Келесі дәрілік препараттарды Кларанта 250 препаратымен бірге қолдану қатаң қарсы көрсетілімді, себебі олардың біріктірілімі өзара әрекеттесудің ауыр зардаптарын туындатуы мүмкін:
Цизаприд, пимозид, астемизол және терфенадин
Кларитромицин мен цизапридті бір мезгілде қолданған пациенттерде цизаприд деңгейінің жоғарылауы білінді. Бұл QТ аралығының ұзаруына және қарыншалық тахикардияны, қарыншалар фибрилляциясын және екі бағытты тахикардияны қоса, жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін. Осыған ұқсас құбылыстар кларитромицин мен пимозидті бір мезгілде қолданған пациенттерде тіркелді.
Макролидтерді қабылдағанда терфенадин метаболизмінің өзгеруі туралы мәлімдемелер бар, бұл жекелеген жағдайларда QТ аралығының ұзаруымен жүрек аритмиясын, қарыншалар тахикардиясын, қарыншалар фибрилляциясын және екі бағытты тахикардияны туындатады.
Қастауыш алкалоидтары
Кларитромицин және эрготамин немесе дигидроэрготаминді бірге қабылдау тамырлардың түйілуі, аяқ-қолдың және орталық жүйке жүйесін қоса, басқа тіндердің ишемиясы түрінде көрініс беретін қастауыштардың уытты әсеріне әкелуі мүмкін. Кларанта 250 және қастауыш алкалоидтарын бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер)
Кларанта 250 препаратын статиндермен бірге қолдану сақтықпен тағайындалу керек.
Кларанта 250 препаратын ловастатинмен немесе симвастатинмен бірге қабылдау қарсы көрсетілімді, өйткені осы статиндер елеулі дәрежеде CYP3A4 арқылы метаболизденеді, ал кларитромициннің болуы плазмада олардың концентрациясының артуын туындатады, соның салдарынан миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупі артады. Аталған статиндермен бір мезгілде кларитромицин қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз туындаған жағдайлар жөнінде мәліметтер бар. Егер Кларанта 250 қолдану міндетті болса, онда Кларанта 250 қолдану кезінде ловастатин немесе симвастатин қабылдау тоқтатылады.
Егер Кларанта 250 және статиндерді бір мезгілде қолданбауға болмайтын жағдайда, CYP3A4 метаболизміне тәуелденбейтін статин, мысалы флувастатин тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Статиннің мүмкін болатын ең төмен дозасын тағайындау ұсынылады. Пациенттерде миопатияның белгілері мен симптомдарын қадағалау қажет.
Басқа дәрілік препараттардың Кларанта 250 емдік тиімділігіне әсері
CYP3A4 индукциялайтын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромицин метаболизмін жеделдетуі мүмкін. Бұл Кларанта 250 тиімділігінің төмендеуіне әкелетін кларитромициннің емдік концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұдан бөлек, CYP3A4 арттыратын басқа дәрілік заттардың деңгейлерін қадағалау қажет болуы мүмкін, олар кларитромициннің CYP3A4 тежеу әсері салдарынан жоғарылауы мүмкін. Кларанта 250 және рифабутинді бір мезгілде қабылдау рифабутин деңгейінің артуына және сарысуда кларитромицин деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ увеит қаупінің артуына алып келетіні белгілі.
Келесі препараттар кларитромициннің айналымдағы концентрациясының өзгеруін әлде туындатады, әлде теориялық тұрғыда тудыруы мүмкін екені белгілі. Кларанта 250 дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Басқа емдеу нұсқаларын да қарастыру керек.
Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин
Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин сияқты P450 цитохромының метаболизмдік жүйесінің қуатты индукторлары кларитромицин метаболизмін жеделдетуі, осылайша, дәл сондай микробиологиялық белсенділік танытатын 14(R)-гидрокси-кларитромицин (14-OH-кларитромицин) метаболитінің деңгейлерін бір мезгілде арттырумен оның плазмадағы деңгейін төмендетуі мүмкін. Кларитромицин мен 14-OH-кларитромициннің әртүрлі бактерияларға микробиологиялық әсер етуі ерекшеленетіндіктен, энзим индукторларымен бірге Кларанта 250 қабылдау көзделген емдік әсерін бөгеуі мүмкін.
Этравирин
Этравирин қабылдағанда Кларанта 250 экспозициясы төмендейді, ал оның белсенді метаболиті–14-OH-кларитромицин концентрациясы жоғарылайды. 14-OH-кларитромицин микобактериялық кешенге қарсы (MAC) тиімділігі аз дәрі екендіктен, препараттың осы патогенге қатысты жалпы тиімділігі өзгеруі мүмкін. Сол себепті, МАС емі үшін баламалы емдеу нұсқаларын қарастыру керек.
Флуконазол
Күніне 200 мг флуконазолды және күніне екі рет 500 мг кларитромицинді бір мезгілде қабылдау кларитромициннің ең аз тепе-тең орташа концентрациясының (Cmin) және қисық астындағы ауданының (AUC), тиісінше, 33% және 18% жоғарылауына әкелді. 14-ОН-кларитромицин белсенді метаболитінің тепе-тең концентрациялары флюконазолмен бірге қолданғанда елеулі өзгермеді. Кларанта 250 дозасын түзету қажет емес.
Ритонавир
Бір мезгілде әр сегіз сағат сайын 200 мг ритонавир мен әр 12 сағат сайын Кларанта 250 қабылдау кларитромицин метаболизмінің елеулі тежелуіне әкеледі. Ритонавирмен бірге қабылдағанда, кларитромицин Cmax 31% артты, Cmin 182% төмендеді, AUC 77% ұлғайды. 14-OH-кларитромицин түзілуінің толық дерлік тежелісі білінді. Емдік диапазон кеңдігіне орай, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде Кларанта 250 дозасын азайту қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет: СLCR 30-60 мл/мин тұсында Кларанта 250 дозасын 50, CLCR 30 мл/мин тұсында 75 төмендету қажет. Кларанта 250 күніне 1 г асатын дозасын ритонавирмен бірге қолдануға болмайды. Дозаны осылай түзету бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде ритонавирді фармакокинетикалық күшейткіш ретінде, атазанавир мен саквинавирді қоса, АИТВ-протеазаның басқа тежегіштерімен бірге қолдану кезінде жүргізілу керек.
Басқа дәрілік препараттарға Кларанта 250 әсері
Аритмияға қарсы препараттар
Кларитромицинді хинидинмен немесе дизопирамидпен бір мезгілде қабылдағанда екі бағытты тахикардия (torsades de pointes) туындаған жағдайлар тіркелді.
Аталған препараттармен бір мезгілде Кларанта 250 қабылданғанда QT аралығының ұзаруын дер мезгілінде анықтау үшін ЭКГ-мониторингтеуді өткізу ұсынылады. Кларанта 250 емі кезінде қан сарысуында осы препараттардың концентрацияларын қадағалау керек.
Кларитромицин мен дизопирамид бір мезгілде қабылданғанда гипогликемия жағдайлары да тіркелді. Кларанта 250 және дизопирамид бір мезгілде қабылданғанда қандағы глюкоза деңгейін қадағалап отыру керек.
Пероральді гипогликемиялық дәрілер және инсулин
Натеглинид және репаглинид сияқты жекелеген гипогликемиялық препараттар CYP3A4 энзимінің кларитромицинмен тежелісін тудыруы мүмкін, соның салдарынан оларды бір мезгілде қабылдағанда гипогликемия дамуы мүмкін. Кларанта 250 қолдану кезінде қант диабетімен науқастарда глюкоза деңгейін мұқият қадағалау ұсынылады.
CYP3A4-пен өзара әрекеттесуі
CYP3A4 ферментінің тежегіші ретінде белгілі Кларанта 250 және негізінен CYP3A4 арқылы метаболизденетін кез келген басқа препаратты бірге қолдану қан плазмасында соңғысының концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде оның емдік әсерін және жағымсыз реакциялардың туындау қаупін күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.
CYP3A4 субстраттары – дәрілік заттарымен ем қабылдап жүрген пациенттерде, әсіресе, егер CYP3A4-субстрат емдік диапазоны тар болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы энзиммен экстенсивті метаболизденсе, Кларанта 250 қолдану кезінде сақ болу керек.
Кларанта 250 бір мезгілде қолданылатын пациенттерде CYP3A4 арқылы метаболизденетін дәрілік зат дозасын өзгерту және сарысулық концентрацияларын мониторингтеу керек болуы мүмкін.
Келесі дәрілік препараттардың немесе препараттар тобының бір ғана CYP3A4 изоферментімен метаболизденетіні белгілі: альпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин), пимозид, хинидин, рифабутин, сильденафил, симвастатин, такролимус, терфенадин, триазолам және винбластин, бірақ бұл тізім толық емес. Осындай өзара әрекеттесу механизмі Р450 цитохромы жүйесінің басқа изоферментімен метаболизденетін фенитоин, теофиллин және вальпроат қолдану кезінде білінді.
Омепразол
Омепразолмен (күнделікті 40 мг) Кларанта 250 (әр 8 сағат сайын 500 мг) бір мезгілде қабылданғанда омепразолдың плазмадағы тепе-тең концентрациясының ұлғаюы (Cmax, AUC0-24 және t1/2 ,тиісінше, - 30%, 89% және 34% артуы) болды. Асқазандағы pH көрсеткішінің орташа мәні омепразолды бөлек қабылдағанда 5.2 және омепразолмен бірге Кларанта 250 қабылдағанда 5.7 құрады.
Силденафил, тадалафил және варденафил
Фосфодиэстераза (сильденафил, тадалафил және варденафил) тежегіштерінің плазмалық концентрацияларының олармен бірге Кларанта 250 қолданылғанда жоғарылау ықтималдығы бар, бұл фосфодиэстераза тежегіштерінің дозасын азайтуды талап етуі мүмкін.
Теофиллин, карбамазепин
Кларанта 250 бірге қолданылғанда теофиллин және карбамазепиннің айналымдағы концентрациясының аздап, бірақ статистикалық мәнді (p ≤ 0,05) артуы болады
Толтеродин
Толтеродин, ең алдымен, Р450 цитохромының 2D6-изотүрімен (CYP2D6) метаболизденеді. Алайда, CYP2D6 жоқ пациенттерде метаболизм CYP3A4 арқылы жүреді. Осы қауымда CYP3A4 бәсеңдеуі толтеродиннің плазмалық концентрацияларының елеулі жоғарылауына алып келеді. Осындай пациенттер үшін толтеродин дозасын төмендету оны Кларанта 250 сияқты CYP3A4 тежегіштерімен қолданғанда қажет болуы мүмкін.
Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам)
Кларанта 250 және триазолам бірге қолданылғанда дәрілік өзара әрекеттесуі мен орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстар (ұйқышылдық және сананың шатасуы сияқты) дамуы туралы хабарламалар бар. ОЖЖ тарапынан фармакологиялық әсерлерінің арту мүмкіндігін ескере отырып, пациентті қадағалау керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Гидроксихлорохин және хлорохин: кларитромицинді жүрек аритмиясын туындатуы және ауыр қолайсыз жүрек-қантамырлар оқиғаларына әкелуі мүмкін болғандықтан QT аралығын ұзартатын осы препараттарды қабылдаған пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттар (DOAC)
Дабигатран және эдоксабан DOAC препараттары P-gp тасымалдаушысы үшін субстрат болып табылады. Ривароксабан мен апиксабан CYP3A4 арқылы метаболизденеді, сонымен қатар Pgp үшін субстраттар болып табылады. Кларитромицинді осы препараттармен бір мезгілде қолданғанда, әсіресе қан кету қаупі жоғары пациенттерде сақ болу керек.
Кларитромицинді қастауыш алкалоидтарын, пероральді мидазоламды, негізінен CYP3A4 (мысалы, ловастатин және симвастатин) метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін, колхицин, тикагрелор, ивабрадин және ранолазин қабылдағанда қолдануға болмайды.
Кортикостероидтар
Кларитромицинді жүйелік және ингаляциялық кортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек, олар негізінен CYP3A метаболизденеді, бұл кортикостероидтардың жүйелік әсерінің жоғарылауына байланысты. Бір мезгілде қолданғанда пациенттер жүйелік кортикостероидтардың жағымсыз әсерлерін мұқият бақылауда ұстауы керек.
Колхицин CYP3A4 үшін де, Р-гликопротеиннің эффлюксті тасымалдаушысы үшін де субстрат болып табылады. Кларанта 250 және басқа макролидтер CYP3A4 және Р-гликопротеин тежегіштері екені белгілі. Кларанта 250 және колхицин бір мезгілде қолданылған жағдайда кларитромицинмен Р-гликопротеин және CYP3A4 тежелісі колхицин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Кларанта 250 және колхицинді бірге қабылдау қарсы көрсетілімді.
Дигоксин P-гликопротеин (Pgp) субстраты болып саналады. Кларитромициннің Pgp бәсеңдетуге қабілетті екені белгілі. Бір мезгілде қолданғанда Pgp бәсеңдеуі дигоксин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Маркетингтен кейінгі қадағалауда дигоксинмен бірге Кларанта 250 қабылдап жүрген пациенттердің қан сарысуында дигоксин концентрациясының жоғарылауы анықталды. Кейбір пациенттерде дигиталистік уыттылық белгілері, оның ішінде өлімге ұшырату ықтималдығы зор аритмиялар дамыды. Пациенттердің қан сарысуында дигоксин концентрациясын онымен Кларанта 250 қолданылғанда мұқият бақылап отыру керек.
Зидовудин
Кларанта 250 таблеткалары мен зидовудинді АИТВ инфекциясын жұқтырған ересек пациенттерде бір мезгілде пероральді қабылдау зидовудин тепе-тең концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Кларанта 250 оны бір мезгілде пероральді қабылдағанда зидовудин сіңірілуіне әсерін көрсетеді, оны Кларанта 250 және зидовудин қабылдау арасындағы 4-сағаттық үзілісті қадағалау арқылы елеулі дәрежеде болдырмау мүмкіндігі бар.
Фенитоин және вальпроат
Кларанта 250 сияқты CYP3A4 тежегіштері және метаболизміне теориялық тұрғыда CYP3A қатыспайтын препараттар (мысалы, фенитоин және вальпроат) арасында өзара әрекеттесу болады.
Осындай препараттармен бірге Кларанта 250 тағайындалғанда олардың сарысудағы деңгейіне талдау жасау ұсынылады. Осы препараттардың сарысудағы концентрациясының ұлғаюы туралы мәліметтер бар.
Дәрілік препараттармен екі бағытты өзара әрекеттесу
Атазанавир
Кларитромицин және атазанавир CYP3A4 субстраттары және тежегіштері болып табылады. Осы препараттар арасында екі бағытты өзара әрекеттесу бары расталған. Кларанта 250 (күніне екі рет 500 мг) және атазанавирді (күніне бір рет 400 мг) бірге қолдану кларитромицин экспозициясының екі есе ұлғаюына, 14-OH-кларитромицин экспозициясының 70% төмендеуіне, ал атазанавир AUC 28% артуына алып келеді. Кларитромицин елеулі емдік уақыт аралығымен сипатталатындықтан, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде Кларанта 250 дозасын төмендету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі орташа пациенттер үшін (креатинин клиренсі 30-дан 60 мл/мин дейін) Кларанта 250 дозасы 50% төмендетілуі тиіс. Креатинин клиренсі 30 мл/мин аз пациенттер үшін тиісті дәрілік түрін пайдалану жолымен Кларанта 250 дозасы 75% төмендетілуі тиіс. Протеаза тежегіштерімен бірге қабылдағанда Кларанта 250 дозасы күніне 1000 мг мөлшерінен аспауы тиіс.
Кальций өзекшелерінің блокаторлары
Артериялық гипотензия даму қаупіне орай, CYP3A4 арқылы метаболизденетін кальций өзекшелерінің блокаторларымен (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) бір мезгілде Кларанта 250 сақтықпен қолданылу керек. Өзара әрекеттескенде кларитромициннің де, кальций өзекшелері блокаторларының да плазмалық концентрациялары артуы мүмкін. Кларитромицинді верапамилмен бірге қабылдаған пациенттерде артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз байқалды.
Итраконазол
Кларитромицин және итраконазол екі тарапты бағыттағы дәрілік өзара әрекеттесуге әкелетін CYP3A4 субстраттары мен тежегіштері болып табылады.
Кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейлерін арттыруы мүмкін, ал итраконазол қан плазмасында кларитромицин деңгейлерін арттыра алады. Итраконазолмен бірге Кларанта 250 қолданылғанда фармакологиялық әсері күшейтілген немесе ұзартылған көріністері мен симптомдарын анықтау үшін пациенттер дәрігердің қырағы қадағалауында болуы тиіс.
Саквинавир
Кларитромицин және саквинавир CYP3A4 субстраттары және тежегіштері болып табылады. Осы препараттар арасында екі бағытты өзара әрекеттесу бары расталған. Кларанта 250 (күніне екі рет 500 мг) және саквинавирді (жұмсақ желатин капсулаларда, күніне үш рет 1200 мг) бір мезгілде қабылдау, саквинавирді бөлек қабылдаумен салыстырғанда, саквинавир AUC және Cmax тепе-тең көрсеткіштерінің 177% және 187% артуын туындатады. Бөлек Кларанта 250 қабылдаумен салыстырғанда, кларитромицин AUC және Cmax көрсеткіштері шамамен 40% артты. Зерттелетін дозаларын және дәрілік түрлерін қолданған жағдайда дозаны түзету қажет емес. Егер саквинавир ритонавирмен бір мезгілде тағайындалған жағдайда ритонавирдің кларитромицинге әсер ету мүмкіндігін ескеру керек.