Дозалау режимі
Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза біріктірілімдегі амоксициллин мен клавулан қышқылының мөлшерлік бірліктерінде көрсетіледі.
Клавунат BID препаратының дозасын таңдағанда келесі факторларды ескеру керек:
- ықтимал патогендер және олардың бактерияға қарсы препараттарға күтілетін сезімталдығы
- инфекцияның ауырлық дәрежесі және орналасуы
- пациенттің жас шамасы, дене салмағы және бүйрек функциясының жағдайы.
Қажет болса, Клавунат препаратының баламалы дәрілік түрлерін (мысалы, амоксициллиннің ең жоғары дозаларын және/немесе амоксициллин мен клавулан қышқылының әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндер) қолдануды қарастырған жөн.
Ересектер мен дене салмағы ≥40 кг балаларды емдеу үшін ересектерге арналған Клавунат препаратының басқа дәрілік түрлерін қолдану керек.
Балалар
Дене салмағы 40 кг-ден аз балалар үшін Клавунат BID 200/28 мг препаратының бұл құрамы төмендегі нұсқауларға сәйкес қолданған кезде 1000 - 2800 мг амоксициллиннің және 143-400 мг клавулан қышқылының ең жоғарғы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді.
Егер амоксициллиннің ең жоғары тәуліктік дозасын қабылдау туралы шешім қабылданса, клавулан қышқылының шамадан тыс жоғары тәуліктік дозаларын енгізбеу үшін басқа Клавунат препаратын таңдау ұсынылады.
Емнің ұзақтығы пациенттің жүргізілетін емдеуге реакциясымен анықталуы керек. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) ұзағырақ емдеуді қажет етеді. Емдеу клиникалық жағдайды қайта қарастырмай 14 күннен аспауы керек (ұзартылған емдеуге қатысты 4.4 бөлімін қараңыз).
Дене салмағы < 40 кг балалар
Ұсынылатын дозалар:
• Төмен доза: тәулігіне 25 мг/ 3,6 мг/кг-ден 45 мг/6,4 мг/кг-ге дейін, екі қабылдауға бөлінген;
• Жоғары доза: кейбір инфекцияларды емдеу үшін (ортаңғы отит, синусит және төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы сияқты) тәулігіне 45 мг/ 6,4 мг/кг-ден тәулігіне 70 мг/10 мг/кг-ге дейін екі қабылдауға бөлінген дозаны қолдануға болады.
Дене салмағы (кг) Тәулігіне 25 мг/3,6 мг/кг Әрбір 12 сағат сайын қабылдау үшін мл-дегі доза Тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг Әрбір 12 сағат сайын қабылдау үшін мл-дегі доза Тәулігіне 70 мг/10 мг/кг Әрбір 12 сағат сайын қабылдау үшін мл-дегі доза 4,0 1,4 2,4 ҰМ 5,0 1,6 2,8 ҰМ 6.0 2,0 3,4 ҰМ 7.0 2.2 4,0 ҰМ 8,0 2,6 4.6 ҰМ 9,0 2,8 5,2 ҰМ 10,0 3,2 5.6 ҰМ 11,0 3,4 6,2 ҰМ 12,0 3,8 6,8 10,6 13,0 4.2 7,4 11,4 14,0 4,4 8,0 12,4 15,0 4,8 8,4 13,2 16,0 5,0 9,0 14,0 17,0 5,4 9,6 15.0 18,0 5,6 10,2 15,8 19,0 6,0 10,8 16,6 20.0 6,4 11,4 17,6 21,0 6,6 11,8 18,4 — Дене салмағы (кг) Тәулігіне 25 мг/3,6 мг/кг Әрбір 12 сағат сайын қабылдау үшін мл-дегі доза Тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг Әрбір 12 сағат сайын қабылдау үшін мл-дегі доза Тәулігіне 70 мг/10 мг/кг Әрбір 12 сағат сайын қабылдау үшін мл-дегі доза 22,0 7,0 12,4 19,4 23,0 7,2 13,0 20,2 24,0 7,6 13,6 21,0 25,0 7,8 14,2 22,0 26,0 8,2 14,6 22,8 27,0 8,4 15,2 23,6 28,0 8,8 15,8 24,6 29,0 9,2 16,4 25,4 30,0 9,4 17,0 26,4 31,0 9,8 17,4 27,2 32,0 10,0 18.0 28,0 33,0 10,4 18,6 29,0 34,0 10,6 19,2 29,8 35,0 11,0 19,8 30,6 36,0 11,4 20,4 31,6 37,0 11,6 20,8 32,4 38,0 12,0 21,4 33,4 39,0 12,2 22,0 34,2
Дене салмағы (кг) — Тәулігіне 25 мг/3,6 мг/кг Әрбір 12 сағат сайын қабылдау үшін мл-дегі доза — Тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг Әрбір 12 сағат сайын қабылдау үшін мл-дегі доза — Тәулігіне 70 мг/10 мг/кг Әрбір 12 сағат сайын қабылдау үшін мл-дегі доза
4,0 — 1,4 — 2,4 — ҰМ
5,0 — 1,6 — 2,8 — ҰМ
6.0 — 2,0 — 3,4 — ҰМ
7.0 — 2.2 — 4,0 — ҰМ
8,0 — 2,6 — 4.6 — ҰМ
9,0 — 2,8 — 5,2 — ҰМ
10,0 — 3,2 — 5.6 — ҰМ
11,0 — 3,4 — 6,2 — ҰМ
12,0 — 3,8 — 6,8 — 10,6
13,0 — 4.2 — 7,4 — 11,4
14,0 — 4,4 — 8,0 — 12,4
15,0 — 4,8 — 8,4 — 13,2
16,0 — 5,0 — 9,0 — 14,0
17,0 — 5,4 — 9,6 — 15.0
18,0 — 5,6 — 10,2 — 15,8
19,0 — 6,0 — 10,8 — 16,6
20.0 — 6,4 — 11,4 — 17,6
21,0 — 6,6 — 11,8 — 18,4
Дене салмағы (кг) — Тәулігіне 25 мг/3,6 мг/кг Әрбір 12 сағат сайын қабылдау үшін мл-дегі доза — Тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг Әрбір 12 сағат сайын қабылдау үшін мл-дегі доза — Тәулігіне 70 мг/10 мг/кг Әрбір 12 сағат сайын қабылдау үшін мл-дегі доза
22,0 — 7,0 — 12,4 — 19,4
23,0 — 7,2 — 13,0 — 20,2
24,0 — 7,6 — 13,6 — 21,0
25,0 — 7,8 — 14,2 — 22,0
26,0 — 8,2 — 14,6 — 22,8
27,0 — 8,4 — 15,2 — 23,6
28,0 — 8,8 — 15,8 — 24,6
29,0 — 9,2 — 16,4 — 25,4
30,0 — 9,4 — 17,0 — 26,4
31,0 — 9,8 — 17,4 — 27,2
32,0 — 10,0 — 18.0 — 28,0
33,0 — 10,4 — 18,6 — 29,0
34,0 — 10,6 — 19,2 — 29,8
35,0 — 11,0 — 19,8 — 30,6
36,0 — 11,4 — 20,4 — 31,6
37,0 — 11,6 — 20,8 — 32,4
38,0 — 12,0 — 21,4 — 33,4
39,0 — 12,2 — 22,0 — 34,2
ҰМ - ұсынылмайды. Амоксициллиннің клавулан қышқылына қатынасы 7:1 болатын Клавунат BID препаратын 2 жасқа дейінгі балаларда тәулігіне 45 мг/6,4 мг-ден жоғары дозаларға қатысты қолдану туралы клиникалық деректер жоқ.
Сондай-ақ, 2 айдан кіші балаларға арналған амоксициллин мен клавулан қышқылының 7:1 қатынасы бар Клавунат BID препаратының клиникалық деректері жоқ. Осылайша, аталған қауым үшін дозалау бойынша ұсынымдар беру мүмкін емес.
Дозалау бойынша ұсынымдарды сақтау үшін Клавунат препаратының ішке қабылдауға арналған баламалы дәрілік түрлерін қарастыру қажет.
Балаларда препаратты таблетка, суспензия немесе педиатриялық саше түрінде қолдану ұсынылады. 6 жастағы және одан кіші балаларға Клавунат препаратын суспензия түрінде қолдану ұсынылады.
Пациент тәулігіне екі рет қабылдауы тиіс дозаны (мл) келесі формула бойынша да есептеуге болады:
Тәулігіне екі рет енгізілетін доза (мл) — = — Амоксициллиннің ұсынылатын дозасы* (тәулігіне мг/кг) х дене салмағы (кг) Амоксициллин дозасы* дайын суспензияда (мг/мл) х 2 (бөлек дозалар)
* Бұл есептеу үшін тек амоксициллин компонентін ескеру қажет.
Мысалы, препаратты тәулігіне 25 мг/3,6 мг/кг дозада қабылдайтын салмағы 14 кг бала:
Тәулігіне екі рет енгізілетін доза (мл) — = — 25 (мг/кг/тәулігіне х 14 (кг)__ 40 (мг/мл) х 2 (бөлек дозалар)
Тәулігіне екі рет енгізілетін доза (мл) — = — 350 мг__ 80 мг / мл
Тәулігіне екі рет енгізілетін доза (мл) — = — 4,4 мл
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Креатинин клиренсі 30 мл/мин және одан көп балаларда дозаны түзету қажет емес.
Креатинин клиренсі 30 мл/мин аз балаларда амоксициллин мен клавулан қышқылының арақатынасы 7:1 болатын Клавунат BID препаратын қолдану дозаны түзету бойынша нұсқаулардың болмауына байланысты ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Препаратты бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданған кезде сақ болу ұсынылады, сондай-ақ бауыр функциясына тұрақты мониторинг жасау қажет. Бұл пациенттерде препаратты дозалау жөнінде нұсқаулар жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Клавунат BID асқазан-ішек жолының ықтимал бұзылуларын азайту үшін тамақтану кезінде қабылдау керек.
Препаратты тәулігіне екі рет қабылдау керек.
Әр қабылдар алдында пероральді суспензияны жақсылап шайқау керек.
Суспензияны дайындау әдісі
• Пероральді суспензияны дайындау үшін құтының сызықпен белгіленген шамамен 2/3 бөлігіне дейін су қосып, біртекті суспензия алу үшін құтыны сілку керек (суспензияны дайындау үшін алдын ала қайнатылған және салқындатылған суды пайдалану ұсынылады).
• Ұнтақтың біркелкі таралуын қамтамасыз ету үшін суспензияны 5 минутқа қою керек.
• Құтыға суды (1/3) құтыдағы белгіленген сызыққа дейін қосып, құтыны қайта сілку керек.
4. Препараттың ұсынылған мөлшерін алу үшін сыйымдылығы 5 мл қасықты пайдалану керек.
Қабылдар алдында құтының ішіндегісін біртекті суспензия алынғанша мұқият шайқау керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Дозаны өткізіп алған жағдайда, препараттың дозасын есіне түсірген бойда қабылдау керек. Келесі дозаны тым ерте қабылдауға болмайды, келесі дозаны қабылдау үшін шамамен 4 сағат күту қажет. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамау керек.
Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім
Препаратты емдеуші дәрігер көрсеткен уақыт ішінде қабылдауды жалғастыру керек. Препаратты қабылдауды, тіпті көңіл-күй жақсарған жағдайда да тоқтатуға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қосымша сауалдар туындағанда дәрігерге хабарласу керек.