Өзара әрекеттесуінің ауыр салдарларының даму мүмкіндігіне байланысты, төмендегі дәрілік препараттарды қолдануға болмайды
Цизаприд, пимозид, астемизол және терфенадин.
Кларигет мен цизапридті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде цизапридтің деңгейлерінің артқаны туралы хабарланды. Бұл QT аралығының ұзаруына және аритмиялардың, соның ішінде қарыншалық тахикардияның, қарыншалар фибрилляциясы мен «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның (torsades de pointes) пайда болуына алып келуі мүмкін. Мұндай әсерлер Кларигет пен пимозидті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде байқалған.
Макролидтер терфенадиннің қандағы деңгейлерін арттыра отырып, терфенадин метаболизміне әсер етеді, бұл кейде QT аралығының ұзаруы, қарыншалық тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes) сияқты аритмиялармен қатар жүрген («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Дені сау 14 еріктінің қатысуымен зерттеу жүргізгенде, Кларигет пен терфенадинді бір мезгілде қолдану терфенадиннің қан сарысуында қышқылдық метаболиті деңгейінің 2-3 есе артуына және QT аралығының ұзаруына алып келді, бұл қандайда бір клиникалық маңызды әсер туғызған жоқ.
Мұндай әсерлер астемизол мен басқа макролидтерді бір мезгілде қолданғанда да білінген.
Қастауыш алкалоидтары.
Постмаркетингтік зерттеулер кларитромицин мен эрготаминді немесе дигидроэрготаминді бір мезгілде қабылдау қастауыштың тамырлардың түйілуі, орталық жүйке жүйесін қоса, аяқ-қол мен басқа тіндердің ишемиясы түрінде білінетін уытты әсеріне алып келуі мүмкін екенін көрсетеді. Кларигет пен қастауыш алкалоидтарын бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Пероральді қолдануға арналған мидазолам
Мидазолам мен таблеткалар түріндегі кларитромицинді (тәулігіне екі рет 500 мг) бір мезгілде қолданғанда, мидазоламды пероральді қабылдағаннан кейін мидазоламның AUC 7 есе артқан. Пероральді қолдануға мидазолам мен кларитромицинді бір мезгілде тағайындауға болмайды.
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер).
Кларигетті ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені олар айтарлықтай дәрежеде CYP3A4 метаболизденеді, ал кларитромициннің болуы олардың плазмадағы концентрациясының ұлғаюына әкеледі, соның салдарынан миопатия оның ішінде рабдомиолиздің даму қаупі артады. Кларитромицинді аталған статиндермен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз туындаған жағдайлар туралы деректер бар. Егер Кларигетті қолдану аса қажет болса, онда Кларигетті қолдану кезінде ловастатинді немесе симвастатинді қабылдауды тоқтата тұру қажет.
Статиндермен Кларигетті сақтықпен тағайындау керек. Егер Кларигет пен статиндерді бір мезгілде тағайындау аса қажет болса, статиннің тіркелген ең аз дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A арқылы метаболизденбейтін статинді, мысалы, флувастатинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Миопатияның белгілері мен симптомдарын анықтау мақсатында, пациенттердің жағдайына мониторинг жүргізу қажет.
Басқа дәрілік препараттардың Кларигетке әсері
CYP3A индукциялайтын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін. Бұл кларитромициннің субтерапиялық деңгейлеріне және оның тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. CYP3A индукциялайтын басқа дәрілік заттардың кларитромициннің CYP3A-ға тежегіштік әсерінің салдарынан артуы мүмкін деңгейлерін қадағалау қажет болуы мүмкін (тиісті CYP3A4 индукторын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты да қараңыз). Рифабутин мен Кларигет бір мезгілде қабылдау рифабутин деңгейінің артуына және увеит қаупін арттыра отырып кларитромициннің сарысудағы концентрациясының төмендеуіне әкелген.
Төменде көрсетілген препараттар кларитромициннің қан сарысуындағы концентрациясына әсер етеді немесе әсер етеді деп болжанады. Кларигет дозасын түзету немесе емдеудің баламалы нұсқаларын қарастыру қажет болуы мүмкін
Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин
Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин сияқты, P450 цитохромының метаболизмдік жүйесінің күшті индукторлары кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі, сол арқылы оның белсенді метаболитінің (14-OH-кларитромицин) концентрациясын бір мезгілде арттыра отырып, оның плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін. Кларитромицин мен 14-OH-кларитромициннің түрлі бактерияларға қатысты микробиологиялық белсенділігі әртүрлі болғандықтан, Кларигет пен Р450 цитохромы ферменттерінің индукторларын бір мезгілде қабылдау қалаған емдік әсерге қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін.
Этравирин
Этравиринді қабылдаған кезде, Кларигет экспозициясы төмендейді, ал оның белсенді метаболиті 14-OH-кларитромициннің концентрациясы жоғарылайды. 14-OH-кларитромицин микобактериялық кешенге (MAC) қарсы тиімділігі төмен дәрі болғандықтан, препараттың осы патогенге қатысты жалпы тиімділігі өзгеруі мүмкін. Осы себепті, MAC емдеу үшін емдеудің баламалы нұсқаларын қарастыру керек.
Флуконазол
Күніне 200 мг флуконазол мен күніне екі рет 500 мг кларитромицинді бір мезгілде қабылдау дені сау 21 еріктіде кларитромициннің орташа тепе-теңдік ең төменгі концентрациясының (Cmin) және қисық астындағы ауданының (AUC) тиісінше 33% және 18% артуына алып келді.
Белсенді метаболиті 14-ОН-кларитромициннің тепе-теңдік концентрациялары флюконазолды бір мезгілде қолданған кезде айтарлықтай өзгерген жоқ. Кларигет дозасын түзету қажет емес.
Ритонавир
Фармакокинетикасын зерттеу, 200 мг ритонавирді сегіз сағат сайын және 500 мг Кларигетті 12 сағат сайын бір мезгілде қабылдау, кларитромицин метаболизмінің елеулі төмендеуіне алып келетіндігін көрсетті. Бұл ретте ритонавирді бір мезгілде тағайындағанда кларитромициннің Cmax 31% ұлғайды, Cmin 182% ұлғайды, AUC 77% ұлғайды. 14-OH-кларитромицин түзілуінің іс жүзінде толық тежелгені байқалды. Емдік ауқымының кеңдігіне байланысты, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде Кларигет дозасын азайту қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын түзету қажет: креатинин клиренсі (КК) 30–60 мл/мин пациеттерде Кларигет дозасын 50%-ға төмендету қажет. КК <30 мл/минут пациенттер үшін Кларигет препаратының дозасын 75%-ға төмендету қажет. Күніне 1 г асатын Кларигет дозасын ритонавирмен бірге қолданбаған дұрыс. Дозасын осыған ұқсас түзетулерді ритонавирді атазанавир мен саквинавирді қоса, АИТВ протеазасының басқа тежегіштерімен бірге фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолданғанда, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде жүргізу керек («Дәрілермен екіжақты бағытталған өзара әрекеттесуін» қараңыз).
Кларигеттің басқа дәрілік препараттарға әсері
Аритмияға қарсы препараттар
Постмаркетингтік тәжірибеде кларитромицин мен хинидинді немесе дизопирамидті бір мезгілде қабылдаған кезде «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes) жағдайы тіркелген.
Кларигет аталған препараттармен бір мезгілде қабылданғанда QT аралығының ұзаруын дер кезінде анықтау үшін, ЭКГ-мониторинг жүргізу ұсынылады. Кларигетпен емдеу кезінде аталған препараттардың қан сарысуындағы концентрацияларын қадағалау керек. Сондай-ақ, кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қабылдаған кездегі гипогликемия жағдайлары туралы хабарламалар бар. Кларигет пен дизопирамидті бір мезгілде қабылдағанда қандағы глюкоза деңгейіне бақылау жасау керек.
Пероральді гипогликемиялық дәрілер мен инсулин
Натеглинид және репаглинид және Кларигет сияқты белгілі бір гипогликемиялық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда гипогликемияны туындатуы мүмкін CYP3A энзимінің тежелуі байқалуы мүмкін. Глюкоза деңгейіне мұқият бақылау жасау ұсынылады.
CYP3A-байланысты өзара әрекеттесу
CYP3A ферментінің тежегіші ретінде белгілі Кларигет пен бастапқыда CYP3A арқылы метаболизденетін кез келген басқа препаратты бір мезгілде қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының артуына алып келуі мүмкін, бұл өз кезегінде оның емдік әсері мен жағымсыз реакцияларын күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.
CYP3A субстраты астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид және терфенадин қабылдайтын QT аралығының ұзару қаупіне және жүрек аритмиясына байланысты соның ішінде қарыншалық тахикардияға, қарыншалық фибрилляцияға және пируэт типтегі қарыншалық тахикардияда Кларитромицинді қолдану қарсы көрсетілген.
Кларитромицинді пероральді қолдануға арналған қастауыш алкалоидтарымен, мидазоламмен, негізінен CYP3A4 метаболизденетін ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен (мысалы, ловастатин және симвастатин), колхицинмен, тикагрелормен, ивабрадинмен және ранолазинмен қолдану қарсы көрсетілген.
Трансаминазалар деңгейінің едәуір жоғарылау мүмкіндігіне байланысты кларитромицинді ломитапидпен бір уақытта қабылдауға болмайды.
Кларигет дәрілік заттарды – CYP3A субстраттарын қабылдап жүрген пациенттерде қолданғанда, әсіресе егер соңғыларының емдік ауқымы тар болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы энзим арқылы экстенсивті метаболизденетін болса, сақтық таныту керек.
Кларигет препараты бір мезгілде қолданып жүрген пациенттерде CYP3A арқылы метаболизденетін дәрілік заттардың дозасын өзгерту және мүмкіндігінше, сарысудағы концентрациясына мұқият бақылау жүргізу қажет болуы мүмкін.
Келесі дәрілік препараттар немесе препараттардың топтары бір CYP3A изоферменті арқылы метаболизденетіні белгілі болған немесе болжанған (тізім толық емес): алпразолам, карбамазепин, цилостазол, циклоспорин, дизопирамид, ибрутиниб, метилпреднизолон, мидазолам (вена ішіне), омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин, ривароксабан, апиксабан), психозға қарсы атипиялық препараттар (мысалы, кветиапин), хинидин, рифабутин, силденафил, сиролимус, такролимус, триазолам және винбластин.
Өзара әрекеттесуінің мұндай механизмі Р450 цитохромы жүйесінің басқа изоферменті арқылы метаболизденетін фенитоинді, теофиллинді және вальпроатты қолданғанда байқалған.
Пероральді гипогликемиялық дәрілер /Инсулин
Натеглинид және репаглинид сияқты кейбір гипогликемиялық препараттармен CYP3A ферментінің кларитромицинмен тежелуі байланысты болуы мүмкін, бұл бір мезгілде қолданғанда гипогликемияны тудыруы мүмкін.
Глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттар (DOAC)
DOAC дабигатран гликопротеин-P (P-gp), эффлюксті ақуыз-транспортер үшін субстрат болып табылады. CYP3A4 метаболизміне қатысатын эдоксабан, ривароксабан мен апиксабан да P-gp үшін субстрат болып табылады. Кларигетті осы препараттармен, әсіресе қан кету қаупі жоғары пациенттерге бір мезгілде тағайындағанда сақ болу ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Омепразол
Кларигет (8 сағат сайын 500 мг) пен омепразолды (күніне 40 мг) бір мезгілде қабылдаған дені сау ересек еріктілерге жүргізілген зерттеу нәтижелері бар. Кларигетпен бір мезгілде қабылдағанда плазмадағы омепразолдың тепе-теңдік концентрациясының артқаны білінді (Cmax, AUC0-24 және t1/2 тиісінше 30%, 89% және 34% артқан). Асқазандағы 24 сағат ішіндегі pH көрсеткішінің орташа мәні омепразолды жеке қабылдағанда 5.2 және омепразолды Кларигетпен бір мезгілде қабылдаған кезде 5.7 құрады.
Силденафил, тадалафил және варденафил
Фосфодиэстеразаның бұл тежегіштерінің әрқайсысы кем дегенде, ішінара CYP3A қатысуымен метаболизденеді, ал CYP3A бір мезгілде қабылданатын кларитромицин тежеуі мүмкін. Кларигет пен силденафилді, тадалафилді немесе варденафилді бір мезгілде қабылдау фосфодиэстераза тежегіші экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Бұл препараттарды Кларигетпен бір мезгілде қолданғанда силденафилдің, тадалафилдің немесе варденафилдің дозасын төмендету туралы мәселені қарастыру керек.
Теофиллин, карбамазепин
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері, аталған препараттардың кез келгенін Кларигетпен бір мезгілде қабылдаған кезде теофиллин немесе карбамазепиннің айналыстағы концентрациясының аздаған, бірақ статистикалық тұрғыдан маңызды артуының (p≤0,05) болатынын көрсетеді. Дозаны төмендетуді қарастыру қажет болуы мүмкін.
Толтеродин негізінен Р450 (CYP2D6) цитохромының 2D6-изоформасы арқылы метаболизденеді. Алайда CYP2D6-сыз пациенттерде метаболизм CYP3A арқылы жүреді. Бұл популяцияда CYP3A бәсеңдеуі толтеродиннің плазмалық концентрацияларының жоғарылауына алып келеді. Ондай пациенттер үшін толтеродиннің дозасын төмендету оны Кларигет сияқты CYP3A тежегіштерімен қолданған кезде қажет болуы мүмкін.
Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам)
Мидазолам мен кларитромицин таблеткаларын бір мезгілде тағайындағанда (күніне екі рет 500 мг), мидазоламды вена ішіне енгізген кезде мидазоламның AUC 2.7 есе артқан. Мидазоламды Кларигетпен вена ішіне қолданғанда дозасын дер кезінде түзету үшін, пациенттің жағдайына мұқият бақылау жүргізу керек.
Оромукозальді енгізу кезіндегі мидазолам мен кларитромицин арасындағы дәрілік өзара әрекеттесуге зерттеу жүргізілген жоқ. Алайда, мидазоламды енгізудің оромукозальді жолы кезінде препараттың жүйеалдылық элиминациясы жоққа шығарылуы мүмкін, мұның мидазоламды ішу арқылы емес, вена ішіне енгізген кезде байқалатынға ұқсас өзара әрекеттесуге алып келу ықтималдығы зор.
Триазолам мен альпразоламды қоса, CYP3A арқылы метаболизденетін басқа триазолбензодиазепиндерді қолданған кезде де сондай сақтық шараларын сақтау керек. Элиминациясы CYP3A-ға тәуелсіз бензодиазепиндер (темазепам, нитразепам, лоразепам) үшін, Кларигетпен клиникалық маңызды өзара әрекеттесудің даму ықтималдығы аз.
Постмаркетингтен кейін кларитромицин мен триазоламды бір мезгілде қолданған кездегі дәрілік өзара әрекеттесу мен орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстардың дамуы (ұйқышылдық және сананың шатасуы сияқты) туралы хабарламалар болды. ОЖЖ тарапынан фармакологиялық әсерлерінің арту мүмкіндігін ескере отырып, пациенттің жағдайын қадағалау керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Колхицин
Колхицин CYP3A үшін де, Р-гликопротеиннің (P gp) эффлюксті тасымалдаушысы үшін де субстрат болып табылады. Кларигет және басқа макролидтер CYP3A мен Р-гликопротеиннің тежегіштері болып табылатындығы белгілі. Кларигетпен колхицинді бір мезгілде қолданған жағдайда, кларитромициннің Р-гликопротеин және/немесе CYP3A тежеуі колхицин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Кларигет пен колхицинді бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Дигоксин
Дигоксин P-гликопротеиннің (P gp) эффлюксті тасымалдаушысының субстраты болып саналады. Кларитромициннің Pgp бәсеңдетуге қабілетті екені белгілі. Кларитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қолданған кезде, кларитромициннің Pgp бәсеңдетуі дигоксин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Постмаркетингтік бақылау кезінде Кларигетті дигоксинмен бір мезгілде қабылдаған пациенттердің қан сарысуындағы дигоксин концентрациясының артқаны туралы хабарланған. Кейбір пациенттерде дигиталистік уыттану белгілері, соның ішінде өліммен аяқталу әлеуеті зор аритмия дамыған. Дигоксин мен Кларигетті бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің қан сарысуындағы дигоксин концентрациясын мұқият бақылау керек.
Зидовудин
АИТВ жұқтырған ересек пациенттердің Кларигет таблеткалары мен зидовудинді бір мезгілде пероральді қабылдауы зидовудиннің тепе-тең концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Кларигет бір мезгілде пероральді тағайындалған зидовудиннің сіңуіне әсер етеді, бұны Кларигет пен зидовудин қабылдаулары арасындағы 4 сағаттық интервалды сақтау арқылы елеулі дәрежеде болдырмауға болады. Бұл өзара әрекеттесу АИТВ жұқтырған, Кларигет суспензиясын зидовудинмен немесе дидеоксиинозинмен қабылдаған балаларда туындамайды. Кларитромицинді венаішілік инфузия түрінде тағайындаған жағдайда мұндай өзара әрекеттесудің ықтималдығы аз.
Фенитоин және вальпроат
Кларитромицинді қоса, CYP3A тежегіштерінің CYP3A арқылы метаболизденеді деп саналмайтын дәрілік заттармен (мысалы, фенитоинмен және вальпроатпен) өзара әрекеттесуі туралы өздігінен келіп түскен немесе жарияланған хабарламалар болды. Ондай препараттарды Кларигетпен бір мезгілде тағайындағанда олардың сарысудағы деңгейін анықтау ұсынылады. Бұл препараттардың сарысудағы концентрациясының артқаны туралы хабарланған.
Дәрілермен екіжақты бағытталған өзара әрекеттесуі
Атазанавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады. Бұл препараттар арасындағы екіжақты бағытталған өзара әрекеттесуге дәлел бар. Кларигетті (күніне екі рет 500 мг) атазанавирмен бір мезгілде қолдану (күніне бір рет 400 мг) кларитромицин экспозициясының екі есе артуына, 14-OH-кларитромицин экспозициясының 70%-ға төмендеуіне және атазанавир AUC 28%-ға артуына алып келді. Емдік ауқымының кеңдігіне байланысты, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде Кларигет дозасын азайту қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі орташа дәрежедегі пациенттер үшін (КК 30-дан 60 мл/минутқа дейін) Кларигет дозасы 50%-ға төмендетілуі тиіс. КК 30 мл/минуттан аз пациенттер үшін Кларигет дозасы тиісті дәрілік түрін пайдалану арқылы, 75%-ға төмендетілуі тиіс. Кларигеттің тәулігіне 1000 мг жоғары дозаларын протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданбаған дұрыс.
Кальций өзекшелерінің блокаторлары
Артериялық гипотензияның даму қаупіне байланысты, Кларигетті CYP3A4 арқылы метаболизденетін (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) кальций өзекшелері блокаторларымен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек. Өзара әрекеттесуі кезінде кларитромициннің де, кальций өзекшелері блокаторларының да плазмалық концентрациялары артуы мүмкін. Кларитромицин мен верапамилді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде, артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз байқалған.
Итраконазол
Итраконазол мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, екіжақты бағытталған өзара дәрілік әрекеттесуге алып келеді. Кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейлерін арттыруы мүмкін, ал итраконазол кларитромициннің қан плазмасындағы деңгейлерін арттыруы мүмкін. Итраконазол мен Кларигетті бір мезгілде қолданғанда, фармакологиялық әсерінің күшеюінің немесе ұзаруының көріністері мен симптомдарын анықтау үшін, пациенттер дәрігердің қатаң қадағалауында болуы тиіс.
Саквинавир
Саквинавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, және бұл препараттар арасындағы екіжақты бағытталған өзара әрекеттесуге дәлел бар. Дені сау 12 еріктіге жүргізілген зерттеулер, Кларигет (күніне екі рет 500 мг) мен саквинавирді (жұмсақ желатинді капсулалар түрінде, күніне үш рет 1200 мг) бір мезгілде қабылдау саквинавирдің AUC пен Cmax тепе-теңдік көрсеткіштерінің саквинавирді дара қабылдаумен салыстырғанда, 177% және 187%-ға артуын туғызатынын көрсетті. Кларитромициннің AUC пен Cmax, Кларигетті жеке қабылдаған кезде байқалған көрсеткіштермен салыстырғанда шамамен 40%-ға артқан. Егер дәрілік заттың екеуі де шектеулі уақыт аралығы бойына және зерттеліп отырған дозаларында/дәрілік түрлерінде қолданылса, дозасын түзету қажет емес. Жұмсақ желатинді капсулаларды қолдана отырып дәрілермен өзара әрекеттесулерін зерттеу нәтижелері, саквинавирді қатты желатинді капсулалар түрінде қолданғанда байқалатын әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Тек саквинавирді қолдана отырып, өзара әрекеттесуін зерттеу нәтижелері, саквинавирмен/ритонавирмен емдеу кезінде байқалған әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Саквинавир ритонавирмен бірге қолданылған кезде, ритонавирдің кларитромицинге әсер ету мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Гидроксихлорохин және хлорохин:
Кларитромицинді жүрек аритмиясын және күрделі қолайсыз жүрек-қан тамырлары оқиғаларын туғызу мүмкіндігіне байланысты QT аралығын ұзартатын осы препараттарды алатын пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Кортикостероидтер
Кларитромицинді жүйелік және ингаляциялық кортикостероидтармен бір уақытта қолдану кезінде сақтықты сақтау керек, олар кортикостероидтардың жүйелік әсерінің әлеуетті күшеюіне байланысты негізінен CYP3A метаболизденеді. Бір мезгілде қолданған кезде пациенттер жүйелік кортикостероидтардың жағымсыз әсерлеріне мұқият бақылауда болуы тиіс.
Үйлесімсіздік бойынша ақпарат жоқ.