Жалпы нұсқаулар
Клодифенді симптомдарды бақылауға қажетті ең қысқа уақыт ішінде ең аз тиімді дозада қолданған кезде жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін азайтуға болады.
Синергетикалық терапиялық әсердің дәлелдерінің болмауына және аддитивті жағымсыз реакциялардың даму қаупіне байланысты Клодифенді 2 типті циклооксигеназаның селективті тежегіштерін (COX-2) қоса, жүйелі ҚҚСП-мен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Жалпы медициналық себептерге байланысты егде жастағы пациенттерде Клодифенді қолданғанда сақтық таныту керек. Атап айтқанда, әлсіреген егде жастағы немесе салмағы төмен егде жастағы пациенттерде препаратты ең аз тиімді дозада қолдану ұсынылады.
Басқа ҚҚСП сияқты, диклофенакты қолданғанда аллергиялық реакциялар, соның ішінде анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар дамуы мүмкін. Олар дәрілік затты алғаш рет қолданған кезде де пайда болуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакциялары өршіген кезде миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін ауыр аллергиялық реакция - Коунис синдромы да дамуы мүмкін. Мұндай реакциялардың симптомдары кеуденің ауыруын қамтуы мүмкін, оның пайда болуы диклофенакқа аллергиялық реакциямен байланысты.
Басқа ҚҚСП сияқты, диклофенак инфекциялық аурулардың белгілері мен симптомдарын бүркемелей алады, бұл оның фармакодинамикалық қасиеттеріне байланысты.
Бұлшықет әлсіздігін, бұлшықет салдануын, гипестезия, тері тамырларының дәрілік эмболиясын (Николау синдромы) және тіндердің некрозын қамтуы мүмкін енгізу орнында жағымсыз реакциялардың пайда болуын болдырмау үшін препаратты инъекцияға енгізу бойынша тиісті нұсқауларды қатаң сақтау қажет.
Асқазан-ішек жолдары (АІЖ) тарапынан реакциялар
Асқазан-ішектен қан кету (қан құсу, мелена), кейде өліммен аяқталатын ойық жаралар мен перфорациялардың пайда болу жағдайлары алдыңғы симптомдардың болуына немесе анамнезінде АІЖ тарапынан ауыр аурулардың болуына қарамастан, диклофенакты қоса, ҚҚСП тобындағы дәрілік заттармен емдеудің әртүрлі кезеңдерінде байқалды. Бұл жағдайда, әдетте, ауыр салдарлар егде жастағы пациенттерге тән. Егер Клодифенді қолданған кезде пациентте асқазан-ішектен қан кетсе немесе ойық жара пайда болса, препаратты қолдануды тоқтату керек.
ҚҚСП, оған қоса диклофенакты қолданған кезде, асқазан-ішек жолдарының бұзылуын немесе асқазан немесе ішек жарасын, асқазан-ішектен қан кетуді немесе перфорацияны көрсететін симптомдары бар пациенттерде ерекше күтім қажет, сондай-ақ мұндай пациенттерді мұқият медициналық бақылау қажет. Диклофенакты қоса, ҚҚСП қолданғанда асқазан-ішектен қан кету, ойық жараның дамуы немесе дозаның ұлғаюымен перфорация қаупі артады. Анамнезінде ойық жарасы бар, әсіресе қан кетумен немесе перфорациямен асқынған пациенттерде бұл жоғарылаған.
Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП қолданумен байланысты жағымсыз реакциялардың жиілігі, әсіресе өлімге әкелуі мүмкін асқазан-ішектен қан кету және перфорация жоғарылайды.
Анамнезінде ойық жарасы бар, әсіресе қан кетумен немесе перфорациямен асқынған пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде асқазан-ішек жолдарының жағымсыз реакцияларының пайда болу қаупін азайту мақсатында бастапқы және демеуші терапияны Клодифенді ең аз тиімді дозада қолдану арқылы жүргізу керек.
Мұндай пациенттерде, сондай-ақ АСҚ төмен дозада немесе асқазан-ішек жолдарының жағымсыз реакцияларының даму қаупін арттыратын басқа препараттарды қабылдайтын пациенттерде гастропротекторлық терапияны (мысалы, мизопростол немесе протонды помпа тежегіштерін (ППТ)) қолдану туралы ойлану керек.
Клодифенді қолданған кезде пациенттер, әсіресе анамнезінде АІЖ тарапынан жағымсыз реакциялар бар егде жастағылар дәрігерге кез келген ерекше абдоминальді симптомдар (атап айтқанда, асқазан-ішектен қан кету) туралы хабарлауы керек.
Клодифенді бір мезгілде жүйелі глюкокортикостероидтар (ГКС) сияқты ойық жараның пайда болу немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін дәрілік заттарды, антикоагулянттар, мысалы, варфарин, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ) немесе антиагреганттар, мысалы АСҚ қабылдайтын пациенттерде қолданғанда сақтық танту керек.
Клодифенді ойық жаралы колитке немесе Крон ауруына шалдыққан пациенттерде сақтықпен қолдану керек, сондай-ақ мұндай пациенттерді мұқият медициналық бақылау қажет, өйткені препарат жоғарыда аталған аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін.
ҚҚСП, оған қоса диклофенакты қолдану асқазан-ішек анастомозының дұрыс орнатылмауы даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Клодифенді АІЖ ағзаларында хирургиялық араласудан кейін пациенттерде сақтықпен қолдану керек, бұл ретте оларды мұқият бақылау қажет.
Бауыр тарапынан реакциялар
Клодифен препаратын қолданған кезде бауыр функциясы бұзылған пациенттерді мұқият медициналық бақылауды қамтамасыз ету қажет, өйткені олардың жағдайы нашарлауы мүмкін.
Басқа ҚҚСП сияқты, диклофенакты қолданған кезде қан плазмасындағы бір немесе бірнеше бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылауы мүмкін. Диклофенакпен ұзақ уақыт емдеу кезінде сақтық шарасы ретінде бауыр функциясының тұрақты мониторингі жүргізілуі керек.
Егер Клодифен препаратымен емдеу кезінде бауырдың функционалдық көрсеткіштері тарапынан бұзылулар тұрақты сипатта болса немесе нашарласа, бауыр функциясының бұзылуын көрсететін клиникалық симптомдар немесе белгілер пайда болса немесе басқа көріністер (эозинофилия, бөртпе) пайда болса, препаратты қолдануды тоқтату керек.
Диклофенакты қолданған кезде гепатит, оның ішінде продромальді симптомдарсыз гепатит дамуы мүмкін.
Бауыр порфириясы бар пациенттерде диклофенакты сақтықпен қолдану керек, себебі ол жоғарыда аталған аурудың өршуіне әкелуі мүмкін.
Бүйрек тарапынан реакциялар
ҚҚСП, оған қоса диклофенакпен емдеу кезінде, организмде сұйықтықтың іркілуі және ісіну дамиды деген хабарламалар бар. Сондықтан Клодифен препаратын жүрек немесе бүйрек функциясы бұзылған, анамнезінде артериялық гипертензиясы бар пациенттерде, егде жастағы пациенттерде, диуретиктермен немесе бүйрек функциясына айтарлықтай әсер етуі мүмкін басқа да препараттармен ем қабылдайтын пациенттерде, сондай-ақ себептеріне қарамастан жасушадан тыс сұйықтық көлемі төмендеген пациенттерде қолданған кезде, мысалы ауыр хирургиялық араласуларға дейін және одан кейін ерекше сақ болу керек. Мұндай пациенттерде сақтық шарасы ретінде Клодифен препаратымен емдеу кезінде бүйрек функциясын бақылау ұсынылады; әдетте, жоғарыда аталған өзгерістер қайтымды сипатқа ие және емдеуді тоқтатқаннан кейін байқалмайды.
Тері реакциялары
Өте сирек жағдайларда, ҚҚСП, оған қоса диклофенакты қолданғанда, пациенттерде эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты ауыр тері реакциялары байқалды, соның ішінде өліммен аяқталады. Мұндай реакциялардың пайда болу қаупі терапияның бастапқы кезеңіне тән - олар негізінен ҚҚСП емдеудің бірінші айында тіркелді. Клодифен препаратын қолдануды тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдану белгілері немесе аса жоғары сезімталдық реакцияларына байланысты басқа симптомдар пайда болған кезде тоқтату керек.
Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің аралас ауруы
Жүйелі қызыл жегі немесе дәнекер тінінің аралас ауруы бар пациенттерде диклофенакты қолданған кезде асептикалық менингит туындау қаупі артуы мүмкін.
Жүрек-тамыр және цереброваскулярлық әсерлер
Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша I класс) немесе жүрек-қантамыр асқынуларының (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, темекі шегу) маңызды қауіп факторлары бар пациенттерде Клодифенді пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана қолдану керек.
Диклофенакпен емдеудің дозасы мен ұзақтығының жоғарылауымен жүрек-қантамыр асқынуларының даму қаупі жоғарылауы мүмкін болғандықтан, препаратты ең қысқа уақыт ішінде ең аз тиімді дозада қолдану керек. Симптоматикалық диклофенак терапиясының қажеттілігін және пациенттің емге реакциясын мезгіл-мезгіл бағалау ұсынылады.
ҚҚСП, оған қоса диклофенакты қолдану ағзадағы сұйықтықтың іркілуімен және ісінудің дамуымен байланысты болғандықтан, Клодифенді қолданған кезде тиісті бақылау жүргізіліп, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша I класс) бар пациенттерге, сондай-ақ артериялық гипертензиясы бар пациенттерге қажетті нұсқаулар берілуі керек.
Клиникалық және эпидемиологиялық зерттеу нәтижелері диклофенакпен емдеу кезінде, әсіресе препаратты жоғары дозада (тәулігіне 150 мг) және ұзақ уақыт қолданғанда артериялық тромбоздың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) пайда болу қаупі артатынын көрсетеді.
Пациенттер кенеттен пайда болуы мүмкін ауыр артериялық тромбоздың белгілері мен симптомдарын (мысалы, кеуденің ауыруы, ентігу, әлсіздік, сөйлеу бұзылыстары) дамуына мұқият болуы керек. Мұндай симптомдар пайда болған жағдайда пациент дереу дәрігерге қаралуы керек.
Гематологиялық әсерлер
Диклофенакпен ұзақ мерзімді емдеу кезінде, басқа ҚҚСП сияқты, пациенттерде қан талдауын бақылау ұсынылады.
Диклофенак тромбоциттердің агрегациясын қайтымды тежеуі мүмкін. Клодифен препаратымен емдеу кезінде гемостаз, геморрагиялық диатез және басқа да гематологиялық бұзылулары бар пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Бұрын диагностикаланған бронх демікпесі
Бронх демікпесі, маусымдық аллергиялық ринит, мұрын шырышты қабығының ісінуі (яғни мұрын полиптері), өкпенің созылмалы обструктивті аурулары немесе тыныс алу жолдарының созылмалы инфекциялары (әсіресе аллергиялық ринитке ұқсас симптомдармен қатар жүретін) бар пациенттерде бронх демікпесінің өршуі (анальгетиктерді көтере алмау деп аталатын/анальгетиктерді қабылдаудан туындаған бронх демікпесі) сияқты ҚҚСП аса жоғары сезімталдық реакциялары, Квинке ісінуі немесе есекжем басқа пациенттерге қарағанда жиі дамиды. Осыған байланысты, мұндай пациенттерде Клодифен препаратын қолданған кезде арнайы сақтық шараларын сақтау ұсынылады (шұғыл медициналық көмекті қажет ететін жағдайдың туындауына дайындық), бұл басқа заттарға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге де қатысты (мысалы, тері реакциялары, қышыну немесе есекжем).
Простагландин синтетазасының белсенділігін тежейтін басқа препараттарды қолдану сияқты, бронх демікпесі бар пациенттерде, соның ішінде диклофенак және басқа ҚҚСП препараттарын қолданғанда бронх түйілуі дамуы мүмкін.
Әйелдердегі фертильділік
Диклофенак фертильділікке теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан жүктілікті жоспарлаған әйелдерге Клодифенді қолдану ұсынылмайды. Жүкті бола алмайтын немесе бедеулікке байланысты тексерілетін әйелдерде препаратты қолдануды тоқтату туралы қарастыру керек.
Инъекция орнындағы реакциялар
Диклофенак инъекциясынан кейін енгізу орнында реакциялар, оған қоса енгізу орнындағы некроз және Николау синдромы деп аталатын тері тамырларының дәрілік эмболиясы (әсіресе байқаусызда тері астына инъекциядан кейін) туралы хабарланды. Диклофенакты енгізу кезінде тура келетін инені таңдап, инъекция техникасын сақтау керек.
Қосымша заттар
Клодифеннің құрамында бір ампулада (3 мл) 120 мг бензил спирті бар, бұл аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін 40 мг/мл-ге сәйкес келеді; жүктілік немесе бала емізу кезеңіндегі әйелдерде және бауыр немесе бүйрек аурулары бар пациенттерде оның жинақталуы және жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі бар (метаболизмдік ацидоз).
Клодифеннің құрамында натрий метабисульфиті бар, ол сирек аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары мен бронх түйілуін тудыруы мүмкін.
Клодифеннің құрамында бір ампулада 600 мг пропиленгликоль бар (3 мл), бұл 200 мг/мл-ге сәйкес келеді.
Клодифеннің құрамында бір ампулада (3 мл) 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
Арнайы ескертулер
Балалар мен жасөспірімдер
Препарат балаларда қолдануға ұсынылмайды.
Әйелдердегі фертильділік
Диклофенак, басқа ҚҚСП сияқты, фертильділікке теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан жүктілікті жоспарлап отырған әйелдерге Клодифенді қолдану ұсынылмайды. Жүкті бола алмайтын немесе бедеулікке байланысты тексерілетін әйелдерде препаратты қолдануды тоқтату туралы қарастыру керек.