — Күніне бір рет 15 мг/3,75 мг/кг. Гемодиализдің алдында 15 мг/3,75 мг/кг. Айналымдағы препарат деңгейін қалпына келтіру үшін гемодиализден кейін әр кг үшін 15 мг/3,75 мг енгізу керек.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Сақтықпен қабылдау және бауыр функциясын жүйелі түрде бақылап отыру керек.
Қолдану тәсілі
Клавам пероральді қолдануға арналған.
Клавам препаратын асқазан-ішектің потенциалды жақпаушылығын азайту үшін тамақтану кезінде қабылдау керек.
Енгізер алдында дәрілік затты қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулықтар:
Суспензия тікелей бірінші қолданар алдында сұйылтылады.
Пайдаланар алдында қақпақтың герметикалылығын тексеріңіз. Ұнтақты қопсыту үшін бөтелкені сілкіңіз. Ұнтақты бөлме температурасына дейін салқындатылған қайнаған суда біртіндеп сілкіп, құтыдағы белгіге дейін су қоса отырып, еріту керек. Дайын суспензияның көлемі 100 мл-ге тең. Құтыны төңкеріп, толық ерігенше мұқият шайқау керек. Дайындалған ұнтақ - ақ немесе ақ дерлік түсті. Құтыны пайдаланар алдында әрдайым жақсылап шайқау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу клиникалық жағдайды қайта қарастырусыз 14 тәуліктен артық жалғаспауы тиіс.
Емнің ұзақтығы пациенттің жүргізілген емге реакциясымен анықталуы тиіс. Кейбір патологиялар (атап айтқанда, остеомиелит) ұзағырақ курсты керек етуі мүмкін.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- амоксициллинге немесе клавулан қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- инфекциялық мононуклеоз
- лимфолейкоз
- бауыр жеткіліксіздігі
- пенициллиндер тобының антибиотиктерін қабылдаудан туындаған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы (соның ішінде амоксициллин/клавулан қышқылының біріктірілімі)
- бронх демікпесі, пішен поллинозы
- фенилкетонурия (препарат құрамында аспартамның болуына байланысты)
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктемеге сәйкес және олардың туындау жиілігіне қарай жағымсыз реакциялардың жіктелуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін айқындау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жиі (≥1/100,<1/10)
- тері және шырышты жабындар кандидозы
- жүрек айнуы, құсу, диарея
Жүрек айнуы көбінесе препараттың жоғарғы дозаларын қолданғанда кездеседі. Пайда болу дәрежесін төмендету үшін суспензияны тамақтанудың басында қабылдау ұсынылады.
Жиі емес (≥1/1000, <1/100)
- бас айналуы, бас ауыруы
- диспепсия, ас қорытудың бұзылуы
- АЛТ, АСТ бауыр ферменттері деңгейінің орташа жоғарылауы
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем
Сирек (≥1/10000, <1/1000)
- қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения
- мультиформалы эритема
Өте сирек
- антибиотикпен астасқан колит (жалған жарғақшалы және геморрагиялықты қоса);
- қара түкті тіл (тілдің жіп тәріздес бүртіктерінің созылмалы гиперплазиясы);
- тіс эмалінің қайтымды беткейлік боялуы (щеткамен тазалағанда оңай кетеді). Ауыз қуысы гигиенасын сақтау тіс эмалі боялуын болдырмайды.
- эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік заттарға реакция (DRESS-синдром)
Белгісіз
- сезімтал емес микроорганизмдердің тез өсуі
- қайтымды агранулоцитоз және гемолиздік анемия
- қан кету уақытының және протромбиндік уақыт индексінің ұлғаюы;
- ангионевроздық ісіну, анафилаксия; сарысу құю ауруына ұқсас синдром, аллергиялық васкулит
- асептикалық менингит
- қайтымды жоғары белсенділік және құрысу
- гепатит, холестаздық сарғаю
- Стивенс-Джонсон синдромы
- уытты эпидермалық некролиз
- буллёзді эксфолиативті дерматит, жедел жайылған экзантематозды пустулёз. Аталған симптомдар дамығанда препаратты қолдану тоқтатылуы тиіс.
- интерстициялық нефрит, кристаллурия гематуриясы;
- эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (Drug reaction with eosinophilia and systemic symptoms – DRESS-синдром)
- IgA тәуелді тізбектік дерматоз
- асептикалық менингит
- Коунис синдромы (аллергиялық коронарлық синдром)
- дәрілік препаратпен индукцияланған энтероколит синдромы, жедел панкреатит
- кристаллурия (бүйректің жедел зақымдануын қоса)
- симметриялық дәрілік интертригиноздық және бүгілетін жердегі экзантема (SDRIFE)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz
Симптомдары: асқазан-ішек бұзылыстары және су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелетін, амоксициллиндік кристаллурия сипатталған.
Клавам препаратын бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге тағайындаған кезде немесе жоғары дозаларды пайдаланған кезде құрысулар дамуы мүмкін.
Шұғыл емшаралар: симптоматикалық ем жүргізу, су-электролиттік теңгерімін түзету. Клавам препараты қаннан гемодиализ көмегімен шығарылады.
Амоксициллин/клавулан қышқылымен емдеуді бастар алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды агенттерге аса жоғары сезімталдықтың алдыңғы реакцияларына қатысты жан-жақты анамнез жинау қажет.
Аса жоғары сезімталдықтың ауыр және кейде өлімге әкелетін реакциялары (оның ішінде анафилактоидты және терінің елеулі жағымсыз реакциялары) пенициллинмен емдегі пациенттерде тіркелгенін ескеру керек. Бұл реакциялар пенициллинге аса жоғары сезімталдық тарихы бар адамдарда және атопиялық индивидуумдарда болуы ықтимал. Егер аллергиялық реакция пайда болса, амоксициллин/клавулан қышқылымен емдеуді тоқтатып, тиісті баламалы ем тағайындау керек. Күрделі анафилаксиялық реакциялар кезінде пациентке дереу эпинефрин енгізу керек. Сондай-ақ, оксигенотерапия, глюкокортикостероидтарды вена ішіне енгізу және интубацияны қамтитын тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет болуы мүмкін.
Тері аллергиялық реакциялары пайда болған жағдайда Клавам препаратымен емдеуді тоқтату қажет.
Арнайы ескертулер
Инфекциялық мононуклеозға күмән туындаған кезде амоксициллин/клавулан қышқылынан аулақ болу керек, өйткені амоксициллинді пайдаланғаннан кейін қызылша тәрізді бөртпелер пайда болған.
Клавам препаратының бұл дәрілік түрі болжамды патогендердің бета-лактамды агенттерге төзімділігі жоғары қаупі бар болғанда , яғни клавулан қышқылымен тежелуге сезімтал бета-лактамазалармен байланысты болмаған кезде, пайдалануға жарамсыз. Препараттың бұл түрі пенициллинге резистентті S. pneumoniae емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.
Ұзақ мерзімді пайдалану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін.
Клавам препаратын қабылдау аясында антибиотикпен астасқан колиттің даму жағдайлары хабарланды, оның дәрежесі мардымсыз және өмірге қауіп төндіретін болды. Осыған байланысты антибиотиктерді қабылдау кезінде немесе одан кейін дамыған диареясы бар пациенттерде колиттің даму мүмкіндігін қарастыру қажет. Колит диагнозы расталған кезде Клавам препаратын дереу тоқтату керек; пациент қажетті ем жүргізу үшін дәрігермен кеңесуі тиіс. Бұл жағдайда перистальтикаға қарсы препараттарды қолдануға болмайды.
Емдеудің басында пустуламен байланысты қызбамен жайылған эритеманың пайда болуы жедел жайылған экзантематозды пустулездің (AGEP) симптомы болуы мүмкін (4.8 бөлімін қараңыз). Бұл реакция Клавам препаратын енгізуді тоқтатуды талап етеді және амоксициллиннің кез келген кейінгі енгізілуін болдырмау керектігін көрсетеді.
Кейінірек Aspergillus инфекциясы табылмаған амоксициллин/ клавулан қышқылын қабылдайтын пациенттерде Platelia Aspergillus EIA Bio-Rad Laboratories тестін қолдана отырып, сынақтың оң нәтижелері туралы хабарлар болған. Aspergillus емес полисахаридтермен және Plateia Aspergillus EIA био-Rad Laboratories тестімен полифураноздармен айқаспалы реакциялар туралы хабарламалар болды. Демек, амоксициллин/ клавулан қышқылын қабылдайтын пациенттерде тесттің оң нәтижелерін абайлап интерпретациялау және басқа диагностикалық әдістермен растау керек.
Қан айналымының бұзылуы
Бүйрек, бауыр және қан түзу функцияларын қоса, ағзалар жүйесінің функцияларын мезгіл-мезгіл бағалау ұзақ ем кезінде ұсынылады.
Протромбин уақытының ұзаруы амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде сирек хабарланды. Антикоагулянттар бір уақытта тағайындалған кезде тиісті мониторинг қажет. Пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету антикоагуляцияның қажетті деңгейін ұстап тұру үшін қажет болуы мүмкін.
Клавам препаратында клавулан қышқылының болуы IgG мен альбуминді эритроциттердің жарғақшаларымен спецификалық емес байланысуды тудыруы мүмкін, бұл жалған оң Кумбс тестін беруі мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны сақтықпен тағайындау, сондай-ақ бауыр функциясын тұрақты бақылау керек. Амоксициллин / клавулан қышқылын бауыр жеткіліксіздігі белгілері бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Бауыр зақымдануының белгілері мен симптомдары әдетте емдеу басталған кезде немесе одан кейін бірден пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда ем тоқтағаннан кейін бірнеше апта ішінде байқалмауы мүмкін. Олар әдетте қайтымды. Бауырдың бұзылуы өте ауыр болуы мүмкін және өте сирек жағдайларда өліммен аяқталуы туралы хабарланды. Олар әрдайым дерлік күрделі негізгі ауруы бар пациенттерде немесе бауырға потенциалды әсер етуі мүмкін екендігі белгілі препараттарды бір уақытта қабылдаған адамдарда тіркелді.
Бауыр оқиғалары негізінен ерлер мен егде пациенттерде тіркелген және ұзақ емделумен байланысты болуы мүмкін. Бұл оқиғалар балаларда өте сирек кездескен.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза бұзылу дәрежесіне сәйкес түзетілуі тиіс.
Несеп бөлінуі төмен бар пациенттерде кристаллурия өте сирек, негізінен парентеральді еммен байқалды. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізген кезде амоксициллиндік кристаллурияның мүмкіндігін азайту мақсатында сұйықтықты талапқа сай қабылдауды және несеп шығаруды демеген жөн. Қуық катетері бар пациенттерде өткізгіштігін үнемі тексеріп отыру керек.
Амоксициллинмен емдеу кезінде несептегі глюкозаның бар-жоғын тексеру үшін ферменттік глюкоза оксидазаны қолдану керек, өйткені ферменттік емес әдістермен жалған оң нәтиже алынуы мүмкін.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде немесе жоғары дозаларды қабылдағанда құрысулар пайда болуы ықтимал.
Басқа жай-күйлер
Клавам препараты 228,5 мг/5 мл, ішуге арналған суспензия дайындауға арналған ұнтақ, құрамында фенилаланин көзі аспартам (E951) бар. Бұл дәрі фенилкетонуриямен ауыратын пациенттерде сақтықпен пайдаланылуы тиіс.
Ауыз қуысына күтім жасау препаратты қабылдаумен байланысты тіс түсінің өзгеруін болдырмауға көмектеседі, өйткені бұл үшін тісті тазалау жеткілікті.
Жүктілік
Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктіліктің, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпеген. Амоксициллин/клавулан қышқылын жүктілік кезінде пайдалану бойынша шектеулі деректер адамдарда туа біткен ақаулардың жоғарғы қаупін көрсетпеді. Ұрық қабығының мерзімінен бұрын жарылуы бар әйелдерде жүргізілген бір зерттеуде амоксициллин/клавулан қышқылымен профилактикалық ем жаңа туған нәрестелерде некроздық энтероколиттің даму қаупі жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екендігі анықталды. Препаратты дәрігер тағайындаған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Бала емізу
Екі әсер етуші зат та емшек сүтіне бөлінеді. Клавам препаратының әсер етуші заттарының іздік мөлшері емшек сүтіне енуіне байланысты сенсибилизация, диарея немесе ауыз қуысы шырышты қабығы кандидозының даму мүмкіндігін қоспағанда, емшек еметін балаларда басқа жағымсыз әсерлер байқалған жоқ. Емшек еметін балаларда жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда емшек емізуді тоқтату қажет. Клавам препаратын, егер ана үшін болжамды пайдасы балаға төнетін потенциалды қауіптен асып кетсе, бала емізу кезінде қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат бас айналуын, аллергиялық реакцияларды, құрысуларды тудыруы мүмкін болғандықтан, пациенттерге көлік құралын басқару немесе қозғалмалы механизмдермен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары туралы ескерту қажет.
Пероральді антикоагулянттар
Пероральді антикоагулянттар мен пенициллинді антибиотиктер өзара әрекеттесу туралы есеп берусіз тәжірибеде кеңінен пайдаланылды. Алайда, әдебиетте амоксициллин курсы тағайындалған аценокумарол немесе варфаринмен емделген пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылауы жағдайлары бар. Егер бірлескен ем қажет болса, протромбин уақыты немесе қалыптасқан арақатынас кейіннен амоксициллин қосылуымен немесе алынуымен мұқият бақылануы керек. Сонымен қатар, пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Басқа бактерияға қарсы препараттар сияқты, Клавам препараты ішек микрофлорасына әсер етуі мүмкін, бұл асқазан-ішек жолынан эстрогендер сіңуінің төмендеуіне және біріктірілген пероральді контрацептивтер тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.
Метотрексат
Пенициллиндер уыттылықтың потенциалды жоғарылауын туындата отырып, метотрексаттың экскрециясын төмендетуі мүмкін.
Пробенецид
Пробенецидті бірге қабылдау ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйрек өзекшелік секрециясын азайтады. Пробенецидті бір мезгілде қабылдау клавулан қышқылы емес, қандағы амоксициллин деңгейінің ұлғаюына және ұзаруына әкелуі мүмкін.
Аллопуринол
Аллопуринол мен амоксициллинді бір мезгілде қолдану терінің аллергиялық реакцияларының пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Амоксициллиннің клавулан қышқылымен және аллопуринолмен біріктірілімін бір мезгілде қолдану туралы деректер жоқ.
Микофенолят мофетил
Микофенолят мофетил қабылдайтын пациенттерде амоксициллинге қосылған клавулан қышқылын қабылдауды бастағаннан кейін микофенол қышқылының белсенді метаболиті (MPA) доза алдындағы концентрациясының 50%-ға төмендеуі байқалды. Доза алдындағы деңгейдің өзгеруі жалпы MPA экспозициясының өзгеруін дәл көрсетпеуі мүмкін. Сондықтан, мофетил микофенолатының дозасын өзгерту, әдетте, трансплантат дисфункциясының белгілері болмаған кезде қажет емес. Дегенмен, біріктірілім кезінде және антибиотиктермен емдеуден кейін көп ұзатпай мұқият мониторинг жүргізген жөн.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дайындалғаннан кейін 7 күн ішінде қолдану керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.