Дәрілік өзара әрекеттесудің ауыр салдарының даму ықтималдығына байланысты келесі препараттарды қолдануға болмайды
Цизаприд, пимозид, астемизол, домперидон және терфенадин
Кларитромицинмен бір мезгілде қабылдаған кезде пациенттерде цизаприд деңгейінің жоғарылағаны хабарланды. Бұл QT аралығының ұзаруын және жүрек аритмиясын, соның ішінде қарыншалық тахикардияны, қарыншалар фибрилляциясын және torsades de pointes, әсіресе жүрек аурулары бар пациенттерде туындатуы мүмкін. Ондай жағымсыз әсерлер кларитромицин мен пимозидті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде байқалған.
Макролидтер терфенадиннің метаболизмін өзгертеді, бұл терфенадин деңгейінің жоғарылауына әкеп соқтырады, бұл кейде QT ұзаруы, қарыншалық тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы және torsades de pointes сияқты жүрек аритмияларымен астасады. Дені сау 14 ерікті қатыстырылған бір зерттеуде кларитромицин мен терфенадинді бір мезгілде қабылдау қан сарысуындағы терфенадиннің қышқыл метаболиті деңгейінің 2-3 есе артуына және QT аралығының ұзаруына әкелді, бұл қандай да бір клиникалық анықталатын әсерге әкеп соқтырған жоқ. Ондай әсерлер астемизол мен басқа макролидтерді бір мезгілде қолданғанда да білінген.
Эрготамин/дигидроэрготамин
Постмаркетингтік есептерге сәйкес кларитромицинді эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен бірге қабылдау орталық жүйке жүйесін қоса алғанда, аяқ-қолдың және басқа тіндердің вазоспазмымен және ишемиясымен сипатталатын қастауыштың жедел уыттылығымен байланысты болды. Кларитромицин мен қастауыш алкалоидтарын бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Пероральді мидазолам
Мидазоламды кларитромицин таблеткаларымен (күніне екі рет 500 мг) бір мезгілде қолданғанда, мидазоламның AUC мидазоламды пероральді қабылдағаннан кейін 7 есе ұлғайды. Мидазоламды және кларитромицинді бір мезгілде ішке қабылдауға болмайды.
ГМГ -КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер)
Кларитромицинді ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл статиндер CYP3A4 қарқынды метаболизденеді, ал кларитромицинмен бір мезгілде емдеу олардың қан плазмасындағы концентрациясын арттырады, бұл миопатияның, соның ішінде рабдомиолиздің даму қаупін арттырады. Осы статиндермен бір мезгілде кларитромицин қабылдаған пациенттердегі рабдомиолиз туралы хабарламалар алынды. Егер кларитромицинмен емдеуді болдырмау мүмкін болмаса, емдеу курсы кезінде ловастатин немесе симвастатинмен емдеуді тоқтата тұру керек.
Кларитромицинді статиндермен тағайындағанда абай болу керек. Кларитромицинді статиндермен бір мезгілде қолданудан аулақ болу мүмкін емес жағдайларда статиннің ең аз дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A метаболизміне тәуелді емес статиндерді (мысалы, флувастатин) қолдануды қарастыруға болады.Пациенттер миопатияның белгілері мен симптомдары үшін бақылауда болуы керек.
Басқа дәрілік препараттардың кларитромицинге әсері
CYP3A индукторлары болатын препараттар
CYP3A индукторлары болатын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромицин метаболизміне әсер етуі мүмкін. Бұл кларитромициннің емдік деңгейі төмендеуіне әкелуі мүмкін, әрі тиімділігі төмендеуіне соқтырады. Бұдан басқа, қан плазмасындағы CYP3A индукторының деңгейін бақылау талап етілуі мүмкін, оның жоғарылауы CYP3A кларитромицинмен тежелуіне байланысты болуы мүмкін. Рифабутин мен кларитромицинді бір мезгілде қабылдау рифабутин деңгейінің жоғарылауына және қан сарысуындағы кларитромицин деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ увеиттің даму қаупінің жоғарылауына әкелді.
Кларитромицин концентрациясына әсер етуі мүмкін немесе болжамды ықпал етуі ықтимал препараттар (кларитромицин дозасын түзету немесе емнің баламалы әдістерін қарастыру қажет болуы мүмкін)
Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин
Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин сияқты Р450 цитохромы метаболизмінің күшті индукторлары кларитромицин метаболизмін жеделдетуі, осылайша қан плазмасындағы кларитромицин деңгейін төмендетіп, сонымен бірге микробиологиялық белсенді болып табылатын метаболиттің 14-(R)-гидрокси-кларитромицин (14-OH-кларитромицин) деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Кларитромицин мен 14-OH-кларитромициннің микробиологиялық белсенділігі әртүрлі бактериялар үшін әрқалай болғандықтан, кларитромицин мен ферменттер индукторларын бір мезгілде қабылдағанда болжамды емдік әсер бұзылуы мүмкін.
Этравирин
Кларитромициннің әсері этравириннің ықпалынан төмендеді; алайда белсенді метаболиттің, 14-OH-кларитромициннің концентрациясы артты. 14-OH-кларитромициннің Mycobacterium avium complex (MAC) қатысты белсенділігі төмен боғандықтан, осы қоздырғышқа қатысты жалпы белсенділігі өзгеруі мүмкін; сондықтан MAC емдеу үшін кларитромицинге балама қарастыру керек.
Флуконазол
21 дені сау еріктілерде күнделікті 200 мг флуконазолды және 500 мг кларитромицинді күніне екі рет бір мезгілде қабылдау кларитромициннің орташа тұрақты ең төменгі концентрациясының (Cmin) және қисық астындағы ауданының (AUC) тиісінше 33% және 18% - ға артуына әкелді. Флуконазолды бір мезгілде қабылдау 14-OH-кларитромициннің белсенді метаболитінің тұрақты концентрациясына елеулі әсер еткен жоқ. Кларитромицин дозасын түзету қажет емес.
Ритонавир
Фармакокинетикалық зерттеуде әр сегіз сағат сайын 200 мг ритонавирді және әр 12 сағат сайын 500 мг кларитромицинді бір мезгілде қабылдау кларитромицин метаболизмінің айтарлықтай тежелуіне әкелді. Кларитромициннің Cmax 31% - ға өсті, Cmin 182% - ға өсті, ал ритонавирді бір мезгілде қабылдаған кезде AUC 77% - ға өсті. 14-OH-кларитромицин түзілуінің іс жүзінде толық тежелгені білінді. Кларитромициннің үлкен емдік диапазонына байланысты бүйрек функциясы бұзылмаған пациенттерде дозасын төмендету талап етілмейді. Алайда бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозасын келесідей түзету қажет: КК 30-дан 60 мл/мин дейінгі пациенттер үшін кларитромицин дозасын 50% - ға төмендету тиіс. КК < 30 мл/мин пациенттер үшін кларитромицин дозасы 75%-ға төмендетілуі тиіс. Кларитромициннің тәулігіне 1 гм астам дозасын ритонавирмен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Атазанавир мен саквинавирді қоса, АИТВ протеазасының басқа тежегіштерімен ритонавирді фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолданғанда бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде дозалардың ұқсас түзетілуін қарастыру керек.
Кларитромициннің басқа дәрілік препараттарға әсері
CY3A4 негізіндегі өзара әрекеттесулер
CYP3A тежейтіні белгілі кларитромицинді және негізінен CYP3A метаболизденетін препаратты бір мезгілде қабылдау препарат концентрациясының жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін, бұл қатарлас препараттың емдік және сондай-ақ жағымсыз әсерін де күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін. Кларитромицинді қолдану CYP3A субстраттарын - астемизол. цизаприд, домперидон, пимозид және терфенадин алатын пациенттерге қарсы көрсетілімде, бұл QT аралығының ұзару қаупіне және жүрек ырғағының бұзылуына, соның ішінде қарыншалық тахикардия, қарыншалық фибрилляция және torsades de pointes байланысты. Кларитромицинді қолдану қастауыш алкалоидтарын, пероральді мидазоламды, негізінен CYP3A4 метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін (мысалы, ловастатин және симвастатин), колхицин, тикагрелор, ивабрадин және ранолазин қабылдағанда да қарсы көрсетілімде.
Кларитромицинді ломитапидпен бір мезгілде қолдану трансаминазалардың белсенділігін едәуір арттыру мүмкіндігіне байланысты қарсы көрсетілімде.
Кларитромицинді CYP3A ферментінің субстраттары ретінде белгілі басқа препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттерде, әсіресе, егер CYP3A субстратының қауіпсіздік шегі шамалы болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе субстрат осы ферментпен қарқынды метаболизденсе, сақтықпен қолдану керек.
Дозаны түзету туралы мәселе қарастырылуы мүмкін және мүмкіндігінше кларитромицинді бір мезгілде қабылдаған кезде пациенттерде көбіне CYP3A метаболизденетін препараттардың сарысулық концентрациясын мұқият бақылау керек.
Келесі препараттар немесе препараттар класы бір ғана CYP3A изоферментімен метаболизденетіні белгілі немесе болжанады: алпразолам, карбамазепин, цилостазол, циклоспорин, дизопирамид, ибрутиниб, метилпреднизолон, мидазолам (вена ішіне), омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин, ривароксабан, апиксабан), атипиялық нейролептиктер (мысалы, кветиапин), хинидин, рифабутин, силденафил, сиролимус, такролимус, триазолам, винбластин. Цитохром Р450 жүйесінің басқа изоферменттерімен ұқсас механизмдер бойынша өзара әрекеттесетін дәрілік заттар фенитоин, гексобарбитал, теофиллин және вальпроатты қамтиды. Бұл тізім толық емес.
Кортикостероидтар
Кларитромицинді көбіне CYP3A метаболизденетін жүйелі және ингаляциялық кортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда, кортикостероидтардың жүйелік әсерінің күшею ықтималдығына байланысты сақ болу керек. Бір мезгілде қолданған кезде пациенттер жүйелік кортикостероидтардың жағымсыз әсерлерін мұқият бақылауда ұстауы керек.
Аритмияға қарсы препараттар
Кларитромицин мен хинидин немесе дизопирамидті бір мезгілде қолданғанда жедел жүрек айну ұстамасының дамуы туралы постмаркетингтік хабарламалар болды. Кларитромицинді осы препараттармен бір мезгілде қолданғанда QT аралығы ұзаруының электрокардиограммасын бақылау керек. Кларитромицинмен емдеу кезінде қан сарысуындағы хинидин мен дизопирамид деңгейін бақылау керек.
Кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қолданғанда гипогликемия дамығаны туралы постмаркетингтік хабарламалар бар. Сондықтан кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қолданғанда қандағы глюкоза деңгейін бақылау керек.
Гидроксихлорохин және хлорохин
Кларитромицинді жүрек аритмиясының даму қаупіне және жүрек-қан тамырларының ауыр қолайсыз асқынуларына байланысты QT аралығын ұзартатын осы препараттарды қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Пероральді гипогликемиялық препараттар / Инсулин
Натеглинид және репаглинид сияқты кейбір гипогликемиялық препараттармен бір мезгілде қолданғанда CYP3A ферментінің кларитромицинмен тежелуі байқалуы мүмкін, бұл гипогликемияны тудыруы ықтимал. Глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Теофиллин, карбамазепин
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері осы препараттардың кез келгенін кларитромицинмен бір мезгілде қабылдаған кезде қан сарысуындағы теофиллин немесе карбамазепин деңгейінің орташа, бірақ статистикалық елеулі (p≤0,05) жоғарылағанын айғақтайды. Дозаны азайту қажет болуы мүмкін.
Омепразол
Кларитромицинді (500 мг әр 8 сағат сайын) дені сау еріктілер омепразолмен (40 мг күнделікті) біріктірілімде қабылдады. Кларитромицинді бір мезгілде қабылдаған кезде қан плазмасындағы омепразолдың тұрақты концентрациясы жоғарылады (Cmax, AUC0 - 24 және t1/2 тиісінше 30%, 89% және 34% - ға артты). Омепразолмен монотерапияда асқазанның рН орташа 24 сағаттық мәні 5,2 және омепразолды кларитромицинмен бір мезгілде қабылдаған кезде 5,7 құрады.
Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттар (DOAC)
Дабигатран және эдоксабан препараттары (DOAC) P-gp тасымалдаушысы үшін субстрат болып табылады. Ривароксабан және апиксабан CYP3A4 арқылы метаболизденеді және сонымен бірге P-gp үшін де субстрат болады. Кларитромицинді осы препараттармен бір мезгілде қолданғанда, әсіресе қан кету қаупі жоғары пациенттерде сақ болу керек.
Силденафил, тадалафил және варденафил
Фосфодиэстераза тежегіштерінің әрқайсысы, ең болмағанда, ішінара CYP3A метаболизденеді және CYP3A кларитромицинді бір мезгілде қабылдаған кезде тежелуі мүмкін. Кларитромицинді силденафилмен, тадалафилмен немесе варденафилмен бір мезгілде қабылдау фосфодиэстераза тежегіші әсерінің артуына әкелуі мүмкін. Осы препараттарды кларитромицинмен бір мезгілде қабылдағанда силденафил, тадалафил және варденафил дозасын азайту мүмкіндігін қарастыру керек.
Толтеродин
Толтеродин метаболизмінің негізгі жолы - P450 (CYP2D6) цитохромының 2D6 изоформасы арқылы. Алайда, CYP2D6-дан айырылған популяцияның бір бөлігінде метаболизмнің анықталған жолы - CYP3A арқылы. тұрғындардың осы тобында CYP3A тежелуі толтеродиннің сарысулық концентрациясының елеулі жоғарылауына әкеледі. CYP3A тежегіштері, мысалы, CYP2D6 баяу метаболизмі бар пациенттерде қолданылатын кларитромицин болған кезде толтеродин дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.
Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам)
Мидазоламды кларитромицин таблеткаларымен (күніне екі рет 500 мг) бір мезгілде қабылдағанда мидазоламның AUC мидазоламды вена ішіне енгізгеннен кейін 2,7 есе және пероральді қабылдағаннан кейін 7 есе артты. Мидазоламды вена ішіне және кларитромицинді бір мезгілде енгізген кезде дозаны түзету үшін пациентті мұқият бақылау қажет. Ауыз қуысының шырышты қабаты арқылы енгізілген мидазолам мен кларитромицин арасындағы дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу жүргізілген жоқ. Дегенмен, препараттың жүйеалдылық шығарылуын айналып өтуі мүмкін шырышты қабық арқылы енгізу, мидазоламды вена ішіне енгізгеннен кейін байқалғанға ұқсас өзара әрекеттесуге әкелуі мүмкін, бірақ пероральді қолдануда олай емес. Осындай сақтық шаралары соның ішінде CYP3A метаболизденетін триазолам және алпрозоламды қоса, басқа бензодиазепиндерге де қолданылуы тиіс. Шығарылуы CYP3A-ға (темазепам, нитразепам, лоразепам) тәуелді емес бензодиазепиндердің кларитромицинмен клиникалық маңызды өзара әрекеттесу ықтималдығы аз. Кларитромицин мен триазоламды бір мезгілде қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесуі және орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) тарапынан әсерлер (мысалы, ұйқышылдық және сананың шатасуы) туралы постмаркетингтік хабарламалар бар. ОЖЖ-не фармакологиялық әсерлердің күшею тұрғысынан пациентті бақылау ұсынылады.
Басқа дәріліқ өзара әрекеттесулер
Колхицин: колхицин CYP3A үшін де, эффлюкс тасымалдаушысы үшін де, Р-гликопротеин (Pgp) үшін де субстрат болып табылады. Кларитромицин және басқа макролидтер CYP3A және Pgp тежейтіні белгілі. Кларитромицин мен колхицинді бірге қабылдаған кезде Pgp және/немесе CYP3A кларитромицинмен тежелуі колхицин әсерінің артуына әкелуі мүмкін. Кларитромицин мен колхицинді бір мезгілде қолдануға болмайды.
Дигоксин:дигоксин P-гликопротеиннің (Pgp) эффлюкс тасымалдаушысы үшін субстрат деп саналады. Кларитромициннің Pgp тежейтіні белгілі. Кларитромицин мен дигоксинді бірге қабылдаған кезде кларитромициннің Pgp тежеуі дигоксин әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Кларитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде қан сарысуындағы дигоксиннің концентрациясы жоғарылағаны туралы да постмаркетингтік бақылау барысында хабарланды. Кейбір пациенттерде өлімге әкелуі ықтимал аритмияларды қоса, дигоксиннің уыттылығын айғақтайтын клиникалық белгілер байқалды. Дигоксин мен кларитромицинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің қан сарысуындағы дигоксин концентрациясын мұқият бақылау қажет.
Зидовудин: АИТВ-инфекциясын жұқтырған ересек пациенттердің кларитромицин мен зидовудинді бір мезгілде пероральді қабылдауы зидовудиннің тұрақты концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Кларитромицин бір мезгілде пероральді қабылданатын зидовудиннің сіңуіне кедергі келтіретіндіктен, бұл өзара әрекеттесуді кларитромицин мен зидовудиннің дозаларын әр препаратты қабылдау арасында 4 сағаттық аралық болатындай етіп бөлу арқылы болдырмауға болады. Бұндай өзара әрекеттесу кларитромицин суспензиясын зидовудинмен немесе дидезоксиинозинмен қабылдайтын АИТВ- инфекциясын жұқтырған балаларда байқалмайды. Бұндай өзара әрекеттесудің кларитромицинді вена ішіне енгізгенде ықтималдығы аз.
Фенитоин және вальпроат: кларитромицинді қоса, CYP3A тежегіштерінің CYP3A метаболизденбейді деп есептелетін препараттармен (мысалы, фенитоин және вальпроат) өзара әрекеттесуі туралы өздігінен келіп түскен немесе жарияланған хабарламалар бар. Кларитромицинмен бір мезгілде қабылдаған кезде осы препараттардың қан сарысуындағы деңгейін анықтау ұсынылады. Осы препараттардың қан сарысуындағы деңгейінің жоғарылауы туралы хабарланды.
Кларитромицинді ломитапидпен бір мезгілде қолдану трансаминазалардың белсенділігін едәуір арттыру мүмкіндігіне байланысты қарсы көрсетілімде.
Гидроксихлорохин және хлорохин: бақылау деректері ревматоидты артриті бар пациенттерде азитромицинді гидроксихлорохинмен бір мезгілде қолдану жүрек-қан тамырлары ауруларының салдарынан жүрек-қан тамырлары асқынулары мен өлім қаупінің жоғарылауымен байланысты екенін көрсетті.
Гидроксихлорохинмен немесе хлорохинмен біріктірілген басқа макролидтерді қолданудың ықтимал ұқсас қаупіне байланысты, гидроксихлорохин немесе хлорохин қабылдаған кез келген пациенттерге кларитромицинді тағайындамас бұрын пайда мен қауіптің арақатынасын мұқият бағалау керек. Кларитромицинді жүрек аритмиясын және жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан күрделі жағымсыз құбылыстарды тудыруы мүмкін болғандықтан QT аралығын ұзартатын осы препараттарды қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Екі бағытты дәрілік өзара әрекеттесу
Атазанавир
Кларитромицин де, атазанавир де CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады және екі бағытты дәрілік өзара әрекеттесудің дәлелі бар. Кларитромицинді (күніне екі рет 500 мг) атазанавирмен (күніне бір рет 400 мг) бір мезгілде қабылдау кларитромицин экспозициясының 2 есе артуына әкеледі және 14-OH-кларитромицин экспозициясының 70% төмендеуін туындатты, бұл ретте атазанавирдің AUC 28%-ға артты. Кларитромициннің үлкен емдік диапазонына байланысты бүйрек функциясы бұзылмаған пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді. Бүйрек функциясы бұзылуының орташа дәрежесі бар пациенттер үшін (креатинин клиренсі 30-дан 60 мл/мин дейін) кларитромицин дозасы 50%-ға төмендеуі тиіс. Креатинин клиренсі < 30 мл/мин пациенттер үшін кларитромицин дозасын 75%-ға азайту керек. Кларитромициннің тәулігіне 1000 мг асатын дозалары протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданылмауы тиіс.
Кальций өзекшелерінің блокаторлары
Артериялық гипотензияның даму қаупіне байланысты кларитромицинді және CYP3A4 метаболизденетін кальций өзекшелерінің блокаторларын (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) бір мезгілде қабылдаған кезде сақ болу ұсынылады. Өзара әрекеттесу нәтижесінде қан плазмасындағы кларитромициннің, сондай-ақ кальций өзекшелерінің блокаторларының да концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Кларитромицин мен верапамилді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде гипотония, брадиаритмия және сүт қышқылы ацидозы байқалды.
Итраконазол
Кларитромицин де, итраконазол да CYP3A субстраттары мен тежегіштері болып табылады, бұл екі бағытты дәрілік әрекеттесуге әкеледі. Кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейін жоғарылатуы мүмкін, ал итраконазол кларитромициннің плазмалық деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Итраконазол мен кларитромицинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттер фармакологиялық әсерлерді күшейту немесе ұзарту белгілерін немесе симптомдарын анықтау үшін мұқият бақылауда болуы тиіс.
Саквинавир
Кларитромицин де, саквинавир де CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады және екі бағытты дәрілік өзара әрекеттесудің дәлелі бар.
12 дені сау еріктінің кларитромицинді (күніне екі рет 500 мг) және саквинавирді (жұмсақ желатинді капсулалар, күніне 3 рет 1200 мг) бір мезгілде қабылдауы саквинавирдің AUC және Cmax тұрақты мәндеріне әкелді, олар тек бір саквинавирді қабылдағанға қарағанда 177% және 187% жоғары болды. Кларитромициннің AUC және Cmax мәндері тек кларитромицин қабылдағанға қарағанда шамамен 40% жоғары болды. Осы екі препаратты зерттелген дозаларда/құрамында шектеулі уақыт ішінде бір мезгілде қолданған кезде дозаны түзету талап етілмейді. Жұмсақ желатинді капсуланы қолданумен дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу барысында алынған нәтижелер саквинавирдің қатты желатинді капсуласын қолдану кезінде байқалатын әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Тек саквинавирді қолданумен жүргізілген дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу барысында алынған нәтижелер саквинавирмен/ритонавирмен емдеу кезінде байқалатын әсерлерді көрсетпеуі мүмкін. Саквинавирді ритонавирмен бір мезгілде қабылдаған кезде ритонавирдің кларитромицинге ықтимал әсерін ескеру керек.