Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для ректального применения
Саудалық атауы
КЛИН ЭНЕМА
Әсер етуші зат
Натрия фосфат
Мақсаты
Іштің қатуында, тік ішектің эндоскопиялық зерттеуіне дайындықта
Өндіруші
Набикасим Индастриз (Пвт) Лтд
Ел
Пакистан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
120 мл препарат құрамында
белсенді заттар: натрий дигидрофосфаты – 19.20 г,
натрий гидрофосфаты – 7.20 г
қосымша заттар: натрий бензоаты, ионсызданған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Иісі жоқ мөлдір, түссіз сұйықтық
Ересектерде:
- іштің қатуында
- тік ішектің эндоскопиялық зерттеуіне дайындықта
- құрсақ қуысы ағзаларының рентгенологиялық зерттеуіне дайындықта
- құрсақ қуысы ағзаларына жүргізілетін хирургиялық операцияларға дайындықта, сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңде
ATХ коды A06AG01
Әсер ету механизмі
Препарат – тұзды іш жүргізгіш, оның әсері осмостық үдерістердің көмегімен ішек саңылауындағы судың іркілуін арттыруға негізделген. Ішекте сұйықтықтың жинақталуы ішек перистальтикасының күшеюіне және оның ары қарай тазаруына алып келеді. Әсерінің басталу уақыты енгізгеннен кейін 2 - 5 минут.
Дозалау режимі
Ректальді, 1 құты, құрамында 135 мл ерітінді бар.
Құты бір реттік қолдануға арналған.
Құтының ішіндегісін аяғына дейін қысып шығару міндетті емес, өйткені оның ішінде препараттың 15 мл артық мөлшері бар.
Енгізу әдісі және жолы
Ректальді
Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі
Бір реттік
Емдеу ұзақтығы
Клизманы 24 сағат ішінде бір реттен артық пайдалану зиянды болуы мүмкін.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Симптомдары: препараттың жоғары дозаларын қолданғанда ауыр уыттану (соның ішінде өліммен аяқталатын) дамуы мүмкін. Препараттың артық дозалануы кезінде гиперфосфатемия, гипернатриемия, гипокальциемия, ацидоз, тетания және гипернатриемиялық дегидратация дамығаны байқалған.
Емі. Уыттану кезінде су-электролиттік теңгерімді демеп тұруға, сондай-ақ экзогендік фосфорды шығарып тастауға бағытталған шараларды жүргізу көрсетілген.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік препаратты қолдану тәсілі туралы сұрақтар туындаған жағдайда медицина немесе фармацевтика қызметкеріне жүгіну қажет.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жекелей аса жоғары сезімталдық
- ішектің бітелуі
- ішектің тесілуі
- геморроидальді қан кетулер, ішектің қабыну аурулары
- артқы өтіс сызаттары
- АІЖ төменгі бөліктерінің эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары
- бүйрек аурулары (оның ішінде анамнезде)
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Сирек
-аллергиялық реакциялар
-жүрек айнуы, құсу
-іштің ауыруы, шаршау сезімі, іштің кебуі
-жергілікті тітіркендіргіштік әсері(күйдіру,қышыну,ауырсыну)
-егде жастағы пациенттерде ішектегі жасушадан тыс сұйықтықтың жылжуы салдарынан қатты және кенеттен болған сусыздану
-құрысуларға, летаргияға және комаға әкелетін гипокалиемия, гипокальциемия, гипернатриемия, ацидоздың пайда болуына түрткі болатын туындаған гиперфосфатемия
Өте сирек
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Қолданар алдында оң аяқ тізе буынынан бүгілген немесе екі аяқ та тізе мен кеуде аралығында бүгілген қалпында, сол жамбаста жату керек. Бөтелкенің қорғаныш қалпақшасын шешіп, майланған ұштықты жайлап тік ішекке енгізу қажет. Бөтелке-баллонды қысу арқылы сұйықтықты ішекке айдайды. Ұштықты тік ішектен шығарып алады. Пациент жоғарыда аталған қалыпты ішегін босатуға деген өте қатты қажеттілік пайда болғанша сақтауы тиіс.
Арнайы сақтандырулар
Ұштығын тік ішекке енгізген кезде сақтық таныту қажет. Клизманы гастроинтестинальді бітелуде, іркілісті жүрек жеткіліксіздігінде, жуан ішектің патологиялық кеңеюінде (туа біткен және жүре пайда болған), жедел бүйрек жеткіліксіздігінде немесе бұрын электролиттік теңгерім бұзылуы байқалса, сондай-ақ диуретиктерді қолданған пациенттерге, егер колостомия орын алса, (жиек ішекке тесік орнату) сақтықпен қолдану керек.
Натрий фосфаты қосылыстарының негізіндегі препараттардың дозасын арттырған кезде жағымсыз әсерлердің әлеуетті қаупі 55 жастан асқан тұлғаларда, сусыздану бар науқастарда, бүйрек аурулары, ішектің бітелуі немесе ішек қабынуы бар пациенттерде жоғары.
КЛИН ЭНЕМА құрамында натрий фосфаттары – натрий гидрофосфаты және натрий дигидрофосфаты бар, ол дозадан асып кеткен кезде гиперфосфатемияға әкелуі мүмкін.
Қосымша заттардың құрамында натрий бензоаты (E211) бар, ол жергілікті қолданған кезде терінің және шырышты қабықтың тітіркенуін тудырады.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Препаратты қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданғаннан кейін, препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері байқалмаған.
Клизманы кальций өзектерінің блокаторларын қолданып жүрген пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Литий препараттары немесе организмнің электролиттік теңгеріміне ықпал ететін басқа да препараттар, ол гиперфосфатемияға, гипокальциемияға, гипернатриемиялық дегидратацияға және ацидозға әкелуі мүмкін.
Бүйрек функциясына әсер ететін препараттарды қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Бұл препараттарға жоғары қан қысымын емдеу үшін қолданылатын АӨФ тежегіштері, ангиотензин рецепторларының блокаторлары, сондай-ақ аспирин, ибупрофен және напроксен сияқты стероидты емес қабынуға қарсы препараттар жатады. Психотроптық дәрілерді қабылдайтын тұлғалар және Паркинсон ауруын емдеу кезінде КЛИН ЭНЕМА клизмасын сақтықпен қолдану керек.
Клизма пероральді контрацептивтердің, эпилепсияға қарсы және диабетке қарсы препараттардың сіңуін баяулатуы немесе толығымен бөгеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 15 оС-ден 30 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.