Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Саудалық атауы
Климадинон
Әсер етуші зат
Цимицифуги корневища
Мақсаты
Ысыну мен қатты тершеңдік сияқты менопауза симптомдарын жеңілдетуге арналған өсімдік текті дәрілік зат
Өндіруші
Роттендорф Фарма ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат: Цимицифуга тамырсабағының құрғақ экстрактісі 20.00 мг (құрамында 2,8 мг цимицифуга тамырсабағының табиғи экстрактісі бар (5-10:1, экстрагент этанол 58% к/к) және 17,2 мг лактоза моногидраты)
қосымша заттар: кальций гидрофосфаты дигидраты, картоп крахмалы, магний стеараты, тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің (ІІІ) сары тотығы (Е 172), темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (Е 172), макрогол 6000, эудрагит RL 30D
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес және тегіс беткейлі, қоңыр қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Ысыну мен қатты тершеңдік сияқты менопауза симптомдарын жеңілдетуге арналған өсімдік текті дәрілік зат.
5.1.1. Әсер ету механизмі
Климактериялық симптомдардың жақсаруына ықпал ететін әсер ету механизмі мен компоненттері белгісіз.
Клиникалық фармакологиялық зерттеулер менопаузаға (ысыну мен қатты тершеңдік сияқты) шағымдар Cimicifuga racemosa тамырынан жасалған дәрілік заттармен емдеу кезінде жақсаруы мүмкін екенін көрсетеді.
Дозалау режимі
Ересек әйелдер бір таблеткадан күніне екі рет (таңертең және кешке) және мүмкіндігінше тәуліктің белгілі бір уақытында, шайнамай және сормай, аздаған мөлшердегі сұйықтықпен ішу керек.
Бүйрек/бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін дозалау бойынша нақты ұсыныстарға арналған деректер жеткіліксіз.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Үлбірлі қабықпен қапалған 1 таблеткадан күніне 2 рет (таңертең және кешке)
Емдеудің ұзақтығы
Егер симптомдар қолдану кезінде сақталса, дәрігермен кеңесіңіз. Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 6 айдан аса қабылдауға болмайды.
- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық
Келесі жиілік санаттары жағымсыз әсерлерді бағалау үшін қолданылады:
Өте жиі (≥1 / 10)
Жиі (≥1 / 100, <1/10)
Жиі емес (≥1 / 1000, <1/100)
Сирек (≥1 / 10000, <1/1000)
Өте сирек (<1/10000)
Белгісіз (жиілігі қолда бар деректермен бағалануы мүмкін емес)
- тері реакциялары (мысалы, есекжем, қышыну, бөрту), беттің ісінуі, шеткері ісінулер. Жиілігі белгісіз
- асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылуы (диспепсиялық бұзылыстар, диарея). Жиілігі белгісіз.
Құрамында цимицифуга бар препараттарды қабылдау бауыр уыттылығымен қатар жүруі мүмкін (гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуын қоса). Жиілігі белгісіз.
Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде дәрілік затты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Күтілген дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препарат жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: симптоматикалық ем.
Бауыр аурулары бар пациенттерге анамнезінде Климадинон таблеткаларын сақтықпен қабылдаған жөн, бұл пациенттерде бауыр функциясына тест жүргізген жөн.
Егер оларда бауырдың зақымдалуын куәландыратын белгілер мен симптомдар пайда болса (шаршау, тәбеттің жоғалуы, тері мен көздің сарғаюы немесе іштің жоғарғы бөлігінде жүрек айнуы және құсу немесе күңгірт несеппен қатар жүретін қатты ауырсыну), пациенттер Климадинон қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу керек.
Егер қынаптан қан кету немесе басқа симптомдар пайда болса, дәрігерге жүгіну керек.
Климадинон үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, егер дәрігер ұсынбаса, эстрогендермен бірге пайдаланылмауы тиіс.
Сүт безі обырын немесе басқа да гормонға тәуелді ісіктерді емдеу курсын өткерген немесе емдеу курсынан өтіп жүрген пациенттерге дәрігермен кеңесуінсіз Климадинонды қолдануға болмайды.
Егер дәрілік затты пайдалану кезінде симптомдар нашарласа, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
Арнайы ескертулер
Қант диабетімен ауыратындар
Климадинон үлбірлі қабықпен қапталған таблеткасы құрамында лактоза бар. Галактозаны көтере алмаушылығық, лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактозаның мальабсорбциясын тұқым қуалаған проблемалары бар пациенттерге Климадинон үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын қабылдамаған жөн.
Бір таблетканың құрамында 0,01 нан бірлігі (НБ) бар.
Педиатрияда қолдану
Климадинон таблеткаларының қауіпсіздігі мен тиімділігі балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде белгіленбеген. Бұл педиатриялық популяцияда Климадинон қабықпен қапталған таблеткалары қолданылмайды.
Препараттың көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Белгісіз. Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ
Климадинон үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын жүктілік және лактация кезінде қолдануға болмайды.
Хабарланбады.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.