ОБГЕ менопаузадан кейінгі симптомдарын емдеу үшін тек өмір сапасына жағымсыз ықпал ететін симптомдар болғанда ғана бастаған жөн.
Барлық жағдайларда, кем дегенде, жыл сайын қауіп/артықшылық арақатынасын мұқият бағалау керек және ОБГЕ артықшылықтар қауіптен жоғары болған жағдайда ғана жалғасуы керек
Мерзімінен бұрын басталған менопаузаны емдеу кезінде ОБГЕ байланысты қауіптер туралы деректер шектеулі. Жас әйелдерде төмен абсолюттік қауіпті ескере отырып, осы әйелдердегі артықшылығы мен қауіптерінің арақатынасы жасы үлкендеу әйелдерге қарағанда жағымдырақ болуы мүмкін.
Медициналық тексеру және кеңес беру
ОБГЕ бастар алдында немесе қайтадан бастайтын кезде, әйелге мұқият жалпы медициналық тексеруден (отбасылық анамнезді зерттеуді қоса) және гинекологиялық тексеруден (сүт бездерін зерттеуді және цервикалды шырышты цитологиялық зерттеуді қоса) өту, қарсы көрсетілімдер мен сақтық шараларын ескеру ұсынылады. Емдеу үдерісінде жиілігі жеке тәртіпте анықталатын мезгіл-мезгіл бақылау зерттеулері жүргізілуі керек.
Әйелге сүт бездеріндегі кез-келген өзгерістер туралы дәрігерге немесе мейірбикеге хабарлау керек екендігі туралы хабарлау керек. Маммографияны қоса, сүт бездерін тексеру белгіленген скрининг кестесіне сәйкес және жеке клиникалық қажеттілікке байланысты жүргізілуі керек.
Бақылауды қажет ететін жай-күйлер
Егер келесі жай-күйлердің қандай да бірі бұрын байқалса, қазіргі уақытта болса және/немесе жүктілік кезінде немесе бұрын жүргізілген гормондық ем кезінде нашарласа, пациентті мұқият бақылау керек.
Климонорм® препаратымен ем жүргізу кезінде бұл жай-күйлер қайта басталуы және/немесе күшеюі мүмкін екенін назарға алу қажет:
- лейомиома (фибромиома) немесе эндометриоз
- қауіп факторлары, соның ішінде анамнездегі тромбоэмболиялық бұзылулар
- эстрогенге тәуелді ісіктердің даму қаупінің факторлары (мысалы туыстығы 1 дәрежелі туысқан әйелде сүт безі обырының болуы)
- артериялық гипертензия
- бауыр аурулары (мысалы, бауыр аденомасы)
- қантамыр бұзылуларымен немесе оларсыз қант диабеті
- өт-тас ауруы
- бас сақинасы немесе айқын бас ауырулары
- жүйелі қызыл жегі
- анамнездегі эндометрий гиперплазиясы
- эпилепсия
- бронх демікпесі
- отосклероз
Препаратты қабылдауды дереу тоқтату үшін себептер
- сарғаю немесе бауыр функциясының нашарлауы
- артериялық қысымның елеулі жоғарылауы
- бас сақинасы тәрізді бас ауыруының қайта пайда болған ұстамалары
- жүктілік
Эндометрий гиперплазиясы және эндометрий обыры
Жатыры алынбаған әйелдерде эстрогендермен ұзақ уақыт монотерапия кезінде эндометрий гиперплазиясы немесе карциномасының даму қаупі артады.
Тек эстрогенді қабылдайтын әйелдерде эндометрий обырының даму қаупі емдеу ұзақтығына және эстроген дозасына байланысты эстрогенді пайдаланбайтын әйелдермен салыстырғанда 2-ден 12 есеге дейін жоғары. Емдеуді тоқтатқаннан кейін қауіп шамамен 10 жыл бойы жоғары болып қалады.
Жатыры алынбаған әйелдерде циклдік режимде 28 күндік цикл үшін кем дегенде прогестагенді 12 күн қосу немесе біріктірілген эстроген-прогестагендік препаратпен үздіксіз ем, құрамында тек эстроген бар ОБГЕ байланысты жоғары қауіптің алдын алады.
Жатырдан лақылдап қан кетулер мен жағынды бөліністер кейде емдеудің алғашқы бірнеше айы ішінде білінуі мүмкін. Егер жатырдан лақылдап қан кетулер мен жағынды бөліністер бірнеше емдеу циклдерінен соң дамыса, немесе емдеуді тоқтатқаннан кейін де жалғаса берсе, себебін зерттеу қажет, ол зерттеуге эндометрийдегі қатерлі үдерісті жоққа шығару үшін эндометрий биопсиясын қамтуы мүмкін.
Сүт безінің обыры
Барлық деректер ОБГЕ қабылдайтын әйелдерде сүт безі обырының пайда болуының жоғары қаупін көрсетеді: құрамында біріктірілген эстроген-прогестаген бар немесе құрамында тек эстроген бар. Көрсетілген қауіп ОБГЕ қабылдау ұзақтығына байланысты.
Біріктірілген эстроген-прогестаген емі
Зерттеулер ОБГЕ үшін біріктірілген эстроген-прогестагендерді қабылдайтын әйелдерде сүт безі обырының жоғары қаупін растайды, ол шамамен 3 (1-4) жылдан кейін пайда болады.
Эстрогендермен монотерапия
Зерттеу ОБГЕ үшін тек эстрогендерді қабылдайтын гистерэктомиядан кейін әйелдерде сүт безі обырының даму қаупінің жоғарылауын анықтамады. Зерттеулер бақылау деректері бойынша, негізінен эстроген-прогестаген біріктірілімінде ОБГЕ қабылдайтын әйелдерге қарағанда сирек диагностикаланатын сүт безі обырының даму қаупінің шамалы жоғарылауы туралы хабарлайды.
Үлкен мета-талдаудың нәтижелері емдеуді тоқтатқаннан кейін қауіп уақыт өте келе төмендейтінін және бастапқы деңгейге оралуға кететін уақыт ОБГЕ пайдалану ұзақтығына байланысты екенін көрсетті. Егер ОБГЕ 5 жылдан астам уақыт бойы қабылданса, қауіп 10 жыл немесе одан да көп уақытқа сақталуы мүмкін.
ОБГЕ, әсіресе біріктірілген эстроген-прогестагендік препараттармен, маммографиядағы сүт бездерінің тығыздығын арттырады, бұл сүт безі обырының рентгенологиялық анықталуына теріс әсер етуі мүмкін.
Аналық без обыры
Аналық бездің обыры сүт безі обырына қарағанда едәуір сирек байқалады.
Құрамында тек эстрогендер бар препараттармен ОБГЕ ұзақ уақыт бойы пайдалану (5 жыл немесе одан да көп) аналық без обыры қаупінің елеусіз жоғарылауымен астасады.
Онымен байланысты қауіп біріктірілген ОБГЕ пайдаланған кезде салыстырмалы немесе сәл төмен деп болжанады.
Веналық тромбоэмболия
ОБГЕ веналық тромбоэмболия (ВТЭ), яғни терең веналар тромбозы мен өкпе эмболиясы дамуының 1,3 есе жоғары салыстырмалы қаупімен байланысты болуы мүмкін. Мұндай құбылыстардың пайда болуы ықтималдылығы ОБГЕ алғашқы жылы ішінде анағұрлым жоғары.
Тромбоэмболиялық жай-күйлері бар пациенттерге ВТЭ даму қаупі жоғары. ОБГЕ бұл қауіпті арттыруы мүмкін. Демек, ОБГЕ мұндай пациенттерде қолдануға болмайды.
ВТЭ дамуы қаупінің жалпыға белгілі факторлары эстрогендерді пайдалану, жас үлкендігі, ауқымды хирургиялық араласулар, ұзаққа созылған иммобилизация, семіздік (дене салмағының индексі 30 кг/м2 асады), жүктілік және босанғаннан кейінгі кезең, жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және обыр болып табылады.
Веналардың варикозды кеңеюі ВТЭ дамуындағы ықтимал рөлі туралы мәселе даулы болып қала береді.
Операциядан кейінгі кезеңде барлық әйелдерде операциядан кейінгі кезеңдегі ВТЭ алдын алу үшін профилактикалық шараларды қарастыру қажет. Ұзаққа созылған, әдетте, ауқымды хирургиялық операциядан кейін жүргізілетін иммобилизация жағдайларында, оны жүргізгенге дейін 4-6 апта бұрынғы мерзімде ОБГЕ уақытша тоқтату қажеттілігі туралы мәселені шешу керек. Иммобилизация аяқталғанша қабылдауды қайта бастамаған жөн.
Жеке анамнезінде ВТЭ жоқ, бірақ жас кезінде тромбозы бар жақын туыстары бар әйелдерде оның шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты егжей-тегжейлі кеңес беруден кейін скрининг ұсынылуы мүмкін (тромбофилиясы бар пациенттердің барлығы скрининг кезінде анықталмауы мүмкін). Отбасы мүшелерінде тромбоздармен байланысты тромбофилиялық ақау анықталған жағдайда, немесе егер бұл «ауыр» ақау болса (мысалы, антитромбин, протеин S немесе протеин C тапшылығы, немесе ақаулардың біріктірілімі), мұндай жағдайларда ОБГЕ қолдануға болмайды.
Емдеудің қаупі мен пайдасының арақатынасы, антикоагулянтты емдеудегі әйелдерде мұқият саралануы және талқылануы тиіс.
Климонорм® препараты аясында ВТЭ пайда болуы кезінде, емдеуді дереу тоқтату керек. Әйел препаратты қабылдауды тоқтатуы және вена тромбозының симптомдары дамыса, мысалы аяқтың ауыруы және/немесе ісінуі пайда болған кезде; кеуденің кенеттен қатты ауыруы мен ентігу кезінде дәрігерге қаралуы қажет.
Эстроген+прогестагендермен біріктірілген ем
Біріктірілген эстроген-прогестагендік ОБГЕ пайдалану кезіндегі ЖИА салыстырмалы қаупі елеусіз артқан. ЖИА бастапқы абсолюттік қаупі жас шамасымен тікелей байланысты болғандықтан, эстроген-прогестагенді препараттарын пайдалану кезінде ЖИА қосымша жағдайларының саны менопауза жақындаған әйелдерде көп емес, бірақ жас ұлғайған сайын артуы мүмкін.
Эстрогендермен монотерапия
Жатыры алынып тасталған, тек эстрогендермен ОБГЕ қабылдаған әйелдерде ЖИА даму қаупінің артқаны анықталған жоқ.
Ишемиялық инсульт
Біріктірілген эстроген-прогестагенді препараттармен ОБГЕ немесе эстрогендермен монотерапия кезінде ишемиялық инсульт қаупі 1,5 есе артады. Салыстырмалы қауіп жасқа немесе менопаузаның ұзақтығына байланысты өзгермейді. Алайда, ишемиялық инсульттің бастапқы қаупі тікелей жасқа байланыста екендігін ескере отырып, әйелдерде жалпы инсульт қаупі ОБГЕ қабылдау аясында жас ұлғая келе арта түседі.
Жүректің ишемиялық ауруы
ОБГЕ біріктірілген эстроген-прогестагенді ем немесе эстрогендермен монотерапия әйелдерді, олардың жүректің ишемиялық ауруынан зардап шегіп жүрген-жүрмегендігіне қарамастан, миокард инфарктісінен қорғайтындығына дәлелдер жоқ.
Басқа жай-күйлер
Эстрогендер организмде сұйықтықтың іркілуіне ықпал етуі мүмкін, осыған байланысты жүрек-қантамыр немесе бүйрек бұзылулары бар пациенттер мұқият тексерілуі тиіс. Бүйректің терминальді жеткіліксіздігі кезінде мұқият мониторинг қажет, өйткені қан плазмасында Климонорм® препаратының айналымдағы белсенді заттарының деңгейі жоғарылауы мүмкін.
ОБГЕ жүргізу кезінде бұрын триглицеридтер деңгейі жоғары болған әйелдерді ерекше бақылау қажет, өйткені сирек жағдайларда ОБГЕ қолдану қандағы триглицеридтер деңгейінің елеулі артуын туындатуы мүмкін, бұл жедел панкреатиттің даму қаупін арттырады.
Эстрогендер тиреоид байланыстыратын глобулин деңгейін арттыруы мүмкін, бұл айналымдағы жалпы тиреоидты гормон деңгейінің жоғарылауына әкеледі, бұл йод ақуыздарымен байланысқан (ИАБ) Т4 деңгейінен (бағандық немесе радиоиммунологиялық тәсілмен өлшеген кезде) немесе радиоиммунологиялық тәсілмен өлшенген Т3 деңгейінен анықталады. Бос Т3 пен Т4 деңгейі өзгермейді. Сондай-ақ басқа байланыстыратын глобулиндердің, мысалы кортикостероид- байланыстыратын глобулин; жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулиндер деңгейінің жоғарылағаны білінуі мүмкін, бұл сәйкесінше айналымдағы кортикостероидтар мен жыныстық гормондар деңгейінің артуына әкеледі. Бос немесе биологиялық белсенді гормондардың концентрациясы өзгеріссіз қалады. Ренин/ангиотензин субстраттары, альфа-1-антитрипсин, церулоплазмин сияқты басқа плазма ақуыздарының жоғарылағаны байқалады.
ОБГЕ аясында когнитивтік функцияның жақсарғаны білінген жоқ.
65 жастан кейін үздіксіз ОБГЕ пайдалана бастаған әйелдерде деменцияның ықтимал дамуының жоғары қаупі туралы деректер бар.
Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдерде экзогенді эстрогендер аталған ауруға түрткі болуы немесе симптомдарын ушықтыруы мүмкін.
Препаратты галактозаға толеранттылықтың бұзылуымен, Lapp лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен байланысты сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулар болған кезде қолдануға болмайды.
АЛТ жоғарылауы
С гепатитін емдеуге арналған рибавиринмен немесе онсыз дасабувир және омбитасвир/паритапревир/ритонавир біріктірілген препараты қолданылған клиникалық сынақтар барысында этинилэстрадиол бар препараттарды, мысалы, біріктірілген гормональді контрацептивтерді (БГК) қолданатын әйелдерде АЛТ деңгейінің қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен астам жоғарылауы айтарлықтай жиі байқалды. Сонымен қатар, глекапревир/ пибрентасвир немесе софосбувир/велпатасвир/воксилапревирмен емделген пациенттерде құрамында этинилэстрадиол бар БГК сияқты препараттарды қабылдаған әйелдерде АЛТ деңгейінің жоғарылауы байқалды.
Эстрогендік компоненті ретінде құрамында этинилэстрадиол емес, мысалы, эстрадиол және рибавиринмен немесе онсыз дасабувир және омбитасвир/паритапревир/ритонавир бар дәрілік препараттарды қабылдайтын әйелдерде АЛТ деңгейінің жоғарылау жиілігі эстрогенді қабылдамайтын әйелдерде байқалғанға ұқсас, алайда мұндай эстрогендерді әйелдердің шектеулі саны алатындығына байланысты келесі біріктірілген емдеу режимдерін бір мезгілде тағайындауға сақтықпен қарау керек: рибавиринмен немесе онсыз дасабувир және омбитасвир/паритапревир/ритонавирмен, глекапревир/пибрентасвир немесе софосбувир/велпатасвир/воксилапревирмен.