ATХ коды J01CR02
Әсер ету механизмі
Амоксициллин бактериялардың жасуша қабырғасының ажырамас құрылымдық компоненті болып табылатын бактериялық пептидогликанның биосинтетикалық метаболизмі процесінде бір немесе бірнеше ферменттерді (көбінесе пенициллинбайланыстырғыш ақуыздар деп аталатын — ПБА) тежейтін жартылай синтетикалық пенициллин (бета-лактамды антибиотик) болып табылады. Пептидогликан синтезінің тежелуі жасуша қабырғасының әлсіреуіне әкеледі, салдары жасушалар лизисі мен өлімі болып табылады.
Амоксициллин резистентті бактериялар өндіретін бета-лактамазалардың ыдырауына бейім, сондықтан монотерапиядағы амоксициллиннің белсенділік спектріне осы ферменттерді өндіретін организмдер кірмейді.
Клавулан қышқылы құрылымдық жағынан пенициллиндермен тектес бета-лактам болып табылады. Ол бета-лактамазаның кейбір ферменттерінің белсенділігін жояды, осылайша амоксициллин белсенділігінің жойылуын болдырмайды. Монотерапиядағы клавулан қышқылы клиникалық маңызды бактерияға қарсы әсер етпейді.
Фармакокинетикалық / фармакодинамикалық байланыс
Ең аз тежегіш концентрациядан (T>MIC) асып кету уақыты амоксициллин үшін тиімділіктің негізгі анықтаушы факторы болып саналады.
Резистенттілігінің даму механизмі
Амоксициллинге/клавулан қышқылына резистенттілік дамуының 2 механизмі бар:
• B, C, D кластарын қоса, клавулан қышқылының әсеріне сезімтал емес бактериялық бета-лактамазалармен белсенділігін жою;
• пенициллинбайланыстырғыш ақуыздың деформациясы, бұл антибиотиктің микроорганизмге аффинділігінің төмендеуіне әкеледі.
Бактерия қабырғасының өткізбеушілігі, сондай-ақ эффлюкс сорғыларының механизмдері, әсіресе грамтеріс микроорганизмдерде резистенттілікті туындатуы немесе дамуына ықпал етуі мүмкін.
Бақылау нүктелері
Микробқа қарсы сезімталдықты тестілеу жөніндегі еуропалық комитет (EUCAST) белгілеген амоксициллиннің/клавулан қышқылының ең аз тежегіш концентрациясының клиникалық шекаралық мәндері
Микроорганизмдер — Сезімталдықтың бақылау нүктелері (мкг/мл)
Қабылдағыш ≤ — Тұрақты >
Несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары кезінде Enterobacteriaceae — 32 1 — 32 1
Staphylococcus spp. — Ескертпе 2, 3, 4 — Ескертпе 2, 3, 4
Enterococcus spp.5 — 4 1, 6 — 8 1, 6
Стрептококктардың А, В, С және G топтары7 — Ескертпе 8 — Ескертпе 8
Streptococcus pneumoniae 7 — 0,5 1 — 1 1
Viridans тобының Streptococcus7 — Ескертпе 9, 10 — Ескертпе 9, 10
Haemophilus influenzae — 0,001 1 — 2 1
Moraxella catarrhalis — 1 1 — 1 1
Pasteurella multocida — 1 1 — 1 1
Burkholderia pseudomallei — 0,001 1 — 8 1
Түрге тән емес бақылау нүктелері — 2 1 — 8 1
1 Сезімталдықты анықтау үшін клавулан қышқылының концентрациясы 2 мг/л деңгейінде анықталды. 2 S. aureus көп бөлігі пенициллиназаны өндіреді, ал кейбіреулері метициллинге төзімді. Бұл механизмдердің әрқайсысы оларды бензилпенициллинге, феноксиметилпенициллинге, ампициллинге, амоксициллинге, пиперациллинге және тикарциллинге төзімді етеді. Бензилпенициллин мен цефокситинге сезімталдықты анықтау үшін тексерілетін изоляттар барлық пенициллиндерге сезімтал деп тіркелуі мүмкін. Бензилпенициллинге төзімді, бірақ цефокситинге сезімтал изоляттар бета-лактамдардың бета-лактамазалар тежегішімен, изоксазолилпенициллиндермен (оксациллин, клоксациллин, диклоксациллин және флуклоксациллин) және нафциллинмен біріктіріліміне сезімтал. Препараттарды пероральді қабылдаған жағдайда инфекция орныққан жерде жеткілікті экспозицияны қамтамасыз ету қажет. Цефокситинге төзімді изоляттар барлық пенициллиндерге төзімді.3 Стафилококктардың көп бөлігі пенициллиназа өндіреді, ал кейбіреулері метициллинге төзімді. Бұл механизмдердің әрқайсысы оларды бензилпенициллинге, феноксиметилпенициллинге, ампициллинге, амоксициллинге, пиперациллинге және тикарциллинге төзімді етеді. Қазіргі уақытта стафилококктардың барлық түрлерінде пенициллиназа өндірілуін сенімді түрде анықтайтын әдіс жоқ, бірақ метициллинге төзімділікті сипатталғандай цефокситиннің көмегімен анықтауға болады.4 Ампициллинге сезімтал S. saprophyticus mecA-теріс және ампициллинге, амоксициллинге және пиперациллинге сезімтал (бета-лактамаза тежегішімен немесе онсыз).5 Энтерококктардағы аминопенициллиннің бақылау нүктелері вена ішіне енгізген кездегі мәліметтерге негізделген. Пероральді қабылдау тек несеп шығару жолдарының инфекциялары кезінде ғана өзекті.6 Ампициллинге, амоксициллинге және пиперациллинге сезімталдық (бета-лактамаза тежегішімен немесе онсыз) ампициллиннің салдары болуы мүмкін. Ампициллинге төзімділік сирек кездеседі E. faecalis (ЕТТК расталған), бірақ E. faecium жиі кездеседі.7 Бета-лактамаза тежегішін қосу клиникалық әсерді қамтамасыз етпейді.8 А, В, С және G топтарындағы стрептококктардың пенициллинге сезімталдығы бензилпенициллинге сезімталдыққа байланысты (менингиттен басқа көрсетілімдер), В тобындағы стрептококктарға арналған феноксиметилпенициллин мен изоксазолилпенициллиндерді қоспағанда.9 Бензилпенициллин (ЕТТК немесе диск диффузиясы) Streptoccocus viridans тобындағы бета-лактамдарға төзімділікті скринингілеу үшін қолданылуы мүмкін. Скрининг кезінде теріс санатқа жатқызылған изоляттар клиникалық бақылау нүктелері (оның ішінде ескертпелері бар) көзделген бета-лактамды препараттарға сезімтал ретінде тіркелуі мүмкін. Скрининг кезінде оң деп жіктелген изоляттар жеке дәрі-дәрмектерге сезімталдығы тексерілуі немесе тұрақты деп тіркелуі керек.10 Бензилпенициллинге скринингілегенде теріс изоляттар жағдайында (тежеу аймағы ≥ 18 мм немесе ЕТТК ≤ 0,25 мг/л) сезімталдық бензилпенициллинмен немесе ампициллинмен байланысты болуы мүмкін. Бензилпенициллинге скринингілегенде оң изоляттар үшін (тежеу аймағы < 18 мм немесе ЕТТК > 0,25 мг/л) сезімталдық ампициллинмен байланысты болуы мүмкін.
Резистенттіліктің таралуы жеке түрлер үшін географиялық орналасу мен уақытқа байланысты өзгеруі мүмкін. Препаратты тағайындар алдында штаммдардың сезімталдығын мүмкіндігінше жергілікті деректерге сәйкес бағалау қажет. Қажет болса, резистенттіліктің жергілікті таралуы препаратты, ең болмағанда, инфекциялардың кейбір типтерінде қолданудың пайдасы күмәнді болған кезде сарапшыдан кеңес алу керек.
Әдетте сезімтал түрлер
Аэробты грамоң микроорганизмдер Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал)* Streptococcus pneumoniae 1 Streptococcus pyogenes және басқа бета-гемолиздік стрептококктар Аэробты грамтеріс микроорганизмдер Haemophilus influenzae2 Moraxella catarrhalis *
Ықтимал резистентті түрлер
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер Klebsiella pneumoniae
Сезімтал емес микроорганизмдер
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер Legionella pneumophila Басқа микроорганизмдер Chlamydophila pneumoniae Chlamydophila psittaci Coxiella burnetii Mycoplasma pneumoniae
$ Метициллинге резистентті барлық стафилококктар амоксициллинге/ клавулан қышқылына төзімді болып келеді. 1 Амоксициллиннің/ клавулан қышқылының бұл түрі пенициллинге резистенттіStreptococcus pneumoniae емдеуге тек бекітілген көрсетілімдер бойынша жарайды (4.1 бөлімін қараңыз). 2 Сезімталдығы төмен штаммдар ЕО-ның кейбір елдерінде 10% - дан жоғары жиілікте тіркелді.