Әсер ету механизмі
Клопидогрел метаболиттерінің бірі тромбоциттер агрегациясының тежегіші болып табылатын ізашар дәріге жатады. Клопидогрел тромбоциттер агрегациясын бәсеңдететін белсенді метаболит түзілуі үшін CYP2C19 ферменттері арқылы метаболизмге ұшырауы тиіс. Клопидогрел белсенді метаболиті аденозиндифосфаттың (AДФ) оның Р2Ү12 тромбоцитарлық рецепторымен байланысуын және кейіннен АДФ арқылы GPIIb/IIIa гликопротеинді кешеннің белсенділенуін іріктемелі тежеп, сол арқылы тромбоциттер агрегациясына кедергі жасайды. Байланыстыру қайтымсыз болғандықтан, клопидогрелмен өзара әрекеттескен тромбоциттер өмірінің барлық кезеңінде (7-10 күнді құрайды) өзгеріссіз қалады, ал тромбоциттердің қалыпты жұмыс істеуі тромбоциттердің жаңару жылдамдығына сәйкес жылдамдықпен қалпына келеді. Сондай-ақ, тромбоциттердің АДФ-тен басқа агонистерден туындаған агрегациясы басылады, себебі препарат босатылған АДФ тромбоциттерінің белсенділенуін тежейді. Белсенді метаболит кейбіреулері полиморфты болып табылатын немесе басқа дәрілік заттармен басылатын СУР2С19 ферменттерінің әсерінен түзілетіндіктен, барлық пациенттерде тромбоциттер агрегациясының жеткілікті бәсеңдеуі бола бермейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Препаратты 75 мг қайталама тәуліктік дозаларда қолданудың бірінші күнінен бастап тромбоциттердің АДФ-индукцияланған агрегациясының елеулі баяулауы көрсетіледі. Бұл әсер біртіндеп күшейтіліп, қолданудың 3-ші және 7-ші күндері арасында тұрақтандырылады. Тұрақты жағдайда тәуліктік 75 мг дозаның әсерінен агрегацияның бәсеңдеуінің орташа деңгейі 40-60% құрайды. Тромбоциттердің агрегациясы және қан кету ұзақтығы емдеуді тоқтатқаннан кейін орта есеппен 5 күннен кейін бастапқы деңгейге оралады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Клопидогрелдің қауіпсіздігі мен тиімділігі 100 000-нан астам пациенттің қатысуымен жеті салыстырмалы жасырын зерттеулерде зерттелді: CAPRIE зерттеуі - клопидогрелді АСҚ-мен салыстыру және CURE, CLARITY, COMMIT, CHANGE, POINT және ACTIVE-A зерттеулері клопидогрел мен плацебоны АСК-мен және басқа стандартты еммен салыстырды.
Жақындағы миокард инфарктісі (МИ), жақындағы инсульт немесе шеткері артериялардың диагноз қойылған атеросклерозы
CAPRIE зерттеуіне атеротромбозбен ауыратын 19 185 пациент кірді, оның көрінісі жақында миокард инфарктісі (<35 күн бұрын), жақында ишемиялық инсульт (7 күннен 6 айға дейін) немесе шеткері артерия диагнозы қойылған. Пациенттер тәулігіне 75 мг клопидогрел немесе тәулігіне 325 мг АСҚ алу үшін рандомизацияланды, содан кейін олар 1-3 жыл бойы бақылауда болды. Миокард инфарктісінің қосалқы тобында пациенттердің көпшілігі оның дамуынан кейінгі алғашқы бірнеше күнде АСҚ алды. Клопидогрел АСҚ-мен салыстырғанда жаңа ишемиялық оқиғалардың даму жиілігін едәуір төмендетті (миокард инфарктісінен, ишемиялық инсульттен және қантамырдан болатын өлімнен тұратын біріктірілген соңғы нүкте). Зерттеу басында тағайындалған емге сәйкес талдау жүргізу кезінде клопидогрел тобындағы 939 оқиға және АСҚ тобындағы 1020 оқиға (қауіптің салыстырмалы төмендеуі (ҚСТ) — 8,7% [95% СА: 0,2 — 16,4]; p=0,045) байқалды. Яғни, 2 жыл емделген әрбір 1000 пациентке қосымша 10 [СА: 0-20] дейін жаңа ишемиялық оқиғаның дамуына жол берілмеді. Жалпы өлім-жітімді қайталама соңғы нүкте ретінде талдау клопидогрелмен жүргізілетін ем (5,8%) мен АСҚ (6%) арасында айтарлықтай айырмашылықтарды анықтаған жоқ. Тиісті аурулар (миокард инфарктісі, ишемиялық инсульт және шеткері артерия ауруы) бойынша қосалқы топтардың талдауы ең үлкен әсер (p=0,003 кезінде статистикалық сенімділікке жеткен) шеткері артериялар ауруына шалдыққан пациенттерде (әсіресе миокард инфарктімен ауыратындарда) байқалғанын көрсетті (ҚСТ=23,7%; СА: 8,9–36,2), аз әсер (АСҚ әсерінен сенімді айырмашылығы жоқ) инсульті бар пациенттерде болды (ҚСТ=7,3%; СА: –5,7–18,7 [p=0,258]). Зерттеуге енгізілген, жақында миокард инфарктісін бастан өткерген пациенттерде клопидогрелдің әсері көптеген көрсеткіштер бойынша аз болды, бірақ бұл ретте ол АСҚ әсерінен статистикалық сенімді ерекшеленбеді (ҚСТ=-4%; СА: - 22,5-11,7 [p=0,639]). Сонымен қатар, әртүрлі жастағы пациенттердің қосалқы топтарын талдау 75 жастан асқан пациенттерде клопидогрелдің пайдалы әсері 75 жасқа дейінгі пациенттерге қарағанда төмен болғанын көрсетеді. CAPRIE зерттеуінің дәлелді негізі жеке қосалқы топтар үшін тиімділікті бағалауға жеткіліксіз болғандықтан, әртүрлі аурулары бар пациенттер үшін ТСТ-да айырмашылықтар бар ма немесе айырмашылық кездейсоқ па бұл белгісіз.
Жедел коронарлық синдром
CURE зерттеуіне S–T сегментін көтерместен жедел коронарлық синдромы бар 12 562 пациент (тұрақты емес стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі) кірді, онда соңғы 24 сағат ішінде кеуденің ауыруы немесе ишемия симптомдары байқалды. Пациенттерде жаңа ишемияны немесе жүрек ферменттерінің немесе тропонин I немесе T белсенділігінің жоғарылауын көрсететін ЭКГ өзгерістері қалыптың ең жоғары шегімен салыстырғанда кемінде екі есе болды. Пациенттер клопидогрел (кейіннен 75 мг тәуліктік дозасын қолданумен 300 мг жүктеме дозасы, n=6259) немесе плацебо (n=6303), екеуі де АСҚ-мен (тәулігіне 1 рет 75-325 мг) біріктірілімде және басқа стандартты терапиямен алу үшін рандомизацияланды. Емдеу ұзақтығы 1 жылға дейін болды. CURE 823 (6,6%) зерттеуінде пациент GPIIb/IIIa гликопротеин рецепторларының антагонисімен қатар жүретін ем алды. Пациенттердің 90% - дан астамы гепарин алды. Мұндай қатарлас ем клопидогрелмен және плацебомен емдеу кезінде қан кетулердің туындауының салыстырмалы жиілігіне статистикалық тұрғыдан сенімді әсер еткен жоқ. Бастапқы соңғы нүктеге жеткен пациенттер саны [жүрек-қантамырдан болған өлім (ЖҚӨ), миокард инфарктісі немесе инсульт] клопидогрел тобында 582 (9,3%) және плацебо тобында 719 (11,4%) құрады. ОЖЖ клопидогрел тобы үшін 20% (95% СА 10-28%; p=0,00009) (консервативтік емдеу кезінде — 17%, стент орнатумен немесе орнатусыз тері арқылы транслюминальді коронарлық ангиопластиканы жүргізу кезінде — 29% және аортокоронарлық шунттауды жүргізу кезінде — 10%) құрады. Жаңа жүрек-қантамыр оқиғаларының (бастапқы соңғы нүкте) дамуының алдын алу ҚСТ -мен орын алды, ол 22 % (СА: 8,6-33,4), 32 % (СА: 12,8-46,4), 4 % (СА: -26,9-26,7), 6 % (СА: -33,5-34,3) және 14% (СА: - 31,6-44,2) тиісінше 0-1, 1-3, 3-6, 6-9 және 9-12 айлық зерттеу кезеңдерінде. Яғни, 3 айдан астам емдеуден кейін клопидогрел+АСҚ тобында жағымды әсер байқалды, енді жоғарыламады және қан кету қаупі сақталды (4.4 бөлімді қараңыз). CURE зерттеу барысында клопидогрелді қолдану тромболитикалық емге (ҚСТ=43,3%; СА: 24,3–57,5%) және GP IIb/IIIa гликопротеинді рецепторлар тежегіштерінде (ҚСТ=18,2%; СА: 6,5–28,3%) қажеттілікті азайтты. Біріктірілген бірінші соңғы нүктеге жеткен пациенттер саны (ЖҚӨ, миокард инфарктісі, инсульт немесе рефрактерлі ишемия) клопидогрел тобында 1035 (16,5%) және плацебо тобында 1187 (18,8%) болды. ҚСТ клопидогрел тобында 14% (95% СА 6-21%, p=0,0005) құрады. Осындай әсеріне негізінен миокард инфарктісі жиілігінің [287 (4,6%) клопидогрел тобында және 363 (5,8%) плацебо тобында] статистикалық мәнді төмендеуі себеп болды. Тұрақсыз стенокардия себебінен қайталанатын ауруханаға жату жиілігінің өзгеруі байқалмады. Сипаттамалары әртүрлі пациенттердің топтарында алынған нәтижелер (мысалы, тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі, төменнен жоғарыға дейінгі қауіп деңгейі, қант диабеті, реваскуляризация қажеттілігі, жасы, жынысы және т.б.) бастапқы талдау нәтижелерімен сәйкес болды. Атап айтқанда, стент (Stent-CURE) орнатылған 2172 пациентке (барлық CURE пациенттер тобының 17%) қосымша талдау плацебомен салыстырғанда клопидогрелмен емдеу кезінде сенімді ҚСТ (26,2%) байқалатынын көрсетті, бұл бастапқы соңғы нүктенің (ЖҚӨ, миокард инфарктісі, инсульт) дамуын ескертуде клопидогрелдің пайдасына, сондай-ақ екінші біріктірілген бастапқы соңғы нүкте (ЖҚӨ, миокард инфарктісі, инсульт немесе рефрактерлі ишемия) үшін шынайы ҚСТ (23,9%) айғақтайды. Сонымен қатар, пациенттердің осы қосалқы тобындағы клопидогрелдің қауіпсіздік бейіні ерекше ескертулер туындатпайды. Осылайша, пациенттер топтарын қосымша талдау нәтижелері барлық зерттеудің нәтижелеріне сәйкес келеді. Клопидогрелдің қолайлы әсері басқа жүрек-қантамыр препараттармен (гепарин/төмен молекулалы гепарин, GP IIb/IIIa гликопротеин рецепторларының тежегіштері, липидтерді төмендететін препараттар, β-адренорецепторлар блокаторлары және АӨФ тежегіштері) шұғыл және ұзақ мерзімді ем алуына қарамастан көрсетілді. Клопидогрелдің тиімділігі АСҚ дозасына байланысты болмады (тәулігіне 1 рет 75-325 мг). CLARITY және COMMIT рандомизацияланған плацебо-бақыланатын 2 салыстырмалы жасырын зерттеуде S-T сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде клопидогрелдің қауіпсіздігі мен тиімділігі бағаланды. CLARITY зерттеуіне соңғы 12 сағат ішінде S–T сегментінің көтерілуімен миокард инфарктісі болған және тромболитикалық терапия жоспарланған 3491 пациент кірді. Пациенттер фибринолитикалық препаратпен және қажет болған жағдайда, гепаринмен клопидогрел (300 мг жүктеме дозасы, одан әрі – 75 мг/тәулік, n=1752) немесе плацебо (n=1739), екеуі де АСҚ-мен біріктірілімде (150–325 мг жүктеме дозасы, одан әрі 75–162 мг/тәулік қолданумен) қабылдады. Пациенттерді әрі қарай қадағалау 30 күн жалғасты. Бірінші соңғы нүкте клиникадан шығарылу алдында ангиограммада анықталған инфарктке байланысты артерия окклюзиясы, өлім немесе коронарлық ангиография жасау алдында миокард инфарктісінің қайталануы болды. Ангиография жасалмаған пациенттер үшін бірінші соңғы нүкте өлім немесе 8 тәулікке дейін немесе клиникадан шығарылу сәтіне дейін миокард инфарктісінің қайталануы болды. Осы зерттеуге қатысқан пациенттер арасында пациенттердің 19,7%-ы әйел және 29,2%-ы 65 жастағылар және одан үлкендер болды. Жалпы, пациенттердің 99,7%-ында фибринолитикалық препараттар (фибрин спецификалық— 68,7%, фибрин спецификалық— 31,1%), 89,5% — гепарин, 78,7%-β — адренорецепторлар блокаторлары, 54,7% — АӨФ тежегіштері және 63% - статиндер алынды. Бастапқы соңғы нүктеге клопидогрел алған топтағы пациенттердің 15% - ы және плацебо алған топта 21,7% - ы жетті. Осылайша, оның абсолюттік төмендеуі клопидогрелдің пайдасына 36% басымдықпен 6,7% - ды құрады (95% СА: 24-47 %; p<0,001), негізінен артерия инфарктімен байланысты окклюзияның даму жағдайлары санының азаюына байланысты. Осындай артықшылығы жасына, жынысына, инфаркт орналасуы және фибринолитиктермен немесе гепаринмен қабылдаған ем түріне қарай бөлінген пациенттердің барлық алдын ала белгіленген қосалқы топтарында байқалды.
Екі факторлы COMМIT зерттеуінде соңғы 24 сағат ішінде миокард инфарктісінен күмәндануға мүмкіндік беретін симптомдардың туындауы байқалған 45 852 пациент қамтылды, бұл ЭКГ көрсеткіштерінің қалып шегінен ауытқуларымен (мысалы, ST сегментінің көтерілуі немесе депрессиясы немесе Гис шоғырының солжақ тармақшасының блокадасы) расталды. Пациенттер 28 күн ішінде немесе ауруханадан шығарылғанға дейін клопидогрел (тәулігіне 75 мг, n=22 961) немесе плацебо (N=22 891) АСҚ-мен (тәулігіне 162 мг) біріктірілімде алды. Біріктірілген бірінші соңғы нүктелер кез келген себеппен өліммен аяқталу және миокард инфарктісінің алғашқы қайталануы, инсульт немесе өлім болды. Пациенттер тобында 27,8% әйел, пациенттердің 58,4%-ы ≥60 жаста болды (26% ≥70 жас) және пациенттердің 54,5%-ы фибринолитикалық препараттар қабылдады.
Клопидогрел кез келген себептен өлімнің салыстырмалы даму қаупін 7% (p=0,029) және инфаркт, инсульт қайталануының немесе өлімнің салыстырмалы бірігу қаупін 9% (p=0,002) сенімді төмендетті, осы орайда салыстырмалы және абсолютті төмендеу, тиісінше, 0,5 және 0,9%-ды құрады. Осындай әсері фибринолитиктер қайбылдауға қарамастан жасы мен жынысы әртүрлі пациенттерде білінді және алғашқы 24 сағат ішінде байқалды.
ЖКС кезінде P2Y12 тежегіштерінің деэскалациясы
Зерттеуші қаржыландырған екі рандомизацияланған TOPIC және TROPICAL-ACS зерттеулерінде P2Y12 рецепторларының күшті тежегішімен емнен жедел коронарлық синдромның жедел кезеңі аяқталғаннан кейін АСҚ-мен бірге клопидогрелмен емдеуге клиникалық нәтиженің деректерімен көшу зерттелді.
P2Y12 рецепторларының неғұрлым күшті тежегіштері, тикагрелор және прасугрелмен олардың базалық зерттеулерінде алған клиникалық пайдасы ишемиялық оқиғалар қайталануының айтарлықтай төмендеуімен (стенттің (СТ) жедел және жітілеу тромбозын, миокард инфарктісін (МИ) және шұғыл реваскуляризацияны қоса) байланысты. Ишемиялық пайда бірінші жыл ішінде тұрақты болғанына қарамастан, емдеу басталғаннан кейінгі алғашқы күндерде ЖКС-дан кейін ишемиялық рецидивтің қатты төмендеуі байқалды. Керісінше, ретроспективті талдаулар P2Y12 рецепторларының неғұрлым күшті тежегіштерін қолданған кезде, негізінен демеуші фаза кезінде, ЖКС-дан кейінгі бірінші айдан соң қан кету қаупінің статистикалық маңызды жоғарылауын көрсетті. TOPIC және TROPICAL-ACS зерттеулері тиімділікті сақтай отырып, қан кетуді азайту тәсілін зерттеуге арналған.
TOPIC (Жедел коронарлық синдромнан кейін тромбоциттерді тежеу хронометражы)
Осы рандомизацияланған ашық клиникалық сынаққа тері арқылы коронарлық араласуды (ТКА) талап ететін ЖКС бар пациенттер қатысты. Аспирин мен P2Y12 рецепторларының неғұрлым күшті тежегішін қабылдаған және жағымсыз құбылыссыз пациенттер бір айдан кейін аспирин мен клопидогрелдің бекітілген біріктірілімімен емге ауыстырылды (қос антитромбоцитарлық емнің (ҚАЕ) деэскалациясы) немесе бұрын тағайындалған препараттарды қабылдауды жалғастырды (өзгермеген ҚАЕ).
ST сегментінің көтерілуімен немесе ST сегментінің жоғарылауынсыз немесе тұрақсыз стенокардиясыз миокард инфарктісі бар 646-дан 645 пациент талданды (ҚАЕ деэскалациясы (n=322); өзгермеген ҚАЕ (n=323)). Бір жыл ішінде бақылаулы қадағалау ҚАЕ деэскалациясы тобында 316 пациентке (98.1%) және өзгермеген ҚАЕ тобында 318 пациентке (98.5%) жүргізілді. Екі топтағы бақылаудың медианасы 359 күнді құрады. Зерттелген когорттың сипаттамасы 2 топта ұқсас болды.
Бастапқы біріктірілген нәтиже – жүрек-қантамырдан болатын өлім, инсульт, шұғыл реваскуляризация және қан кету ≥ 2 BARC шкаласы бойынша (Қан кету бойынша академиялық зерттеу консорциумы) ЖКС-мен ауырғаннан кейін бір жыл өткен соң, ҚАЕ деэскалациясы тобында 43 пациентте (13.4%) және өзгермеген ҚАЕ тобында 85 пациентте (26.3%) (p<0,01) тіркелді. Бұл статистикалық маңызды айырмашылық негізінен ишемиялық соңғы нүктелерде (p=0,36) тіркелген айырмасыз қан кету жағдайлары санының қысқаруына байланысты, бұл ретте ҚАЕ деэскалациясы тобында BARC шкаласы бойынша ≥ 2 қан кету өзгермеген ҚАЕ тобындағы (p<0,01) 14,9% - бен салыстырғанда сирек (4.0%) орын алды. BARC шкаласы бойынша барлық типтер ретінде анықталған қан кетулер ҚАЕ деэскалациясы тобында 30 пациентте (9.3%) және өзгермеген ҚАЕ тобында 76 пациентте (23.5%) (p<0,01) орын алды.
TROPICAL-ACS (Жедел коронарлық синдромдар кезіндегі тромбоциттерге қарсы ем кезінде тромбоциттерді тежеуге реактивтілікті тестілеу)
Осы рандомизацияланған ашық сынаққа сәтті ТАА-дан кейін биомаркерге тесттің оң нәтижесімен ЖКС бар 2610 пациент енгізілді. Пациенттер күніне 5 немесе 10 мг прасугрелді (0-14 күн) (n=1309) немесе күніне 5 немесе 10 мг прасугрелді (0-7 күн), содан кейін күніне 75 мг клопидогрелді (8-14 күн) (N=1309) АСҚ-мен (тәулігіне <100 мг) біріктіріп алу үшін топқа рандомизацияланды. 14 күннен кейін тромбоциттік функцияға (TTФ) тест жүргізілді. Тек прасугрел алған пациенттер прасугрел алуды 11.5 ай бойы жалғастырды.
Ауыстыру (деэскалация) тобындағы пациенттерде тромбоциттердің жоғары реактивтілігіне (ТЖР) тест өткізілді. Егер ТЖР ≥46 бірлік болса, пациенттер 11.5 ай ішінде қайтадан прасугрел күніне 5 немесе 10 мг-ға ауыстырылды; егер ТЖР <46 бірлік болса, пациенттер 11.5 ай ішінде күніне 75 мг клопидогрел алуды жалғастырды. Демек, басқарылатын деэскалация тобында пациенттер прасугрел (40%) немесе клопидогрел (60%) алды. Барлық пациенттер аспирин алуды жалғастырды және бір жыл бойы бақылауда болды.
Бастапқы біріктірілген соңғы нүктеге (12 айдан кейін BARC шкаласы бойынша ЖҚ өлім жиілігі, инсульт және қан кету класы ≥ 2) кем емес тиімділікпен қол жеткізілді. Басқарылатын деэскалация тобында тоқсан бес пациентте (7%) және бақылау тобындағы 118 пациентте (9%) (p тиімділігі кем емес = 0.0004) жағымсыз құбылыс орын алды. Басқарылатын деэскалация ишемиялық оқиғалардың аралас даму қаупінің (деэскалация тобында 2,5% және бақылау тобында 3,2%; p тиімділігі кем емес = 0,0115), сондай-ақ BARC шкаласы бойынша 2-типті қан кету жиілігі немесе одан да ауыр қан кету жиілігінің ((5%) деэскалация тобында және бақылау тобында 6% (p=0.23)) жоғарылауына алып келмеді. Барлық қан кетулердің жинақталған жиілігі (BARC шкаласы бойынша 1-ден 5-ке дейінгі класс) басқарылатын деэскалация тобында 9 % (114 оқиға) және бақылау тобында 11 % (137 оқиға) (p=0.14) құрады.
Орташа қауіптен жоғары қауіпке дейінгі жедел шағын ИИ немесе ТИШ кезінде қосарлы антитромбоциттік ем (ҚАЕ)
Орташа қауіптен жоғары қауіпке дейінгі жедел шағын ИИ немесе ТИШ кезінде инсульттің алдын-алу үшін емдеу ретінде АСҚ және клопидогрелмен ҚАЕ біріктірілімін (ISS) - CHANCE және POINT зерттеушілер қаржыландырған екі рандомизацияланған зерттеулерде клиникалық қауіпсіздігі және тиімділігі деректерімен бағаланды.
CHANCE (Жедел мүгедектікке ұшыратпайтын цереброваскулярлық оқиғалары бар жоғары қауіпті пациенттердегі клопидогрел)
Бұл рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, көп орталықты плацебо - бақыланатын клиникалық зерттеуге жедел ТИШ (ABCD2 шкаласы ≥4) немесе жедел шағын инсульт (NIHSS ≤3) бар 5170 қытай ұлтты пациент кірді. Екі топтың пациенттері бірінші күні АСҚ ашық алды (емдеуші дәрігердің қалауы бойынша 75-тен 300 мг дейінгі дозада). Клопидогрел-АСҚ тобына рандомизацияланған пациенттер 1 күнде 300 мг клопидогрелдің жүктеме дозасын, содан кейін 2-ден 90 күнге дейін күніне 75 мг клопидогрелдің дозасын және 2-ден 21 күнге дейін күніне 75 мг дозада АСҚ дозасын алды. АСҚ тобына рандомизацияланған пациенттер 1-ден 90 күнге дейін клопидогрел плацебо және 2-ден 90 күнге дейін күніне 75 мг дозада АСҚ алды.
Тиімділіктің алғашқы нәтижесі жедел шағын ИИ немесе жоғары қауіпті ТИШ-дан кейінгі алғашқы 90 күнде инсульттің кез-келген жаңа жағдайы (ишемиялық және геморрагиялық) болды. Олар АСҚ тобындағы 303 пациентпен (11,7%) салыстырғанда клопидогрел-АСҚ тобындағы 212 пациентте (8,2%) пайда болды (салыстырмалы қауіп [СҚ], 0,68; 95% сенімді аралық [СА], 0,57-0,81; P < 0,001). АСҚ тобындағы 295-пен (11,4%) салыстырғанда клопидогрел-АСҚ тобындағы 204 пациентте (7,9%) ИИ пайда болды (ҚҚ 0,67; 95% СА 0,56–0,81; P <0,001). Геморрагиялық инсульт зерттелетін екі топтың әрқайсысындағы 8 пациентте болды (әр топта 0,3% - дан). Орташа немесе ауыр қан кету клопидогрел-АСҚ тобындағы жеті пациентте (0,3%) және АСҚ тобындағы сегіз пациентте (0,3%) (P = 0,73) болды. Кез келген қан кету жиілігі АСҚ тобындағы 1,6%-бен салыстырғанда клопидогрел-АСҚ тобында 2,3% - ды құрады (ҚҚ 1,41; 95% СА 0,95-тен 2,10-ға дейін; P = 0,09).
POINT (жаңа ТИШ және шағын ишемиялық инсульт кезінде тромбоциттерді тежеу)
Бұл рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, көп орталықты плацебо - бақыланатын клиникалық зерттеуге жедел ТИШ (ABCD2 шкаласы бойынша≥4 ) немесе ауқымы шағын инсульт (NIHSS ≤3) бар әр түрлі елдердің 4881 пациенті кірді. Екі топтағы барлық пациенттер 1-ден 90-ға дейін АСҚ ашық алды (емдеуші дәрігердің қалауы бойынша 50-325 мг). Клопидогрел тобына рандомизацияланған пациенттер 1 күнде 600 мг клопидогрелдің, содан кейін 2-ден 90-ға дейін күніне 75 мг клопидогрелдің жүктеме дозасын алды. Плацебо тобына рандомизацияланған пациенттер 1-ден 90-ға дейін клопидогрел плацебосын алды.
Тиімділіктің бастапқы нәтижесі 90-шы күні үлкен ишемиялық оқиғалардың жиынтығы болды (ИИ, МИ немесе ишемиялық тамыр оқиғасынан өлім). Олар тек АСҚ (қауіп коэффициенті КР 0,75; 95% СА 0,59-дан 0,95 дейін; P = 0,02) алған 160 пациентпен (6,5%) салыстырғанда клопидогрел плюс АСҚ алған 121 пациентте (5,0%) болды. ИИ екінші рет шығуы клопидогрел плюс АСҚ алған 112 пациентте (4,6%), тек АСҚ (ҚҚ 0,72; 95% СА 0,56–0,92; P = 0,01) алған 155 пациентпен (6,3%) салыстырғанда орын алды. Жаппай қан кетулер бойынша қауіпсіздіктің бастапқы нәтижесі клопидогрел плюс АСҚ алған 2432 пациенттің 23-інде (0,9%) және тек АСҚ (ҚҚ 2,32; 95% СА 1,10-нан 4,87-ге дейін; P = 0,02) алған 2449 пациенттің 10-ында (0,4%) болды. Клопидогрел плюс АСҚ алған 40 пациентте (1,6%) және тек АСҚ алған 13 пациентте (0,5%) аздаған қан кету пайда болды (ҚҚ 3,12; 95% СА 1,67–5,83; P = 0,001).
CHANCE және POINT зерттеулеріндегі уақыт динамикасын талдау
ҚАЕ жалғастыру 21 күннен кейін оң нәтиже бермеді. Жүргізілген емге байланысты ауқымды ишемиялық оқиғалар мен жаппай қан кетулердің уақыт бойынша таралуы КАЕ қысқа мерзімді күндер курсының әсерін талдау үшін жасалды.
1-кесте-CHANCE және POINT зерттеулерінде жүргізілетін емге байланысты ауқымды ишемиялық оқиғалар мен жаппай қан кетулердің уақыт бойынша таралуы
Оқиғалар саны
CHANCE және POINT зерттеулеріндегі нәтижелер — Емдеу топтары — Барлығы — 1 -ші апта — 2 ші апта — 3 ші апта
Елеулі ишемиялық оқиғалар — АСҚ (n=5,035) — 458 — 330 — 36 — 21
КЛП+АСҚ (n=5,016) — 328 — 217 — 30 — 14
Айырмашылық — 130 — 113 — 6 — 7
Ауқымды қан кету — АСҚ (n=5,035) — 18 — 4 — 2 — 1
КЛП+АСҚ (n=5,016) — 30 — 10 — 4 — 2
Айырмашылық — -12 — -6 — -2 — -1
Жүрекшелер фибрилляциясы (ЖФ)
ACTIVE бағдарламасы аясында жеке зерттеулер болған ACTIVE-W және ACTIVE-А зерттеулеріне қантамыр оқиғаларының пайда болу қаупінің кемінде бір факторы болған ЖФ бар пациенттер кірді. Зерттеуге қосу критерийлеріне сүйене отырып, дәрігерлер пациенттерді ACTIVE-W зерттеуіне тартты, егер олар К дәрумені антагонистерімен (КДА) терапия алуға үміткер болса (мысалы, варфарин). ACTIVE-А зерттеуіне қарсы көрсетілімдерге немесе осы емді қабылдағысы келмеуіне байланысты КДА-терапиясын ала алмаған пациенттер енгізілді. ACTIVE-W зерттеуі КДА антикоагулянтты терапиясы клопидогрелмен және АСҚ-мен емдеуге қарағанда анағұрлым тиімді екенін көрсетті. ACTIVE-a (n=7554) зерттеуі көп орталықты, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеу болды, онда клопидогрелді тәулігіне 75 мг+АСҚ (n=3772) плацебо+АСҚ (n=3782) салыстырды. АСҚ ұсынылатын дозасы тәулігіне 75-100 мг құрады. Пациенттер 5 жылға дейінгі кезеңде ем қабылдады. ACTIVE бағдарламасына рандомизацияланған пациенттерде құжатталған ФП, яғни тұрақты ФП нысаны немесе соңғы 6 ай ішінде пароксизмальді ФП-ның кем дегенде 2 эпизоды және кем дегенде осындай қауіп факторларының бірі болған: 75 жастан жоғары немесе 55-74 жас және/немесе қант диабеті, дәрі-дәрмекпен емдеу қажеттілігі, немесе бастан өткерген миокард инфарктісі құжатпен расталған немесе жүректің ишемиялық ауруы құжатпен расталған; жүйелік АГ бойынша емдеу; бұрын болған инсульт, транзиторлы ишемиялық шабуыл (ТИШ) немесе ОЖЖ құрылымдары зақымдамаған жүйелі эмболия, сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы <45% көрсеткішімен сол қарыншаның дисфункциясы немесе құжатпен расталған шеткері қантамырлардың ауруы. CHADS2 шкаласы бойынша орташа балл 2 болды (0-6 шегінде). Пациенттерді зерттеуден шығарудың негізгі критерийлеріне соңғы 6 ай ішінде құжатпен расталған АІЖ ойық жара, анамнезінде миішілік қан кету, елеулі тромбоцитопения (тромбоциттер саны < 50·109/л); клопидогрелді немесе пероральді антикоагулянттарды (ПАК) қолдану қажеттілігі немесе осы 2 заттың қандай да біреуіне жақпаушылығы жатады. ACTIVE-А зерттеуіне енгізілген пациенттердің 73%-ы халықаралық қалыптасқан қатынасқа (ХҚҚ) мониторинг жүргізудің мүмкінсіздігіне, құлауға немесе бас жарақатының бейімділігіне немесе пациенттердің 26% - ында қан кетудің пайда болуының ерекше қауіп факторының болуына байланысты дәрігердің қорытындысына байланысты КДА ала алмады, дәрігердің шешімі пациенттің КДА-ны алғысы келмеуіне негізделді. Пациенттердің арасында 41,8% әйелдер болды. Орташа жасы 71 жас, пациенттердің 41,6% - ы 75 жастан үлкен болды. Жалпы пациенттердің 23%-ы аритмияға қарсы дәрілерді, 52,1%-ы – β-адренорецепторлардың блокаторларын, 54,6%-ы – АӨФ тежегіштерін және 25,4%-ы – статиндерді алды. Бастапқы соңғы нүктеге жеткен пациенттер саны (инсульт, миокард инфарктісі, ОЖЖ құрылымдарының зақымдануынсыз жүйелі эмболия немесе тамырлық өлімнің алғаш туындауына дейінгі уақыт) клопидогрел + АСҚ алған пациенттер тобында 832 (22,1 %) және плацебо + АСҚ тобында 924 (24,4%) (ҚСТ 11,1%-ға, 95% СА 2,4-19,1%; р=0,013) құрады, көбінесе инсульт жағдайлары санының едәуір азаюының арқасында. Инсульт клопидогрел+АСҚ қабылдаған 296 (7,8%) пациентте және плацебо+АСҚ (ҚСТ 28,4%; 95% СА 16,8–38,3%, р=0,00001) қабылдаған 408 (10,8%) пациентте пайда болды.
Балалар
Тромбоз (PICOLO) пайда болу қаупі бар 86 нәресте немесе 24 айға дейінгі сәбилер арасында дозаларды жоғарылатумен жүргізілген зерттеу барысында клопидогрелді нәрестелер мен сәбилерге 0,01, 0,1 және 0,2 мг/кг жүйелі дозаларда және тек нәрестелерге 0,15 мг/кг дозада қолданды. 0,2 мг/кг доза кезінде тромбоциттер агрегациясын тежеудің орташа көрсеткіші 49,3%-ға (тромбоциттердің АДФ-индукцияланған агрегациясының 5 мкМ) тең, бұл тәулігіне 75 мг дозада клопидогрел алған ересектердікімен салыстырмалы болды.
Параллель топтармен (CLARINET) рандомизацияланған салыстырмалы жасырын зерттеу барысында цианоздық типтегі туа біткен жүрек ақауы бар, жүйелік-өкпелік артериялық шунтты жасау бойынша паллиативтік операция жүргізілген 906 бала (жаңа туған нәрестелер мен сәбилер) клопидогрел 0,2 мг/кг (n=467) немесе плацебо (n=439) алу үшін, операцияның екінші кезеңін жүргізу сәтіне бір мезгілде қосымша базалық терапия жүргізумен рандомизацияланды. Шунт жасау бойынша паллиативтік операцияны жүргізу мен зерттелетін препаратты алғашқы енгізу арасындағы орташа уақыт 20 күнді құрады. Пациенттердің шамамен 88%-ы бір мезгілде АСҚ (тәулігіне 1-23 мг/кг) алды. Өлім, шунт тромбозы немесе тромбоздан туындаған оқиғадан кейін өмірдің 120-күніне дейін жүрекке хирургиялық араласым жүргізуден тұратын бастапқы біріктірілген соңғы нүктеге жету топтары арасында сенімді айырмашылықтар байқалмады және клопидогрел тобында 89 [19,1%] және плацебо тобында 90 [20,5%] болды (4.2 бөлімін қараңыз). Клопидогрел тобында да, плацебо тобында да жиі кездесетін жағымсыз реакция қан кетудің дамуы болды, бірақ оның пайда болу жиілігінде топтар арасында сенімді айырмашылықтар анықталған жоқ. Жағымсыз құбылыстарды бақылаудың одан әрі ұзақ мерзімді кезеңінде шунт 1 жасқа толған сәтте дейін қалған 26 пациент 18 айға толғанға дейін клопидогрел алған. Бақылаудың осы кезеңінде препараттың қауіпсіздік бейіні өзгерген жоқ.
CLARINET және PICOLO зерттеулері барысында қалпына келтірілген клопидогрел ерітіндісі қолданылды. Ересектердегі салыстырмалы биожетімділікті зерттеу барысында клопидогрелдің қалпына келтірілген ерітіндісі препараттың тіркелген таблетка түрімен салыстырғанда негізгі айналымдағы (белсенді емес) метаболиттің ұқсас дәрежесін және сіңуінің біршама жоғары жылдамдығын көрсетті.