Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем
Дозасы
0.1 % +0.1%
Саудалық атауы
КЛОБЕТОЛИН
Әсер етуші зат
Бетаметазон в комбинации с антибиотиками
Мақсаты
Гентамицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан салдарлы инфекциямен асқынған жергілікті кортикостероидтық препараттарға сезімтал қабынбалы дерматоздар немесе осындай…
Өндіруші
IDI FARMACEUTICI SRL
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 г препараттың құрамында, граммда:
белсенді заттар: 0.166 г гентамицин сульфаты (0.100 г - гентамицинге баламалы), 0.122 г бетаметазон валериаты (0.100 г бетаметазонға баламалы)
қосымша заттар: цетостеарил спирті (Lanette 0), цетомакрогол, ақ вазелин, сұйық парафин, натрий фосфаты, фосфор қышқылы, хлоркрезол, тазартылған су***
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Біртекті ақ крем, өзіне тән иісі бар
Гентамицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан салдарлы инфекциямен асқынған жергілікті кортикостероидтық препараттарға сезімтал қабынбалы дерматоздар немесе осындай инфекциялардың қосылу мүмкіндігіне күдік болғанда
Белсенді заттар ретінде бұл препараттың құрамында бетаметазон валериаты және гентамицин бар.
Бетаметазон дерматологияда жергілікті қолдануға арналған синтетикалық фторланған адренокортикостероид болып табылады; оның айқын қабынуға қарсы, иммуносупрессивті және антипролиферативті әсері бар. Бұл елеусіз минералокортикоидты әсерімен үйлесімде жоғары кортикостероидты белсенділігі болатын преднизолонның синтетикалық аналогы. Жергілікті қолдануға арналған кортикостероидтар, оның ішінде бетаметазон валериаты, қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және тамыр тарылтатын әсерін көрсетеді. Жергілікті кортикостероидтар оларды пайдалану ақталған кейбір дерматоздарды емдеуге пайдаланылады.
Жергілікті кортикостероидтардың нақты әсер ету механизмі белгісіз, алайда бұл қабынуға қарсы, иммуносупрессивтік және антипролиферативтік әсерлердің үйлесімі деп пайымдалады, олардың ішінде барынша маңыздысы спецификалық емес қабынуға қарсы әсері болып табылады. Кортикостероидтар қабынудың химиялық медиаторлары (хинин, гистамин, лизосомальді ферменттер, простагландиндер) түзілуінің, босап шығуының және белсенділігінің төмендеуіне ықпал етеді. Жоғарыда көрсетілген медиаторлардың көмегімен жүзеге асатын қабыну реакциялары басталуы үшін лейкоциттер мен макрофагтар болуы қажет, ал жергілікті қолданылатын кортикостероидтар зақымдану ошағына жасушалардың көшуін тежейді, қантамырлар өткізгіштігін кеңейту және жоғарылату дәрежесін жергілікті азайтуға ықпал етеді. Тамыр тарылтатын әсері сарысу экстравазациясы азаюын қамтамасыз етеді, сонан соң, ісіктердің түзілуін қайтаруға мүмкіндік береді. Кортикостероидтар III және IV типтер аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуына қатысты – аллергиялық тері васкулитін туындатып және бірге аллергиялық жанаспалы дерматит түріндегі аллергиялық реакция тудыратын лимфокиндердің, нысана-жасушалардың және макрофагтардың әсеріне кедергі жасап, қантамыр жақтауларына жиналатын антиген-антидене кешендерінің уытты белсенділігін тежеу арқылы иммуносупрессивті әсерін байқатады. Кортикостероидтар сондай-ақ макрофагтардың және сенсибилизацияланған Т-лимфоциттердің нысана-жасушаларға жеткізілуіне жол бермейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Бетаметазон валериаттың және жергілікті қолданылатын басқа да белгілі фторланған кортикостероидтардың фармакодинамикалық тиімділігін салыстыру мақсатында тамыр тарылтатын әсерді салыстыру бойынша Макензи (McKenzie) тесті жүргізілді. Бір зерттеудің шеңберінде бетаметазон валериатты пайдаланғанда флуоцинолон ацетонидті, флуокортолон капронатты және флуметазон пивалат бетаметазон валератты пайдалануға қарағанда анағұрлым жоғары бозаңдық деңгейі (р < 0,05) белгіленгені анықталды.
Гентамицин айқын бактерицидті белсенділікке ие аминогликозидтік антибиотик болып табылады. Бұл негізінде С2, С2 және C1а сияқты құрылымы жағынан ұқсас гомологтардың қоспасы. Гентамицин ақуыздар синтезін бактериялар жасушаларында бактериялық рибосомалардың 30S суббірлігінде белгілі бір рецепторлық ақуызбен байланысу арқылы РНҚ мен 30S суббірлігі арасында инициальді кешеннің жұмысын бұзады, бұл ақуыздар синтезінің тежелуіне әкеледі. Нәтижесінде ДНҚ қате «оқылуы» орын алуы мүмкін, ал ол функционалдық емес ақуыздар пайда болуына әкеледі. Нәтижесінде бактерицидтік әсері болады.
Гентамициннің тиімділігі көбінде микробқа қарсы әсер ету орнында (Cmax) қол жеткізілетін ең жоғары концентрация арақатынасына және осы патогенді микроорганизмдер үшін ең төменгі тежегіш концентрация шамасына (ЕТТК) байланысты.
Бактериялардың гентамицинге резистенттілігінің пайда болуы келесі механизмдерге байланысты:
• Ферментативті инактивация: ең көп таралған механизм аминогликозид молекулаларының ферментативті модификациясы. Бұл үдеріске ацетилтрансферазалар, фосфотрансфераздар немесе нуклеотидилтрансферазалар қатысады, олардың кодтаушы гендері негізінен плазмидалар құрамында болады.
• Транслокацияның енуі мен белсенділігінің төмендеуі: бұл механизм негізінен Pseudomonas aeruginosa бактериялардың штаммдарында кездеседі.
• Кейбір құрылымдардың өзгеруі: кейде резистенттіліктің ықтимал себебі рибосома құрылымының өзгеруі болып табылады.
Гентамицин мен басқа аминогликозидтер арасында айқаспалы резистенттілік кең таралған.
Сериялық бағалаудың стандартталған әдісін пайдалану кезінде сезімтал және тұрақты бактерияларды бөлу үшін ЕТТК мынадай мәндері қабылданды:
Еуропадағы Микробқа қарсы сезімталдықты тестілеу комитеті (European Committee on Antimicrobial Susceptibility Testing, EUCAST) ұсынған шектер
Инфекция қоздырғышы — Сезімтал — Төзімді
Enterobacteriaceae — ≤ 2 мг/л — > 4 мг/л
Pseudomonas spp — ≤ 4 мг/л — > 4 мг/л
Acinetobacter spp. — ≤ 4 мг/л — > 4 мг/л
Staphylococcus spp. — ≤ 1 мг/л — > 1 мг/л
Штаммға тәуелді емес шектер * — ≤ 2 мг/л — > 4 мг/л
* Мәндер негізінен препараттың қан сарысуындағы фармакокинетикасына құрылады
Бұл деректер көбіне препараттың қан сарысуындағы белгілі бір деңгейлеріне жетуіне негізделген. Алайда, гентамициннің жергілікті дәрілік түрлері үшін EUCAST ұсынылған мәндері ешқандай рөл атқармайды, өйткені кремді жергілікті қолданғаннан кейін антибиотиктің концентрациясы көрсетілген шекаралардан 250-500 есе асып кетеді.
Қолдану орнында антибиотиктің жоғары концентрациясының салдарынан микроорганизмдерде тұрақтылық дамуы екіталай. In vitro жағдайларында көп орталықты зерттеулер барысында гентамицинге бактериялық төзімділіктің қалыптасуын анықтау үшін S. aureus және S. pyogenes барлық штамдары ЕТТК 128 мг/л деңгейінде сезімталдықты сақтағаны анықталды. Гентамицинді кремді түрінде қолданғанда жергілікті 1000 мг/л концентрацияға қол жетеді, сондықтан алтын түстес стафилококктың және пиогенді стрептококктың резистентті штамдарының пайда болуы байқалмайды.
Штаммдардың жүре пайда болған резистенттілікпен таралуы географиялық аймаққа және бактериялардың штаммдарына байланысты ауытқуы мүмкін. Резистенттілігі бойынша, әсіресе ауыр инфекцияларды емдеу қажет болған жағдайда, жергілікті ақпаратпен танысу ұсынылады. Егер белгілі бір аймақтағы резистенттілік жағдайына байланысты, әсіресе ауыр инфекциялар немесе сәтсіз емдеу жағдайында гентамициннің тиімділігіне қатысты мәселе туындаса, қоздырғышты анықтау және оның гентамицинге сезімталдығын анықтау үшін микробиологиялық қызметті қосу және микробиологиялық диагностика жүргізу қажет.
Дозалау режимі
Егер өзгеше көрсетілмесе, крем ересектерде күніне бір немесе екі рет және балаларда күніне бір рет қолданылуы керек. Жағдайы жақсарған кезде [зақымдану ошағы] препаратты қолдану жиілігі төмендеуі мүмкін.
Қолдану тәсілі
Кремді терінің зақымдалған бөлігіне ақырын ысқылап, жұқа қабатпен қолдану керек. Терінің өңделетін аумағы дене беткейінің жалпы ауданының 10%-нан аспауы тиіс.
Балаларда препаратты мүмкіндігінше ең қысқа уақыт ішінде және терінің шағын бөліктерінде ғана қолдану керек. Препаратты балаларда қолдану үлкен сақтықты талап етеді, өйткені ересектерде кортикостероидты препараттарды қолданумен салыстырғанда балаларда бұл заттардың тері арқылы сіңірілуі мүмкін. Бетаметазонның сіңу ықтималдығына байланысты, бұл препаратты окклюзиялық таңғышпен бірге қолдануға болмайды.
Кремді майлы тері үшін немесе тері зақымдануларының ылғалды ошақтарын емдегенде пайдаланады.
Енгізу жолы және тәсілі
Тек сыртқа қолдану үшін.
Емдеу ұзақтығы
Препаратта гентамицин болуына байланысты ересектерде емдеу 7-10 күннен, ал балаларда 7 күннен аспауы тиіс. Тиісті клиникалық көрсетілімдер кезінде (кейбір дерматоздарда, күшті кортикостероидтарды қолдану қажеттілігі болмаса немесе гентамицинге сезімтал суперинфекция қоздырғыштары болмаған кезде) әсер ету күші төменірек кортикостероидпен немесе басқа антибиотиктермен монотерапия түрінде емдеуді жалғастыру керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Препаратты барынша ең қысқа уақытқа қолдану қажет. Емдеу ұзақтығын аурудың ауырлығына байланысты емдеуші дәрігер анықтауы керек.
˗бетаметазон валериатына және гентамицинге немесе препараттың кез келген қосымша заттарына немесе басқа аминогликозидтерге және глюкокортикоидтарға аса жоғары сезімталдық
˗ жүктілік
˗вирустық инфекциялар, оның ішінде поствакциналық инфекциялар және желшешек
˗тері туберкулезі және мерез
˗терінің вирустық инфекциялары (қарапайым герпес, белдемелі герпес)
˗розацеа және розацеа-тәрізді дерматит
˗дерматомикоздар
˗офтальмологиялық аурулар
˗қан сарысуында уытты концентрацияларына жету қаупіне байланысты жүйелі аминогликозидтерді қатар қолдану
˗бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
˗1 жасқа дейінгі балалар
Белгісіз (қолжетімді деректер негізінде анықтау мүмкін емес).
• шымылдату, қышыну, тітіркену, құрғақтық, фолликулит, гипертрихоз, акне тәрізді бөртпе, гипопигментация, дерматит, розацеа-тәрізді (периоральді) дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит, тері мацерациясы, тері атрофиясы, стриялар мен тершеңдік
• терінің салдарлы инфекциялары
• бұлыңғыр көру.
Препаратты дене беткейінің ауқымды жерлеріне қолданған кезде, окклюзиялық таңғышты қолданған кезде немесе жоғары жүйелі абсорбция мүмкіндігіне байланысты ұзақ емдеген кезде ерекше назар аудару қажет.
Ересектерден айырмашылығы, балалар экзогенді кортикостероидтарды қолдануға қатысты анағұрлым сезімтал. Кортикостероидтар жүйелі абсорбциясының жоғарылауына және балалардағы тері беткейінің ауданы мен дене салмағының арақатынасының үлкен мәніне байланысты гипоталамустық-гипофизарлық-бүйрекүсті безінің жүйесін бәсеңдетеді.
Препараттың құрамына кіретін хлорокрезол аллергиялық тері реакцияларын тудыруы мүмкін.
Балалар
Жергілікті кортикостероидтармен емдеу кезінде балаларда гипоталамус-гипофизді-бүйрекүсті безі осінің бәсеңдеуі, Кушинг синдромы, бойдың линиялық тежелуі, дене салмағы өсуінің тежелуі және бассүйекішілік гипертензия (гидроцефалия) оқиғалары тіркелген. Балаларда бүйрек үсті безі функциясының бәсеңдеу белгілері қан плазмасындағы кортизолдың төмен деңгейі және АКТГ (адренокортикотроптық гормон) стимулциялауға реакцияның жоқтығы болып табылады.
Бассүйекішілік гипертензияның көріністеріне еңбектің ісуі, бас ауыруы және екі жақты папиллярлық ісіну жатады.
Жергілікті қолданылатын гентамицин грануляция және жаралардың жазылу үдерісін қиындатуы мүмкін.
Сондай-ақ жергілікті қолданылатын гентамицин әсіресе үлкен жараларды қайта емдеуде отоуыттылық, нефроуыттылық белгілерінің және вестибулярлық реакциялардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда гентамицинмен емдеу теріні тітіркендіреді (эритема, қышыну).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс немесе ауқымды қолдану (созылмалы артық дозалану немесе шамадан артық пайдалану) гипоталамустық-гипофизарлы-бүйрекүсті безі функциясының бәсеңдеуін тудыруы мүмкін. Оған қоса, кортикостероидтарды шамадан тыс пайдалану Кушинг синдромының дамуына ықпал етуі мүмкін.
Жергілікті антибиотиктерді артық немесе ауқымды қолдану жараның зеңдік колонизациясына немесе қоздырғыштың антибиотиктік-резистентті нұсқасының қалыптасуына әкелуі мүмкін.
Емі
Егер препарат кездейсоқ ішке немесе шамадан тыс дозада жергілікті қолданылса немесе тым ұзақ уақыт бойы қолданылса, тиісті симптоматикалық ем көрсетіледі.
Кортикостероидтар артылуының жедел симптомдар әдетте қайтымды.
Қажет болса электролиттік теңгерімсіздік белгілерін жою керек.
Созылмалы уыттылық жағдайында кортикостероидтарды баяу тоқтату ұсынылады.
Сезімтал емес микроорганизмдер өскен жағдайда емдеу тоқтатылуы және тиісті ем тағайындалуы тиіс.
Кремді көзге, құлаққа және басқа да шырышты қабықтарға жақпаңыз. Ол окклюзиялық таңғыш астында пайдаланылмауы керек.
Арнайы сақтандырулар
Кремді сақтықпен қолдану керек, себебі оның құрамына гентамицин кіреді. Антибиотикотерапияға адекватты емес жауап беру жағдайларын белгілеу және антибиотикотерапия қарсы көрсетілген жағдайларды анықтау керек.
Кремді бет терісіне жаққан кезде сақтық таныту қажет. Ұзақ мерзімді үздіксіз емнен немесе препараттың сіңуі және жүйелі абсорбциясы мүмкін болғандықтан препаратты терінің үлкен аумақтарына қолданудан аулақ болу керек.
Бұл крем аяқтың төменгі бөлігіндегі жаралық және варикоздық ойықжараларды емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.
Кортикостероидтарды жергілікті қолданғанда, препараттың жүйелі сіңуінің нәтижесі ретінде бүйрек үсті безі функциясының бәсеңдеуін қоса, жүйелі жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін. Сәбилер мен балалар осы жағымсыз реакциялардың пайда болуына өте әлсіз.
Кортикостероидтарды жергілікті қолданғанда жүйелі сіңуі, әсіресе олардың әсер ету күшімен, емдеу мерзімдерінің ұлғаюымен, жағу беткейінің ауданымен, сондай-ақ тері қыртыстарында қолдану кезіндегі сияқты артады.
Гентамицинді енгізумен тері инфекцияларын емдеу аллергиялық реакциялардың даму қаупін тудырады. Гентамицин жанаспалы аллерген болып табылады, сенсибилизацияның туындау жиілігі өсу үрдісімен 1,4 %-ға жуық. Емдеу ұзақтығының ұлғаюымен аллергияның туындау қаупі артады. Неомицин және канамицин сияқты басқа аминогликозидтермен бірге гентамицин аллергендер тобына жатады. Жергілікті қолданылатын гентамицинге аллергиялық реакция болашақта гентамицинді және басқа аминогликозидтерді жүйелі енгізуді жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Кейбір жағдайларда антибиотиктерді ұзақ мерзім немесе ауқымды қолдану патогенді микроорганизмдердің тұрақты нұсқаларының, оның ішінде зеңдердің қалыптасуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, сондай-ақ емдеу уақытында терінің тітіркенуі, аллергиялық реакция пайда болғанда немесе суперинфекция дамығанда гентамицин енгізуді тоқтату және тиісті ем тағайындау керек.
Егер препарат дене беткейінің ауқымды жерлерінде, әсіресе ұзақ емдеу кезінде немесе тері зақымдалған болса, жергілікті қолданылатын гентамициннің жүйелі абсорбциясы өсуі мүмкін. Бұл жағдайларда, әсіресе балаларда ерекше назар аудару қажет, өйткені гентамицинді жүйелі қолданғаннан кейінгі сияқты жағымсыз әсерлердің пайда болуы мүмкін.
Жүйелі абсорбция кезінде аминогликозидтердің нейробұлшықеттік тежегіш әсері болуы мүмкін, миастениясы, Паркинсон ауруы және бұлшықет әлсіздігімен қатар жүретін басқа да бұзылыстары бар пациенттерде немесе осындай тежегіш әсерге ие басқа дәрілік заттармен бірге ем алатындарда сақтық сақтау ұсынылады.
Препаратты тілерсек венасының варикоздық ауыруы кезіндегі жаралар мен ойықжараларды (трофикалық ойықжаралар) емдеуде қолданбаған жөн.
Қосымша заттар
Препараттың құрамында цетостеарил спирті бар. Цетостеарил спирті жергілікті тері реакцияларын (мысалы, дерматиттер) тудыруы мүмкін
Көрудің бұзылуы
Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолдану кезінде көрудің бұзылуы туралы хабарлануы мүмкін. Егер пациентте бұлыңғыр көру немесе көздің басқа да бұзылыстары сияқты симптомдар пайда болса, пациент кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті пайдаланғаннан кейін хабарланған катарактаны, глаукоманы немесе орталық серозды хориоретинопатия (CSCR) сияқты сирек кездесетін ауруларды қамтуы мүмкін себептерді бағалау үшін офтальмологқа жолдануы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсері туралы деректер жоқ.
Жүктілік кезінде препаратты қолдануға болмайды.
Емшек емізу кезеңінде КЛОБЕТОЛИН препаратын қолдану қатаң көрсетілімдер бойынша мүмкін, бірақ бұл ретте препаратты емізер алдында сүт безінің терісіне қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолдану
Препаратты балаларға 1 жастан бастап, сақтықпен және барынша қысқа мерзімге тағайындауға болады.
Пациенттердің педиатриялық тобы жергілікті кортикостероидтар туындатқан гипоталамус-гипофизді-бүйрекүсті безі осінің бәсеңдеуіне және ересек пациенттермен салыстырғанда тері беткейі ауданының дене салмағына анағұрлым жоғары арақатынасына байланысты абсорбцияның жоғарылауынан сыртқы кортикостероидтардың басқа да әсерлеріне анағұрлым сезімтал.Жергілікті кортикостероидтармен ем қабылдаған балаларда гипоталамус-гипофизді-бүйрекүсті безі осінің бәсеңдеуі, Кушинг синдромы және бассүйекішілік қысымның жоғарылауы байқалды.
Балалардағы бүйрек үсті безі функциясы бәсеңдеуінің көріністері өсудің тежелуі, дене салмағының өсуінің тежелуі, плазмадағы холестерин деңгейінің төмендеуі және АКТГ (адренокортикотроптық гормон) стимуляциясына реакцияның болмауы сияқты симптомдарды қамтиды. Бассүйекішілік гипертензия еңбектің ісуімен, бас ауыруымен және екі жақты папиллярлық ісінумен көрініс табады.
Осы препараттың емдік әсерінің бәсеңдеуі мүмкін болғандықтан, басқа дерматологиялық препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды.
Гентамицин амфотерицинмен В, гепаринмен, сульфадиазинмен, бета-лактамды антибиотиктермен (мысалы, цефалоспориндермен) өзара әрекеттеседі.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.