Дозалау режимі
Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза біріктірілімдегі амоксициллин мен клавулан қышқылының мөлшерлік бірліктерінде көрсетіледі.
Клавунат BID Форте препаратының дозасын таңдағанда келесі факторларды ескеру керек:
- ықтимал патогендер және олардың бактерияға қарсы препараттарға күтілетін сезімталдығы
- инфекцияның ауырлық дәрежесі және орналасуы
- пациенттің жас шамасы, дене салмағы және бүйрек функциясының жағдайы.
Қажет болса, Клавунат препаратының баламалы дәрілік түрлерін (мысалы, амоксициллиннің ең жоғары дозаларын және/немесе амоксициллин мен клавулан қышқылының әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндер) қолдануды қарастырған жөн.
Ересектер мен салмағы ≥40 кг балаларды емдеу үшін ересектерге арналған Клавунат препаратының басқа дәрілік түрлерін қолдану керек.
Балалар
Салмағы 40 кг-ден аз балалар үшін Клавунат BID Форте препаратының бұл құрамы төмендегі нұсқауларға сәйкес қолданған кезде 1000 - 2800 мг амоксициллиннің және 143-400 мг клавулан қышқылының ең жоғарғы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді.
Егер амоксициллиннің ең жоғары тәуліктік дозасын қабылдау туралы шешім қабылданса, клавулан қышқылының шамадан тыс жоғары тәуліктік дозаларын енгізбеу үшін басқа Клавунат препаратын таңдау ұсынылады.
Емнің ұзақтығы пациенттің жүргізілетін емдеуге реакциясымен анықталуы керек. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) ұзағырақ емдеуді қажет етеді. Емдеу клиникалық жағдайды қайта қарастырмай 14 күннен артық уақытқа жалғаспауы керек (ұзартылған емдеуге қатысты «Қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Ұсынылатын дозалар:
-тәулігіне 25 мг / 3,6 мг/кг-ден тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг-ге дейін, екі қабылдауға бөлінген;
-тәулігіне 70 мг/10 мг/кг дейін, екі қабылдауға бөлінген, кейбір инфекциялар кезінде (ортаңғы отит, синусит және төменгі тыныс жолдарының инфекциялары сияқты).
2 жастан асқан балалар:
тәулігіне 25/3,6 мг/кг — 2-6 жас (13-21 кг) — Клавунат BID Форте 2,5 мл пероральді суспензиясы тәулігіне екі рет
7-12 жас (22-40 кг) — Клавунат BID Форте 5,0 мл пероральді суспензиясы тәулігіне екі рет
тәулігіне 45/6,4 мг/кг — 2-6 жас (13-21 кг) — Клавунат BID Форте 5,0 мл пероральді суспензиясы тәулігіне екі рет
7-12 жас (22-40 кг) — Клавунат BID Форте 10,0 мл пероральді суспензиясы тәулігіне екі рет
2 айдан 2 жасқа дейінгі балалар:
2 жасқа толмаған балалардағы препараттың дозасы дене салмағына байланысты анықталады.
Салмағы (кг) — Жеңіл/орташа инфекциялар кезінде препаратты әр 12 сағат сайын (мл) енгізу керек — Ауыр инфекциялар кезінде препаратты әр 12 сағат сайын (мл) енгізу керек
2 — 0,3 — 0,6
3 — 0,5 — 0,8
4 — 0,6 — 1,1
5 — 0,8 — 1,4
6 — 0,9 — 1,7
7 — 1,1 — 2,0
8 — 1,3 — 2.3
9 — 1,4 — 2,5
10 — 1,6 — 2,8
11 — 1,7 — 3,1
12 — 1,9 — 3,4
13 — 2,0 — 3,7
14 — 2.2 — 3,9
15 — 2.3 — 4,2
Екі айға толмаған балаларда клиникалық қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты Клавунат BID Форте пероральді суспензиясының дозасы бойынша нұсқаулар жоқ.
Амоксициллиннің клавулан қышқылына арақатынасы 7:1 болатын Клавунат BID Форте препаратын 2 жасқа дейінгі балаларда 1 кг шаққанда тәулігіне 45 мг/ 6,4 мг-ден жоғары дозаларға қатысты қолдануды ұсыну үшін клиникалық деректер жеткіліксіз.
2 айлық жасқа дейінгі балалар үшін амоксициллиннің клавулан қышқылына арақатынасы 7:1 болатын Клавунат BID Форте препаратының клиникалық деректері жоқ. Соған байланысты, пациенттердің осы тобы үшін дозалануы жөнінде нұсқаулар жоқ.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес. Егде жастағы пациенттер үшін препаратты ересектерге арналған дәрілік түрінде қолдану ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Креатинин клиренсі минутына 30 мл және одан көп балаларда дозаны түзету қажет емес.
Креатинин клиренсі минутына 30 мл аз балаларда амоксициллин мен клавулан қышқылының арақатынасы 7:1 болатын Клавунат BID Форте препаратын қолдану дозаны түзету бойынша нұсқаулардың болмауына байланысты ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Препаратты бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданған кезде сақ болу ұсынылады, сондай-ақ бауыр функциясына тұрақты мониторинг жасау қажет. Бұл пациенттерде препаратты дозалау жөнінде нұсқаулар жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Клавунат BID Форте асқазан-ішек жолының ықтимал бұзылуларын азайту үшін тамақтану алдында бірден қабылдау керек. Препараттың сіңуі тамақтанудың басында ең жоғары деңгейге жетеді.
Суспензия дайындау:
Дайын суспензияның ақырғы көлемі — Толу массасы — Сұйылту үшін қосылатын су көлемі
70 мл — 12,00 г — 64 мл
100 мл — 17,14 г — 88 мл
Суспензияны дайындау әдісі
• Пероральді суспензияны дайындау үшін құтының сызықпен белгіленген шамамен 2/3 бөлігіне дейін су қосып, біртекті суспензия алу үшін құтыны сілку керек (суспензияны дайындау үшін алдын ала қайнатылған және салқындатылған суды пайдалану ұсынылады).
• Ұнтақтың біркелкі таралуын қамтамасыз ету үшін суспензияны 5 минутқа қою керек.
• Құтыға суды (1/3) құтыдағы белгіленген сызыққа дейін қосып, құтыны қайта сілку керек.
4. Препараттың ұсынылған мөлшерін алу үшін сыйымдылығы 5 мл қасықты пайдалану керек.
Қабылдар алдында құтының ішіндегісін біртекті суспензия алынғанша мұқият шайқау керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Дозаны өткізіп алған жағдайда, препараттың дозасын есіне түсірген бойда қабылдау керек. Келесі дозаны тым ерте қабылдауға болмайды, келесі дозаны қабылдау үшін шамамен 4 сағат күту қажет. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамау керек.
Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім
Препаратты емдеуші дәрігер көрсеткен уақыт ішінде қабылдауды жалғастыру керек. Препаратты қабылдауды, тіпті көңіл-күй жақсарған жағдайда да тоқтатуға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қосымша сауалдар туындағанда дәрігерге хабарласу керек.