Дозалау режимі
Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза біріктірілімдегі амоксициллин мен клавулан қышқылының мөлшерлік бірліктерінде көрсетіледі.
Балаларға арналған Клавунат препаратының дозасын таңдағанда келесі факторларды ескеру керек:
- ықтимал патогендер және олардың бактерияға қарсы препараттарға күтілетін сезімталдығы
- инфекцияның ауырлық дәрежесі және орналасуы
- пациенттің жас шамасы, дене салмағы және бүйрек функциясының жағдайы.
Қажет болса, Клавунат препаратының баламалы дәрілік түрлерін (мысалы, амоксициллиннің ең жоғары дозаларын және/немесе амоксициллин мен клавулан қышқылының әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндер) қолдануды қарастырған жөн.
40 кг-ден аз балалар үшін балаларға арналған Клавунат препаратының бұл құрамы төмендегі нұсқауларға сәйкес қолданған кезде 2400 мг амоксициллиннің/600 мг клавулан қышқылының ең жоғарғы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді.
Егер амоксициллиннің ең жоғары тәуліктік дозасын қабылдау туралы шешім қабылданса, клавулан қышқылының шамадан тыс жоғары тәуліктік дозаларын енгізбеу үшін басқа Клавунат препаратын таңдау ұсынылады.
Емнің ұзақтығы пациенттің жүргізілетін емдеуге реакциясымен анықталуы керек. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) ұзағырақ емдеуді қажет етеді. Емдеу клиникалық жағдайды қайта қарастырмай 14 күннен артық уақытқа жалғаспауы керек (ұзартылған емдеуге қатысты «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Салмағы > 40 кг балалар мен ересектер
Бұл топ үшін ересектерге арналған басқа Клавунат препараттарын қолдану қажет.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Салмағы 40 кг-ден аз балалар
Төмен доза: тәулігіне 20 мг/5 мг/кг-ден тәулігіне 40 мг/10 мг/кг-ге дейін, үш қабылдауға бөлінген.
Ең жоғары доза: тәулігіне 40 мг/10 мг/кг-ден 60 мг/15 мг/кг-ге дейін, үш қабылдауға бөлінген.
Дене салмағы (кг) тәулігіне 20 мг/5 мг/кг Әр 8 сағат сайын мл-мен енгізілетін доза тәулігіне 40 мг/10 мг/кг Әр 8 сағат сайын мл-мен енгізілетін доза тәулігіне 60 мг/15 мг/кг Әр 8 сағат сайын мл-мен енгізілетін доза 2,0 0,6 1,2 Ұ 3,0 0,8 1,6 Ұ 4,0 1,2 2,2 Ұ 5,0 1,4 2,8 Ұ 6,0 1,6 3,2 Ұ 7,0 2,0 3,8 Ұ 8,0 2,2 4,4 Ұ 9,0 2,4 4,8 Ұ 10,0 2,8 5,4 Ұ 11,0 3,0 6,0 Ұ 12,0 3,2 6,4 9,6 13,0 3,6 7,0 10,4 14,0 3,8 7,6 11,2 15,0 4,0 8,0 12 16,0 4,4 8,6 12,8 17,0 4,6 9,2 13,6 18,0 4,8 9,6 14,4 19,0 5,2 10,2 15,2 20,0 5,4 10,8 16 — Дене салмағы (кг) тәулігіне 20 мг/5 мг/кг Әр 8 сағат сайын мл-мен енгізілетін доза тәулігіне 40 мг/10 мг/кг Әр 8 сағат сайын мл-мен енгізілетін доза тәулігіне 60 мг/15 мг/кг Әр 8 сағат сайын мл-мен енгізілетін доза 21,0 5,6 11,2 16,8 22,0 6,0 11,8 17,6 23,0 6,2 12,4 18,4 24,0 6,4 12,8 19,2 25,0 6,8 13,4 20 26,0 7,0 14,0 20,8 27,0 7,2 14,4 21,6 28,0 7,6 15,0 22,4 29,0 7,8 15,6 23,2 30,0 8,0 16,0 24 31,0 8,4 16,6 24,8 32,0 8,6 17,2 25,6 33,0 8,8 17,6 26,4 34,0 9,2 18,2 27,2 35,0 9,4 18,8 28 36,0 9,6 19,2 28,8 37,0 10,0 19,8 29,6 38,0 10,2 20,4 30,4 39,0 10,4 20,8 31,2
Дене салмағы (кг) — тәулігіне 20 мг/5 мг/кг Әр 8 сағат сайын мл-мен енгізілетін доза — тәулігіне 40 мг/10 мг/кг Әр 8 сағат сайын мл-мен енгізілетін доза — тәулігіне 60 мг/15 мг/кг Әр 8 сағат сайын мл-мен енгізілетін доза
2,0 — 0,6 — 1,2 — Ұ
3,0 — 0,8 — 1,6 — Ұ
4,0 — 1,2 — 2,2 — Ұ
5,0 — 1,4 — 2,8 — Ұ
6,0 — 1,6 — 3,2 — Ұ
7,0 — 2,0 — 3,8 — Ұ
8,0 — 2,2 — 4,4 — Ұ
9,0 — 2,4 — 4,8 — Ұ
10,0 — 2,8 — 5,4 — Ұ
11,0 — 3,0 — 6,0 — Ұ
12,0 — 3,2 — 6,4 — 9,6
13,0 — 3,6 — 7,0 — 10,4
14,0 — 3,8 — 7,6 — 11,2
15,0 — 4,0 — 8,0 — 12
16,0 — 4,4 — 8,6 — 12,8
17,0 — 4,6 — 9,2 — 13,6
18,0 — 4,8 — 9,6 — 14,4
19,0 — 5,2 — 10,2 — 15,2
20,0 — 5,4 — 10,8 — 16
Дене салмағы (кг) — тәулігіне 20 мг/5 мг/кг Әр 8 сағат сайын мл-мен енгізілетін доза — тәулігіне 40 мг/10 мг/кг Әр 8 сағат сайын мл-мен енгізілетін доза — тәулігіне 60 мг/15 мг/кг Әр 8 сағат сайын мл-мен енгізілетін доза
21,0 — 5,6 — 11,2 — 16,8
22,0 — 6,0 — 11,8 — 17,6
23,0 — 6,2 — 12,4 — 18,4
24,0 — 6,4 — 12,8 — 19,2
25,0 — 6,8 — 13,4 — 20
26,0 — 7,0 — 14,0 — 20,8
27,0 — 7,2 — 14,4 — 21,6
28,0 — 7,6 — 15,0 — 22,4
29,0 — 7,8 — 15,6 — 23,2
30,0 — 8,0 — 16,0 — 24
31,0 — 8,4 — 16,6 — 24,8
32,0 — 8,6 — 17,2 — 25,6
33,0 — 8,8 — 17,6 — 26,4
34,0 — 9,2 — 18,2 — 27,2
35,0 — 9,4 — 18,8 — 28
36,0 — 9,6 — 19,2 — 28,8
37,0 — 10,0 — 19,8 — 29,6
38,0 — 10,2 — 20,4 — 30,4
39,0 — 10,4 — 20,8 — 31,2
ҰМ — ұсынылмайды. 2 жасқа толмаған балаларда тәулігіне 40 мг/10 мг/кг жоғары дозаларға қатысты амоксициллин мен клавулан қышқылының арақатынасы 4:1 болатын Клавунаттың дәрілік түрлерінің дозалары туралы клиникалық деректер жоқ.
Дозалау бойынша нұсқауларды сақтау үшін ішке қабылдауға арналған Клавунат препаратының баламалы дәрілік түрлерін қарастыру керек.
Балаларда препаратты таблетка, суспензия немесе педиатриялық саше түрінде қолдану ұсынылады. 6 және одан кіші жастағы балаларға Клавунат препаратын суспензия түрінде қолдану ұсынылады.
Тәулігіне үш рет қолданылатын енгізілетін дозаны (мл) келесі формула бойынша есептеуге болады:
Тәулігіне үш рет енгізілетін доза (мл) — = — Амоксициллиннің ұсынылатын дозасы* (мг/кг/тәулік) х салмақ (кг) Дайын суспензиядағы (мг/мл) амоксициллин дозасы* х 3 (күндізгі дозалар)
* Есептегенде тек амоксициллин компонентін ескеру қажет.
Мысалы, салмағы 6 кг, тәулігіне 20 мг/5 мг/кг дозада ем қабылдайтын бала:
Тәулігіне үш рет енгізілетін доза (мл) — = — 20 (мг/кг/тәулік х 6 (кг)__ 25 (мг/мл) x 3 (күндізгі дозалар)
Тәулігіне үш рет енгізілетін доза (мл) — = — 120 мг__ 75 мг/мл
Тәулігіне үш рет енгізілетін доза (мл) — = — 1,6 мл
Егде жастағы пациенттер
Дозалау режимін түзету қажет емес. Бұл топ үшін ересектерге арналған басқа Клавунат препараттарын қолдану керек.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Сақтықпен дозалау және бауыр функциясын үнемі бақылау.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету амоксициллиннің ұсынылатын ең жоғарғы деңгейіне негізделген.
Креатинин клиренсі (CrCl) минутына 30 мл асатын пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Салмағы 40 кг-ден аз балалар
Креатинин клиренсі: 10-30 мл/мин — 15 мг/3.75 мг/кг тәулігіне екі рет (ең жоғарғысы тәулігіне екі рет 500 мг/125 мг).
10 мл/мин-ден аз креатинин клиренсі — 15 мг/3.75 мг/кг бір реттік тәуліктік доза түрінде (ең жоғарғысы 500 мг/125 мг).
Гемодиализ — 15 мг/3.75 мг/кг тәулігіне бір рет. Гемодиализді бастамас бұрын 15 мг/3.75 мг/кг енгізу керек. Гемодиализден кейін айналымдағы препарат деңгейін қалпына келтіру үшін 15 мг/3.75 мг/кг енгізу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Асқазан-ішек жолының ықтимал жағымсыз реакцияларын азайту үшін препаратты тамақтану кезінде қабылдау керек.
Суспензияны дайындау әдісі
Балаларға арналған 156,25 мг Клавунат препаратының ішке қабылдауға арналған суспензиясын дайындау үшін құтының жартысына дейін су қосып, мұқият сілкіп жіберу керек. Суспензияның біртекті дисперсиясын алу үшін, алғаш сұйылтқанда құтыны 5 минутқа қою керек. Содан кейін құтыда белгіленген сызыққа дейін су қосу және құтыны қайта сілку керек.
Дайындалған суспензия тоңазытқышта сақталған кезде 10 күн бойы белсенділігін сақтайды. Әр қабылдау алдында құтының ішіндегісін мұқият шайқау керек.
Құтыны мұздатып қатыруға болмайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Дозаны өткізіп алған жағдайда, өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдауға болмайды. Емдеуші дәрігерге хабарласу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қосымша сауалдар туындағанда дәрігерге хабарласу керек.