Кларигетпен келесі дәрілік препараттарды бірге қолдану қатаң түрде қарсы көрсетілімді, өйткені олардың біріктірілімі өзара әрекеттесудің ауыр салдарларын туындатуы мүмкін.
Цизаприд, пимозид, астемизол, домперидон және терфенадин. Осы препараттарды кларитромицинмен бір мезгілде қолданғанда QT аралығының ұзаруы және қарыншалық тахикардияны, қарыншалардың фибрилляциясын және екібағытты тахикардияны қоса, аритмиялар болуы мүмкін.
Қастауыш алкалоидтары. Кларитромицин мен эрготаминді немесе дигидроэрготаминді бір мезгілде қолдану, қантамырлардың түйілуін, аяқ-қолдардың және орталық жүйке жүйесін қоса, басқа тіндердің ишемиясы түрінде білінетін қастауыштың уытты әсеріне әкеледі.
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер). Кларитромицинді ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені олар айтарлықтай дәрежеде CYP3A4 арқылы метаболизденеді, ал кларитромициннің болуы олардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауын туындатады, соған байланысты миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупі жоғарылайды. Кларитромицинді аталған статиндермен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз туындаған жағдайлар туралы мәліметтер бар. Егер кларитромицинді міндетті түрде қолдану керек болса, оны қолдану кезінде ловастатинді немесе симвастатинді қабылдауды тоқтатады.
Кларитромицинді статиндермен бір мезгілде қолдануды сақтықпен тағайындау керек. Кларитромицин мен статиндерді бір мезгілде қолдану өте қажет болған жағдайда, CYP3A метаболизміне тәуелді емес статиндерді, мысалы, флувастатинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Статиннің барынша ең төмен дозасын тағайындау ұсынылады. Пациенттерде миопатияның белгілері мен симптомдарын қадағалап отыру қажет.
Басқа дәрілік препараттардың кларитромициннің емдік тиімділігіне әсері
Рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін. Бұл кларитромициннің концентрациясының және оның тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұдан өзге, кларитромициннің CYP3A тежейтін әсерінің салдарынан жоғарылауы мүмкін (сондай-ақ, CYP3A4 тиісінше тежегішінің медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығын қараңыз) CYP3A индукциялайтын басқа дәрілік заттардың деңгейін қадағалап отыру қажет болуы мүмкін. Рифабутин мен кларитромицинді бір мезгілде қолдану рифабутиннің деңгейінің жоғарылауына және кларитромициннің қан сарысуындағы концентрациясының төмендеуіне, сондай-ақ увеит қаупінің артуына алып келеді.
Келесі препараттардың қан сарысуында кларитромициннің концентрациясының өзгеруін туындатуы, немесе теориялық тұрғыдан туындату мүмкіндігі белгілі. Кларитромициннің дозасын түзету немесе емдеудің басқа нұсқаларын қарастыру қажет болуы мүмкін.
Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин: P450 цитохромының метаболизмдік жүйесінің күшті индукторы ретінде, бір мезгілде оның белсенді метаболитінің (14-OH-кларитромицин) концентрациясын жоғарылатып, олар кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін, осылайша оның қан плазмасындағы концентрациясын төмендетеді. Кларитромицин мен 14-OH-кларитромициннің әртүрлі бактерияларға микробиологиялық әсерінің айырмашылығы болғандықтан, кларитромицин мен Р450 цитохромы ферменттерінің индукторлары қажетті емдік әсерге қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін.
Этравирин: Этравиринді қабылдағанда, кларитромициннің экспозициясы төмендейді, ал оның белсенді метаболиті 14-OH-кларитромициннің концентрациясы жоғарылайды. Өйткені 14-OH-кларитромицин микобактериялық кешенге (MAC) қарсы тиімділігі төмен дәрі болып табылатындықтан, аталған патогенге қатысты препараттың жалпы тиімділігі өзгеруі мүмкін. Осы себепті, MAC емдеу үшін емнің баламалы нұсқаларын қарастыру керек.
Флуконазол: кларитромициннің белсенді метаболиті 14-ОН тепе-тең концентрациясы флюконазолмен бір мезгілде қолданғанда айтарлықтай өзгерген жоқ. Кларитромициннің дозасын түзету қажет емес.
Ритонавир: 200 мг ритонавирді әрбір сегіз сағат сайын және кларитромицинді әрбір 12 сағат сайын бір мезгілде қолдану кларитромицин метаболизмінің айтарлықтай төмендеуіне алып келеді. Бұл кезде кларитромициннің Cmax 31%-ға, Cmin 182%-ға жоғарыласа, AUC 77%-ға жоғарылады. 14-OH-кларитромициннің түзілуінің іс жүзінде толық тежелуі байқалды. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде терапиялық диапазонынының ауқымдылығына байланысты, кларитромициннің дозасын азайту қажет етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету керек: креатинин клиренсі (КК) 30–60 мл/мин болғанда Кларитромициннің дозасын 50%-ға төмендету, КК < 30 мл/мин болғанда –75%-ға төмендету керек. Кларитромициннің күніне 1 гр асатын дозаларын ритонавирмен бірге қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде атазанавир мен саквинавирді қоса, АИТВ-протеазасының басқа тежегіштерімен бірге фармакокинетикалық күшейткіш ретінде ритонавирді қолданғанда дозасын осы сияқты түзету керек.
Кларитромициннің басқа дәрілік препараттарға әсері
Пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин, ривароксабан,эдоксабан, апиксабан)
Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттар (DOAC)
Дабигатран DOAC Р-гликопротеиннің ағып шығуын тасымалдағыш үшін субстрат болып табылады. Ривароксабан мен эдоксабан, апиксабан CYP3A4 арқылы метаболизденеді және сонымен қатар, Р-гликопротеин үшін субстрат болып табылады. Кларитромицинді аталған агенттермен бір мезгілде тағайындаған кезде, әсіресе, қан кету қаупі жоғары пациенттерге сақтық таныту керек.
Аритмияға қарсы препараттар. Маркетингтен кейінгі тәжірибеде кларитромицинді хинидинмен немесе дизопирамидпен бір мезгілде қолданғанда екібағытты тахикардия жағдайлары анықталған.
Кларитромицинді аталған препараттармен бір мезгілде қолданғанда QT аралығының ұзаруын дер кезінде анықтау үшін, ЭКГ-мониторинг жүргізу ұсынылады. Кларигетпен емдеу кезінде аталған препараттардың қан сарысуындағы концентрациясын бақылап отыру керек. Кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қолданғанда гипогликемия жағдайлары туралы да хабарлар бар.
Кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қабылдағанда қандағы глюкоза деңгейін қадағалау керек.
Пероральді гипогликемиялық дәрілер мен инсулин. Кларитромицинді және натеглинид пен репаглинид сияқты белгілі гипогликемиялық дәрілерді бір мезгілде қолданғанда CYP3A энзимінің тежелуі байқалуы мүмкін, ол гипогликемияны туындатуы мүмкін. Глюкоза деңгейін мұқият мониторингілеу ұсынылады.
CYP3A-байланысты өзара әрекеттесулер. CYP3A ферментінің тежегіші ретінде белгілі кларитромицинді және алғашқыда CYP3A арқылы метаболизденетін кез келген басқа препаратты бір мезгілде қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін, ол, өз кезегінде, оның емдік әсерін және жағымсыз реакцияларын күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.
Дәрілік заттарды – CYP3A субстраттарын қабылдап жүрген пациенттерде, кларитромицинді қолданғанда, әсіресе егер соңғыларының емдік диапазоны тар болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы энзиммен экстенсивті метаболизденсе, сақтық таныту керек. Кларитромицинді бір мезгілде қолданып жүрген пациенттерде CYP3A арқылы метаболизденетін дәрілік заттың дозасын өзгерту және сарысудағы концентрацияларын мониторингілеу қажет болуы мүмкін.
Келесі дәрілік препараттар немесе препараттар тобы сол бір CYP3A изоферменттерімен метаболизденетіні белгілі: альпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин), пимозид, хинидин, рифабутин, силденафил, симвастатин, такролимус, терфенадин, триазолам мен винбластин, бірақ бұл тізім толық емес. Осындай өзара әрекеттесу механизмі Р450 цитохромы жүйесінің басқа изоферментімен метаболизденетін фенитоинді, теофиллинді және вальпроатты қолданғанда байқалған.
Омепразол
Кларитромицинмен бір мезгілде қабылдаған кезде омепразолдың плазмадағы тепе тең концентрациясының жоғарылауы (Cmax, AUC0-24 және t1/2 сәйкесінше 30%, 89% және 34%-ға жоғарылауы) байқалды. Асқазандағы pH көрсеткішінің орташа мәні омепразолды бөлек қабылдағанда 5,2 және омепразолды кларитромицинмен бірге қабылдағанда 5,7 құрады.
Силденафил, тадалафил және варденафил
Фосфодиэстераза тежегіштерін (силденафил, тадалафил және варденафилді) кларитромицинмен бірге қолданғанда олардың плазмалық концентрациялары жоғарылауы ықтимал, бұл фосфодиэстераза тежегіштерінің дозасын азайтуды талап етуі мүмкін.
Теофиллин, карбамазепин
Кларитромицинмен бірге қабылдағанда теофиллин мен карбамазепиннің айналымдағы концентрациясының аздаған, бірақ статистикалық тұрғыдан маңызды (p≤0,05) жоғарылауы бар.
Толтеродин негізінен Р450 цитохромының 2D6-изоформасы (CYP2D6) арқылы метаболизденеді. Алайда, CYP2D6-сыз пациенттерде метаболизм CYP3A арқылы жүреді. Аталған популяцияда CYP3A бәсеңдеуі толтеродиннің плазмалық концентрациясының айтарлықтай жоғарылауына алып келеді. Осындай пациенттер үшін толтеродинді кларитромицин сияқты CYP3A тежегіштерімен қолданғанда, оның дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.
Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам).
Пероральді мидазолам мен кларитромицинді бірге қабылдауға болмайды.
Мидазоламды кларитромицинмен вена ішіне қолданғанда дозасын дер кезінде түзету үшін, пациенттің жай-күйіне мұқият мониторинг жүргізу керек.
Триазолам мен альпразоламды қоса, CYP3A арқылы метаболизденетін басқа бензодиазепиндерді қолданғандағыдай сақтық шараларын қадағалау керек. Элиминациясы CYP3A-ға тәуелді емес бензодиазепиндер (темазепам, нитразепам, лоразепам) үшін кларитромицинмен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесудің даму ықтималдығы аз.
Кларитромицин мен триазоламды бірге қолданғанда өзара әрекеттесу және орталық жүйке жүйесі тарапынан дәрілік жағымсыз құбылыстардың дамығаны (ұйқышылдық және сананың шатасуы секілді) туралы маркетингтен кейінгі хабарлар бар. ОЖЖ тарапынан фармакологиялық әсерлердің артуы мүмкіндігін ескере отырып, пациентті бақылауға алу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Аминогликозидтер: кларитромицин мен басқа отоуытты препараттарды, әсіресе аминогликозидтерді бірге қабылдауды сақтықпен тағайындау керек.
Колхицин
Колхицин CYP3A үшін де және сондай-ақ, p-гликопротеиннің эффлюксті тасымалдаушысы үшін субстрат болып табылады. Кларитромицин мен басқа макролидтер CYP3A және p-гликопротеиннің тежегіштері болып табылатыны белгілі. Кларитромицин мен басқа макролидтер CYP3A және p-гликопротеиннің тежегіштері болып табылатыны белгілі. Кларитромицин мен колхицинді бір мезгілде қолданған жағдайда, кларитромициннің p-гликопротеин мен CYP3A тежеуі колхицин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Пациенттерде колхицинмен уыттанудың клиникалық көріністерін қадағалау қажет. Бауыр мен бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге кларитромицинмен бір мезгілде қабылдағанда колхициннің дозасын төмендету қажет. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге кларитромицин мен колхицинді бірге қабылдауға болмайды.
Гидроксихлорохин және хлорохин:
Жүрек аритмиясы мен күрделі, жағымсыз жүрек-қантамыр оқиғаларын тудыруы ықтималдығына байланысты, QT аралығын ұзартатыны белгілі бұл препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде кларитромицинді сақтықпен пайдалану керек.
Дигоксин P-гликопротеиннің (Pgp) субстраты болып саналады. Кларитромициннің Pgp бәсеңдетуге қабілетті екендігі белгілі. Бір мезгілде қолданғанда, Pgp бәсеңдеуі дигоксин экспозициясының жоғарылауына алып келуі мүмкін. Маркетингтен кейінгі бақылауда кларитромицинді дигоксинмен бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің қан сарысуында дигоксин концентрациясының жоғарылауы анықталды. Кейбір пациенттерде дигиталистік уыттылық белгілері, соның ішінде өлімге соқтыруы ықтимал аритмиялар дамыған. Оны кларитромицинмен қолданғанда пациенттердің қан сарысуындағы дигоксин концентрациясын мұқият бақылау керек.
Зидовудин. АИТВ инфекциясын жұқтырған ересек пациенттердің кларитромицин таблеткалары мен зидовудинді бір мезгілде пероральді қабылдауы зидовудиннің тепе-тең концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Оларды бір мезгілде пероральді қабылдаған жағдайда кларитромицин зидовудиннің сіңірілуіне әсер етеді, оған кларитромицин мен зидовудинді қабылдаулар арасында 4 сағаттық аралықты сақтау жолымен едәуір дәрежеде жол бермеуге болады. АИТВ инфекциясын жұқтырған пациент балаларда кларитромицин суспензиясын зидовудинмен және дидеоксиинозинмен бір мезгілде қабылдаған жағдайда аталған өзара әрекеттесу туындамайды.
Фенитоин мен вальпроат. Тосыннан келген есептерді нәтижелері бойынша, кларитромицин сияқты CYP3A тежегіштері мен метаболизміне теориялық тұрғыдан CYP3A қатыспайтын препараттар (мысалы, фенитоин және вальпроат) арасында өзара әрекеттесу байқалады. Осындай препараттарды кларитромицинмен бірге тағайындағанда олардың қан сарысуындағы деңгейіне талдау жүргізу ұсынылады. Осы препараттардың сарысудағы концентрациясының жоғарылағаны туралы мәліметтер бар.
Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттар (DOAC)
DOAC препараттары дабигатран мен эдоксабан P-gp тасымалдаушысы үшін субстраттар болып табылады. Ривароксабан мен апиксабан CYP3A4 көмегімен метаболизденеді және P-gp үшін субстрат болып табылады. Кларитромицинді осы препараттармен бір мезгілде қолданғанда, әсіресе қан кету қаупі жоғары пациенттерге сақтық таныту керек.
Қастауыш алкалоидтарын, пероральді мидазоламды, негізінен CYP3A4 арқылы метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін (мысалы, ловастатин мен симвастатинді), колхицинді, тикагрелорды, ивабрадинді және ранолазинді қабылдағанда да кларитромицинді қолдануға болмайды.
Кортикостероидтар
Кортикостероидтардың жүйелі әсерінің күшеюі ықтималдығына байланысты, кларитромицинді негізінен CYP3A арқылы метаболизденетін жүйелі және ингаляциялық кортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту керек. Бір мезгілде қолданғанда пациенттер жүйелі кортикостероидтардың жағымсыз әсерлеріне қатысты қатаң бақылауда болуы тиіс.
Дәрілік препараттармен екі бағытты өзара әрекеттесуі
Атазанавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады. Осы препараттар арасында екібағытты өзара әрекеттесу дәлелденген. Кларитромицин (500 мг күніне екі рет) мен атазанавирді (400 мг күніне бір рет) бірге қолдану кларитромицин экспозициясының екі есе жоғарылауына, 14-OH-кларитромицин экспозициясының 70%-ға төмендеуіне және атазанавирдің AUC 28%-ға жоғарылауына алып келеді. Кларитромицин айтарлықтай емдік ауқымымен сипатталатындықтан, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде кларитромициннің дозасын төмендету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа дәрежесі бар (КК 30-дан 60 мл/мин дейін) пациенттер үшін, кларитромициннің дозасы 50%-ға төмендетілуі тиіс. КК минутына 30 мл аз пациенттер үшін кларитромициннің дозасы сәйкесінше дәрілік түрін пайдалану жолымен 75%-ға төмендетілуі тиіс. Протеаза тежегіштерімен бірге қабылдағанда кларитромициннің дозасы күніне 1000 мг-ден аспауы тиіс.
Кальций өзекшелерінің блокаторлары. Артериялық гипотензияның даму қаупіне байланысты кларитромицинді CYP3A4 арқылы метаболизденетін кальций өзекшелері блокаторларымен (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) бір мезгілде сақтықпен қолдану керек. Өзара әрекеттескенде кларитромициннің де, кальций өзекшелері блокаторларының да плазмалық концентрациялары жоғарылауы мүмкін. Кларитромицинді верапамилмен бірге қабылдаған пациенттерде артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз байқалды.
Итраконазол мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, соған байланысты кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейлерін жоғарылатуы және керісінше болуы мүмкін. Итраконазолды кларитромицинмен бірге қолданғанда пациенттер күшейген немесе ұзарған фармакологиялық әсерінің көріністері мен симптомдарын анықтау үшін дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс.
Саквинавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары мен тежегіштері болып табылады. Осы препараттар арасында екі бағытты өзара әрекеттесу дәлелденген. Кларитромицин (500 мг күніне екі рет) мен саквинавирді (1200 мг күніне үш рет жұмсақ желатинді қапсулаларда) бір мезгілде қабылдау саквинавирді бөлек қолданумен салыстырғанда, саквинавирдің AUC және Cmax тепе-тең көрсеткіштерінің 177% және 187%-ға жоғарылауын туындатады. Кларитромициннің AUC және Cmax көрсеткіштері кларитромицинді бөлек қабылдаумен салыстырғанда, шамамен 40%-ға жоғарылаған. Аталған дозалары мен дәрілік түрлерін қолданған жағдайда дозаны түзету талап етілмейді. Жұмсақ желатин капсулалардағы саквинавирді қолдану дәрілермен өзара әрекеттесуі жағынан қатты желатин капсулалардағы саквинавирден ерекшелеленуі мүмкін. Саквинавир мен ритонавирді кларитромицинмен біріктіргенде ритонавирдің кларитромицинмен өзара әрекеттесуі болуы мүмкіндігін ескеру керек.